құқықтық
реттеуге
қатысуды
білдіреді.
Бұл
дегеніміз,
қызметкерлердің
құқықтары
мен
мүдделерін
қозғайтын
нормативтік құқықтық актілердің жобалары кəсіподақтардың жəне
олардың бірлестіктерінің пікірін
ескере отырып тиісті билік
органдарында қаралуы, ұсыныс, ескерту, қосымшалар жасайтын
кəсіподақтардың келісімін алу қажет. Сонымен қатар, əлеуметтік-
əріптестік келісімдер мен ұжымдық шарттардың барлық
нормативтік ережелері кəсіподақтардың
қатысуымен қабылдануы
тиіс. Кəсіподақтар тиісті мемлекеттік органдардың əлеуметтік-
еңбек саласы жөнінде құқықтық актілер қабылдауы жөнінде
ұсыныстар жасауға да құқылы.
Тəжірибеде кəсіподақтардың барлық құқықтары, ең алдымен,
бастапқы кəсіподақ ұйымының жəне кəсіподақ
комитетінің
қызметінде нақтыланады. Өндірісте, əр түрлі ұйымдарда,
кəсіпорындарда жəне мекемелерде кəсіподақ жұмыс берушінің
немесе басшылықтың еңбек
заңдарын қолдануына қатысуға,
белгілі бір қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға,
еңбек дауларын реттеуге, қызметкерлердің тұрмыс жəне еңбек
жағдайын жақсартуға жəне т.б. тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: