Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет79/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Суреттерге мұқият қара. 
Бұл тапсырма байқампаздықты дамытуға 
бағытталған. Оқушылардан суретке қарап, сұраққа 
жауап беруін сұраңыз. 
Ықтимал жауаптар 
Комбайн себеді. Технологиялық мәшине өнім-
дерді қаптайды, оларды құрап, қораптарға сала-
ды. 
Бұл суреттер техниканың түрлі өндіріс салала-
рында қолданылатынын түсінуге мүмкіндік береді. 
Оқушыларға оқулықтағы мәтінді оқып шығу-
ды ұсыныңыз және техниканың мақсаты жайлы 
қысқаша әңгіме өткізіңіз. 
Оқы, қызық!
Берілген ақпарат оқушылардың заманауи тех-
никаны қолданудың әдеттен тыс түрлері туралы 
білімдерін кеңейтеді. Бұл айдарды 1993 жылы 
Жапонияның Инакадате деп аталатын елді ме-
кен тұрғындарының әрекетімен байланыстыруға 
болады. Бұл ауыл тұрғындары туристерді көбірек 
тарту үшін күріш алқаптарын ерекше түрде без-
ендіруге кіріскен. Әр көктем сайын жаңа сурет 
ойластырып, оны түрлі түсті күріш сұрпы арқылы 
егіс алқабына салып шығады. Егіс алқаптарында 
жапон мәдениетінің көріністерімен қатар күллі 
әлемге таныс бейнелер, мысалы Наполеон неме-


65
Көрк
ем еңбек
4-тарау. Үй мәдениеті
се Мона Лиза бейнелері пайда болады. Күріш су-
реттері жаз өткен соң реңін өзгерте бастайтыны 
да қызықты. Осындай таңғажайып күріш алқабын 
көруге жан-жақтан жүздеген мың турист келеді. 
Ал күзде егіндерін жинаған фермерлер күріштерін 
туристерге сатады. 
Нидерланд әлемде аумағы жағынан 134 орын-
да, ал халқының саны жағынан 63 орында тұр, 
бірақ ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 
жағынан әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орын 
алады. Бұл елдің аграрлық-өнеркәсіп кешенінде 
жұмыс істейтін адамдар жалпы халықтың 4%-ын 
құрайды.
Назар аудар.
Бұл тапсырма оқушылар бойында зерттеушілік 
дағдыларды дамытуға арналған. Оқушылардан 
тарихи фотосуреттер бойынша сұрақтарға жауап 
беруді сұраңыз. Жер өңдеуге арналған алғашқы 
жабдықтар, металл пайда болғаннан кейін ойлап 
табылған құралдар жайлы айтып беріңіз. Оқушы-
лар қазіргі заманғы техника мен жабдықтарды 
оқып-білуі керек екенін түсінуі тиіс. Инженер-
лер мен конструкторлар әлі күнге дейін еңбек 
өнімділігін арттыруды көздей отырып, ауыл шару-
ашылығы техникаларын жетілдіруді әрі модерни-
зациялауды жалғас тырып келеді. 
Ауыл шаруашылығы өндірісі жайлы білімдерін 
кеңейту және тереңдету үшін интернет ресурста-
ры көмегімен «Ауыл шаруашылығы техникасы 
қай деңгейге жетті?», «Заманауи тракторлар, ком-
байндар мен ауыл шаруашылығы мәшинелері» 
атты фильмдердің үзінділерін көрсетуге болады. 
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өндірісі меха-
никаландырылған. Егіншіліктегі негізгі жұмыс жер 
өңдеу (жырту, тырмалау), жерді суландыру және 
құрғату, егу, тыңайтқыш қолдану, жинау, азық-
түлік даярлау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет