Педагогика теориясы


Педагогикалық диагностика



бет59/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Педагогикалық диагностика-педагог тұлғасының және онымен қатынасқа кірісушілердің педагогикалық жүйе нәтижелерін талдау, кепілдеу және ұсыныстар беру процесі.
Педагогикалық диагностика: біріншіден, индивидуал білім үдерісін қолайландыруы, екіншіден, қоғам талабынан келіп шығып, тәлім-тәрбие нәтижелерін туры анықтауды тәміндеуі, кепілдеуі, үшіншіден, өзіне тән білім бағыты және мамандықты таңдауға көмек беруі керек. Педагогикалық диагностика көмегінде рухани-ағарту үдеріс талданады және тәлім-тәрбие нәтижелері анықталады.
Диагнозтикалауда тек қана тәлім-тәрбие нәтижелерін есептеу-талдау, бәлкім олардың өзгеру динамикасын да назарда тұтуы керек.
Дидактикалық диагностикалаудың мақсаты- оқу процесінде болатын барлық жағдайларды оның өнімімен байланыста өз уақытында анықтау, бағалау және талдаудан тұрады.
Диагностикалау бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мағлұматтарды топтау, оларды талдау, динамика, тенденцияларды анықтау, оқиғалардың әрі қарай дамуын болжауды өз ішіне алады.


Оқу үрдісіндегі бақылау мен есепке алу функциялары.
Диагностиканың маңызды құрамдас бөлігі бақылау болып табылады. Бақылау – білім, білік, дағдыны меңгеру процесін анықтау, өлшеу және бағалау. Анықтау және өлшеу - тексеру деп атады.
Тексеру – білім, білік және дағдыларды игеруді бақылауға арналған әрекеттер мен операциялар жүйесі.
Негізінде бақылау кері байланысты орнатуды, яғни тыңдаушылардың оқу әрекетінің нәтижесі туралы ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушының нені, қандай білімді игергенін, оның жаңа білімді қабылдауға дайындығын белгілейді. Мұғалім оқушының өз бетінше оқу әрекетінің сипаты туралы да ақпарат алады. Бақылау мұғалімнің өз еңбегінің қаншалықты жемісті болғанын, педагогикалық процестің мүмкіндіктерін оқыту мақсатында сәтті пайдаланғанын көрсетеді. Бақылау кезінде студенттің өзі оқу қызметі туралы ақпаратты алады. Бақылау оның білімін дамытуда қандай жетістікке жеткенін түсінуге, ондағы олқылықтар мен кемшіліктерді көруге көмектеседі. Тұрақты бақылау тыңдаушыларды тәртіпке келтіреді, белгілі бір ырғаққа дағдыландырады, ерік-жігерлік қасиеттерді дамытады.
Тексерудің мақсаты – оқушының білім деңгейі мен сапасын анықтау ғана емес, оның оқу жұмысының көлемін де анықтау.
Оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеру келесі логикалық тәртіпте жүргізілуі керек:
Тексеру жүйесінің бірінші буыны – оқушылардың білім деңгейін алдын ала анықтау. Әдетте оқушылардың өткен оқу жылында алған білім деңгейін анықтау мақсатында оқу жылының басында өткізіледі. Тексерудің бұл түрін оқу жылының ортасында жаңа бөлімді (курсты) оқуды бастаған кезде де өткізуге болады. Білімді тексерудің екінші бөлімі – әрбір пәнді меңгеру барысындағы ағымдағы тексеру. Ағымдағы тексеру оқушылардың оқу жоспарында көрсетілген жекелеген элементтерді меңгеру деңгейін диагностикалауға мүмкіндік береді. Бұл тексерудің негізгі міндеті – оқыту. Мұндай тексерудің формалары мен әдістері әртүрлі және олар оқу материалының мазмұны мен күрделілігіне, оқушылардың жасы мен дайындығына, оқытудың кезеңі мен мақсаттарына, нақты педагогикалық жағдайларға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет