«Петропавл қаласының білім бөлімі» кмм «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» кмм



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата28.03.2024
өлшемі1.29 Mb.
#496849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Теректің құрамындағы полифенолды қосылыстар

Жұмыстың мақсаты: 

Оптимальді антиоксиданттар ретінде эндемиктік өсімдіктерді 


қарастыру барысында терек және цистанхе өсімдігі сығындыларының
антиоксиданттық потенциалын анықтау.
Гипотеза: 
Терек және цистанхе өсімдіктері антиоксиданттарға бай; олардың негізінде 
қалдықсыз технология саласында дәрілік препараттар шығару. 
Кезеңдері, зерттеудің рәсімі
Бұл жұмысты атқару алдында біз тотығу – тотықсыздану реакциялары 
және антиоксиданттар жайлы мәліметтермен таныстық. Тәжірибелік бөлімі 
«СҚМУ университетінің» биохимия зертханасында жүргізілді. 
Зерттеу кезеңдері: 
1.Терек пен цистанхе сығындылары құрамындағы полифенол және флавоноид 
класстары қосылыстарының сандық мөлшерін анықтау. 
2.Сығынды құрамындағы қосылыстардың антирадикалдық белсендігін 
анықтау.
Әдістеме: 
Біз жұмыс барысында реактивтердің химиялық қасиеттеріне сүйене отырып, 
түрлі реакцияларды жасадық. Сондай- ақ реакция кинетикасын да зерттедік. 
Жұмыстың жаңалығы және дербестігі: 
Өсімдік 
сығындыларындағы 
антиоксиданттардың 
белсенділігін 
антирадикалдық 
әдістер 
негізінде 
қарастыру. 
Нәтиже,қорытынды: 
Терек және цистанхе өсімдіктеріндегі полифенол қосылыстарының жалпы 
мөлшері үлкен, сондықтан оларды биологиялық белсенді қосылыстардың көзі 
ретінде қолдануға болады. 
  



Практикада қолданылу салалары: 
Еліміздің фармацевтикалық өндірісіндегі дәрілік препараттарды, негізінен 
алғанда антиоксиданнтық белсенділігі жоғары препараттар өндірісіндегі 
технология бағдарламасымен әзірлеп шығаруға болады. 
I. Әдеби шолу. 
1. 
Липидтер. 
Липидтер- жасуша биомембраналарының құрылыс материалдары 
Мембраналарға оттектің кейбір түрлерінің жағымсыз әсері туралы айтылған 
соң, мембрана қабатын қорғап қалу шараларын іздестіру үшін алдымен 
мембрана құрылысымен таныстырып кеткенді жөн көрдім.
Липидтер үшін бұған дейін қолданылған: «полярлы емес органикалық 
еріткіштерде (бензол, ацетон, хлороформ) жақсы еритін және практика 
жүзінде суда ерімейтін органикалық қосылыстардың тобы»,- деген анықтама 
нақты емес. Біріншіден, химиялық қосылыстар классының нақты 
мінездемесінің орнына қолданылатын бұндай анықтама липидтердің 
физикалық қасиеттері туралы ғана баяндайды. Екіншіден, қазіргі кезде 
қосылыстардың жеткілікті полярлы емес еріткіштерде немесе керісінше, суда 
жақсы еритіндігі белгілі, соған қарамастан олар липидтерге жатады. Қазіргі 
таңдағы органикалық химияда «липидтер» терминінің анықтамасы, 
биосинтетикалық туыстық қосылыстар түсінігіне негізделген , яғни 
липидтерге май қышқылдарын және оның туындыларын жатқызады.
Биомембраналардың негізгі құрылымы липидтік қос қабат болып табылады. 
Липидтер деп жануар және өсімдік ұлпаларында кездесетін, полярсыз 
органикалық еріткіштерде (эфир, бензол және т.б.) жақсы еритін, өзінше 
ерекшелітері бар қосылыстар класын атаймыз. 
Липидтер организмде бірқатар маңызды функцияларды атқарады. 
«Энергетикалық отынның» сақталып және тасымалданатын формасы болып 
табылады. Және де жоғарыда айтылып өткендей, липидтер жасуша 
биомембраналарының құраушы компоненттері болып табылады.
Липид молекуласында полярлы (гидрофильді) және полярсыз (гидрофобты) 
топтар болады. Осылайша, липидтер бифильді қосылыстарға жатады, бұл 
қасиет оларға фазалар шектесу бетінде әрекет етуге мүмкіндік береді. 
Липидтер құрылысының әркелкі болуына қарамастан, молекулалары 
негізінен органикалық қосылыстардың екі класы- спирттер мен май 
қышқылдарынан тұрады. Липидтер құрамына спирттердің келесі түрлері кіруі 
мүмкін: 
● жоғары біратомды спирттер (цетил спирті СН
3
(СН
2
)
14
СН
2
ОН) 
● үш атомды спирт- глицерин СН
2
ОН-СНОН-СН
2
ОН 
● екі атомды спирт – сфингозин 



Липидтер құрамына кіретін биологиялық маңызы зор май қышқылдарына 
тармақталынбаған, тізбектегі көміртек атомының саны жұп болатын жоғары 
монокарбон қышқылдары жатады. Табиғи қышқылдарда С саны 4-22 
аралығында, көбіне 16 немесе 18-ге тең болады. Қышқылдар қаныққан және 
қанықпаған бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет