Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Кəсіподақ комитетінің құқықтарын



Pdf көрінісі
бет45/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Кəсіподақ комитетінің құқықтарын осы құқықтардың көлемі 
бойынша төрт түрге бөлуге болады: 
· кəсіподақ комитетінің айрықша құзыреттік құқықтары
бұлар тек кəсіподаққа ғана тəн құқықтар (мысалы, емдеу-
сауықтыру мекемелеріне жолдамалар беру, еңбекті қорғауға жəне 
еңбек заңдарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру жəне т.б.); 
· басшылықпен бірлескен құқықтары: ұжымдық шарттар мен 
келісімдерді бірлесе отырып, дайындау жəне жасасу, озат 
қызметкерлердің тізімін белгілеу, олар үшін көтермелеу 
шараларын белгілеу, 5 немесе 6-күндік жұмыс аптасын белгілеу 
жəне т.б. Мұндай құқықтарда кəсіподақ пен басшылық 
мəселені қоюда жəне оны шешуде теңқұқылы; 
· келісушілік сипаттағы құқықтар. Бұл құқықтарда құқық 
нормасын жұмыс беруші немесе басшылық қолданады, алайда, бұл 
норма алдын-ала кəсіподақ комитетімен келісуі қажет. Мысалы, 
жұмыс беруші кəсіподақ комитетнің келісімімен ғана өз 
бастамасымен жеке еңбек шартын бұза не мерзімнен тыс 
жұмыстарды ұйымдастыра алады, қызметкерлерді мереке не 
демалыс күндерінде жұмысқа тарта алады жəне т.б.; 


· кəсіподақ комитетінің кеңесушілік сипаттағы құқықтары. 
Бұл жағдайда құқық қолдануды басшылық жүзеге 
асырады. Алайда, алдын-ала белгілі бір уақыт ішінде 
кəсіподақ комитетін хабарландырылады, жəне кəсіподақ 
комитеті осы мəселеге қатысты өзінің қарсы пікірін 
білдіруі мүмкін. Құқық нормалары бойынша бұл пікір 
басшылық үшін міндетті сипатқа ие емес, алайда, басшы 
оны өз қалауы бойынша ескеруі мүмкін. 
Сонымен, кəсіподақтар басты, маңызды екі функцияны – 
өкілдік жəне қорғаушылық функцияларын жүзеге асырады. Олар 
қызметкерлердің мүдделерін білдіріп қана қоймай, сонымен қатар, 
олардың еңбекке құқықтарын қорғайды, еңбек жəне тұрмыс 
жағдайларын жақсартуға тырысады. Алайда,қазіргі кезде кəсіподақтар, ең 
алдымен, еңбектің арқасында өмір сүретін əрбір азаматтың еңбекке құқығын, 
негізгі өмірлік маңызы бар құқық ретінде белсенді түрде қорғауға тиіс. 
Бұл салада, кəсіподақтардың еңбекке құқығын қорғау 
саласында, олар келесі міндеттерді орындауға міндетті: 
· жұмысқа орналастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жəне 
халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жасауға қатысу; 
· өздерінің мүшелерін қызметтен заңсыз ауыстырудан жəне 
босатудан қорғау жəне қызметтен заңсыз ауыстырылған жəне 
босатылған қызметкерлерді қайтадан қызметіне қайтаруға жағдай 
жасау; 
· қызметкерлерді əлеуметтік қорғау шараларын жасау жəне 
қабылдау, осы шараларды ұжымдық шарттар мен келісімдердің 
мəтіндеріне енгізу; 
· ұйым таратылған, өндіріс толығымен немесе ішінара тоқтатылған 
жағдайда қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін 
кəсіподақтар уақтылы, оған дейін 2 ай мерзімнің ішінде 
хабарландырылуы тиіс; 
· халықты жұмыспен қамту жағдайына жəне жұмысқа 
орналастыру, халықты жұмыспен қамту саласындағы заңдардың 
сақталуына бақылауды жүзеге асыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет