13. Алаш автономиясы құрылуының тарихи және саяси маңызы


  1921-1922жж.Қазақстандығы ашаршылық және оның салдарлары



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата30.04.2024
өлшемі196.25 Kb.
#500143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
13-27 тарих

17. 
1921-1922жж.Қазақстандығы ашаршылық және оның салдарлары.
1921–1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер 
елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921–1922 жылдардағы ұзаққа созылған 
қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда 
жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін 
әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы 
аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам 
адам аштыққа ұшырады.Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған 
ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе 
губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, 
шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі 
және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар 
толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920–1921 жылдардағы ұзаққа созылған 
қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, 
Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық 
құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді1921 жылғы 


тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары 
аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 
жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі: Орынбор, 
Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары Түркістан АКСР-і 
құрамындағы Сырдария және Жетісу губернияларын қоспағанда және Адай 
уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды.1921 — 1923 жылдардағы ашаршылықтан 
зардап шеккендер мен азық-түлікке өте зәру губерниялардың тұрғындарына да 
осындай жеңілдіктер қарастырылды. Күйзелген шаруашылықтарға мемлекет 
тарапынан өндірістік көмек көрсетілді, ал малы жоқ, орташа ғана астық 
жинаған шаруашылықтар азық-түлік салығының 50%-ынан босатылды, сондай-
ақ 1921-1922 жылдарға берілген несиені төлеу мерзімі ұзартылды, бірыңғай 
мемлекеттік салық төлемі бойынша жеңілдіктер жасалды.Бүкілресейлік 
Орталық Атқару Комитеті Кеңесінің 1923 жылғы 20 маусымдағы декретімен сол 
жылдың 1 тамызынан бастап ашаршылықпен және оның салдарымен күрес 
жөніндегі комиссиялар таратылды. Олардың міндеттері енді ауыл 
шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі арнайы ұйымдастырылған комитетке 
жүктелді. Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін сондай комитет КазОАК-нің 
жанынан да ұйымдастырылды. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет