Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Жұмыспен қамтылған халық



Pdf көрінісі
бет182/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

2 бап. Жұмыспен қамтылған халық
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не 
толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс 
орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызмет), кipici 
бар;
2) кəсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;
3) өз бетінше жұмыспен айналысатын;
4) қосалқы кəсіпшілікпен айналысатын жəне өнімді шарттар 
бойынша өткізетін;
5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша 
орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің 
(артельдердің) мүшелері;


6) ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар 
немесе бекітілгендер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық 
қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер 
министрлігінің ішкі əскерлерінде, Республикалық ұланда, 
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі 
агенттігінің бөлімдерінде жəне өзге де əскери құралымдарда 
қызмет өткеріп жүрген азаматтар жатады. 
3 бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы 
заңдары 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясына 
негізделеді, осы заңнан жəне өзге де нормативтік құқықтық 
актілерден тұрады.
2. Жұмыспен қамту туралы заңдар Қазақстан Республикасының 
азаматтарына, шетелдіктерге жəне азаматтығы жоқ адамдарға 
қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы 
Заңнан басым болады жəне халықаралық шарттар, оны қолдану 
үшін заң шығару талап етілетін реттерді қоспағанда, тікелей 
қолданылады. 
4 бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік 
саясаттың негізгі принциптері жəне бағыттары
1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нəтижелі əрі epкін таңдау 
арқылы қамтылуына жəрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз 
етеді.
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан 
Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы 
жоқ адамдарға қызмет пен кəсіп түрлерін еркін таңдауға бірдей 
мүмкіндіктерді, 
əділ 
де 
қолайлы 
еңбек 
жағдайларын, 
жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге;
2) 
нəтижелі 
жұмыспен 
қамтуды 
қамтамасыз 
етуге, 
жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
3) білім беру жүйесін еңбек рыногының қажеттеріне жəне 
инвестициялык 
саясатты 
ескере 
отырып, 
оның 
даму 
перспективасына сай кадрлар даярлау iciнe бағдарлауға;


4) азаматтардың заңдарға сəйкес жүзеге асыратын еңбек жəне 
кəсіпкерлік бастамаларын қолдауға, олардың өнімді жəне 
шығармашылық еңбекке қабілетін дамытуға жəрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған жəне жаңа жұмыс 
орындарын, оның ішінде нысаналы топтарға арналған жұмыс 
орындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыруға;
6) уəкілетті орган жəне жеке жұмыспен қамту агенттігі арқылы 
еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасынан шетелге жұмыс күшін шығаруға байланысты 
қызметті лицензиялауға;
8) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жолымен ішкі 
еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық 
ic-шараларды 
жергілікті 
атқарушы 
органдар 
қолданатын 
шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті 
экономикалық жəне əлеуметтік саясаттың басқа да бағыттарымен 
үйлестіруге; 
11) 
еңбек 
рыногының 
бірыңғай 
ақпараттық 
базасын 
қалыптастыруға;
12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды 
қамтамасыз ететін шараларды əзірлеу мен іске асыру жөніндегі 
қызметін үйлестіріп, реттеп отыруға жəне олардың орындалуын 
бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі жəне 
шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек 
қызметіне байланысты мəселелерді шешуді қоса алғанда, халықты 
жұмыспен 
қамту 
проблемаларын 
шешуде 
халықаралық 
ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер жəне қоғамдық ұйымдар 
өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын əзірлеу мен іске 
асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс 
орындарын ашу iciн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық жəне 
инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет