Правила технической эксплуатации жилищного фонда


Стационарды бақылау және жергілікті мониторинг



бет12/28
Дата09.06.2016
өлшемі1.83 Mb.
#124608
түріПравила
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

10.10.6 Стационарды бақылау және жергілікті мониторинг


10.10.6.1 Жаңында пайдаланылатын ғимараттары бар жаңа немесе қайта салынатын құрылыс аумағының инженерлік-геологиялық жағдайын анықтайтын өлшемдер мен бақылаулар жүйесіне рельефті, геологиялық құрылымды, тектоникалық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын, топырақтардың құрамы мен қасиеттерін анықтау, сонымен бірге инженерлік-геологиялық ізденістер мәліметтері бойынша геологиялық ортаның жеке элементтерінің өзгеруін болжау жатады.

10.10.6.2 Жаңында пайдаланылатын ғимараттары бар жаңа немесе қайта салынатын құрылыстың деформацияларының есептік болжамын анықтау үшін топырақтардың сипаттамалары қолданыстағы құжаттарға сәйкес жобалау стадиясында анықталуы тиіс.

Нысаналардың құрылысы мен пайдалануы уақытында жұмыс құжатында берілген мәліметтерге табиғи жағдайлардың сәйкес келуі, сонымен бірге үймереттер мен ғимараттардың іргетастары мен негіздерінің техникалық жағдайдың бағалануы жобалық талаптарға сәйкес келуі арнайы зерттеулер мен байқаулар жүргізу кезінде орындалатын инженерлік-геологиялық ізденістер материалдары бойынша жүргізілуі керек, ал ерекше жағдайларда-маңызды ғимараттар үшін - қоршаған ортаның немесе оның элементтерінің жергілікті мониторингі негізінде жүргізіледі.

10.10.6.3 Ауданның инженерлік-геологиялық өзгерістері кезінде есептеулер болжамын анықтау үшін топырақтар мен қауіпті геологиялық процесстердің арнайы ерекшеліктерін ескеру қажет, сонымен қатар геологиялық ортаға әсер ететін техногенді жүктердің мәліметтерін келтіру керек.

10.10.6.4 Қауіпті геологиялық құбылыстарға қазіргі жер беті геодинамикасының қозғалыстары, эрозия, карсты-суффозиялық құлаулар мен түсулер, көшкіндер, алаңның су басуы, техногенді және басқа да әлсіз топырақтардың болуы, температуралық, электрлік және басқа да физикалық өрістер ауытқушылықтары жатады.

10.10.6.5 Карсты-суффозиялық процесстермен шұңқыр тәрізді құлаулар жатады, шұңқырлар диаметрі 2 –ден 40 м –ге дейін және тереңдігі 8 м –ге дейін болады.

10.10.6.6 Деформациялардың есептік болжамын орындаған кезде, келесі шарттарды ескеру қажет:

- қолданыстағы құрылыс ауданының табиғи жағдайын бағалау;

- қоршаған ортаға су басу әсерінің қауіптілігін бағалау;

- техногенді факторлар әсерін ескере отырып алаңның инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және гидрологиялық жағдайларының өзгерістерін, сонымен қатар қауіпті геологиялық процесстердің дамуы мен таралуын болжау; жербеті және жерасты суларының деңгейлік, химиялық және температуралық тәртіптерінің өзгерістерін, алаңның табиғи және жасанды дренажының жағдайын бағалау.

10.10.6.7 Қолданыстағы ғимараттар жаңындағы жаңа немесе қайта салынатын құрылыс кезінде инженерлік-геологиялық арнайы зерттеулер жүргізу керек, себебі құрылыс жұмыстары кезінде қолданыстағы ғимараттарға қауіп төнуі мүмкін немесе қауіпті инженерлік-геологиялық және геологиялық процестер тууы мүмкін.

10.10.6.8 Жергілікті мониторинг (стационарлы бақылау) бақылайтын бөлімшелер негізінде (ұңғыма, нүктелер) геологиялық ортаның кейбір бөліктерінің өзгерістерін бақылайды.

10.10.6.9 Стационарлы бақылаударды тығыз және қауіпті геологиялық процесстердің дамуы жағдайында келесі зерттеулер үшін жүргізеді:

- қауіпті процесстердің динамикасы (карст, көшкін, геодинамикалық процесстер және т.б.);

- су басудың дамуы, қазылған алаңдардың деформациясы, алаңдардың шөгуі мен түсуі;

- топырақтардың қасиеттері мен құрамының, деңгейлік, жерасты суларының температуралық және геодинамикалық тәртіптерінің, маусымдық тондану тереңдігінің өзгеруі;

- үймереттер мен ғимараттардың іргетас негізі топырақтарының қасиеттерінің өзгеруі, шөгуі, ісінуі және басқа да өзгерістер.

Станционарлы бақылауларды тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы негізіндегі жұмыстар бағдарламасына сәйкес жүргізу керек. Жұмыстар бағдарламасы дегеніміз зерттелетін алаңның табиғи және техногендік жағдайларына, өлшемдеріне, ғимараттардың геотехникалық категориясы мен қауіпті жұмыстардың түрлеріне байланысты жүргізілетін бақылаулардың құрамы (бақылайтын жүйелердің түрдері), жұмыстар көлемі (бақылаулардың мерзімі мен ұзақтылығы), стационарлы бақылаулардың жүргізу әдістері (визуалды, құралдық) болып табылады.

10.10.6.10 Станционарлы бақылаулар кезінде уақытта және кеңістікте геологиялық ортаның жеке компоненттерінің сандық сипаттамаларының өзгерістерін қамтамассыз ету керек, себебі олар зерттелетін ғимараттың инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларының өзгерістерін болжап бағалайды, уақытымен ақауларды табады, жағымсыз процесстерді алдын-алып жояды, қабылданған жобалық шешімдер мен есептік болжамдарды нақтылайды.

10.10.6.11 Стационарлы бақылауларды арнайы жабыдқталған байқау жүйелерінде жүргізу керек.

10.10.6.12 Алға қойылған тапсырмаларға сәйкес стационарлы бақылауларды жүргізу үшін геологиялық ортаның бөлек компоненттерінің өзгерістерін байқайтын гидрогеологиялық, инженерлік-геодезиялық және геофизикалық бақылауларды қолдану керек. Қосымша бақылау әдістері ретінде газды-эманационды және зондты-каротажды зертеулер қолданылады. Жұмыстар бағдарламасына сәйкес келетін қолданыстағы нормативті құжаттарда қарастырылған басқа да әдістерді қолдануға болады.

10.10.6.13 Егер қолданыстағы ғимараттары бар жаңа немесе қайта салынатын құрылыс ауданыңда жерасты сулары, су басу қауіпі немесе топырақтардың қасиеттеріне жерасты сулары әсер етсе, сонымен бірге қауіпті геологиялық процесстердің (карст, суффозия, көшкін, тондану және т.б.) қарқыңды дамуы кезінде тәртіпті гидрогеологиялық бақылаулар жүргізілуі керек.

10.10.6.14 Геодезиялық бақылаулар кезінде келесі жұмыстар атқарылады:

- деформацияның абсолюттік және салыстырмалы шамаларын анықтау және олардың есептік мәндерін салыстыру;

- ғимаратты пайдалану кезіндегі деформациялардың қауіпті дәрежесімен пайда болу себептерін анықтау;

- пайда болатын деформацияларды жою бойынша уақытымен шаралар қабылдау;

- есептеулер әдісін нақтылау және әртүрлі ғимараттар түрлері үшін деформацияларды анықтау;

- тау жыныстарының қозғалу процесстерінің заңдылықтарын нақтылау және олардың әсер ететін факторларға байланысты өлшемдерін анықтау;

- табиғи және техногенді процесстердің дамуын болжау және үймереттер мен ғимараттар үшін деформациялардың қауіпті дәрежесін бағалау.

10.10.6.15 Жербеті деформациясы мен тау жыныстары қалыңдығын бақылайтын геодезиялық бақылаулар жүйесі топырақтар маркасы, реперлері және белгілерінен құралатын жүйені қамтиды.

Бақылау станциясының салынуы және оны бақылау графикалық бөлім мен түсініктеме хаттан тұратын арнайы жобаға сәйкес өнделеді.

10.10.6.16 Топырақ маркалары мен реперлерінің орын ауыстыруы тік жазықтықта периодты ниверлир көмегімен, ал көлденең жазықтықта-бақылайтын жүйенің барлық профильді сызығы бойынша марка мен репер арақашықтығын өлшеу арқылы анықталынады.

10.10.6.17 Геофизикалық бақылаулар басқа жұмыстармен бірге келесі мақсатта жүргізіледі:

- әлсіз төрттік шөгінділердің (көңе шөгінділер) құрамы мен қуаттылығын анықтау үшін;

- шомбал тау жыныстарының литологиялық түзілісін, тектоникалық бұзылыстарды және жарықтарын, сулану шекарасын анықтау үшін;

- массивта топырақтардың құрамын, түзілісін, және қасиеттерін анықтау;

- жерасты сулары деңгейі жату тереңдігін, топырақтардың гидрогеологиялық өлшемдерін және су ағар горизонтын анықтау;

- геологиялық және гидрогеологиялық процесстер мен олардың өзгерістерін анықтау;

- қауіпті геологиялық және гидрогеологиялық процесстердің мониторингін жұргізу.

Геофизикалық әдістерді біртекті геологиялық денелердің геофизикалық сипаттамалары бір-бірінен өзгешеленген жағдайда қолданады.

10.10.6.18 Геофизикалық жұмыстардың көлемдерін анықтау (геофизикалық профиль мен нүктелердің орын ауыстыру жүйесі мен саны) үшін жұмыстардың өнделген бағдарламасы бойынша инженерлік-геологиялық жағдайлардың қиындығын ескеру керек.

Геофизикалық зерттеулер нәтижелерін нақтылау үшін тірек учаскелерінде өлшемдік өлшеулер жүргізу керек.

10.10.6.19 Үймереттер мен ғимараттар іргетастары астындағы топырақтардың қасиеттерін анықтау үшін, сонымен бірге олардың уақытта өзгеруі бойынша жергілікті мониторингті жүргізу үшін геофизикалық әдістермен бірге газды-эманационды әдістерді қолдануға болады. Газды-эманационды әдістер іргетастар астындағы топырақтардың физикалық-механикалық әдістерінің өзгерістерін болжау үшін ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет