Сұрақтарға жауап бер.
Бұл тапсырма оқушылардың суретші Сейфулла
Рыстанның шығармашылық өнерімен өз бетін-
ше танысуына арналған. Оқушылар берілген
сұрақтарға жауап іздеуі үшін бұл тапсырмада
ашық және «жасырын» сауалдар қоюға болады.
Ықтимал жауаптар:
Картиналар ұлттық тақырыпта салынған.
Оқушылардан тапсырманың екінші сұрағына жа-
уап іздеуді сұраңыз. Жауаптар әртүрлі болуы мүм-
кін, дегенмен барлық жауапты қабылдаңыз. Келесі
сұрақ өте қы зық ты. Өйткені суретші безендірудің
ерекше тәсілін – күйдіру техникасымен безен-
дірілген ағаш сүрегін пайдаланған. Соңғы сұрақта
дұрыс немесе бұрыс жауап болмайды.
Оқы, қызық!
Бұл айдарда күйдіру техникасымен орын-
далған бұйымдар туралы мағлұматтар берілген.
Олар күйдіру техникасында өрнектелген заттар-
мен (сүйектен, былғары және ағаштан жасалған
әшекейлер) танысады. Бұл ақпарат оқушыларды
тың идеяларға жетелейді.
Ойлан.
Бұл тапсырма оқушылардың ойлау дағдыла-
рын дамытады. Осы тапсырмаға ерекше назар ау-
дару керек. Тапсырманы оқушыларға түсіндіріңіз,
бағыт беріңіз, материал таңдауға көмектесіңіз.
Көркем күйдіру үшін нобай
дайында.
Оқушылар көркем күйдіруге арнап өрнек
(ою-өрнек) немесе бір суреттің нобайын әзір леуі
керек. Олар ақ қағазға екі түрлі өрнек нобайын
айқын етіп салулары тиіс. Ол нобай келешек
бұйымның қызметі мен көлеміне сәйкес болуы
керек.
Нобайда қазақтың ұлттық мәдениетінің эле-
менттері болуы тиіс.
Орындап көр.
Көркем күйдіру жұмысындағы маңызды кезең-
дердің бірі – дайын бұйым бетіне нобайды көшіріп
салу. Аталған жұмысты атқаруда ең көп тараған
әдіс – көшіргіш қағазбен немесе калька қағазбен
көшіру. Түрі немесе бейнелері бірдей суреттерді
көшіру үшін алдын ала дайындалған үлгілер мен
трафареттерді пайдалануға болады.
Дайындалған нобайды немесе үлгілерді мұқи-
ят тазартылған материал үстіне қойып, қарын-
дашпен бастырып сызу керек. Оқушылар көркем
күйдіру үшін өздері әзірлеген нобайларды көшіру
әдістерін өз бетінше таңдайды.
Нобайды көшірер алдында бұйым бетінің өң-
делу сапасын тексеріңіз. Егер бұйымның беті тегіс
болмаса, онда бетін егеуқағазбен тазалау керек.
Күйдіру жұмысы орындалатын бұйым беті таза
және тегіс болғаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |