Оқулық: Бұйымды әрлеу және жұмысты аяқтау, 36-37 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Әрлеу – бұйымды зиянкес жәндіктер мен ылғалдан сақтау және сыртқы бейнесін жақсарту мақ-
сатында жасалатын жұмыстың соңғы сатысы.
Күйдірілген суретті акварель немесе майлы бояумен әрлеуге болады. Күйдіріп салған сурет зат-
тың түсін толықтырып, әдемі өң береді.
Ағашқа күйдіріп салынған суретті бояуға жоғары сапалы акварель мен майлы бояу, жіңішке жұм-
сақ және жалпақ қылқаламдар қажет. Бояу үстінен балауыз немесе лак жағады, ол ағаштың табиғи
түсін сақтауға көмектеседі және жұмсақ рең береді.
Бұйымды әрлеу және жұмысты аяқтау
Оқушылар сабақ тақырыбын
меңгере отырып:
• орындалған жұмысты көркемдеу әдістерін
игереді;
• бұйымды лакпен өңдеу әдістерін үйренеді.
Ресурстар:
компьютер, интерактивті тақта, күйдіру техни-
касымен орындалған бұйымдар үлгісі, графикалық
және технологиялық құжаттар, өңдеуге арналған
жабдықтар.
Сабаққа қатысты ескертулер
Сабақты оқулықтағы суреттерді таныстырудан
немесе түрлі тәсілдермен өңделген бұйымдарды
көрсетуден бастаңыз. Оқушылар бұл заттардың
қай әдіс-тәсілмен, қандай материалдан жасалға-
нын, қалай безендірілгенін анықтайтын сұрақтарға
жауап іздесін.
Ықтимал жауаптар:
Оқулықта ағаш кесіндісі мен былғарыдан жа-
салған бұйымдар көрсетілген. Ағаш бұйымдар
ою-өрнекпен әшекейленген. Былғарыдан жа-
салған бұйымдар күйдіру және басып өрнек салу
әдістерімен безендірілген.
Тақырыпты жалғастыра отырып, ағаштан жа-
салатын бұйымдардың қалай әрленетінін талқы-
лаңыз. Бұйым күйдіріп, безендіру жұмысының
заттың бетін тазалау, бояумен әрлеу және әше-
кейлеп безендіру деп аталатын бірнеше сатыдан
тұратынын нақтылап түсіндіріңіз.
Назар аудар.
Бұл тапсырма оқушылардың әрлеу түрлерін өз
бетінше оқып-білуіне бағытталған. Олар кестедегі
мағұлматты оқи отырып, ағаш бұйымдарда қолда-
нылатын түссіз, мөлдір бояулармен әрлеу, сәндік
әрлеу және бояу жағу арқылы әрлеу түрлерімен
танысады.
Достарыңызбен бөлісу: |