Р. Б. Доскалиева


Креативтілік диагностикасын



Pdf көрінісі
бет55/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Креативтілік диагностикасын шығармашылық қабілетті 
анықтау ілімі деп білеміз. Креативті диагностика ХХ ғасырдың 
50-ші жылдарында американ психологтары Л. Терстоун мен
Дж. Гилфорд еңбектері арқылы танымал болды. Креативтіліктің 
алғашқы тестісі Дж. Гилфордтың 14 тестіден тұратын 
«Дивергентті заттылықтың Оңтүстік Калифорниялық тестісі» 
(Divergent Productivetests). Қазіргі кезеңде креативтілікті 
анықтауда Е.Торренс әдістемесі (Torrance tests of creative 
Thinking –TTCT) де көп қолданылады. Л.С. Выготский,
А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Б.М .Теплов, Б.Г. Ананьев,
В.А. Крутецкий, Э.А. Голубева, еңбектерінде қабілет түсінігінің 
мазмұнын негізгі үш белгісіне қарай түсіндірген: 
- қабілет адамның индивидуалды-психологиялық ерекшелігі 
және бір адамның екінші адамнан айырмашылығы; 
- белгілі бір іс-әрекетті немесе іс-әрекеттер тобын орындау 
жетістігі;
- білім, іскерлік, дағды қолма-қол көрінбесе де олар 
жылдамдығымен, жеңілдігімен, білім мен дағдыны игеруімен 
түсіндіріледі. Осы ғылыми негізге сүйене отырып, арнайы 
қабілетті зерттеу тестілері мен тестілер батареясы қазіргі 
психодиагностиканың әдістемелер жинағы болып саналады. 
Ол әдістемелер қатары төмендегідей: 


98 
- Снеллека шкаласы, Орто-Рейтера тестісі, көру тестісі және 
көруді тексеру әдістемелері
-«Пурдье тақтасы» тестісі, О.Коннораның саусақ бейімділігі, 
Странберганың тестісі және т.б. (қол қозғалысы түрлері, 
саусақ қозғалыстары, моторлық субтестілер); 
- Пурдье техникалық тестілері, Миннесоттық техникалық 
жинақ тестері, Биннеттаның техникалық түсінік тестілері. т.б.;
- Мейердің өнерді анықтау тестісі, Дж. Хорнаның көркемдік 
қабілет, Т.Вингның музыкалық интеллект тестісі. 
Арнайы қабілеттің тестілер батареясы: 
- ақыл-ой қабілетінің чикаголық тестілері Л.Терстоун 
концепциясын негізге алады және 8 субтестіден тұрады 
(сөздік, сандық, абстрактылық ойлау, қабылдау дәлдігі мен 
жылдамдығы, техникалық ойлау, сауаттылық, кеңістікке 
қатынасы, сөйлеу т.б.) 
- жалпы қабілеттердің тестілер батереясы; 
- кәсіптік бағдарды анықтау тестілері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет