1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға жəне кəсіп
пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;
2) жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғауға;
3) уəкілетті органдардың делдалдығы
арқылы жұмыс таңдау
мен жұмысқа орналасуда жəрдемдесуге кепілдік береді.
2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға
жəрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар:
21 жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тəрбиеленушілері,
жетім балалар мен ата-
ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
кəмелетке толмаған балаларды тəрбиелеп отырған жалғызілікті,
көп балалы ата-аналар;
Казақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен
асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет
етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына
байланысты
зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан
босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру жəне (немесе) мəжбүрлеп
емдеу
орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар жатады.
Жергілікті атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен
жергілікті бюджеттің қаражатына
қарай нысаналы топтарға
жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін, сондай-ақ əлеуметтік
қорғау жөніндегі қocымшa шаралар белгілей алады.
2 Т А Р А У
МЕМЛЕКЕТТ1К ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
САЯСАТЫН ICKE АСЫРУ
6 бап. Орталық атқарушы орган
1. Орталық атқарушы орган қызметінің тəртібін, оның құқықтық
мəртебесін жəне құзыретін Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейді.
2. Орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде:
1) уəкілетті органдарға əдістемелік жəне ұйымдық басшылықты
жүзеге асыруға;
2) еңбек рыногының бірыңғай
ақпараттық базасын құру
негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға
жəне халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек
рыногының жай-күйі туралы хабарлап отыруға;
3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын
əзірлеуге;
4) ішкі еңбек рыногы қорғау
мақсатында инвестициялық
келісім- шарттар жобаларын қарауға қатысуға;
5) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Қазақстан
Республикасынан шетелге жұмыс күшін
шығаруға байланысты
қызметке Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тəртіппен лицензия беруге, оны тоқтата тұруға жəне кері қайтарып
aлyғa;
6) Қазақстан Республикасының
аумағында еңбек қызметін
жүзеге
асыру
үшін
жұмыс
берушілерге
Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде шетелдік
жұмыс күшін тapтyғa рұқсат беруге;
7) мүдделі
органдармен бірлесе отырып, кадрлар əзірлеу мен
оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті анықтауға;
8)
еңбек
рыногының
бірыңғай
ақпараттық
базасын
қалыптастыруға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: