Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Кəсіподақтар қызметінің кепілдіктері



Pdf көрінісі
бет46/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Кəсіподақтар қызметінің кепілдіктері. Кəсіподақтар өздерінің 
құқықтарын нəтижелі жүзеге асыруы жəне қызметкерлердің 
мүдделерін қорғауға қатысты міндеттерді шешуі үшін Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында 
оларға 
қатысты 
бірқатар 
материалдық 
жəне 
заңды 
кепілдіктер, 
сонымен 
қатар, 


кəсіподақтардың сайланбалы қызметкерлерінің еңбекке құқығын 
қорғаудың қосымша кепілдіктері белгіленген. 
Мұндай кепілдіктер ҚР «Кəсіподақтар туралы» заңының 18-19 
баптарында бекітілген: 
1. заңдар барлық жұмыс берушілерді, басшылықты, мемлекеттік 
жəне шаруашылық органдарды, қоғамдық ұйымдарды жəне 
лауазымды тұлғаларды кəсіптік одақтардың құқықтарын сақтауды, 
олардың қызметіне жан-жақты жағдай жасауын міндеттейді; 
2. заңдар кəсіподақтардың меншік құқықтарын таниды, оларға 
қол сұқпауды жəне қорғауды кепілдейді; 
3. кəсіподақтардың өкілдері өздерінің мүшелері жұмыс істейтін 
кəсіпорындарға еркін кіру құқығына ие; 
4. 
кəсіподақтар 
өздерінің 
жарғыларына 
жəне 
міндеттеріне сəйкес сыртқы экономикалық қызметті 
жүзеге асыру, кəсіподақтық банктерді, сақтандыру жəне 
акционерлік қоғамдарды құру, ынтамақтастық қорларын 
қалыптастыру, 
шығармашылық 
қызметпен 
айналысу 
құқығына ие. 
Сайланбалы кəсіподақтық қызметкерлері келесі қосымша кепілдіктерге ие: 
1. аталған қызметкерлерді басшылықтың бастамасы бойынша 
қызметтен босатуға қызметтен босатудың жалпы тəртібін 
сақтаумен қатар кəсіподақ комитетінің алдын-ала келісімімен ғана 
жол беріледі; 
2. ұйым толығымен таратылған немесе қызметкерлер қызметтен 
босатудың негізі болып табылатын кінəлі əрекеттер жасаған 
жағдайды 
қоспағанда, 
кəсіподақ 
органдарына 
сайланған 
тұлғаларды олардың сайланбалы өкілеттіктері аяқталған соң екі 
жыл ішінде басшылықтың бастамасымен қызметтен босатуға 
болмайды; 
3. сайланбалы кəсіподақтық органдардың мүшелері кəсіподақ 
съездеріне, конференцияларына делегаттар ретінде қатысу, 
сонымен қатар, олардың пленумдарының, президиумдарының 
жұмысына қатысу уақытында орташа жалақысы сақтала отырып 
өндірістік жұмыстан босатылады. 
Еңбекке құқыққа қатысты аталған кепілдіктер кəсіподақтарға 
жұмыс берушінің тарапынан қуғын-сүргіндік шаралардан
жұмыстан босатудан жəне тəртіптік жазалалардан қорықпастан, 
қызметкерлердің құқықтарын қорғауға белсенді түрде қатысуға 
мүмкіндік береді. 


Кəсіподақтар туралы заң қажет болған жағдайда кəсіподақтар 
органдарының кəсіподақтар туралы заңдарды бұзғаны үшін кінəлі 
лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке, тіпті сотқа тартуды талап 
етуге құқығын көздей отырып, кəсіподақтардың өзін-өзі қорғау 
құқығын бекіткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет