Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Кəсіптік одақ ұйымдары еңбек құқығының субъектілері



Pdf көрінісі
бет32/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Кəсіптік одақ ұйымдары еңбек құқығының субъектілері 
ретінде. Олар еңбек құқығының ерекше субъектілері болып 
табылады. Кəсіптік одақ ұйымдарының мəртебесі белгіленген 
заңнамада 
кəсіптік 
одақтардың 
жалпы 
құқықтары 
мен 
əрекетқабілеттігі, олардың негізгі (статуттық) құқықтары мен 
міндеттері, сонымен қатар, оларды жүзеге асырудың кепілдіктері 
бекітілген.
Мемлекеттік органдар еңбек құқығының субъектілері 
ретінде. Мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын 
орындайтын мекемелер мемлекеттік органдар деп аталады. Олар 
белгіленген тəртіп бойынша құрылады. 
Мемлекеттік органдар республикалық, аймақтық жəне 
жергілікті болуы мүмкін. Республикалық органдарға қызметі жəне 
өкілеттіктері бүкіл республиканың аумағына таралатын органдар 
жатады. Аймақтық органдарға қызметі жəне өкілеттіктері екі 
немесе одан да көп облыстарға таралатын органдар жатады. 
Жергілікті мемлекеттік органдарға (облыстық, республикалық 
маңызы бар қалалар жəне астананың жəне т.б. органдары) қызметі 
жəне өкілеттіктері тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына 
таралатын органдар жатады. Мұндай органдардың құрылтай 
құжаттары болып осы органдарды құру туралы актілер жəне осы 
органдар туралы ережелер табылады. 


Бірінші басшы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді 
орындауға жəне өз функцияларын жүзеге асыруға қатысты жеке 
жауапкершілікте болады.
Бұл жүйеде мемлекеттік қызметшілер ерекше орынды иеленген. 
Олардың құқықтық жағдайы тиісті заңдарда анықталған. 
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдары саяси жəне əкімшілік 
деп бөлінеді. 
Саяси мемлекеттік қызметшілерге қызметі саяси сипатқа ие 
жəне саяси міндеттерді жүзеге асырушы мемлекеттік қызметшілер 
жатады. Бұл санатты саяси мемлекеттік қызметшілердің 
лауазымдары жəне ҚР Президенті тағайындайтын мемлекеттік 
қызметшілер мен олардың орынбасарлары, ҚР Парламенті жəне 
оның 
Палаталары 
тағайындайтын 
жəне 
сайлайтын, 
ҚР 
Конституциясына сəйкес ҚР Президентінің жəне ҚР Үкіметінің 
өкілі болып табылатын мемлекеттік қызметшілер, орталық 
атқарушы органдарды басқаратын басшылар мен олардың 
орынбасарлары құрайды. 
Əкімшілік 
мемлекеттік 
қызметшілер 
үшін 
лауазымдар 
санаттары белгіленеді. Əкімшілік мемлекеттік қызметшілердің 
санаттар бойынша лауазымдарының тізімін уəкілетті органның 
ұсынуымен ҚР Президенті бекітеді. 


5 Т А Р А У 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет