Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Бұйымды көркемдеп күйдіру



Pdf көрінісі
бет40/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Бұйымды көркемдеп күйдіру
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• күйдіргіш аспаппен қауіпсіз жұмыс істеу әдіс-
тері туралы біледі; 
• жұмыс орнын ережеге сай дайындауды үй-
ренеді; 
• күйдіргіш аспаппен жұмыс істеуді меңгереді. 
Ресурстар:
компьютер, интерактивті тақта, күйдіру техника-
сымен жасалған бұйымдардың үлгілері, графикалық 
және техникалық құжаттама, күйдіргіш аспап, сым-
ды тазартуға арналған құралдар, тазаланған үшқат 
сынығы, кеңсе пышағы, сызғыш, қарындаш, өшіргіш.
Сабаққа қатысты ескертулер 
Сурет бойынша сауалнама ұйымдастырыңыз. 
Сауалнама бойынша оқушылардың көркем 
күйдіру кезінде ескерілуі тиіс қауіпсіздік ереже-
лері мен жұмыс орнын дайындау жөніндегі білім 
деңгейін анықтауға болады. Оқушыларды күйдіру 
аспабын қолдану кезінде техникалық қауіпсіздік 
ережелерімен тағы бір рет таныстырыңыз: 
• әрқашан арнайы киім кию; 
• күйдіргіш аспапты мұғалімнің рұқсатымен 
ғана қосу; 
• күйдіру кезінде тек құрғақ материалдарды 
қолдану; 
• жұмыс кезінде аспаптың ыстық ұштықта-
рынан абай болу; 
• жұмыс кезінде күйдіргіш аспапқа қатты ең-
кеймеу; 
ыстық қаламмен киімді, не басқа да заттар-
ды күйдіріп алмау; 
• бөлмені жиі желдетіп тұру;
• күйдіргіш аспаптан ақаy бaйқағанда бiрден 
мұғалімге хабарлау;
• жұмыc аяқталғанда күйдіргіш аспапты тоқ-
тан ажыратып, суығанша бақылау.
Назар аудар.
Бұл тапсырмада оқушылар көркем күйдіруге 
арналған жұмыс орнында қандай заттар болу ке-
ректігін өз бетінше анықтап біледі. 


35
Көрк
ем еңбек
2-тарау. Сәндік-қолданбалы өнер
Көркем күйдіруге арналған жұмыс орнында 
мына заттар болуы тиіс: күйдіргіш аспап, ыстық 
ұштықты (қалам) қысып ұстауға және тазартуға 
арналған құрал-саймандар, бұйым бетін тазалауға 
арналған егеуқағаз, жұмыс орнын сүртетін сүлгі, 
ыстық заттарды қоюға арналған арнайы орын не-
месе шере. Сондай-ақ арнайы киім және қорға-
ныш көзілдірігі қажет.
Анықта.
Оқушылар оқулықта ұсынылған материал
бойынша күйдіруге арналған ағашты қалай да-
йындау керектігін анықтайды. Олар мынадай са-
тылармен танысады: күйдірер алдында ағаш бетін 
егеуқағазбен ысқылап тазартады, одан кейін бор 
қосылған сумен жылтыратып сүртеді, лак жағып, 
тағы бір мәрте жылтыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет