Р. Б. Доскалиева


Когнитивті саладағы диагностика



Pdf көрінісі
бет54/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

 
8.4. Когнитивті саладағы диагностика. 
 
Алғашқы зерттеулер интеллект және ақыл-ой даму 
диагностикасынан 
басталады. 
ХІХ 
ғасырда 
"интеллект" 
(inteelligence) ұғымын ғылыми зерттеу объектісіне енгізген 


94 
ағылшын антропологы Ф. Гальтон. Ч. Дарвиннің эволюциялық 
теориясы 
негізінде 
адамның 
кез-келген 
индивидуалдық 
ерекшелігі оның тұқым қуалау факторларына байланысты деп 
есептеген. Ерте кезде тұқым қуалаушылық факторы ақыл-ойы 
кемістігімен байланысты түсіндірілсе, ал Ф.Гальтон бұл 
фактордың интеллект дамуының барлық деңгейінде де әсері 
барын түсіндірген. Мысалы, дарындылық, данышпандық. 
Алғашқы интеллект тестерінің авторлары – А.Бине,
Дж. Кеттелл, Л. Термен. 
ІХ ғасырда интеллект мәнін түсіндіруде зерттеушілер мына 
бағыттарды негізге ала отырып,әдістемелер жасады.
1. Оқуға қабілеттілік (А.Бине, Ч.Спирмен, С.Колвин, 
Г.Вудроу және т.б.) 
2. Абстракциялық қабілеттілік (Л. Термен, Р.Торндайк,
Дж. Петерсон). 
3. Жаңа жағдайға бейімделу қабілеті (В.Штерн, 
Л.Терстоун, Э.Клапаред, Ж. Пиаже).
 
Негізінде интеллект ақыл-ой қабілеті деп түсініледі. ХХ 
ғасырда психологтар интеллектіні зерттеуде мидың ішкі бөлімдер 
сызбасына назар аударып, әртүрлі интеллектуалдық қабілетті 
анықтауды қарастырады. Бұл көзқарастар негізі интеллектінің 
факторлық-аналитикалық моделінде. Интеллект құрылымын 
анықтауды алғаш рет ағылшын психологы Ч. Спирмен қасиеттер 
жинағының екі факторлы теориясын ұсыну арқылы зерттеуге 
болатынын дәлелдеді. Бұл теорияны интеллектуалдық тестілер 
көрсеткіштердің сандық талдауы негізінде жасады. Қандай 
болмасын интеллектуалдық іс-әрекет жалпы бірлікте басты (д -
фактор) және көптеген арнайы (s фактор) фактордан тұрады. 
Сонда, Ч.Спирмен конценциясының маңызы интеллектуалды 
теорияның психологиялық дамуында. Иерархиялық жүйенің 
негізінде түрлі қабілет дамуы және осы жүйені ашуда алғаш рет 
әртүрлі тестілік тапсырмаларды шешуде факторлық талдау 
жүйесін ұсынады. Факторлық талдау ерекшелігі психикалық 
құбылыстар байланысын ашу әдісі. Когнитивті факторларды 
жүйелеуді Р. Кеттелл алғаш рет қолға алған және Ч.Спирмен мен 
Л.Терстоун теориясын біріктіріп қарастырған. Р.Кеттелл тест 
құрастыруда бірінші қабілетті анық көрсетті және оларды екінші 
қатардағы 
факторларға 
негіз 
ретінде 
қолданды. 
Бұл 
сыналушылардың даралық ерекшеліктерін, абстрактілі және 


95 
жалпы белгілерін сипаттауға мүмкіндік берді. Бірінші қабілетті
Р. Кеттелл 17 түрге бөлді. Олар: вербальдық, сандық, кеңістіктік, 
қабылдау жылдамдығы, көру арқылы тану, ( гештальттық 
қабылдау), индуктивті ойлау, дедуктивті ойлау, ассоциативті есте 
сақтау, механикалық білім және дағды, сөйлеу жылдамдығы
ойдың ұшқырлығы, тұйықтық, еріктілік, психомоторлық бағдар, 
қолдың 
икемділігі, 
музыкалық 
сезімталдық, 
дағдылану. 
Факторлық талдауды қайтадан қолданып, екінші қатар 
факторларын талдады. Олар – флюидті және кристалды 
интеллект. 
1. 
Флюидті интеллект тестілер классификациясы 
арқылы өлшенеді. 
2. Кристалды интеллект вербалды тестілермен анықталады. 
ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдары Р.Кеттелл интеллект 
құрылымы моделін ұсынды. Осы ілімді жалғастырған Ф.Вернон
вербалды-білімдік және тәжірибелі-механикалық қабілет деп екі 
факторға бөлді. 
Интеллект құрылымын зерттеудегі ең үлкен модельдердің 
бірі – Дж.Гилфорд моделі. Ол интеллектуалдық қабілетті үш 
өлшем комбинациясы арқылы анықтады. 
- Бірінші өлшем – ақыл-ой операциялары; ол бес операцияға 
бөлінеді: таным, ес, дивергентті ойлау, конвергентті ойлау, 
бағалау. 
- Екінші өлшем – материалдық әрекет ету немесе ақпараттың 
мазмұны. Мұнда да бес мазмұндық өлшем: бейнелеу, дыбыстық, 
символдық, семантикалық, мінез-құлықтық. 
- Үшінші өлшем-зерттелінген материал қорытындысы немесе 
зат. Ол алты топқа бөлінеді: элементтер, кластар, қатынас, 
жүйелеу, қайталау, қорытынды. 
Тестілер арасында белгілі бір корреляция болды. Бұл бағыт 
сынға алынғанымен, факторлық-талдау зерттеулері ештеңеге 
қарамастан жалғаса берді. Айталық, Р. Джегер алты негізгі 
факторға бөліп, 70 тест жасады. 
Р.Мейли гештальт теориясы позициясын ұстанып, ойлау 
үрдісін талдай отырып, интеллект құрамы төрт негізгі фактордан 
тұрады деген болжамын ұсынды. Американ психологі Г.Гарднер 
интеллектінің күрделілігін сипаттай келе, оның көптүрлілік 
теориясын жасады.


96 
ХХ ғасыр психодиагностикада интеллектуалдық тестілердің 
жан-жақты дамыған кезеңі болды. Интеллектуалдық тестілердің 
алғашқы және кең көлемде қолданылған түрлері: француз 
дәрігері Сегеннің тақталық формалар тестісі, 1914 жылы
С.Портеустың лабиринт тесттері, «прогрессивті матрицалар». 
Оның авторлары – Л.Пенроуз және Дж.Равен. Тестілік 
тапсырмаларды құрастырғандықтан Дж. Равен тестісі деп 
аталады (Raven's Progressive Matrices -RPM). 1960 жылы шыққан 
алғашқы нұсқасы ересек адамдарға арналды. 
* Тестінің бірінші формасы стандартты ақ-қара прогрессивті 
матрица (Standard Progrecssive Matrices SPM) 8-65 жас 
аралығындағы индивидке арналады.
* Екінші жеңіл формасы түрлі-түсті прогрессивті матрица
(С Coloured Progressive Matricess -CRM) 5-11 жастағы балаларға 
және 60-89 жастағы адамдарға қолдануға болады. 
* Үшінші формасы күрделі прогрессивті матрица (Advanced 
Progressive Matrices -APM, 1994 ж) интеллектуалдық даму 
деңгейі жоғары жасөспірімдер мен ересек адамдарға арнайы 
жасалған. 
Келесі бір тест "Адамды сал" (raw-a-Man, Test) деп аталады. 
Оның авторы –американ психологы Ф.Гудинаф, ол өз тестісін 
1926 жылы 3-13 жастағы балалар диагностикасына арнап жасады. 
Бұл тестіні өзгеріссіз 1963 жылға дейін Д. Харрис қарастырды 
және оны толықтырып, «Гудинаф -Харристың "сурет салу" 
тестісі» деп атады. 
Американ психологы Д.Векслер "Интеллекті өлшеу 
шкаласы" атты әдістемесі (Wechster Intelligence Scales) батыста 
кең көлемде қолданылды, содан соң басқа да елдерге де таралды. 
Оның ерекшелігі мен артықшылығының себептері:
- біріншіден, өте үлкен жас аралықтарын қамтуы (3-74 жас); 
-екіншіден, Д.Векслер индивидтің интеллектуалдық даму 
деңгейін ғана зерттеп қоймай, сонымен қатар,қосымша 
психиатриялық диагноз қойды. (Мысалы: Альцгеймер және т.б); 
-үшіншіден, Д.Векслер интеллектуалдық даму деңгейін 
жан-жақты бағалауда вербалды және вербалды емес 
субтестілерді қолданды.
Ресейде өз еліне, мәдениетіне сәйкес ақыл-ой даму 
деңгейін зерттеген алғаш ғылыми ұжым –Л.А.Венгер 
басқарған мектеп жасына дейінгі балалар психофизологиялық 


97 
лабораториясы. 
Бұл 
лабораторияда 
А.Н. 
Леонтьев,
А.В. 
Запорожец, 
Д.Б. 
Эльконин, 
П.Я. 
Гальперин,
Н.Н. Поддьяков, Л.А. Венгер ілімдері негізінде жас кезеңдеріне 
топтастырылған кешенді әдістемелер құрастырылды. Олар: 
1.Орта мектепті бітірушілер мен талапкерлердің ақыл-ойы 
деңгейін диагностикалауға арналған арнайы тестілер. Авторлары: 
М.К.Акимов, Е.М. Борисов, К.М. Гурьевич, В. Г.Зархин,
В.Т. Козлов, Г.П.Логинов, А.М. Раевский, Н.А. Ференс. 
2.Кіші мектеп жасындағылардың ақыл-ой даму деңгейін 
анықтау тестілері. Авторлары: Е.М. Борисов пен В.П.Арсланьян. 
3.Жасөспірімдердің ақыл-ой даму деңгейін анықтау 
диагностикасы әдістемелері. Л.И.Теплова әдістемесі. 
Ес және зейінді зерттеу диагностикасында А.Р.Лурияның 
«Фигураларды тану», «10 сөздік» әдістемесі, «Сандарды 
қайталау» субтестісі, «Екі қатардағы есте сақтау» әдістемесі, 
«Шульте таблицасы», Т.Е. Рыбаков әдістемесі қолданылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет