Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Сабаққа қатысты ескертулер



Pdf көрінісі
бет37/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабаққа қатысты ескертулер 
Оқушыларға нобайдың не екендігін түсін-
діріңіз. Шығармашылық жұмыс үдерісіндегі оның 
маңыздылығына назар аударып, көркем күйдіру-
дің нобайы қандай форматта жасалуы керектігін 
түсіндіріңіз. 
Салынатын өрнек нобайының тапсырма тақы-
рыбы мен оның өлшеміне сай болуы өте маңыз-
ды. Ою-өрнекті әзірлеу барысында бұйымның 
жасалу мақсаты, қасиеттері және ерекшеліктері 
ескерілуі тиіс. Бұйым мен ондағы өрнектің мәні 
міндетті түрде сәйкес келуі керек. Осыған байла-
нысты өрнек түрлерін ажырата білу өте маңызды 
болып табылады. 
Қазақ ою-өрнектерінің түрлерін 
анықта.
Ою-өрнектердің түрлерін өз бетінше оқуға 
арналған тапсырма. Оқушылар ою-өрнек түр-
лерін зерттеп, оларды түрлері бойынша белгілі 
бір топтарға бөлуі керек. Оқушылар өрнектерді 
дәптерлеріне немесе постерге кесте түрінде тол-
тыруларына болады. 
Тапсырманы жеңілдету үшін сіз ою атаулары-
ның тізімін ұсыныңыз немесе тізім көрсетілген 
оқулықтарды пайдалануға мүмкіндік жасаңыз. 
Мысалы: қошқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүй-
із, қос мүйіз, сыңар мүйіз, сынықмүйіз, төртқұлақ, 
түйе табан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанаты
қаз табан, үш жапырақ, өркеш, айыр, қаңқа, қар-
ша, қабырға, омыртқа, өсімдік сипатты өрнектер, 
жарты ай, жұлдыз, күн, жұлдыз құрт, кемпірқосақ, 
ит құйрық, жылан, тышқан із, қос сақина, ирек су 
т.б.
Тапсырманы орындап болған соң, Қазақстан-
дағы көркем күйдіру өнерінің дамуы туралы 
талқылаңыздар. Былғары бетін күйдіру тәсілімен 
сурет салатын суретші Сейфулла Рыстанның жұ-
мыстарын көрсетіңіз, ондағы тақырыптар мен 
идеяларға назар аударыңыз. 


33
Көрк
ем еңбек
2-тарау. Сәндік-қолданбалы өнер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет