құлдырау (сату көлемінің, одан соң пайда табудың күрт төмендеуінен болады).
Маркетингті тиімді басқару үшін өткізу нарығы мен бәсекені дер кезінде дұрыс бағалай білу керек.
Бұл жұмыста бірінші кезең нарық пен оның сегменттерін (мысалы ет өнімдері сегментінде; ет, шұжық, сүрі және т.б. болады) білу, кәсіпорын жайындағы деректер: өндірушілер, осы нарықта жұмыс істеушілер, тұтынушылардың саны, жекеленген тұтынушыға келетін өнім мөлшері, тұтынушылардың географиясы, өнімге сұраным және оның өзгеруі жайындағы. Бұдан басқа нарықтың сиымдылығы мен аумағы да бағаланады.
Нарықтың сиымдылығы – бұл берілген өнімді қанша мөлшердегі көлемде өткізуге болатындығын көрсетеді. Сиымдылық көлеммен анықталады. Бұл жыл ішінде тауарларды қанша мөлшерде және қаншаға сатуға болатындығын көрсетеді. Сиымдылықты анықтаған кезде назарға ұлттық өндіріс алынады да осы өнімнің импорттық көлемін қосады және одан экспорттың көлемін шегереді.
Нарықтың аумағы (айырбастау аясы) – бұл біз ынта қойып отырған өнімді ауыстыруды жүргізетін аумақ. Егер ауыстыру аумағы облысты, қаланы қамтыса онда бұл жергілікті тауар нарығы. Егер ауыстыру аумағы бүкіл ұлттық территорияны қамтыса, онда бұл ел нарығы. Әлемдік нарық – бұл мемлекеттердің ұлттық нарықтарының жиынтығы, олардың арасындағы байланыс халықаралық сауда арқылы, оның ішінде лицензиялармен және қызмет көрсетумен, капиталдардың ұлтаралық ауысуларымен және т.б. сипатталады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көп бөлігі үшін жергілікті нарық қана маңызға ие. Нарық сиымдылығын анықтаған кезде елеулі проблемалар туындайды, бұлар нарықтың белгілі бір тауарлармен барынша толығуы сол жерде, бірдей табиғи - климаттық жағдайларда біртекті өнімдер өндіретін кәсіпорындардың көп болуымен түсіндіріледі. Импорттық тауарларды өндіру жағдайында мәселе қиындай түседі, өйткені бақылау мүлде қиындап, жеткізу көлемін реттеу мүмкін болмайды. Ал бұларсыз нарықтың жағдайында маркетингтік қызметті ойдағыдай жүргізу іс жүзінде мүмкін еместігін еске алған жөн.
Өнімдерге немесе көрсетілген қызметке қойылар қазіргі және болжамды бағаларды бағалаудың маңызы зор. Тауардың бағасы сату көлеміне және сатудан түсетін қаржы көлеміне елеулі әсер етеді. Нарықта өнімдердің көлемі өскен сайын баға да төмендей түсетіні белгілі. Сондықтан, сату көлемінің ең көп және ең аз болатын кезеңдерін алдын ала білу түсетін қаржы көлемін ертерек анықтауға және заемдік қаражаттың қанша мөлшерде және қанша көлемді алу керектігін білуге әсер етеді.
Сөйтіп, маркетингтік қызмет атап көрсетілген ақпараттарды талдауға негізделеді және мынандай шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:
- нарықты және оның даму болашағын кешенді зерттеу жолымен зерттеу арқылы ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімдері мен көрсетілетін қызметке сатып алушылардың қазіргі және барынша мол сұранымын анықтау;
- өнімдерді таратудың әдістері мен формаларын ұйымдастыру және жетілдіру;
- бағалар жүйелерін жасау, қажеттіліктерге қарай олардың тиімділіктері мен жетілдірулерін тексеру;
- өнімдердің ассортименттерін басқару, өндірісті шоғырландыру мен жоспарлау;
- кәсіпорынның өндірісті игеру және жаңа өнімдерді өткізу жөніндегі ғылыми-техникалық қызметін ұйымдастыру;
- материалдық-өндірістік қорларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін талдау;
- жеткізушілермен өзара қатынасты ұйымдастыру, олардың сенімділіктерін бағалау;
- маркетингтің жоспарын қалыптастыру;
- маркетингті бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары:
-
Ауылшаруашылығы нарықтарын қазіргі жағдайда бәсекелестіктің қандай түрі (жетілдірілген немесе жетілдірілмеген) басым?
-
Салааралық бәсекелестік деген не?
-
Бағаланбайтын бәсеке деген не?
-
Маркетинг ұғымына нелер тән?
-
Өткізуді қандай жолдармен ынталандыруға болады?
-
Нарықтық қатынастардың қалыптасуларына керекті жағдайларды
-
атаңыз.
-
Тауар өндірушілердің экономикалық айрықшаланулары деп нені
-
ұғынуға болады?
-
Нарықтың тене-теңдік заңының әсері қалай көрінеді?
-
Тұтынушылық сұранымның деңгейлеріне қандай факторлар әсер
-
етеді?
-
Сатушылар сатуға ұсынатын тауарлардың мөлшері неге байланысты болады?
-
Нарықтарда келісімдер қандай бағалық шектеулер арқылы жүзеге
-
асырылады?
-
Тауар интервенциясы деген не?
Тақырып 5. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің нарықтық каналдары
МАҚСАТЫ:
Студенттерді ауыл шарушылығы өнімдерін сатуды ұйымдастыруда қолданылатын ұйымдармен, ондай сатулардың әдістерін бағалай білумен, өнімдерді бөлудің негізгі бағыттары жөніндегі ұғымдармен таныстыру.
5.1 Ауыл шаруашылығының жалпы және тауарлы өнімі
Меншіктің кез келген түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметтерінің негізгі көрсеткіштері жалпы және тауарлы өнімдерінің көрсеткіштері болып табылады.
Шығарылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшері әдетте жалпы айналым әдісімен, яғни барлық шығарылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің құндарын, оның ішінде шаруашылықтың өзінде өндірістік мақсаттарға есеп берілген жылы да жұмсалғанынан (мысалы, тұқымға немесе мал азығына да және т.б.) қоса алғандағыны есептеумен анықталады.
Елдің, облыстың, ауданның ауыл шаруашылығы өнімі – бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, жұртшылықтың, шаруа (фермер) қожалықтар қоса алғандағы, жабық ауылшаруашылығы өндірісінің өнімдерінің құндарын бағалау өсімдік пен мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиынтығы.
Жалпы өнім мынандай элементтерден тұрады:
- өсімдік шаруашылығы өнімі – есеп берілген жылдағы шикі өнімдердің құны, көпжылдық жас көшеттерді жеміс беретін жасқа дейін өсіруге және егіншіліктегі өндірісі аяқталмаған (күздік дақылдарды өсіруге, сүдігер жыртуға және есеп берілген жылы келер жылдың өнімі үшін өсірілетін дақыларды күтуге) дақылдарды өсіруге жыл басынан жыл аяғына дейін жұмсалған шығындар жатады;
- мал шаруашылығы өнімі – есеп берілген жылдағы мал мен құсты өсіруден және пайдаланудан алынған ішкі өнімдердің құны, ара өсіруден, балық өсіруден де;
- ауыл шаруашылығы қызметін көрсету – бір құрылымның екінші құрылымға (бір шаруашылықтың шегінде) көрсеткен қызметінің құны және шаруашылықтың өндіргенін басқа жаққа өткізгенде жасаған қызметтің құны;
- ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін ұйымдардың шығарған қызмет құны, оған ауыл шаруашылығына нарықтық және нарықтық емес қызметтер жатады, мысалы:
-
жерді жақсарту, топырақты химизациялау және басқадай агрохимиялық жұмыстар, өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау;
-
ауыл шаруашылығына зоотехникалық және малдәрігерлік қызметтердің құны;
-
құрғату және суландыру жүйелерін пайдалануға су шаруашылығы ұйымдары көрсеткен қызмет құны.
Шығарылған ауыл шаруашылығы өнімдерін бағалау әртүрлі бағалар қолдану арқылы жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермерлік) қожалықтар және жұртшылықтың шығарған өнімдері нарықтық және нарықтық емес ауыл шаруашылығы өнімдері болып есептелінеді. Осы екі бөліктің өнімдерін бағалау тәсілдері әртүрлі болып келеді.
Ағымдағы (нақты қолданылатын) бағалар нарықтық шығарылымның (тауарлы өнімдердің) және нарықтық емес шығарылымның орташа алынған өлшемді бағалары ретінде есептелінеді.
Ұлттық есептер жүйесінде өнімдердің нарықтық шығарылымдарын негізгі бағалармен бағалау ұсынылады. Негізгі баға - өнімдерге субсидияны қоса алғандағы өнімдерге салық төлеуге жататындарын есепке алмағандағы өндірушінің әр өлшем өнімге алатын бағасы жатады. Өнімді бағалаудың бұл әдістемесіне өнімдерге берілген субсидияны (дотацияны) есепке алғандағы ауылшаруашылығы өндірісшілерінің өнімге қойған және қосымша құн салығын (ҚҚС) есептемегендегі орташа баға алынады.
Шығарылған нарықтық емес өнімдерді бағалау нарықта сатылатын осы тектес өнімдердің негізгі бағаларына қарай жүргізіледі, әрине бұл осы бағалармен сенімді есептер жасалатын болса.
Мал азығы дақылдарды және ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір элементтерін (мысалы, аяқталмаған өндірісті, көпжылдық көшеттерді өсірудегі) бағалауда, экономикалық маңызы бар бағалар туралы деректер болмағанда, олар өнімдердің әр өлшеміне жұмсалған ағымдағы шығындар жиынтығымен алынады: (аралық тұтыну + жалдамалы қызметкерлерге ақы төлеу + өндіруге (субсидияны шығарғандағы) кеткен салықтар + негізгі капиталды тұтыну).
Тәжірибеде көрсетілген өнімдер өзіндік құндары бойынша бағаланады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі сол күйінде алынған көрсеткіштер бойынша мемлекеттік статистикалық қадағалаудың деректері арқылы анықталады, әрі ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың баланстарында тұратын ғылыми-тәжірибе, қосалқы шаруашылықтарда және жасырылған (төмендетілген) ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемдерімен есептелініп шығарылады.
Ауыл шаруашылық емес кәсіпорындардың баланстарында тұратын қосалқы, ғылыми-тәжірибелік шаруашылықтардың ауылшаруашылық өндірісімен соңғы есеп айырысу коэффициентті қолдану арқылы жүргізіледі, ол соңғы статистикалық бақылау бойынша өндірістің жалпы көлемін ауыл шаруашылығы өндірісімен шұғылданатын ірі, орташа және шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындардың өнімдерінің бағаларына қатынасы бойынша анықталады.
Жұртшылықтың шаруашылықтарында (формалды емес секторда) өндірілген өнімдердің көлемі селолық әкімшіліктердің, аудандардағы жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі комитеттердің ақпараттарынан іріктеп алу арқылы анықталады. Кемінде 10 жылда бір рет жұртшылықтың шаруашылықтарындағы малдың, егістік алқаптардың мөлшері есептелінеді.
Жұртшылықтың шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі азаматтардың, жеке тұлғалардың, ұжымдық бау-бақшалардың және жекеленген тұрғын үй құрылысын салуға бөлінген жерлерден өндірілген өнімдердің мөлшерін анықтау арқылы шығарылады.
Азаматтардың қосалқы шаруашылықтарында, жекеленген топтарда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің қалыптасу көлемі іріктеп-таңдап зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
Жұртшылықтың жеке меншігіндегі таңдаудың негізіне жер салығын төлеушілердің тізімі алынады. Жеке қосалқы шаруашылықтардың қалыптасуын білуде таңдаудың төрт сатылы территориялық анықтау әдісі қолданылады.
Жұртшылықтың басқадай шаруашылықтарындағы (жекеліктегі, ұжымдық бау-бақшалардағы, жеке құрылыс салуға бөлінген жерлердегі ауыл шаруашылығы) өнімдерінің көлемі экономикалық есептеулер тәсілімен анықталады.
Дайын өнімдер өткізу бағалары бойынша, мал мен құстың аяқталмаған өндірістеріндегі өзгерістер - өзіндік құны бойынша бағаланады.
Мемлекеттік статистикалық бақылау бойынша ғылыми-тәжірибелік, қосалқы шаруашылықтар, ауыл шаруашылығындық емес және ауыл шаруашылығы өнімдерін жасырып және (төмендетіп) көрсететін кәсіпорындарда жалпы сол өнімдердің көлемі бәрін де есептеу тұрғысынан анықталады.
Ауыл шаруашылығындық емес кәсіпорындардың балансында тұратын қосалқы, ғылыми-тәжірибелік шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы өндірісін ақырына дейін есептеу ауыл шаруашылығы қызметімен шұғылданатын барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының соңғы жаппай статистикалық бақылаудың деректері бойынша анықталатын ауыл шаруашылығы қызметімен шұғылданатын барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі ауыл шаруашылығындық өнімдерінің жалпы көлемінің ірі, орташа және шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өндірген өнімдердің құндарына қатынасымен айқындалады.
Жұртшылықтың шаруашылықтарындағы (формалды емес сектордағы) өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі селолық әкімшіліктердің, аудандардағы жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі комитеттердің жұртшылықтың шаруашылықтарын іріктеп зерттеу арқылы алынған деректердің негізінде алынады. Жұртшылықтың шаруашылықтарындағы мал басыңа, егістік алқаптарға есеп жүргізу мөлшермен 10 жылда бір рет жүргізіледі.
Жұртшылықтың шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарында, өздерінде, ұжымдық бау-бақшаларда және тұрғын үй құрылыстарын салуға бөлінген жерлерден алынған өнімдері бойынша анықталады.
Жұртшылықтың жеке қосалқы шаруашылықтарын таңдап алуды жер салығын төлеушілердің тізімі пайдаланылады. Жұрттың жеке қосалқы шаруашылықтарының таңдау жүйесінің қалыптасуын анықтауда таңдаудың төрт сатылы жолы пайдаланылады.
Жұртшылықтың басқа шаруашылықтарында (жеке, ұжымдық бау-бақшалар, тұрғын үй құрылысына бөлінген жерлерде өндірілген ауыл шаруашылығы) өнімдерінің көлемі экономикалық есептеулер бойынша анықталады.
Дайын өнімдер өткізу бағалары бойынша, ал құндарының өзгерістері (мал мен құстың) өзіндік құндары бойынша бағаланады.
Жұрттың және шаруа (фермерлік) қожалықтарында өсірілген барлық мал атқару бағалары бойынша бағаланады.
Қойылған бағаларындағы өнімдердің құндары туралы алынған деректер шаруашылықтардың әр категориясы бойынша және Қазақстан Республикасын тұтас алғанда салалар және аумақтардың бөліктері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің физикалық көлемінің индекстерін есептеу үшін пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің физикалық көлемінің индексін есептеу үшін Ласпейрестің формуласы пайдаланылады:
Ιq =∑qp / ∑qp
Мұның алдындағы жылы қойылған бағалар бойынша нарықтық ауылшаруашылығындық қызмет көрсетуді шығару дефлятирование әдісімен анықталады.
Нарықтық емес ауылшаруашылығындық қызмет көрсетудің шығарылымы республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы субъектілерінің бюджеттеріндегі деректерін пайдалану арқылы анықталады.
Нарықтық емес қызмет көрсетуді мұның алдындағы жылғы қойылымды бағалармен есептеу үшін сол салада істейтіндердің орташа тізімдік сандарының индексінің көмегімен экстраполяция әдісі қолданылады. Орташа тізімдік сандардың өзгеру индексі еңбек жөніндегі жылдық есептегі деректер бойынша анықталады.
Тауарлы өнімдер деп есеп беріліп отырған жылдағы жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі айтылады. Бұл көрсеткіштің жалпы өнімдердің көлемінен айырмашылығы мынада: оған тауарларды ішкі тұтыну мен қызмет көрсету, сондай-ақ дайын өнімдердің қалғаны мен аяқталмаған өндіріс кірмейді.
Өз өндірісінің өнімдерін өткеру деңгейін сипаттайтын көрсеткіш ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлылық көрсеткіші болып табылады, ол тауарлы өнімдер көлемінің жалпы өнімдер көлеміне қатынасымен есептелінеді:
Т= ТП : ВП мұндағы,
ТП – тауарлы өнімдер көлемі;
ВП – жалпы өнімдердің көлемі.
-
5.2 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу
Өткізу деген ұғымды былайша түсінуге болады: тауарларға меншіктік құқықтың қоса берілуі, бір тұлғалар орындаған жұмыстарды екінші тұлғаларға беруі, бір адамдардың екінші адамдарға ақылы қызмет көрсетуі.
Өткерілген өнімдердің құрамына мыналар кіреді:
- меншіктің барлық түріндегі қайта өңдеуші кәсіпорындардың өздеріне, сондай-ақ басқа территорияларда (астық қабылдау пунктері, элеваторлар, ұн тартатын, ет комбинаттары, консерві, сүт, спирт зауыттары, май соғатын, сепараторлық пунктер және т.б.) Қазақстан Республикасының атқарушы үкімет органдарының дайындаушылық функциялары берілген субъектілердің жергілікті өзін-өзі басқару немесе мемлекеттік тапсырыс берушілердің айтқан өнімдері жатады;
- нарықта сауда жүйелерінен, жәрмеңкелерден, көлік құралдарының үстінен жұртшылыққа, басқа ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға, коммерциялық құрылымдарға және т.б. сатылған өнімдер;
- биржалар мен аукциондарда сатылған өнімдер;
- жұртшылыққа қоғамдық тамақтандыру жүйелері арқылы, сондай-ақ еңбек ақылары есебінде сатылған өнімдер.
Келісім бойынша өңдеуге берілген өнім дайындарының сатылуына қарай өткеру көлеміне жатқызылады, өңделіп ауыл шаруашылығы кәсіпорнына тиісті арналар бойынша келген өнімдер: өсімдік майы мен қантты қоса алғанда осыған жатқызылады.
Өнімдерді өткізу арналары – бұл сатып алушылар немесе делдалдар ретінде өнімдерді таратуға қатысатын заңды және жеке тұлғалардың жиынтығы. Өткізу арналары тура және жанамалы болып бөлінеді.
Өткізудің тура арналары деп ауыл шаруашылығының дайын өнімдерін оларды өндірушілерге өткеруді айтады (бұл холдингке немесе заңды тұлғалардың бірлестігіне, немесе осы мақсат үшін құрылған бөлімшелерге өткізу).
Өткізудің жанама арналары деп селолық тауар өндірушілер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алушылар арасындағы байланысты тәуелсіз жүзеге асыратындарды айтады. Мұндай делдалдар ретінде сауда ұйымдары, тұтынушылар кооперациялары, сондай-ақ тиісті өкілеттіліктері бар мемлекеттік мекемелер бола алады.
5.3 Ауыл шарушылығы өнімдерінің нарығын дамытудың
тенденциялары
АӨК-нің бірінші және екінші сфераларынан агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасының (бұған ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаумен, өңдеумен, тасымалдаумен, өткерумен шұғылданатын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады) тенденцияларында өнімдерді өткерген кезде нарықтың қолайсыз факторларына қарсы тұрушылық сипат тән.
Біріншіден, қазіргі интеграциялық процестерді кеңейтуге бағыт ұсталуда – бір кәсіпорынның аумағында немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткеру кезеңдерінде ұзақ мерзімді шаруашылық келісімі арқылы ұстау ойластырылып біріктірілуде. Бұл орайда кооперациялаулардың, мамандандырулардың және өндірісті біріктендірудің, серіктестіктің қарапайым келісімдерін жасаудың және т.басқадай жолдар пайдаланылады. Осындай жолмен келгенде ауылшаруашылық өнімдерін ақырғы өңдеуден өткізуге және өткеруге неғұрлым мамандандырылған және тиімді ұйымдастырылған өткеру процестері жалғаса түседі.
Екіншіден, қажетті ресурстары (ең алдымен қаржылық) бар ауыл шаруашылығы кәсіпорны өзінің маркетингтік қызметін ұйымдастыра алады. Мұндай жағдайда өнімдердің бәсекелестік қабілеттерінің артуының арқасында табысқа қол жеткізуге болады, олар делдалдарды да көп ұстап, үстеме бағаларды да негізсіз қосады, бірақ бұл сұранымды төмендетеді. Мұндай қызметті ұйымдастыру туралы шешім қабылдарда мынаны да ескеру керек: басқа жақта мамандықтары жоғары қызметкерлер алуға, сондай-ақ бұрындары жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған өндірісті игеру елеулі қаржыдай шығындар жұмсауға тура келеді.
Бақылау сұрақтары:
-
Аралық тұтыну ішкі тұтынудан несімен ерекшеленеді?
-
Тауарлы өнімдер дегенге анықтама беріңіз.
-
Өнімдерді өткізу деген не?
-
Өткерілген өнімдердің құрамына не кіреді?
-
Өнімдерді бөліп таратудың түрлі арналарының айырмашылықтары неде?
Тақырып 6. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының нарығы
МАҚСАТЫ:
Студенттерді ауыл шаруашылығы өндірісіндегі негізгі факторлар нарығымен, осы нарықтағы әрекеттердің заңдылықтарымен және олардың даму тенденцияларымен таныстыру
6.1 Жер ресурстары өндірістің негізгі факторы ретінде
Табиғи ресурстар, еңбек ресурстары және капитал нарықтық экономикада қоғамдық өндірістің негізгі факторлары болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі спецификалық факторы жер, басқаша сөзбен айтқанда ауыл шаруашылық пәйектер немесе табиғи ресурстар болып табылады. Жер иелік жасайтын және пайдаланатын, меңгеріп ұқсататын, сатып алатын және сататын объект болып табылады. Жер, және бірінші кезекте оның жоғарғы құнарлы қабаты (топырағы), өнімдердің және табыстың белгілі бір бөлігін алуды, еңбек өнімділігі мен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Алайда жер бір мезгілде табиғи ресурс және өндірістің басты құралы бола тұрып ауыл шаруашылығында қалыптасатын өндіріс процесіне және қатынастардың сипатына тікелей үлкен әсер ететін елеулі өзіне тән ерекшеліктерге ие:
- жер табиғат сыйлаған табиғи өндіруші күш болып табылады. Ол табиғаттың өз өнімі. Тек адамдардың өндірістік қызметінің процесі арқылы ол әрі еңбек өнімі, әрі құрал жабдық, әрі еңбек нәрсесі ретінде барып ол өндіріс құрал жабдығына айналады;
- жердің мүлде алып жүруге болмайтын өндірістік фактор екендігі. Жерді өндіріс құрал-жабдығы ретінде іс жүзінде бір жерден екінші жерге алып баруға болмайды, мысалы, қолайлы климат жағдайына. Сондықтан оны пайдаланған кезде табиғи ортаны барынша ескеру керек;
- құнарлығы жағынан жеке учаскелердің біртекті еместігі. Жердің құнарлығына объективті климаттық факторлар (жауын шашынның мөлшері, вегатациондық кезеңнің ұзақтығы және т.б.);
- өндірістік зат болғанымен жер қорының шектеулілігі. Бұл шектеуліліктен адамдардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне қажеттіліктерін бір уақытта және толықтай өтеуге жақсы жерлердің жетпейтінін көреміз. Ешқандай құралдармен жер учаскесінің аумағын ұлғайтуға болмайды. Учаскені азайту тек қана шартты түрде мүмкін, атап айтқанда учаскенің бір бөлігін пайдаланбау немесе ұтымды пайдаланбау арқылы;
- фактордың мәңгілігі. Бұл ерекшеліктің мәнісі мынада: жер учаскесінің аумағын кеңістікте ғана емес, уақытқа қарайды, өзгертуге болмайды. Яғни негізгі құрал болғанымен оның мөлшері азаймайды. Дұрыс, ұтымды айналысу арқылы өнімділігін арттыруға болады.
Қазіргі кезде біздің планетамызда құрлықтардың құрғақ жердің тек 10 % - на жуығы ғана, яғни 15 млн. шаршы км ғана пайдаланылады. Осының 10 %-ын егістік, 17 %-ға жуығын жайылымдық пен шабындық, 23 %-ға жуығын ормандар, 8 %-ы елді мекендердің территорияларында жатыр. Жердің 42 %-ы жылу және ылғал жетпегендіктен ауыл шаруашылығының қажеті үшін толық пайдаланылмауда.
Осындай себептерден барып тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттің меншігіндегі жерді нақты есепке алу қажеттігі туады. Қазақстан Республикасында осындай есептеу регистрінің рөлін мемлекеттік жер кадастрі орындайды. Осы кадастрдің деректері бойынша Қазақстанда жер қоры 271,7 млн. га (салыстыру үшін: Ресей Федерациясының жер қоры 1709,8 млн.га, Канадада – 998 млн.га, АҚШ-тікі – 937,3 млн.га).
Жер кадастрінің есебі бойынша Қазақстанда жер келесідей бөлінген:
- меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындардың жері – 82,5 %;
- мемлекеттік орман қорының жері – 23,4 %;
- мемлекеттік су қорының аумағы – 3,8 %;
- мемлекеттік қорлардың жері – 125,6 %;
- ерекше қорғалатын территориядағы жерлер – 2,9 %;
- өнеркәсіптік, көліктік ұйымдардың және басқадай ауылшаруашылық емес мақсаттағы жерлер – 2,4 %.
Ауыл шаруашық пәйектердің түрлеріне қарай жер бөлінісі мынадай:
- егістік алқаптар жылдарға қарай 2008 жылғы 22152,0 мың. гектардан 2012 жылы 25 015,9 мың гектарға дейін;
- мал азықтық пәйектер аумағы осы жылдары 186 902,1– тен 185 939,6 мың. га аралығында болды.
Кесте 6.1.1. Көрсетілген жылдардың басындағы шаруашылықтардың барлық категорияларындағы Қазақстан Республикасындағы ауылшарушылық жерлердің құрамы (мың га)
Атаулары
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
Барлық ауылшаруашылық жерлер, барлығы
|
215 651,4
|
215 661,7
|
215 636,2
|
215 476,6
|
215 471,2
|
Оның ішінде:
Егістік жерлер
|
22152,0
|
24 073,1
|
24 169,3
|
24 633,0
|
25 015,9
|
Жемшөптік алқаптар
|
186 902,1
|
186 855,4
|
186 764,5
|
186 109,2
|
185 939,6
|
Ауыл шаруашылығы кәсіпорынның аумағында мынандай ұғымдармен бөлу ұйғырылған:
- жалпы жер көлемі – бұл ауылшаруашылығы кәсіпорынан бекітілген территориясы;
- ауыл шаруашылық алқаптар көлемі – бұл жалпы жер алқабының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін тікелей пайдаланылатын бөлігі.
Құрылымы және өнімділігі әртүрлі болып келетін жер учаскелерін салыстыру үшін шартты егістік көрсеткіші пайдаланылады, ол шабындықтар мен жайлымдықтардан алынатын пішен мен балауса түсімділігінің егістік жерлерден алынған пішен мен көк балаусаға қатынасымен есептеленеді.
Жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштермен бағаланады:
а) ауыл шаруашылық дақылдарының түсімділігі;
б) жалпы өнімдердің құны мына формуламен шығарылады;
Cdg = Ecr : Kn, мұнда
Cdg - ауыл шаруашылық дақылдарының түсімділігі;
Kn - ауыл шаруашылығы өнімдерінің белгілі бір түрінің кадастрлік бағасы.
Kn = Cn + Πn, мұнда
Cn - нақты өнім түрін өндірудің өзіндік құны (тг./ц);
Πn - қосымша алынған өнімнің мөлшері (тг/ц)
в) жалпы табыс;
г) таза табыс;
д) пайда;
е) 1 гектар ауыл шаруашылық алқапқа шаққандағы жалпы өнімнің, таза табыстың және пайданың мөлшері;
ж) жер ресурстарына жұмсалған шығындардың қайтарымы мына формуламен анықталады (тг. материалдық шығындар тг-мен)
Оз = Зм : Пв, мұнда
3м - 1 га жерге жұмсалған материалдық шығындар;
Пв - кадастрлық бағалау бойынша жалпы өнімнің құны;
з) дифференциалды табыс мына формуламен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: