Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет52/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
Жұмыссыздардың 
жұмыспен 
қамту 
саласындағы 
міндеттері: 
ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын сақтауға; 
- уəкілетті органдарға келіп тұрудың тəртібін, шарттарын 
жəне мерзімдерін сақтауға; 
уəкілетті орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен 
бастап бес жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мəселесі 
бойынша жұмыс берушіге өтініш жасауға; 
уəкілетті органға: 
тұрғылықты жерін ауыстыруды; 
- тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-
құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды; 


кəсіпкерлік қызметпен шұғылдануды; 
- ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына 
қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ кұрылтайшы) 
болуды; 
мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін; 
- зейнетақы тағайындауды жəне өзге де табыстарды қоса 
алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс істеу тəртібіне 
ықпал ететін өзгерістер туралы мəліметтерді дер кезінде (бес 
жұмыс күні ішінде) табыс етугс міндетті. 
 
Жұмыссыздыққа байланысты əлеуметтік кепілдіктер мен 
өтемақылар 
 
Мемлекет 
жұмыссыздар 
үшін 
олардың 
материалдық 
жағдайының негізін құрайтын белгілі бір əлеуметтік кепілдіктер 
мен өтемақыларды белгілеген. 
Жұмыссыздарды əлеуметтік қорғауды еңбекке қабілетті жастағы, еңбек 
етуге дайын, бірақ табысы немесе өзге де кірісі жоқ азаматтарға мемлекеттік 
органдар тарапынан көрсетілетін уақытша материалдық жəне өзге де көмек 
ретінде түсіндіруге болады. 
Уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға заңдарға сəйкес 
əлеуметтік қорғаудың келесі түрлері көрсетіледі: 
1) заңдарда белгіленген жағдайлардағы жəне мөлшердегі 
материалдық көмек; 
2) кəсіби дайындықтан өту, біліктілігін көтеру жəне қайта 
дайындықтан өту кезінде оқудың ақысын төлеу; 
3) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жəрдем беру; 
4) қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеу; 
5) əлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жұмыссыз 
тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беру. 
Белгіленген тəртіп бойынша уəкілетті органда тіркелген жəне 
жұмыссыздың 
мəртебесін 
иеленген 
жұмыссыз 
азаматтар 
материалдық көмекке ие болады. Материалдық көмекті алудың 
жағдайлары мен мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі 
белгілейді. 
Жұмыссыздың мамандығы сұранысқа ие емес жағдайда немесе 
азамат өзінің бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін 
жоғалтқан жағдайда, жұмыссыздар өз келісімімен уəкілетті 
органның жолдамасы бойынша оқу орындарында білім алуға 
құқылы. Жұмыссыздарға кəсіби дайындықтан, қайта дайындықтан 


өту жəне біліктілігін көтеру кезінде көрсетілетін əлеуметтік 
дайындықтың жағдайлары жəне тəртібі заңдарда көзделген. 
Мұндай жағдайда жұмыссыздарды оқыту еңбек нарығының 
қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік бюджеттің есебінен 
жүргізіледі. 
Жұмыссыздарға лайықты жұмыс іздеуге жəрдем беру жəне 
оларды жұмысқа орналастыру да əлеуметтік қорғаудың түрлерінің 
бірі болып табылады. Лайықты жұмысты іздеуді жəне жұмысқа 
орналастыруды, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті 
орган жүзеге асырады. Бұл ретте заңдарда шетелде жұмысқа 
орналастыруға қатысты тыйым салынбаған. 
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстардағы еңбегіне ақы төлеу 
де оларды əлеуметтік қорғауға жатады. Бұл жағдайда ақының 
мөлшері ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы тиіс. 
Сонымен қатар, жұмыссыздарды əлеуметтік қорғау ретінде 
əлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жұмыссыз 
тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беру де танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет