15.
Қазақ өлкесіндегі «ақтар»және «қызылдар» өзара қарсылығы.
Осыдан жүз жыл бұрын 1918 жылы қазақ жерінде ақтар мен қызылдардың
арасындағы жойқын соғыс қимылдары басталған еді.Қазақстанда Азамат
соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік
орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның
аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты
С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды.
Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш»
партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес —
«Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы
басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған
екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу
мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік
базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады.
Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықтыЖазында Орал,
Ақмола, Семей және Торғай облысынын басым бөлігін ақ гвардияшылар толықтай
дерлік басып алды. Семей облысы жағынан Жетісудың солтүстігіне қарай бұзып-
жарып өтіп, 21 шілдеде Сергиопольді қолдарына қаратты. Оларды
станицалардағы бүлікші қазақтар қолдады..Азамат соғысы жағдайында барлық
материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне
жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың
жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес
үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп
аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: |