Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Өз жұмысың туралы айтып бер



Pdf көрінісі
бет76/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Өз жұмысың туралы айтып бер. 
Тапсырма оқушылардың өзін-өзі бағалау дағ-
дысын дамытады. 
Оқушылар өз жұмыстары, тапсырманы орын-
дау кезінде кездескен қиындықтар жайлы айтады, 
болашаққа құрған жоспарлары туралы баяндай-
ды. 
Қосымша тапсырма
Ғылым мен техника жаңалықтарымен танысу 
мақсатында қазіргі заманғы мәшинелер жайлы 
шағын әңгіме өткізіңіз. Заманауи ғылым мен тех-
никаның ХХ ғасырдағы және XXI ғасырдың екін-
ші он жылдығындағы жетістіктері жаңа техноло-
гиялар, материалдар, мәшинелер, білдектер мен 
жабдықтар жасай отырып, қоғамның дамуында 
үлкен серпін жасады. Адамзат дүниесі дамудың 
жаңа деңгейіне көтерілді. Осы техниканың бар-
лығы адам еңбегін жеңілдету, уақытты үнемдеу 
немесе өнімділікті арттыру үшін жасалады. Жыл 
өткен сайын олар одан әрі жетіліп, модерниза-
циялануда. Егер адам лифтіні ойлап таппағанда
бірнеше ондаған қабатты үйлер мен ғимараттар 
қажет болар ма еді? Егер әжелеріңнен олардың 
аналары тамақты қайда пісірді деп сұрайтын бол-
саңдар, таңғалуың мүмкін. Себебі бұрын газ және 
электрплиталар болмаған кезде тамақты керогаз-
дарда және примустарда, керосинмен жанатын 
пештерде, қарапайым отын жағылатын ошақтар-
да әзірлеген. Егер XIX ғасыр адамы біздің өміріміз-
ге тап болса, онда көптеген заттарға қатты таңға-
лар еді. Қазір тіпті пәтер жөндеген кезде шағын 
электрқұралдары – қолара, перфоратор, бұрғы, 
әрлеуіш мәшине, фреза және басқа құралдар қол-
данылады. 
Ойлан және сұрақтарға жауап бер. 
Оқушылар көрмеге қатысқан кезде жұмыста-
рына берілген пікірлермен бөліседі.


62
Көркем еңбек
Дизайн және технология. Қорытынды
Оқушылар тарау тақырыптарын меңгергеннен кейін көрме ұйымдастырады және оған өз жұ мыс-
тарын ұсынып, қатысады. Оқушылар ағаш өңдеуге арналған заманауи технологиялық мәшинелерді 
оқып-білді және токарь білдектің құрылысымен, жұмыс ережелерімен танысты; білдекте жұмыс 
істеудің қауіпсіз тәсілдерін үйренді; білдекте жұмыс істеу дағдыларын меңгерді; конструкторлық және 
технологиялық құжаттамаға қарап, бұйым дизайнын жасау бойынша тапсырмаларды орындады; 
білдекте өз ойлары мен технологиялық карта бойынша әзірленген бұйымды жасады. 
Оқушылар осы тарауды оқыған кезде топпен, жұппен жұмыс жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өз 
бетінше шығармашылық тапсырмаларды орындады. Білдекте практикалық тапсырмаларды орындай 
отырып, токарьлық іс-әрекеттер бойынша бастапқы дағдылар мен біліктерді меңгерді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет