Педагогикалық жағдаят №381
Сабақ барысында оқушы мұғалімнің есіне түсіреді: «Сымбат Мұқанқызы, сіз өткен сабақта бізге қызықты бірдеңе айтып беремін деп уәде еткен едіңіз...»
Мұғалім өзінің уәдесін ұмытып кетіп,оны орындауға дайын емес. Не істеу керек?
1. Сеніммен айту: «Әрине, тек бүгін бізде уақыт жетпейді. Мен сіздерге келесі сабақта айтып берейін»
2. Таңданып айту: «Жоқ, мен сіздерге мұндай сыйлық жасайтындай, бүгін сіздер соншалықты жақсы жұмыс жасаған жоқсыздар сабақта.»
3. Өзімнің уәдем туралы ұмытып кеткенім туралы шын мойындау.
4. Кешірім сұрап, келесі жолы міндетті түрде орындайтыны туралы айту.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқа жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №382
Мұғалім бірнеше сабақ өткізгеннен кейін,оқушы оған былай дейді: «Сіз бізге ұстаз ретінде білім бере алады деп ойламаймын» Мұғалімнің реакциясы қандай болуы керек?
«Сенің ісің мұғалімді үйрету емес, оқу.»
«Әрине, сен сияқтыларды ешнәрсеге үйрете алмаспын»
«Мүмкін, саған басқа сыныпқа ауысу немесе басқа мұғалімде оқу керек шығар»
«Сен әншейін оқығың келмейтін болар »
«Неге сенің осылай ойлайтыныңды маған білу қажет»
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқа жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №383
Оқушы өзінің бағаларына көңілі толмай, материалды меңгеру мен түсінуге және өзінің қабілетіне күмәнданып, мұғаліміне былай деді: «Сіз қалай ойлайсыз, мен сыныптағы басқа балалардан қалмай «өте жақсы» деген бағаға оқи аламын ба екен?»
Мұғалім қандай жауап беру керек?
«Шын айтсам - күмәнданамын»
«Ия, әрине, бұған сен күмәнданбағын»
«Мен саған үлкен үміт артамын, сенің қабілеттіліктерің жақсы,»
«Неге сен өзіңе күмәнмен қарайсың?»
«Кел, әңгімелесіп мәселені шешіп көрелік»
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған нұсқа жауабын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |