Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет29/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Жұмыс 
берушілердің 
құқықтық 
мəртебесі. 
Еңбек 
заңнамасының нормаларына сəйкес жұмыс беруші ретінде 
қызметкермен еңбек шартын бекіткен жəне оған жұмыс берген 
жеке немесе заңды тұлға табылады. Яғни, азаматтарға жұмыс 
беретін, олардың еңбегін төлейтін жəне жұмыс берушінің 
құқықтары мен міндеттерін орындайтын фермерлер, жеке 
кəсіпкерлер, 
ұйымдар, 
мекемелер, 
кəсіпорындар, 
шаруашылықтар, кооперативтер, серіктестіктер жəне т.б. 
жұмыс берушілер болып табылады. 
Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі жұмыс берушілерді 
жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар жəне 
мемлекеттік кəсіпорындар деп бөлуге болады. 
Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кəсіпорын, шаруашылық 
серіктестік, 
акционерлік 
қоғам, 
өндірістік 
кооперативтер 
нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдар қызметінің 
негізгі мақсаты болып пайда табу табылады. 
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік 
қоғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік жəне заңда 
көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдарды меншік иесі 
қаржыландырады жəне олардың қызметі пайда табуды көздемейді. 
Коммерциялық емес ұйымдар кəсіпкерлік қызметті өздерінің мақсатына жету 
шегінде ғана жүзеге асырады. 
Мемлекеттік кəсіпорындардың құқықтық мəртебесі жəне 
олардың қызметін жүзеге асыруы ҚР Президентінің 1995 жылғы 
19-маусымдағы «Мемлекеттік кəсіпорындар туралы» заң күшіне ие 
жарлығында анықталған. 
Бұл 
ұйымдардың 
(жұмыс 
берушілердің) 
еңбек 
құқықсубъектілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен жəне 
заңнамада көзделген жағдайларда лицензия алған сəттен бастап 
туындайды. Барлық ұйымдардың қызметі Жарғыға жəне 
қолданыстағы заңнамаға сəйкес жүзеге асырылады. Қазіргі кезде 
бұл актілер ұйымдарға барынша дербестік беріп, жедел қызметті 
жүзеге асыруына жағдай жасайды. Жұмыс беруші-ұйымдар еңбек 
ақысын төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу 


мəселелерін дербес шешуге құқылы. Олар өздерінің экономикалық 
жəне мүліктік жағдайының негізінде қосымша жеңілдіктер мен 
сыйақыларды, жұмыс уақытының ұзақтығын белгілей алады. Соған 
қарамастан, жұмыс беруші ұйым еңбекті қорғау ережелерін 
сақтауды, заңнамада белгіленген мөлшерден кем емес жалақы төлеуді
еңбектің қауіпсіз жəне қолайлы жағдайларын жасауды, əлеуметтік 
қорғау шаралар мен қызметкердің өзге де құқықтарын жүзеге 
асыруды қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, егер еңбек 
қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы не жұмыс берушінің өзге де 
кінəсінің нəтижесінде қызметкерлердің денсаулығына жəне 
еңбекке қабілеттігіне зиян елтірілсе, жауапкершілік жұмыс беруші-
ұйымға жүктеледі. 
Жұмыс беруші-ұйымның қызметі оның таратылуымен 
байланысты тоқтатылады. Тарату туралы шешім ұйымның меншік 
иесі немесе осы ұйымды құрған органның шешімінің немесе сот 
шешімінің негізінде қабылдануы мүмкін. 
Жұмыс беруші-ұйымдардың еңбек құқықсубъектілігін екі 
өлшеммен анықтауға болады: жедел жəне мүліктік. 
Жедел өлшем мамандарды таңдауды, орналастыруды жəне 
ұйымдастыруды жүзеге асыруды, еңбекті қорғауды жəне 
қызметкерлердің өз еңбек міндеттерін орындауы үшін қауіпсіз 
жəне қажетті еңбек жағдайларын жасауды білдіреді. 
Мүліктік талап еңбектің ақылы сипатымен байланысты жəне 
жұмыс берушінің жалданбалы еңбекті төлеу қабілетін білдіреді. 
Бұл үшін жұмыс берушіде белгілі бір материалдық (мүліктік) база 
болуы тиіс, алайда, шын мəнінде еңбек құқықсубъектілігі үшін 
жалақы қоры ғана аса зор мəнге ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет