13. Алаш автономиясы құрылуының тарихи және саяси маңызы


  Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата30.04.2024
өлшемі196.25 Kb.
#500143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
13-27 тарих

18. 
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). 
1921 жылы 8-16 наурызда РК(б)П Х съезі өтті. Онда жаңа әкономикалық 
саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тің негізі мақсаты - 
қираған шаруашылықты қалпына келтіру, большевиктер халыққа уәде еткен 
социализмді құру үшін материалдық-техникалық және әлеуметтік-мәдени негіз 
жасау болды.ЖЭС тің экономикалық міндеті: қирап-бүлінудің одан әрі 
шиеленісуін болдырмау; дағдарыстан шығу және шаруашылықты қалпына 
келтіру еді.ЖЭС-тің саяси міндеті: қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз 
ету және социалистік қоғам құру үшін қолайлы жағдайлар жасау болды. 


Сонымен қатар ЖЭС сыртқы саяси байланыстарды қалпына келтіруді, 
халықаралық оқшаулануды болдырмауды көздеді.Азық-түлік салығын енгізу ЖЭС-
тің жалғыз ғана іс-шарасы болған жоқ. Нарықтық қатынастарға рұқсат етті. 
Сондай-ақ жерді жалға беруге де рұқсат етілді. Тұтынушылық, 
ауылшаруашылық, мәдени-кәсіпшілік кооперация дамыды.Мемлекет өз басқаруына 
шаруашылық есепке көшірілген неғұрлым ірі кәсіпорындарды ғана қалдырды. 
Қалған кәсіпорындардың бәрі жекеменшікке өтті.Жалдамалы еңбекті 
пайдалануға рұқсат етілді. Азық- түлік пен тауарларды бөлудің карточкалық 
жүйесі тоқтатылды.1921-1924 жылдары қаржылық реформа шеңберінде 
банктік жүйе құрылды. 1921 жылдан бастап ақша реформасы жүргізіле 
бастады. 1922 жылдың соңында айналымға орнықты валюта - кеңестік қызыл 
ақша (червонец - 10 рубль) шығарылды. 
 
 
19. 
Байлар шаруашылықтарының тәркіленуі:саяси және экономикалық 
салдарлары 
1927 жылы жергілікті кеңестерді сайлау кезінде байлар дауыс беру құқығынан 
айырылды. Бірақ бұған Голощекин қанағаттана қоймады. Оның басты мақсаты – 
байларды түп-тамырымен жойып жіберу болатын. [1] 
VI Бүкілқазақтық партия конференциясының қазақ байларын күшпен тәркілеу 
туралы қорытындыға келуі ел ішінде жаппай дүрлігу туғызды. Мәскеудегі БК(б)П 
ОК мен БОАК-нің бұл шешімді және осыған байланысты заңды бекітуді белгісіз 
себептермен тоғыз айға созып жіберуі жағдайды шиленістіре түсті. [2] 
Тәркілеуге байланысты әр түрлі алыпқашты өсек-аяңмен үрейленген халық – байы 
бар, кедейі бар – малды жаппай сатудың, жасырып қалудың жолдарын іздестіре 
бастады. Сондықтан 1928 жылы маусымның 21-де ҚазОАК «Қазақстанның 
барлық еңбекшілеріне» үндеу жариялады. Онда «тәркілеу туралы заң 1928 жылғы 
сәуірдің 1-нен бері мыңдаған малы бар, Кеңес өкіметіне «анық жау» неғұрлым ірі 
байлар қожалықтары дүниелерін тәркілеу және оларды жер аудару бағытында 
жасалып жатқаны, алғашқы кезекте бұл бұрынғы хан, сұлтан тұқымынан 


шыққан ірі байларға қатысты жүргізілетіні» атап көрсетілді.Қазақ байларын 
тәркілеу туралы декреттің өзі 1928 жылы тамыздың 27-нде қабылданды. 
Баспасөз беттерінде қазақ байларын тәркілеудің~ 20 қыркүйекте басталып, 1 
қарашада аяқталатынын ескертті.Қабылданған декрет бойынша, ірі байларға 
көшпелі аудандарда ірі малға шаққанда төрт жүз бастан жоғары малы бар, 
жартылай көшпелі аудандарда үш жүз бастан жоғары малы бар қожалықтар 
жатқызылды. Ал отырықшы аудандарда мұндай меже жүз елу бастан жоғары 
қарай болды. Бірақ осы соңғы аудандарда Қазақ АКСР ХКК жүз тұяғы барларды 
ірі бай қатарына жатқызып тәркілеуге құқықты болды. Декрет әсіресе көшпелі 
аудандардағы қожалықтарға шектен тыс қатал болды және Қазақ АКСР ХКК-не 
алғашқы көшпелі аудандағылардың малы көрсетілген саннан аз болған күннің 
өзінде бұл адамдарды – егер ауылда ықпалды болса, кеңестендіруге қарсылар 
ретінде жер аудару құқығын берді.Қазақстанда ірі байларды конфискелеудің 
авторы Ораз Жандосов еді. Барлық жүргізілуге тиісті шараларды жасаған да 
оған ілінген 695 байды іріктеген де сол болатын. Оған дәлел 1926 жылғы Өлкелік 
партия комитетінің ІІІ пленумында үлкен талас тудырған сөзінде О.Жандосов ең 
басты назарда ұлт ішіндегі таптық міндеттерді шешуге аудару қажеттігін 
айтып, қазақ ауылында байларымен күресті тек бейбіт эконоикалық әдістері 
арқылы ғана емес, сонымен бірге саяси зорлау әдістері арқылы да жүргізуді 
ұсынды. Оның түсінігі бойынша, бұл шара қазақ қоғамын байлардың зорлығына 
ғана емес, сондай-ақ, феодалдық, рулық қатынастардың қалдығынан да құтқару 
үшін керек еді. О.Жандосов ұсынған бағыт О.Исаев, А.Мусин сияқты 
қайраткерлердің қолдауын тапты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет