13. Алаш автономиясы құрылуының тарихи және саяси маңызы


  Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын күшпен



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата30.04.2024
өлшемі196.25 Kb.
#500143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
13-27 тарих

20. 
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын күшпен 
орықшыландыру.Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан және қазақ даласы»идеясы. 
Ф. Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу 
науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан 
төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым 
жасады. Ф. Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-


саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы 
баспалдақ ретінде қабылдады. 
"Кіші Қазанның" мақсаты - қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және 
кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік 
базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске 
аспаған, сондықтан "Кіші Қазан" революциясын жасау керек деп өз тұжырымын 
айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар: 
§ Қазақ ауылын кеңестендіру; 
§ Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу; 
§ Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.1926-
1927 жылдары бұрын болмаған жерлерде Кеңестер құрылып, ал бұрыннан қызмет 
жасап жүрген жерлерде қайта сайлау жүргізілді. Жергілікті байлар ықпалынан 
кеңестерді қорғау үшін олардың пайыздық құрамын - кедейлер, батрақтар, әйелдер 
мен коммунистердің қанша болуы керектігін жоғарыдан бекітті. 1927 жылдың 
қаңтарында ҚазАКСР Орталық Атқару комитеті (ОАК) ауылдық Кеңестерге жер 
дауы мен су мен жайылымдарды бөлу сияқты кейбір азаматтық және еңбек 
мәселелерін қарастыру және шешу құқығы берілді. 
1928 жылға қарай белгіленген пайыздық үлесіне сай ауылдық, болыстық 
Кеңестердің құрамы 50-60%-ға жаңартылды. Бұл жағдай орталық билікке алыс 
аймақтарды басқаруды жеңілдете түсті.Сонымен «Кіші Қазан» қалыптасып келе 
жатқан тоталитарлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық негізін жасады. 
Ф. Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысының әлсіздігін жергілікті партия 
органдарынан емес, қазақ байынан және рулық қатынста көрінді. Ф. Голощекин 
өзінің ауылды кеңестендіру. яғни «Кіші Қазан» жасауға бағытталған төңкерістік 
бағытына бүкпесіз ашық қарсылық білдірген С. Сәдуақасовты ең басты қарсылысы 
ретінде таныды. «сәдуақасовшылдықты» Қазақстан партия ұйымы үшін аса 
қауіпті идеялық бағыт етіп көрсетті. кейінгі кезеңдерде олардың қатары көбейіп 
әр түрлі «шылдықтар» айыптау науқандарына ұласты. 
 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет