99
Мінез-құлықтың динамикалық
аспектлері және іс-әрекет
диагностикасы адамның табиғи ерекшеліктерін зерттеуден
басталады. 50-ші жылдары адамның психофизиологиялық
ерекшелігін диагностикалық зерттеу бағыты қарқынды дами
бастады. Ол «дифференциалды психофизиология» деп аталды.
Дифференциалды психофизиологияда
психиканың екі жағы
қарастырылады: мазмұндық және формалды –динамикалық.
Б.М.Теплов адамның индивидуалды ерекшелігінің басты
сипаттарына білім, сенім, қызығуы, іскерлік дағдыны жатқызып,
бұлардың барлығын индивид қоршаған ортамен өзара әрекеттесу
барысында алады, олар психиканың мазмұнын құрайды деп
пайымдады. Бұл ерекшеліктердің әр индивидте қалыптасуы
әртүрлі көрініс береді, себебі адамдар психикасы үнемі қозғалыс
үстінде. Егер адамның психикасының
мазмұны қалыптасу
жағынан әлеуметтік болса, ол ұрпақтан ұрпаққа берілген
қасиеттер,
яғни
психикалық
процестердің
формалды
динамикасымен сипатталады. Сонда, бұл адамның даралық
ерекшелігі табиғи фактор жүйке жүйесі қасиетіне байланысты.
Б.М.Тепловтың сипаттауынша, адамның жүйке жүйесінің
туғаннан
берілген
жаратылысының
ерекшеліктері
–
индивидуалды мінез-құлық формалары
мен қабілеттің кейбір
жеке айырмашылықтарына әсер етуші негізгі фактор.
Адамның индивидуалды – психологиялық ерекшеліктері
диагностикасында И.П.Павлов, Б.М.Теплов, Д.Небылицин
еңбектерін
негізге
алынған
әдістемелер
құрастырылды.
Алғашқыда адамның жүйке жүйесі қасиетін зерттеуде негізгі
рөлде шартты-рефлекторлық әдістемелер болды. Кейбір
физиологиялық әрекеттер (вегетативті,
сенсорлы, қозғалыс,
биоэлектрикалық) жаңа шартты рефлекстер, іс-әрекеттің шартты-
рефлекторлық
динамикасы
жүйке
жүйесі
қасиеттерінің
көрсеткіші болды. Көптеген диагностикалық әдістемелер
электроэнцефалографиялық нұсқа түрінде болады.
Психологиялық
диагностикада
психикалық
жағдайды
зерттеуде өзіндік бағалау, жүйкелік-психикалық күйзелісті
анықтау, астеникалық жағдай шкаласы, көңіл-күйдің төмен түсуі
– субдепрессияны
және депрессияны анықтау, мазасыздану,
үрейді бақылауға арналған диагностикалық сұрақ-жауап
әдістемелері қолданылды. Оларға төмендегі әдістемелер жатады: