13. Алаш автономиясы құрылуының тарихи және саяси маңызы


Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата30.04.2024
өлшемі196.25 Kb.
#500143
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
13-27 тарих

27. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.
Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық 
Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді 
игеру» туралы қаулы қабылданды. 
Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ 
бен Қазақстанда жүргізілді. 
Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 миллион гектар тың және тыңайған жер 
жыртылды. Оның 6,5 миллион гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда болды. 
Тың жерлерді игеру Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, 
Павлодар облыстарында жүргізілді. 
1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді. 
1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар 
жер жырту көзделген болатын. 
Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. 
1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 миллион гектар тың және 
тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 миллион гектар, яғни 66,6% жер 
жыртылды. 
1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 
жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20 мыңға жуық адам келді. 
Тың игеруге келген әр адамға 150 мен 1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. 
Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер 
ауылшаруашылығы салығынан босатылды. 
1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру 
мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды. 
1956 жылы тың игерушілер 16 миллион тонна астық жинады. 
Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. 
Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз 
етті. 
Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалды елге айналды. 
Қазақстан жерінде тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер көптеп салына 
бастады. Он мыңдаған шақырым жол төселді. 
Тың игерудің рухани, демографиялық және экологиялық зардаптары да зор болды. 
1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 миллион гектар жер жел 
эрозиясына ұшырады. 
1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық 
бөлігінен 2 миллион адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін 
төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың жойылып кету қаупі туды. 


Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде 
көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің 
құнарлылығы азайды. 
Малшаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жер 
жыртылғандықтан малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. 
Малшаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 
Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық руханияты 
ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. 
Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды. 
1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің 
саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29%-н ғана құрады. 
Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп-
интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде 
жүргізілді. Қазақ елінің елдімекендері мен жер-су атаулары орысша атала бастады. 
1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың 
өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. 
Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. 
Тың игерудің қорытындысы бойынша Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету 
мәселесі шешілді. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет