2) тиісті əкімшілік-аумақтық
бірліктер аумағында тұратын
нысаналы топтарды жəне оларды қорғау жөніндегі əлеуметтік
шараларды жыл сайын анықтап отыру;
3) жеке кəсіпкерлікті, шағын жəне орта бизнесті дамыту арқылы
қосымшa жұмыс орындарын ашуды қолдау;
4) жұмыссыз азаматтарды əлеуметтік қорғау;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
6) халықты жұмыспен қамтуға жəрдемдесетін басқа да іс-
шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.
8 бап. Жұмыспен қамту мөселелері жөніндегі yəкілеттi орган
1. Жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі уəкілетті орган:
1) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға — жұмыс табу
мүмкіндігі туралы, aл жұмыс берушілерге жұмыс күшімен
қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарлап отыруға;
2)
азаматтар
мен
жұмыссыздарға
жұмыс
таңдауда
жəрдемдесуге, жұмысқа орналасу жəне оқу үшін жолдама беруге;
3) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзуге;
4) азаматтар өтініш жасаған күннен бастап 10 күннен
кешіктірмей тіркеуге, оларды есепке қоюға;
5) кəсіби бағдарлау ісінде азаматтар
мен жұмыссыздарға тегін
қызметтер көрсетуге;
6) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға
жіберуге;
7) еңбек рыногының қажеттіліктеріне сəйкес
жұмыссыздарды
кəсіптік оқуға жіберуге;
8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы
анықтама беруге;
9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігіне (жұмыс
күшіне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға жəне халыққа,
жергілікті жəне орталық атқарушы
органдарға еңбек рыногының
жай-күйі туралы хабарлауға;
10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын
жəне нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жəрдемді
қамтамасыз ететін арнайы ic-шараларды іске асыруға міндетті.
2. Жұмыспен қамту мəселелері жөніндегі уəкілетті органның:
1) жұмыс берушіге жұмыс күші қажет болған жағдайда, оларға
азаматтар мен жұмыссыздарды жіберуге;
2) жергілікті атқарушы органдарға олардың
аумағында орналасқан
ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргізу жөнінде
ұсыныс енгізуге;
3) білім беру мəселелерін қарайтын
мемлекеттік органдардан,
білім беру ұйымдарынан, əртүрлі
ұйымдардың мамандар
даярлауды, қайта даярлауды жəне олардың біліктілігін арттыруды
жүзеге асыратын оқу курстарынан
бітірушілерді жұмысқа
орналастыру туралы мəліметтер, оқыту жүргізілетін кəсіптер
(мамандықтар) туралы, нақты кəсіптер (мамандықтар) бойынша
даярланған жəне даярлануы жоспарланып oтырған мамандар саны
туралы ақпарат сұратуға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: