Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде



Pdf көрінісі
бет27/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде. 
Азаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны жағынан 
көп жəне ең кең таралған тобы. Азаматтар еңбек құқықғының 
субъектілері 
ретінде 
жалданбалы 
еңбек 
қызметкерлеріне, 
кəсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді. 
Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, 
инженерлік-техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс істейтін 
зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. 
Осыған сəйкес азаматтар мəртебесінің көптеген түрлерін де 
бөлуге болады. 
Алайда, барлық азаматтарға еңбек құқық қабілеттігінің жалпы 
талаптары да таралады, олар: жасына қатысты қойылатын талап
ерікті жəне əлеуметтік талаптар. 
Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке 
қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Əрине, бұл қабілеттер 
жекелеген адамның дене жəне ақыл-ой ерекшеліктеріне 
байланысты болады. Мұндай қабілеттер адамға туа бітпейді. 
Тəжірибе көрсетіп отырғандай, адамның еңбекке қатысты іс 
жүзіндегі қабілеті ерте, шамамен төрт жасына таман пайда болады. 
Адам өскен сайын еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттік те өседі. 
Алайда, заңнама азаматтарда жай еңбекке қатысты емес, құқықтық 
санат ретіндегі еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттік пайда 
болған сəттен бастап қана оларды еңбек құқығының субъектілері 
ретінде таниды. Азаматтар құқық нормаларымен жүйелі түрде 
реттелетін еңбекке қабілетті болған кезде ғана оларда жоғарыда 
аталған қасиет бар деп танылады. Еңбек заңнамасына сəйкес 16 
жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға болады. Жекелеген 
жағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа 
алуға рұқсат етіледі (ҚР «ҚР Еңбек туралы» заңының 11-бабы). 
Мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем 
болмауы тиіс. 
Жасына қатысты қойылатын талаптың құқықтық табиғатын 
заңнама осы жасқа жеткенде ғана тұлғаның еңбектегі кəмелет 
жасына толуымен байланыстырады. Еңбекті қорғау, жұмыс уақыты 


жəне т.б. салаларда белгілі бір жеңілдіктер мен артықшылықтарды 
иеленетініне қарамастан, еңбек құқығы қатынастарында олар 
азаматтық кəмелет жасына теңестіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет