Пётр Андре́евич Зайончко́вский (1904-1983, ) - Орыс, кеңес тарихшысы, деректанушы, археограф және библиограф. 1937 жылы Москва тарих, философияжәне әдебиет институтын бітірген.1940 жылы кандидаттық, 1950 жылы докторлық диссертация қорғаған.
1944-1952 В. И. Ленин атындағы кітапхананың қолжазба бөлімінің меңгерушісі, 1940 жылдан Москва облыстық педагогикалық институтында, 1948 жылдан Москва мемлекеттік университетінде оқытушылық қызметте, ал 1951-1983 жылдары тарих факультетінің профессоры. Өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды. Оның басшылығымен 12 докторлық және 50 кандидаттық диссертация қорғалды. Америка тарихнамасындағы орыс тарихы туралы мектептің дамуына үлкен үлес қосты. АҚШ-тың орыс тарихын зерттеп жүрген ірі тарихшылары Теренс Эммонс, Альфред Рибер, Даниэл Филд, Ричард Уортман сияқты ғалымдар тәлімгерлік дайындаудан өткен. 1860-70 жылдардағы Ресейдегі реформалар тарихы бойынша 8 монографияның авторы.
Аты аталған ғалымдардың ішінде тарих методологиясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан Иван Дмитриевич Ковальченко (1923 – 1995). Кеңес тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Екінші дүние соғысына қатынасқан, майдандағы ерлігі үшін Кеңес одағының батыры атағына ұсынылған. Бірақ оның құжаттары белгісіз себептермен Москваға жетпей қалған. 1952 жылы Москва мемлекеттік университетін бітірген. 1955 жылы кандидаттық, 1966 жылы докторлық диссертацияларын қорғаған. 1969-1988жылдары «История СССР» журналының бас редакторы болып қызмет істеген. Одан кейінгі өмірі Москва университетімен тығыз байланысты. «Тарихнама және деректану» кафедрасын ашып өмірінің соңына дейін меңгеруші қызметін атқарды.
Тарих ғылымындағы «клиометрия мектебінің» негізін қалаушы. КСРО ҒА тарих институты жанындағы математикалық әдістерді тарихи зерттеулерде пайдалану коммисиясының негізін қалап, соған басшылық жасады. 1978-1990 жылдары Халықаралық эканомикалық тарих Ассоциасының атқару комитетінің мүшесі, 1982 жылдан тең төрағасы, 1982 жылдан Халықаралық квантитативті тарих комиссиясының тең төрағасы, 1972 жылы КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, 1987 жылдан сол академияның толық мүшесі болып сайланды.
Томск университетінде Борис Георгиевич Могильницкий (1929-2014) тарихшылардың Сбірдегі мектебінің негізі қалады. Өзі де сол Томск мемлекеттік университетін 1951 жылы бітірген. 1967 жылы докторлық диссертациясын қорғайды. 1955 жылы оқытушы ретінде университетке қайта оралады. 1962 жылдан доцент, профессор, Көне дәуір және орта ғасырлар тарих кафедрасының меңгерушісі, 1969-1981 жылдар арасында тарих-филология факультетінің деканы қызметтерін атқарады. Орыс медиевистикасының тарихнамасымен айналысты. 60-жылдардың аяғында ағылшын-американ, неміс тарихнамасының идеялық-теориалық мәселерін зерттеді. Методология саласында тарихи танымның категориялары мен принциптерінің табиғатын зерттеумен айналысты. Осы тақырыптағы монография авторы
Достарыңызбен бөлісу: |