ерекшеліктерін ескере отырып, студенттердің «Еңбекті қорғау»
курсын міндетті түрде оқып-үйренуін жүзеге асыруға тиіс.
14 бап. Еңбекті қорғауды қаржыландыру
Еңбекті қорғауды қаржыландыру мемлекеттік жəне жергілікті
бюджеттер,
бюджеттен тыс қорлар, кəсіпорындардың қаржылары,
басқа
да
қаржы
көздері
есебінен
жүзеге
асырылады.
Кəсіпорындардың
қызметкерлері
бұл
мақсатқа
шығын
жұмсамайды.
Əрбір кəсіпорын жыл сайын еңбекті қорғауға қажетті қаржы
бөледі. Қаржы көлемі ұжымдық шартта белгіленеді.
Кəсіпорындар шаруашылық жүргізуден, коммерциялық, сыртқы
экономикалық жəне өзге де қызметтен,
сондай-ақ басқа кездерден
түскен пайда (табыс) есебінен еңбекті қорғау жөніндегі қорларды
қосымша құруға қақылы.
15 бап. Кəсіпорындарда салауатты жəне қayinсіз еңбек
жағдайларын қамтамасыз ету
Кəсіпорындардағы, əрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары
еңбекті қорғау
жөніндегі стандарттардың, ережелер мен
нормалардың талаптарына сай болуға тиіс.
Кəсіпорындарда салауатты жəне қауіпсіз еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету, еңбекті қорғау жайына бақылау жасауды
ұйымдастыру жəне оның
қорытындылары туралы еңбек
ұжымдарын дер кезінде хабардар етіп отыру жұмыс берушіге
жүктеледі.
Кəсіпорындарда салауатты жəне қауіпсіз еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету жөніндегі жəне қызметкерлердің еңбек қорғау
жөніндегі
стандарттарды, ережелерді, нормалар мен нұсқауларды
сақтауы жөніндегі жұмыс берушінің міндеттемелері ұжымдық
шартта көзделеді.
Кəсіпорын қызметкерлеріне
меншік иесі есебінен еңбек
жағдайларына байланысты мемлекеттік басқару органдары
белгілеген нормалардан кем түспейтін жəне ұжымдық шарт
негізінде арнаулы киім, арнаулы аяқ киім жəне
басқа да жеке
қорғану құралдары, жуу жəне дезинфекциялау материалдары, сүт,
емдеу-алдын алу тамағы беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: