Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


бап. Кəсіпорынды жобалағанда, салғанда жəне



Pdf көрінісі
бет218/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

12 бап. Кəсіпорынды жобалағанда, салғанда жəне 
пайдаланғанда
Еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік стандарттардың, 
ережелердің, нормалардың талаптарына сай келмейтін өндірістік 
үйлер мен ғимараттарды жобалауға, салуға жəне қайта жаңғыртуға, 
машиналарды, механизмдердің жабдықтар мен басқа да 
бұйымдардың, 
соның 
ішінде 
шетелден 
сатып 
алынған 


бұйымдардың 
технологиясын 
жасауға 
жəне 
шығаруға, 
конструкциялауға жəне əзірлеуге жол берілмейді.
Жасалған 
жобалардың 
еңбекті 
қорғау 
мен 
еңбек 
жағдайларының талаптарына сəйкес келетіндігі мемлекеттік 
сараптамадан, ал тəжірибе үлгілері мемлекеттік сынақтан 
өткізілуге тиіс.
Адамның организмі мен денсаулығына əсер етуіне қарай 
токсикологиялық 
санитарлық-гигиеналық 
радиациялық 
медициналық-биологиялық 
бағалаудан 
өтпеген 
заттарды, 
шикізатты, материалдарды қолдануды көздеуге тыйым салынады.
Белгіленген тəртіппен берілген қауіпсіздік талаптарына сай 
сертификаты 
жоқ 
жаңа 
немесе 
қайта 
жаңғыртылған 
кəсіпорындарды, объектіні, өндіріс құралын немесе өнімнің басқа 
түрін қабылдауға жəне пайдалануға беруге болмайды.
Мемлекет машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, басқа да 
бұйымдарды, сондай-ақ технологияларды, соның ішінде шетелден 
сатып алынған технологияларды сертификаттау жүйесінің жұмыс 
істеуін қамтамасыз етеді.
Еңбекті қорғау талаптарына сай келмейтін кəсіпорынның, 
цехтың, учаскенің жұмысы, өндіріс құралдарын немесе өнімдерді 
пайдалануға беру олар осы талаптарға сай келтірілгенге дейін 
тоқтатыла тұруы мүмкін.
Кəсіпорынға жаңа қауіпті заттар келіп түскенде немесе олардың 
саны қосымша қауіпсіздік шараларын жасауды талап ететін болса, 
жұмыс беруші бұл туралы қадағалау органдарына дер кезінде 
хабарлауға міндетті.
Тапсырыс беруші жəне техниканы, технологияны, жобалаумен, 
жасаумен, өндіріспен жəне жұмыстарды ұйымдастырумен 
байланысты кез келген құжаттаманы жасаушы еңбек жағдайлары 
мен 
оның 
қауіпсіздігін 
қалыптастыратын ic-əрекеттердің 
негізділігіне, сондай-ақ оның негізінде жүзеге асырылған 
инженерлік басқару жəне басқа шешімдердің салдарына бірдей 
жауап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет