Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Тарауды оқыту барсындағы өз жұмысыңызды және оқушылар жұмысын талдай отырып



Pdf көрінісі
бет77/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Тарауды оқыту барсындағы өз жұмысыңызды және оқушылар жұмысын талдай отырып, 
мына сұрақтарға жауап беріңіз: 
Әрбір оқушының қызығушылығын тудыра алдыңыз ба? 
Теориялық материалды тексеру үшін қандай әдістерді қолдандыңыз? 
Өзіңіз үшін қандай жаңалық аштыңыз? 
Әрбір сабақтың және тақырыптың өз ерекшелігі бар. Болашақта осы тарау бойынша жасалатын 
жұмысты жетілдіру үшін кестеге нақты мәселелерді, жол берілмейтін не жақсартуға болатын жайттарды
белгілеп қойыңыз.
Сабақ/тақырып 
Қандай қиындықтар 
туындады?
Қалай шешуге/
жақсартуға болады?
Ескертулер 


63
4-тарау. Үй мәдениеті
Үй мәдениеті
Құрметті мұғалім!
Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық прогресс адамзат өмірінің барлық салаларын қамтып отыр. 
Сондықтан қазіргі заманғы адам жан-жақты жетіліп, жаңа технологиялар, мәшинелер, материалдар 
жасау үшін ғылыми жетістіктерді меңгеруі тиіс. 
«Көркем еңбек» пәнінде оқытылатын «Үй мәдениеті» тарауындағы материалдар физика, хи-
мия, биология, бейнелеу өнері, сызу, тарих, әдебиет пәндерімен байланысты. Осы орайда ауыл
шаруашылығындағы заманауи техникалар мен құрал-жабдықтарды білу, электрарматураны және тұр-
мыстық техниканы жөндеу бойынша электртехникалық тұрғыдан сауатты болу, «Тұрғын үй экология-
сы» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу, пәтер интерьерін жасау бойынша тәжірибелік
жұмыс жасау, келешек ұрпақтың білімді де білікті болып қалыптасуына мүмкіндік береді. 
Тараудың басында ауыл шаруашылығына арналған техника түрлерімен таныстырасыз. «Заманауи 
ауыл шаруашылығы» техникасы тақырыбы бойынша бағдарламада жер жырту және өңдеу ісімен ай-
налысатын технологиялық мәшинелерді, фермер жұмысын оқып-білу көзделген. «Үй мәдениеті» тара-
уының тақырыптары оқушылардың электртехника, тұрғын үй экологиясы және микроклимат бойынша 
білімдерін одан әрі кеңейте түседі. Олар электрарматурамен қарапайым жөндеу жұмыстарын жасап, 
өлшеуіш аспаптарды қолдануды үйренеді. 
«Үй мәдениеті» тарауы оқушыларды өз бетінше ойлануға, өз бетінше шешім қабылдауға үйре-
теді, логикалық ойлауды, қиялды дамытады. Осының бәрі еңбек мәдениеті негіздерінің қалыптасуы-
на, шығармашылық әлеуетті дамытуға бағытталған. Қолыңыздағы мұғалімге арналған нұсқаулық са-
бақтарды жоғары кәсіби деңгейде өткізуге көмектеседі. 
Шығармашылық табыс тілейміз! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет