ПОӘК 042-18 23/03-2014 №2 басылым 11. 09. 2014



бет4/17
Дата11.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#190235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Интенсивті әдіс үшін ақырғы өнімдердің саны мен сапасын көтеруге көмектесетін өндірістік процестің сапалық сипаттарын арттыру жағы тән. өнімдердің сапасын жақсарту сондай – ақ өндірісті кеңейту де болып табылады, өйткені сандық көлемдері жағынан бірдей болғанымен сапалырақ өнімдердің құндылық бағалары жоғары болады. Бұл әдістің бағдарлану сапасы жайына келсек ол еңбек өнімділігін арттырушы да бола алады. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің деңгейі тек объективті емес, сондай – ақ субъективті факторларға да байланысты. Сондықтан қызметкерлердің мамандықтарын көтеруге, механикаландыру және кешенді механикаландыруға, өсімдік шаруашылығында қолайсыз климат жағдайларында, мал шаруашылығында эпизоотия болғанда жұмсалған шығындар қайтарымын береді. Көп қаражаттық шығындарды талап ететін әлгіндей шараларды жүргізу қажет те екенін ұмытпаған абзал.

Кеңейтілген қайта жандандырудың ауыл шаруашылығында қолданылатын интенсифті әдісінің басқа бағыттарына өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыру, мал шаруашылығында малдың өнімділігін арттыру болып табылады. Қазіргі жағдайда бұл мақсаттарға жету оңай емес, өйткені дақылдардың түсімділігін көтеру өндірілген минеральды тыңайтқыштардың мөлшері мен сапасына, ал малдың өнімділігін арттыру жемшөптің мөлшері мен сапасына, малдың қажеттіліктері теңдестірілген (баланстандырылған) азық түрлерімен азықтандырылуына және т.б. байланысты, өкінішке орай соңғы кезде бұларға назар аз аударылуда. Әлгілерден басқа интенсификацияға элитті тұқым шаруашылығы мен мал тұқымын асылдандыруды жатқызуға болады. Алайда бұл шаралар түбегейлі зерттеулерді жүргізуді қажет етеді, оған көп қаржы керек. Зерттеулерді жеке шаруашылықтың немесе бір өңірдегі ауылшаруашылығы басқармасының аясында жүргізу нәтиже бермейді. Бұл шаралар мезо және микродеңгейде жүргізіліп ғылыми жағынан қамтамасыз етіліп, ғылми жағынан жетекшілік жасалып отырылуы тиіс.

Ауыл шаруашылығында қайта жарақтандыру экономиканың жалпы заңдарына бағындырылған, алайда өндірістің сипатына қарай бірқатар елеулі айырмашылықтары бар.

Макродеңгейде көрінетін бірінші және негізгі ерекшелігі болып дифференциалды ренталар болып табылады.



Дифференциалды рента – бұл өндірістің орташа қоғамдық жағдайы негізінде қалыптасатын, жеке өндірістік баға қоғамдықтан төмен болғанда алынатын үстеме (қосымша) пайда.

Дифференциалды ренталардың екі түрі бар:



І – дифференциалды рента – жер учаскелерінің құнарлылығына немесе орналасуына қарай және орташа және жақсы учаскелерден алынатын қосымша пайда. Бұған мысал ретінде көбісі қаратопырақты болып келетін Қостанай облысы мен күлгін топырақты болып келетін Қарағанды облысының аумағы бірдей учаскелерінен алынған өнімнің әртүрлі екендігін келтіруге болады. Бірқатар өнеркәсіп өндірістерінде де экономикалық жағынан алғанда осы сияқты болады. Мысалы, болат балқытатын кәсіпорындардың қайсысы кен өндіретін орын мен энергия көздеріне жақын орналасса соның жағдайы артық болады.

ІІ – дифференциалды рента – жаңадан күрделі қаржы жұмсалғаннан барып алынатын қосымша пайда. Рентаның бұл түрінің халық шаруашылығының кез келген саласына қатысы бар, жұмсалған күрделі қаржының рентабельділігі осы саладағы немесе аймақтағы пайда алу нормасынан артық болады.

Ауыл шаруашылығында абсолютті немесе монополды деп аталатын ренталар бар. Оларда қосымша пайда ауыл шаруашылығы кәспорынарының аса оңтайлы табиғи жағдайларға ұтымды орналасқандығынан алынады. Мысалы, сүт фермалары мен май зауыттары Солтүстік Қазақстан облысында, немесе бау – бақшалар Алматы облысындағы сияқты. Өз мәнісінде монополды рента І дифференциалды рентаның түрі болып табылады. Айырмашылық мынада, осындай айрықша жағдайда жұмыс істейтін кәсіпорындардың өнімдеріне жоғары баға деңгейі тұтынушылық сұранымның деңгейіне және сатып алушылардың мүмкіндіктеріне байланысты, бәсекелесу механизмі мұнда әсер етпейді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің басқадай ерекшелігі өндірістік процестердің маусымдық сипатта болып табылатындығында (өсімдік шаруашылығында маусымдық ауытқу тым елеулі). Бұл айналымдағы көптеген өнеркәсіп салаларында капиталдың қалыптасуы мен жұмысшы күштерін толықтыруға әсер етеді. Демек, өңдірістің технологиялық процесі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткеру бірнеше айға созылады, сөйтіп өздерінің көздерінен айналым қаражаттарының номативтерін қамтамасыз ету мүмкін емес қана емес, сонымен қатар экономикалық жағынан ақталмайды да – маусымдар аралығында жиналып қалған айналымдағы қаражаттың артығы капиталды жансыздандырады және уақытша бос тұрған қаражатты мақсатсыз жұмсауға алып келеді. Осының әсерінен банктік несиенің ролі көтеріледі. Осы орайда ауыл шаруашылығындық кәсіпорындар үшін банктік ставкаларды директивті түрде реттейтін мемлекеттің ролі күшейе түседі.

Басқа жағынан алғанда айналымдағы капиталдың қалыптасуы процессін реттеу жөніндегі қаржылық проблемаларды өзінің мойнына алған мемлекеттің өнімдердің бағаларын да және тауар – ақша ағымдарын бөлу құқығында реттеуге еркі бар болып шығады. Жұмыс қолын толықтыруға келетін болсақ өндірістің маусымдық сипаты кемінде негізгі екі ерекшелік туғызады. Біріншіден, бүкіл өндірістік цикл бойы, ұйымдардың қызметтерінің нәтижелерін шығарғанға дейін еңбек ақы жұмсалған еңбектің саны мен сапасына сай келмейді. Яғни, өндіру процессі кезінде берілген ақы аванса сипатында. өндіріске қосқан үлесіне қарай лайықты ақысын алмаған қызметкер өнімнің саны мен сапасын арттыруға ұмтылыс танытпайды. Екіншіден, екі маусымның аралығында қызметкерлердің немен шұғылданулары керектігі проблема болып қалады. Сондықтан бос жұмыс қолдарын басқа жұмыстарға (ағаш дайындауға, өнеркәсіптік орталықтарда істеуді) пайдалануды жоспарлап, жүзеге асырған абзал. Ел жаппай жұмыссыздықтың қаупі туған шақта тұрғанда аталған әдістердің бірде бірі қолдануға келмей қалады. Сондықтан бұл проблемаларды шешудің жаңа жолдарын іздестіру керек. Сондай жолдардың бірі өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын және өңдеуші кәсіпорындарды біріктіретін агроөнеркәсіп кешендерін құру болды (бұлар интегрирлендірілген құрылымдар). Бұл жаңа болмағанымен елеулі келешегі бар әдіс. Осындай кешендерді ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдағанда әртүрлі технологиялық процестер, әсіресе механикаландыру мен комплексті автоматтандыру қолданылатын жағдайда қызметкерлерді қайта даярлауға қосымша қаражат шығару керектігін ескеру қажет.

Жұмыс күшін толықтырудың келесі ерекшелігі әлеуметтік – тұрмыстық сфераны жоғары деңгейде ұстаудың қажеттілігінен туындайды. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс жағдайы өнеркәсіп өндіріс жағдайынан елеулі өзгеше, ауылдық жерлерде тұрудың жайы көптеген элементтер бойынша қалада тұрудың жайымен салыстыруға келмейді. Осының бәрі қызметкерледі қосымша ынталандыру және әлеуметтік сфераға қосымша шығын жұмсауды қажет етеді.

Бухгалтерлік есеп деңгейіндегі ерекшелік және мүлікті бағалау нәтижесі өндірілген өнімнің бір бөлегі ақша түріне айналмайтынын, сол тауар - өнім түрінде (мысалы тұқымдық материал) қайта жандандыру үшін қалатындығын көрсетеді. Солай бола тұрса да бухгалтерлік есеп, салық беру және басқаруға қатысты шешімдер қабылдау үшін ондай қорлардың ақшалай бағалануы керек.

Сөйтіп, ауыл шаруашылығы өндірісі басқа өндірістік салалардан тұтас элементтері бойынша ерекшеленеді. Бұл өзгешеліктерді қайта жарақтандыру процесін ұйымдастырған кезде және түрлерді таңдағанда және капиталды аграрлық секторда пайдаланудың бағыттарын таңдағанда ескеру керек.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің бұлардан басқа да ерекшеліктері бар, олар жайында алдағы тақырыптарда айтылатын болады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Халық шаруашылығы саласы деген не?

  2. Халық шаруашылығын салалық дифференциялау неден туындады?

  3. Бір саланы екіншісінен қандай сандық көрсеткіштер бөледі?

  4. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі ерекшеліктері қандай?

  5. Елдің азық түлік қауіпсіздігіне қандай шараларды жүзеге асырумен жетісуге болады?

  6. Дифференциалды рента дегеніміз не?



Тақырып 3. Ауыл шаруашылығында өндірісті орналастыру, мамандандыру және шоғырландыру

МАҚСАТЫ:

Студенттерге халық шаруашылығы салаларын орналастырудың алғышарттары мен қажеттілігін түсіндіру, мамандандыру мен шоғырландырудың маңызын ұғындыру, салалардың осы бағыттағы даму болашағын айқындау.


3.1 Территорияны орналастырудың ұғымы және қағидалары

Географиялық жағынан өндірісті орналастыру барлық салаларға және экономикалық жүйелерге қатысты. Бұл жерде ауыл шаруашылығы шет қалмайды. Жекеленген кәсіпорындар мен өндірісті орналастыруға қойылатын талаптарды жүзеге асырудың ерекшеліктеріне қарамастан ортақ қағида бәріне де қатысты.

Мемлекет аумағында өндірісті орналастыру табиғи, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық және саяси жағдайлармен анықталады.

Ауыл шаруашылығын орналастыру – жер, материалдық, еңбек, қаржылық ресурстарын барынша тиімді пайдалану және тұтынушыларды ауыл шаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында өнімдердің кейбір түрлерінің өндірісін ел аумағында, экономикалық аудандарда және аймақтарда орналастыру.

Ауқымды жері бар, өзінің табиғи-климаттық жағдайларымен ерекшеленетін, ресурстардың алуан түрлерімен қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасында «экономикалық аудан» деген ұғым пайдаланады, онда, аталған факторлардың ұқсас сипаттамалары қолданылып, аймақтар біріктірілген, ал шаруашылық-экономикалық байланыстар бұрынғы тарихын және тұрақты көрсеткіштерін сақтайды.

2004 жылдың 1 қантарында Қазақстан Республикасында келесі экономикалық аймақтар белгіленген:



Солтүстік аймақ – аумағы – 565,7 мың. ш.км., оның ішінде, егістік – 62%, жайілімдік - 15%, халық саны – 3593 мың. адам. Бұл аймаққа жататындар:

Ақмола облысы

Қостанай облысы

Павлодар облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Астана қаласы



Шығыс аймағы – көлемі – 283 мың. ш. км., оның ішінде, егістік – 8%, жайілім - 11%, халқы – 1442 мың. адам. Оған қарайтын:

Шығыс Қазақстан облысы



Орталық аймақ - көлемі -428 мың. ш. км., оның ішінде, егістік – 6%, жайілім - 24%, халқы – 1332 мың. адам. Оған қарайтын:

Қарағанды облысы



Оңтүстік аймақ - аумағы – 711,3 мың. ш. км., оның ішінде, егістік -12%, жайілім - 27%, халық саны – 6597 мың. адам. Оған қарайтын:

Алматы облысы

Жамбыл облысы

Қызылорда облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Алматы қаласы



Батыс аймағы – аумағы – 737 мың. ш.км., оның ішінде, егістік -12%, жайілім - 33%, халқы – 2111 мың. адам. Бұл аймаққа жататындар:

Ақтөбе облысы

Атырау облысы

Батыс Қазақстан облысы

Маңғыстау обылысы

Ауыл шаруашылығын орналастыруда мынандай негізгі қағидалар қолданылады:



  • өнімдердің әр өлшеміне жұмсалатын шығынды барынша азайту. Іс жүзінде бұл қағиданы қолдану әр аймақта соларға тиімді өнім өндіруге саяды. Демек басқа аймақтармен салыстырғанда олардың өздері ұтулары керек. Табиғи – ауарайлық ерекшеліктерге қарай бір аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарының бір түрін (малдың да) өсіру тиімді, екінші аймақта екінші түрін. Сөйтіп жалғастыру үшін жұмсалған шығындардың жалпы мөлшері емес, олардың дайын өнімнің бір өлшеміне алғандағы үлес салмағы алынады.

  • тасымал шығындарын азайту. Өндірісті территориялық жағынан орналастыруға шешім қабылдарда көлік мәселесін де шешу керек. Оны екі рет орналастырады, әуелі материалдық-өндірістік қорларды жасағанда және дайын өнімдерді өткізгендегі шығын.

  • елдің азық – түлік қауіпсіздігін сақтауға жетісу. Бұл қағида мынаны көрсетеді: өндірістік қажетті нәрселердің бәрін аса тиімді етіп орналастыру мүмкін емес (мысалы, Қазақстанның жағдайында түсімділігі солтүстік аймақтардың орташа көрсеткішіндей болатын дәнді дақылдарды өсіру мүмкін емес, ауыл шаруашылығы салаларын ұйымдастырудың нәтижесі сол дақылдарға деген қажеттіліктің кемінде 80 пайызын өтеуі керек). Әрі ауа райы қолайсыз жерлерде қосымша қаражат шығару қажет болады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының қалыпты жұмыс істеулері үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі қажет. Өйткені олардың кейбіреуі рентабельділігі төмен, тіпті зиян шегетін өнімдер де шығарып жатады ғой. Басқаша айтқанда ауылдағы тауар өндірушілер пайдалы ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға ынталы болулары қажет.

  • сұраным мен ұсыну қатынасын пайдалану. Берілген қағида екінші дәрежелі маңызды және ұсынысты реттеу үшін емес, тұтынушылық сұранымды ынталандыру үшін пайдаланылуы керек, артық өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері сол жердің өзінде немесе басқа аймақтарда (өнімнің бұл түрлеріне сұраным үлкен, бірақ оны толық қанағатттандыруға табиғи – климаттық жағдай мүмкіндік бермейді) өткізілуі керек, немесе мемлекеттік қорға алыну үшін мемлекет сатып алу қажет;

  • агроөнеркәсіп кешенінің әртүрлі салаларының қалыпты қатынасы. Бірінші және екінші сфералардың әлсіз дамыған кейбір салаларын қолдаудың мемлекеттік саясаты қосымша өндірістік қуаттарды немесе сауда кәсіпорындарын салуға бағытталуға тиіс;

  • ауыл шаруашылығын және қалыптасқан өндірістік – шаруашылықтық байланыстарды жақсартуда дәстүрлерді барынша пайдалану және дамыту. Осы қағиданы ұстану аймақтың еңбек ресурстарын барынша тиімділікпен пайдалануға, сондай – ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерін өсіру мен алғашқы өндеуден өткізуді жеңілдетеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырудың қағидалары негізгі факторлардың әсер ететіндерін ескере отырып қолданылады. Осы факторлардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • аймақтың табиғи климаттық жағдайы. Бұл фактор ылғал көздеріне, күн жылу энергияларына және жерлерінің құнарлылығына қарай бірнеше табиғи экономикалық зоналардан (микрозоналардан) тұратын елдерде автоматты түрде ескерілуі керек. Алайда жоғарыдағы факторлар ескерілмей Қазақстаннның барлық әкімшілік аудандарында жүгері, судан шөбі, кейбір майлы дақылдар өсірілгені бұған айқын мысал бола алады;

  • жер ресурстары мен қамтамасыз етілуі. Қазіргі кезде бұл фактор бірінші кезекте маңызға ие. Біріншіден млн га егістік алқап бірнеше жылдан бері пайдаланылмауда. Ол іс жүзінде тыңайған жерге айналды. Бұл жерлерді шаруашылық айналымдарына қосу үшін қосымша материалдық - өндірістік ресурстар керек. Екіншіден жер айналымдарын реттейтін Жер кодексін және басқа заңдылық актілерінің алынуы дұрыс болды, бұлар жер алуда және ұстауда шығын деңгейін тез өзгертуге әсер етуде.

  • мамандану мен мамандандыруға керекті еңбек ресурстарымен қамтылуы. Ауыл шаруашылығы үшін еңбеккерлермен қамтамасыз етілуі қашанда күрделі проблема болып келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы еңбегіне тартуды көтеруге бағытталған кешенді шаралар керек. Әуелде ауылда тиісті материалдық – тұрмыстық және әлеуметтік – мәдени жағдайлар туғызылмаған кезде қызметкерлерді АӨК – не тартудың бірден бір жолы олардың материалдық ынталықтарын арттыру болып табылады (еңбек ақы деңгейі және ынталандыратын төлемдер);

  • материалдық - өндірістік ресурстармен қамтылуы. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер осы ресурстарды, барынша аз негізгі және қосымша шығындарды жұмсай отырып алулары керек;

  • көлік қатынасы жүйесінің болуы. Бұл факторды агроөнеркәсіп кешенінің барлық өндірістерін орналастырғанда ескеру керек. Ауыл шаруашылығы үшін (екінші сфералар) көлік қатынасының болуы және оның жайы алынған материалдық техникалық ресурстарды жеткізуге және сатуға кеткен шығындардың деңгейін анықтайды;

  • ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейі, ауыл шаруашылығы үшін қазіргі заманғы жоғары өнімді машиналардың, механизмдердің, қондырғылардың және оларды пайдаланудың технологиялық жүйелердің болуы ғана емес, сонымен қатар биотехнологияның даму деңгейі, сондай – ақ элитті тұқым шаруашылығында ең жаңа жетістіктерге жету де есепке алынады;

  • нақты бір аймақта өнімдердің кейбір түрлерін өңдірудің экономикалық тиімділігі;

Жоғарыда аталған аймақтар ауыл шаруашылығы өндірісін Қазақстан Республикасының территориясында орналастырудың қағидаларына толықтай сай келмеуі мүмкін. Алайда басқадай «ережелер» әлі табылған жоқ.
3.2 Ауыл шаруашылығын орналастыруды экономикалық бағалау
Экономикалық тиімділікпен және шаруақорлықпен, ең алдымен жерді пайдалануға жетісу ұтымды ұйымдастырудың есебінен және территорияны меншіктің әртүрлі формаларындағы шаруашылықтардың пайдалануларымен, ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырумен, жер және мал шаруашылығын табиғи – шаруашылық зоналары және микрозоналары бойынша орналастырудың дұрыстығымен айқындалады, бұл қазіргі кезде нарықтың қалыптасу және даму кезеңінде бұрынғыдан де көкейкесті болуда.

Ауыл шаруашылығы өндірісін орналастырудың экономикалық тиімділігі өзіне сол күйіндегі жүйе мен құндылық көрсеткіштерді қоса алады. Экономикалық тиімділікті анықтау қабылданған басқарушылық шешімдердің дұрыстығын бағалау үшін (республикалық және салалық деңгейде), сондай – ақ ауыл шаруашылығы өндірісін онан әрі рационализациялау, ауыл шаруашылығы қызметінің қаржылық көрсеткіштерін және табыстылығын көтеру үшін қажет.

Орналастырудың тиімділігін анықтауда қолданылатын нақты көрсеткіштер жүйесіне мыналар жатады:

өсімдік шаруашылығында:


  • экономикалық аудандар мен аймақтар бойынша кейбір өндірілген ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты көлемдерінің үлес салмағы;

  • негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі; егіс алқаптарының пайдалану дәрежесі;

  • ауыл шаруашылық алқаптардың ел аумағының жалпы ауданына қатынасындағы үлес салмағы;

- дақылдардың бір түрі бойынша егіс алқабының бір өлшем ауданына енгізілетін минералды тыңайтқыштардың мөлшері;

- рентабельді ауылшаруашылық кәсіпорындардың саны және олардың санының рентабельділігі аз, рентабельді емес және зияндыларының сандарына қатынасы;



  • суландыру (мелиорация) шараларының көлемі – нақты көрсеткіштер (құрғатылған жерлердің ауданы, суландыру каналдарының ұзындығы және т.б.);

  • негізгі ауылшаруашылық дақылдарды өндірудің динамикасы;

  • өздерінде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдермен аймақтың өздерін қамтудың дәрежесі.

мал шаруашылығында:

  • бір сиырдан сауылған сүт мөлшері;

  • бір мекиеннен алынған жұмыртқа саны;

  • сойылған әр малдан (тұқымына қарай) алынған ет;

  • өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің бір түрінің ел бойынша жалпы өндірілгеннің ішіндегі үлес салмағы;

  • осы экономикалық ауданда немесе аймақта жемшөппен қамту жағы және т.б.

Тиімділіктің нақты көрсеткіштерімен қатар құндылық көрсетіштері де кеңінен қолданылады. Бұлар:

  • жекеленген артық – адыс өнімдердің мөлшері (өсімдік шаруашылығында да, мал шаруашылығында да);

  • аймақтың немесе экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы

ұйымдарының алған жалпы пайдалары;

  • жекеленген өнімдердің орташа рентабельділігі;

  • ауыл шаруашылығында шұғылданатын әр еңбеккердің орташа табысы;

  • күрделі қаржылардың мөлшері мен тиімділігі;

  • ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау үшін территорияның орталығынан бағытталған субсидиялардың және трансферттердің динамикасы және т.б.

Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығын ұтымды орналастырудың әлеуметтік маңызын мына көрсеткіштердің:

  • жұмыссыздықты қысқарту және ауылдық жерлерде тұратын

жұрттың еңбекпен шұғылдануларын көбейтуге;

  • ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған

жаңа жұмыс орындарын құруға;

  • мамандықтары, шеберліктері және жас ерекшеліктері бойынша бөлінетін еңбекке қабілетті тұрғындарды барынша пайдаланудың мүмкіндіктерін қолдануға;

  • еңбек етуге қабілетті жұрттың көшіп қонуын азайтуға;

  • әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың нәтижесінде ауыл

тұрғындарының жалпы өмір сүру деңгейін жақсартуға;

  • өндірістік және сауда қызметтеріне қарай салаларды орналастырудың әсер етуіне (кейбір бағалау бойынша жаңадан ауыл шаруашылығында жаңадан ашылған әр жұмыс орнын ашуды қамтамасыз етеді) қарай бағалайды.


3.3 Ауыл шаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру
Ауыл шаруашылығының өндірісін мамандандыру деп қай сала артық дамып, сала аралық байланысты жақсартуға әсер етсе, тауарлы салаға айналдырса, ауыл шаруашылығы кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің, микрозоналарының, аудан, облыс, аймақтың өндірістік бағытын айқындауды айтады.

Өндірістің мамандануын айқындайтын саланың дамуына қолда бар барлық жер, материалды – техникалық және еңбек ресурстары бағындырылған.



Мамандандыру қоғамдық еңбек бөлінісінің түрі болып табылады. Ол ауыл шаруашылығын орналастырумен органикалық байланыста, әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді микрозоналар, зоналар, аудандар және шаруашылықтар, ал шаруашылықтың ішінде бөлімшелер, фермалар, бригадалар, участкелер бойынша ұйымдастыру керек. Мамандандыру біртекті өнімдерді өндіруді шоғырландыруға әсер етеді. Шоғырландырудың деңгейі мамандандырудың дәрежесіне байланысты.

Мамандандыруды тереңдетуге әсер ететін факторларға техника мен технологияны жетілдіру, көліктік комуникацияны дамыту, табиғи жағдайлар және жерге орналастыру жатады. Екінші жағынан мамандандыруды тереңдетуге мына факторлар да әсер етеді:



  • жерді ұтымды пайдалану қажеттілігі;

  • салаларды үйлестіру және ауыспалы егісті қолдану;

  • техникалар мен еңбек ресурстарын жыл бойы тиімді пайдалану;

  • ауыл жұртшылығын тағам өнімдерімен және қызмет көрсетумен өзін - өзі қамтамасыз ететін дәстүрге жету;

  • қосымша өнімдерді (сабан, көң т.б.) пайдалану;

  • шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз

етуге ұмтылу. Қазіргі кезде ұсақ көп салалы шаруашылықтарды мамандандыру процесін қажетті техникалық базалардың және қамту қызметінің болмауы да тежеуде.

Ауыл шаруашылығын мамандандыру барлық экономикамен тығыз байланысты және ғылыми – техникалық прогреспен өзара ұштасып жатады. Ғылыми – техникалық революция жағдайында мамандандыру тереңдей түседі және оның жеке түрлері дамиды, ауыл шаруашылығын шоғырландыру мен мамандандыру тереңдейді және жеке түрлері дамиды, ауыл шаруашылығын шоғырландырудың факторы ретінде маңызы өсіп жоғары тиімділікке жеткізеді. Бұл процестер ауыл шаруашылығын интеграциялаумен қоса жүргізіледі. Экономиканың басқа салалары да (өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету сферасы, көлік қатынасы т.б.) және агроөнеркәсіптік бірлестіктер құруға көмектеседі. Әртүрлі салалардың өзі экстенсивті әдістер емес интенсифті әдістер қолданудың нәтижесінде алға басады.

Кәсіпорындардың әдістемелік тәсілдері болып мыналар табылады:


  • жай және топтастырылған топтардың тәжірибелерін зерттеу мен байытудың тәжірибелеріне, динамикалық қатарлар мен индекстердің жайын дисперсиялық тексеру;

  • монографиялық тәсілдерді қолдану арқылы өндірістік жүйелері

бойынша мамандандырылған шаруашылықтардың өзін өрістерін зерттеу мен байыту;

  • нұсқалық есептеулерді ескеріп есептік конструктивтік әдістерді қолдану;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындары салаларының үйлесіндерін тиімді нұсқаларын табудың экономика-математикалық үлгілерін табу.

Агроөнеркәсіптің өндірістік кәсіпорындарында мамандандыру негізінде мынандай үш қалыпта жүзеге асырылады:



заттық (өнімдердің белгілі бір түрін өндіруге бағытталған);

бөлшектік (белгілі бір деталдарды, дайындауды және жартылай фабрикаттарды);

сатылық (өндірістің әртүрлі фазаларын немесе технологиялық операцияларың жеке өндіріске айналдыру).

Ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандыру шаруашылығының өз ішінде, шаруашылықтар, аудандар, табиғи – экономикалық зоналар және микрозоналар бойынша жүзеге асырылатындықтан мынандай формаларды бөліп көрсетеді:



  • ішкі шаруашылық;

  • жалпы шаруашылық;

  • аумақтық (аудандық, зоналық, микрозоналық);

  • ішкі салалық (технологиялық) мамандандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет