Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет61/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят № 377
Мұғалім оқушыға қосымша тапсырма береді. Ал оқушы орындағысы келмейді: «Мен мұны орындамаймын». Мұғалім реакциясы қандай болуы керек?

  1. «Қаламайсың ба – мәжбүрлейміз».

  2. «Өзіңе қиын болады».

  3. «Неге екенін түсіндіре аласың ба»?

  4. «Кел талдайық, мүмкін сенікі дұрыс шығар».

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаны негіздеңіз


Педагогикалық жағдаят № 378
Мұғалімнің берген ескертуіне оқушы сабақты меңгеру үшін оған көп жұмыс жасаудың қажеті жоқтығын айтады: «Мені жеткілікті деңгейді қабілетті адам деп есептейді!».
Мұғалім қалай жауап береді?

  1. «Бұл пікірге лайық екенің екіталай».

  2. «Өзің туралы жақсы пікірде болғаныңа қуаныштымын».

  3. Бұл сенің оқуға көп күш салуыңды талап етуі тиіс».

  4. «Өзіңді тыс жоғары бағалау адамға оқу үшін әрқашан тиімді бола бермейді».

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаны негіздеңіз
.
Педагогикалық жағдаят №379
Сабақ үстінде оқушы қыр көрсете отырып: «Жамал Молдашевна, сіздің жалақыңыз қанша?»,- деп сұрайды. Қалай жауап беру керек?

  1. Әзілдеу: «Бұл коммерциялық құпия ғой».

  2. Үлкен абыроймен жауап қайтару: «өте үлкен де емес, өте аз да емес, бірақ өзіме жетеді».

  3. Сұраққа сұрақпен жауап қайтару: «Ал, бұл саған не керек?».

  4. «Тайсалмай және ашық түрде қаражат сомасын айту – балалар да біле берсін, мүмкін маған жаны ашыр».

  5. «Естімеген кейіп таныту».

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаны негіздеңіз


Педагогикалық жағдаят №380
Жас мұғалім мектепте биология үйірмесін ашты.Әр түрлі сыныптардың оқушылары қызығушылық танытып оған келе бастады. Күндердің – күнінде сабақ үстінде күтпеген жерден бір оқушы былай деді: «Өтінемін, біздің сыныпқа биология пәнін жүргізуге келіңізші!»
Мұғалім қалай жауап беру керек?
1. Құрғақ айту керек:«Мариям, мен сен туралы жақсы ойда едім»
2. Айту керек: «Мені жақсы біліп алғаннан соң, мені де осылай сынайтын боларсыздар басқа мұғалімдердің алдында»
3. Қарапайым түсіндіру: «Жүргізе алмаймын, әр қайсымыз өз ісімізді атқарудамыз, менде онсызда үлкен жүктелім»
4. Балаларға түсіндіру: «Үйірме сабақтары сіздердің қалауларыңыз бойынша, сондықтан қызықты болар,ал міндетті сабақтарды кім жүргізсе де, олай болмауы мүмкін»
5. Наразылық білдіру: «Әріптесімнің алдында ыңғайсыз жағдайда қалдырдыңыз.Мен бұны естімеген болып есептеймін»
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқа жауабын негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет