13. Алаш автономиясы құрылуының тарихи және саяси маңызы


  XXғ.20-30жж.Қазақстандағы білім беру беру жүйесінің дамуы



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата30.04.2024
өлшемі196.25 Kb.
#500143
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
13-27 тарих

21. 
XXғ.20-30жж.Қазақстандағы білім беру беру жүйесінің дамуы. 
қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі өткен ғасырдың 20-30 жылдары 
үлкен өзгерістерге бағыт алды. Мемлекет зайырлы білім мен ағарту жүйесін өз 
құзіретіне ала бастады. 1920 жылы қазанда Қазақ АКСР-нің ХАК-ы құрылып, қазақ 
жерінде білім беру жүйесінің жаңа кезеңі қалыптасты. Елімізде ағарту саласы 
бойынша халық комиссары тағайындалып, оның басшылығына алаш арысы Ахмет 
Байтұрсынұлы келді. ХХ ғасырдың басындағы алаш арыстарының еліміздегі 
зайырлы білім беру ісінің дамуына қосқан үлесі және ағарту жүйесіне енгізген 
жаңалықтары орасан зор.1920 жылы қазанда Қазақ АКСР-нің ХАК-ы құрылып, 
А.Байтұрсынов халық комиссары болды.1921 жылы ақпанның он сезігінде 
Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды 
қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-тех. білім беру, саяси тәрбие ісі, 
оқу-тәрбие жұмысына байланысты, т.б. мәселелер қаралды.1922 – 23 жылдары 
ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар 
іске асырылды, қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды.1920 – 30 жылдары еліміздегі 
білім беру мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекет тарапынан орасан мол 
қаржы жұмсалды. 367 мектеп жаңадан салынып, 361-і күрделі жөндеуден 
өткізілді.1927 – 28 жылдары республикада үш-ақ орта мектеп (Ташкент, Орынбор, 
Қызылорда) болды.1929 жылы республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет 
тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен 
соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа 
өртелді.1940 жылы латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп 
жылға шегеріп тастады.1937 жылы қазақ бастауыш мектептерінің саны 537-ден 
1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, орталау мектептер 143-тен 237-ге жетті 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет