Химиялық қасиеттері.
1. Алкилдеу реакциясы
2. Ацилдеу реакциясы
3. Азотты қышқылымен әрекеттесу
Біріншілік аминдер:
Екіншілік аминдер:
Үшіншілік аминдер:
4. Электрофильді орынбасу реакциясы
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: ароматты аминдердің классификациясы, номенклатурасы және изомериясы, алу жолдары, химиялық қасиеттері
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Ароматты аминдер азотты қышқылмен қалай әрекеттеседі?
Триброманилинді алу жағдайы ?
пара-нитротолуолға сутегімен ( катализатор қатысында ) әсер етсе, түзілетін заттың аты мен формуласын жазыңыз.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. В.Л. Белобородов, С.Э. Зурабян, А.П. Лузин, Н.А. Тюкавкина. Органическая химия. – М.: Дрофа, 2008. –Кн.1, С. 514-541
2. В.Ф. Травень. Органическая химия. – М.: Академкнига, 2008. Т.1., С.361-405
Дәріс 17, 18 – Диазо- және азоқосылыстар
Дәріс жоспары:
Құрылысы. Алу тәсілдері
Химиялық қасиеттері
Азоқосылыстар
Ароматтық диазоқосылыстар деп құрылымы әртүрлі, бірақ бір-біріне оңай айналатын қосылыстарды айтады.
Құрылысы. Алу тәсілдері
Диазоний тұздарының құрылымы мынадай:
мысалы немесе
хлорлы бензол диазоний тұзы
Өзінің сипаты бойынша олар аммоний тұздарына ұқсас.
қосылыстар диазогидраттар деп аталады. Оларға амфотерлік қасиеттер тән және сілтілердің әрекет етумен диазотаттар , ал қышқылдардың әсерінен диазоний тұздарын түзеді.
Диазоний тұздары ең маңызды қосылыстар болып табылады.
Аминдерден диазоқосылыстардың түзілу реакциясын диазоттау деп атайды. Диазоттау амин тұдарының тұздағы ерітіндісіне, артығымен алынған минералдық қышқылдың қатысуымен, өз тұздарынан алынатына азотты қышқылмеи әрекет ету арқылы өткізіледі. Реакция былай жүреді:
Қышқылдың артық мөлшері диазоний тұздарын тұрақтандыру үшін қажет. Ол жоқ болса қосалқы реакциялар орын алады.
Осындай жолмен диазоний тұздарының судағы ерітінділерін алады. Әдетте бұл тұздар суда жақсы ериді, электр тогын жақсы өткізеді.
Аминдерден диазоқосылыстардың түзілуін келесі жолмен көрсетуге болады. Қышқылды ортада азотты қышқыл бірнеше диазотоптағыш агенттерді береді.
Олардың әрқайсысының реакциядағы ролі қышқылдың концентрациясына және аминнің негізділігіне тәуелді. Олардың барлығы да аминдермен әрекеттесіп нитрозоаминдерді түзеді, бірақ нитрозоаминдер қышқылдық ортада қайтадан диазовий тұздарына айналады.
нитрозоамин
Диазоний тұздарының ерітінділерін сілтілегенде диазогидраттар түзіледі. Бірақ олар бос күйінде бөлініп алынбайды. Себебі, олар амфотерлік қосылыстар есебінде сілтілермен бірден реакцияға түсіп, диазотаттар түзеді.
натрий диазотаттары
Диазоний тұздарының сілтілермен реакциясын жалпы мына схемамен қорытындылай белгілеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |