60
Көркем еңбек
Тірек сөздер: көрме ұйымдастыру, көрме-жәрмеңке, таныстыру, логотип.
Оқулық: Бұйымдарыңды таныстыр, 60-61 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Көрме ұғымы іс-шараның өзін де, осы іс-шараны өткізетін орынды да білдіруі мүмкін.
Бұйымдарыңды таныстыр
Оқушылар сабақ тақырыбын
меңгере отырып:
•
мектеп көрмесін ұйымдастырады;
• көпшілікке өз жұмыстарын таныстырады
(көрме, сән үлгісін көрсетеді және т.б.).
Ресурстар:
түрлі тәсілдермен сәнделіп, жонылған бұйым
үлгілері; оқушылардың дайын жұмыстары.
Сабаққа қатысты ескертулер
Оқушыларды сабақ тақырыбына ынталан-
дыру мақсатында көрме жайлы шағын әңгіме
өткізіңіз. Олардан көрме жайлы не білетінін
сұраңыз. Көрмелердің қандай түрлері болады?
Оларды не үшін өткізеді? Оқушылар қандай көр-
мелерге болды және естерінде не қалды? Олар
көрмелерге қатысып көрді ме, жұмыстарын
көрмеге қойды ма? Әңгіме соңында оқушылар-
дан өз сөздерімен көрмеге анықтама берулерін
сұрап, сосын оларға
көрменің анықтамасын ай-
тып беріңіз.
Көрме – экономика, ғылым, техника,
өнер және қоғамдық өмірдің басқа салаларын-
дағы жетістіктерді көпшілікке ұсынатын мәдени
шара. Көрмелер жергілікті, ұлттық,
халықаралық
және дүниежүзілік, сондай-ақ адам іс-әрекетінің
барлық салаларын қамтитын ортақ сипатты бола-
ды. Мысалы, халық шаруашылығы жетістіктерінің
көрмесі (ХШЖК). Оқушылардың жауаптарын то-
лықтырыңыз. Сондай-ақ мамандандырылған, бір
ғана салаға арналған шаруашылық, өнеркәсіптік,
ауыл шаруашылығы көрмелері болып бөлінеді.
Көрмелер мал шаруа шылығы мен үй жануарла-
рына да
арналады, мысалы иттердің, мысықтар-
дың көрмелері және т.б. болуы мүмкін.
Жергілікті көрмелер, яғни мектеп ішіндегі, ау-
дандық, қалалық, облыстық көрмелер жайлы ай-
тып беріңіз. Жергілікті көрмелер не үшін, қандай
мақсатта өткізіледі? Оқушылардан 2017 жылы
өтетін дүниежүзілік көрме жайлы не білетіндерін
сұраңыз. Ол қай жерде өткізіледі,
оны кім ұй-
ымдастырады? Көрменің тақырыбы қандай? Қы
Қазақстанда алдағы уақытта өтетін дүниежүзілік
көрме және «Болашақ энергиясы» тақырыбы ту-
ралы қысқаша айтып беріңіз. Көрменің логотипін
көрсетіңіз, оқушылар логотип бейнесін, оның
көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбына сәй-
кестігін талқыласын.
Оқы, қызық!
Бұл тапсырма бұйымды лактау туралы ақпа-
рат береді және бұйымды неліктен лактау қажет
екенін түсіндіреді. Ағаштан жасалған бұйымдарды
ғана емес, кез келген көне бұйымдарды да лак-
тайтынын айтып беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: