Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 бап. Ереуілдің басталатыны туралы ескерту



Pdf көрінісі
бет201/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

12 бап. Ереуілдің басталатыны туралы ескерту
1. Ереуілдің басталатыны жəне оның ықтимал ұзақтығы туралы 
уəкілетті орган жұмыс берушіні оның жариялануына дейін 
күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша ескертуге тиіс.
2. Ереуіл жариялау туралы шешімде мыналар көрсетіледі:
— тараптардың ереуіл жариялауға жəне өткізуге негіз болған 
келіспеушіліктерінің тізбесі;
— ереуілдің басталатын күні мен уақыты, орны, оның ұзақтығы 
жəне қатыcушылаpдың болжамды саны;
— ереуілдің басқарушы органның атауы, бітістіру рəсімдеріне 
қатысуға уəкілдік берілген қызметкерлер өкілдерінің құрамы;
— ереуіл өткізу кезеңінде aтқарылатын жұмыстар (қызметтер) 
минимумы бойынша ұсыныстар.
3. Жұмыс беруші өнім жеткізушілерді, тұтынушыларды, көлік 
ұйымдарын, жұмысқа тапсырыс берушілерді, сондай-ақ басқа да 
мүдделі тұлғаларды ереуіл жариялануы ықтимал екені жайында 
дереу ескертуге міндетті.
13 бап. Ереуілді басқарушы органның өкілеттігі


1. Ереуілді басқарушы орган өзіне осы Заңмен берілген 
құқықтар шегінде жəне өзіне еңбек ұжымы беретін өкілеттік 
негізінде ic-қимыл жасайды.
2. Ереуілді басқарушы органның; 
— ереуіл жасаушы ұжым алға қойған талаптарды шешу 
мəселелері бойынша жұмыс берушімен, мемлекеттік кəсіподақ өзге 
де заңды жəне лауазымды тұлғалармен арадағы өзара қарым-
қатынастарда еңбек ұжымының мүдделерін білдіруге;
— еңбек ұжымының мүдделерін көздейтін мəселелер бойынша 
жұмыс берушіден ақпарат алуға;
— еңбек ұжымы талаптарының қаралу барысын бұқаралық 
аппарат құралдарында көрсетуге;
— ұжымдық еңбек дауын шешу мəселелері бойынша жұмыс 
берушімен келіссөз жүргізуіне;
— ереуіл жасаушы ұжымның даулы мəселелер бойынша 
қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға;
— еңбек ұжымының келісімімен ереуілді тоқтата тұруға құқығы 
бap. Ереуілді қайта бастау үшін дауды бітістіру комиссиясының, 
делдалдың немесе еңбек төрелігінің қайта қарауы талап етілмейді. 
Жұмыс беруші мен еңбек дауларын реттеу жөніндегі орган 
ереуілдің қайта басталғандығы жөнінде кем дегенде үш жұмыс 
күнінен кешіктірмей ескертуге тиіс.
3. Ереуілді басқарушы органның өкілетті ұжымдық еңбек 
дауына қатысушы тараптар оны реттеу туралы келісімге қол қойған 
жағдайларда, сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайда 
тоқтатылады.
4. Ереуілді басқарушы органның өз өкілеттігін жүзеге асырған 
кезде жұмыс берушінің мемлекеттік органдар мен қоғамдық 
бірлестіктердің құзыретіне жататын шешімдерді қабылдауға 
құқығы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет