Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет202/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

14 бап. Заңсыз ереуілдер
1. Ереуілдер:
1) саяси себептер бойынша, соның ішінде конституциялық 
құрылысты өзгертуді, мемлекеттік органдарды шақыруды, 
таратуды немесе олардың қызмет тəртібін өзгертуді, олардың 
басшыларының орнынан түсуін талап ететін, сондай-ақ ұлттық 
жəне нəсілдік теңдіктің бұзылуына, елдің аумақтық тұтастығының 
өзгеруіне əкеп соғатын талаптар қойылатын болса;


2) осы Заңның 2-6 баптарының ережелері сақталмай 
жарияланса, осы Заңның 11,12 жəне 16 баптарының талаптарын 
бұза отырып бастаса немесе жалғастырылса заңсыз деп танылады.
2. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді заң актілеріне 
сəйкес сот қабылдайды.
3. Сот ереуілді заңсыз деп тану туралы істі жүргізуге жұмыс 
берушінің, жергілікті атқарушы органдардың немесе тиісті 
прокурордың талабы бойынша қабылдайды.
4. Сот істі талап арыз берілген күннен бастап күнтізбелік он 
күннен аспайтын мерзімде қаpayғa тиіс.
5. Соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімі еңбек 
ұжымын оны өткізбеуге немесе тоқтатуға, ереуілді басқарушы 
органға сот шешімінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін бip 
тəуліктен кешіктірмей жұмысқа қайта кірісуге міндеттейді.
6. Ереуілді басқарушы орган заңдарда белгіленген тəртіппен 
соттың шешіміне шағым жасауға құқылы. 
15 бап. Ұйымның ic-қимыл қабілетін қамтамасыз ету 
жөніндегі міндеттер
Жұмыс беруші, жергілікті атқарушы органдар, ереуілге 
қатысушы еңбек ұжымы жəне ереуілді басқарушы орган ұйымның 
ic-қимыл қабілетін, оның мүлкінің сақталуын, заңдылық пен 
қоғамдық тəртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті 
шаралар қолдануға міндетті. 
16 бап. Ереуілдерге шек қою
1. Ереуілдерге:
— олар адамдардың өмipi мен денсаулығына нақты қатер 
төндіретін жағдайларда;
— жұмысының тоқтап қалуы ауыр да қayiптi зардаптарға əкеп 
cоғатын теміp жол көлігі, азаматтық авиация, байланыс 
ұйымдарында, үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде;
— Республиканың қорғаныс қабілетін, құқық тəртібі мен 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайтын 
ұйымдарда;
— заң актілерінде кезделген өзге жағдайларда жол берілмейді.
2. Халықтың өмip сүруі қабілетін қамтамасыз ететін ұйымдарда 
(қоғамдық көлік осы баптың 1 тармағында көрсетілгеннен басқасы, 
сумен, электр энергиясымен, жылумен жабдықтауды қамтамасыз 


ететін ұйымдарда) epeyілді тиісті қызметтердің жергілікті 
атқарушы органмен алдын-ала келісім негізінде анықталатын, 
халықтың өмip сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейі 
сақталатын жағдайда ғана өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет