Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі



бет3/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Бақылау сұрақтары
1 М. Шоқай қандай адамдардың отбасынан шықты?

2 М. Шоқайдың Санкт-Петербургтегі заң факультетіне түскенге дейінгі білім алу үрдісін қалайша сипаттай аласыз?

3 Шоқайдың университеттік кезеңдегі қаржы тапшылығына ұшырауынан қандай себептер болды?

4 М. Шоқайды қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің, әдет-ғұрпы мен ауыз әдебиетінің білгірі ретінде сипаттайтын қандай жағдайларды айтуға болады?

5 Түркістан жерлестік қоғамы қандай мәселелермен айналысты? (Бұл қоғамды қалай сипаттай аласыздар?).

6 Патша үкіметінің Түркістандағы діни мәселелер бойынша ұстанымдары қандай болды?

7 «Сират-ул-Мұстақим» мұсылмандық партиясы қандай мақсаттарды көздеді?

8 Патша үкіметі кезінде Түркістан өлкесінің білім беру саласы қандай жағдайда болды?

9 Патшалық Ресей кезінде мұсылмандардың мұң-мұқтаждықтарын жария етіп отырған қандай басылымдар болды?

10 Шоқай Алаш партиясы өкілдерімен (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов) қандай қатынаста болды?

11 Мұстафа Шоқай қоныс аудару саясатына қарасты қандай пікірде болды?

12 Мұсылман фракциясы жанындағы Кеңесші бюро қандай істермен айналысты?

13 1916 жылғы Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің іс-әрекетін сипаттаңыз.

14 Мұсылман фракциясы Прогресшілдер блогына қарасты қандай ұстанымда болды?

15 Ақпан революциясынан кейінгі Мұсылман фракциясының жағдайын сипаттаңыз.

16 1917 жылғы Торғай облысы қазақтарының съезінің отырысы туралы не білесіз?

17 Мұстафа Шоқайдың Ақпан революциясынан кейінгі қоғамдық-саяси қызметіне сипаттама беріңіз.

2 Бостандық үшін күрес жолында
Алғысөз
Тарауда М. Шоқайдың елінің бостандық туы астында бұқара халықты автономиялық қозғалысқа белсенді түрде қатыстыру үшін бірнеше бағытта нақтылы жұмыстар жүргізгені баяндалады. Екінші тарау үш бөлімнен тұрады:

1) Автономия идеясының ықпалында;

2) Ұлттық қозғалысқа басшылығы;

3) Түркістан Мұхтариаты.

Бірінші бөлімде Түркістан автономиясының қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар, оның бастамасы қарастырылған. Түркістан Мұхтариатының құрылуына ұйытқы болған әртүрлі шаралардың, жиындардың, съездердің барысы және нәтижелері суреттелген. Саяси-қоғамдың ұйымдар туралы мәселелерге ерекше көңіл аударылған. Оларға деген М. Шоқайдың қатысы және олар насихаттап жүрген идеяларға қатысты көзқарастары көрсетілді.

Екінше бөлімде М. Шоқайдың Түркістандағы саяси тұрақтылықты орнату жолындағы қызметі баян етіледі. Әртүрлі саяси-қоғамдық ұйымдардың арасындағы өзара байланыстарының, теке-тірестерінің сыры ашылады.

Үшінші бөлімде тікелей автономдық мемлекеттің қалыптасуының барысы, оның қысқа ғұмыры баян етіледі. Мұстафа Шоқайдың Түркістан автономиясының басшысы қызметіндегі атқарған істеріне зор көңіл бөлінген.
2.1 Автономия идеясының ықпалында

Мұс­тафа­ның­ Таш­кен­т ер­лер­ гим­назия­сын­да оқуы жәдит­шіл­дік­ идеяларының­ оқушы жас­тар ара­сын­да таралуы­мен­ тұ­стас­ келеді. Таш­кент­те ұлт­тық­ ин­тел­ли­ген­ция­ның­ ас­тыр­тын ұйымы да жұ­мыс­ іс­тей­ді [1].

Жәдит­тер қоз­ғалысы­ның­ жер­гі­лік­ті ха­лық­тың а­зат­тық күре­сін­де, сонымен­ бір­ге өзі­нің­ дү­ниетаны­мын­да ала­тын­ ор­нын­ бел­гілеуде М. Шо­қай­дың­ ізде­ніс­тері аса ма­ңыз­ды, себебі о­ның­ өзі қоз­ға­лыс­тың бел­ орта­сын­да бо­лып­, жетек­шілері­нің­ көз­қа­рас­та­рын­ жан­-жақ­ты зерт­теп­, та­нып­-біледі, о­лар­мен бір­ге іс­тес­, мұ­рат­тас болады. Па­риж­де жүр­ген ша­ғын­да 1926 жылы Мәс­кеуде жа­рық­ көр­ген “Орта Азиядағы революция­лық­ қоз­ға­лыс­тың очерк­тері” де­ген­ жи­нақ­тан Ф. Қожаев­тың­ “Жәдит­тер” атты еңбегі­мен­ таны­сып­, о­дан­ бұ­хар­лық жәдиттердің­ идеологиясына, экономика салала­рын­дағы бағ­дарламасына қатысты кей­бір­ жол­дарды көші­ріп­ жа­зып­ алады.

Мұс­тафа жәдит­тер қоз­ғалысы­ның­ пай­да болуы, дамуы және қо­ғам­дық ой-пі­кір­дегі орны жө­нін­де ар­най­ы зерт­теу жүр­гізеді. Ф­ран­циядағы жеке мұрағаттық қо­рын­да сақ­тал­ған­ “Жәдит­шіл­дік­” де­ген­ қол­жазба­сын­да М. Шо­қай­ о­ның­ ал­ғаш­қы кез­де мек­теп ісі­мен­ ғана шек­тел­ген­ді­гін­, “тек­ оқиға­лар­дың даму бары­сын­да және импера­тор­лық Ре­сей­дің­ шет­ ай­мақ­тардағы саясаты­ның­ ө­зін­дік е­рек­ше­лік­тері арқа­сын­да ғана жәдит­шіл­дік­ бел­гілі бір­ саяси (кур­сив М. Шоқайдікі. – К. Е.) а­ғым­ның сино­ниміне ай­нал­ғанды­ғын­ [2] айт­ады. Үкіметтің мек­теп ісіне саяси мән­ беруі нәтиже­сін­де көп­ ұза­май­ жәдит­шіл­дік­тің өзі саяси ұ­ран­ға айналады. Мұс­тафа Таш­кент­те о­қып­ жүр­ген уақы­тын­да жәдитшіл­дік­тің кең­ ө­ріс­ ала қой­ма­ған­ды­ғын­, мысалы, Таш­кент­те – үш мек­теп қана бол­ғанды­ғын­ ес­кер­теді.

Жәдит­шіл­дік­тің ал­ғаш­қы кез­де тар­ мағынадағы мәде­ни-а­ғар­тушы­лық­ ағым­ ре­тін­де кө­рін­генді­гін­ қа­зір­гі за­ман­ғы зерт­теуші­лер­ де рас­тайды. “Шындығын­да да, жәдит­ қоз­ғалысы­ның­ бас­тапқы ке­зең­дегі идеологиясы ұлттық­ кү­рес­тің мін­деттері­мен­ тіке­лей­ бай­ла­ныс­ты бол­ған жоқ­” [3] деп­ жазады өз­бек­ та­рих­шысы С. Аг­зам­ходжаев.

Қоз­ға­лыс­тың ө­кіл­дері И. Гасп­ралы, Ш. Мар­жа­ни, А. Ибраги­мов­, М. Абдура­шид­ха­нов­, М. Бех­буди, А. Фит­рат­ т. б. тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ өміріндегі әлеу­мет­тік-экономика­лық­ және руха­ни даму жағы­нан­ арт­та қалушылық­ты, әсіресе, бі­лім­ беру саласы­ның­ уа­қыт­ талабына жауап бермейтінді­гін­ сын­ға алады. Соны­мен­ бір­ге о­лар­ мұ­сыл­ман қоғамы­ның­ бү­кіл­ моде­лін­, ортаазия­лық­ мәде­ниет­тің­ құн­ды­лық­тары мен­ құры­лым­да­рын­ қайт­а қарау жө­нін­де үндеу тас­тайды.

Жәдит­тер мұ­сыл­ман қауы­мын­ ортаға­сыр­лық тығы­рық­тан а­лып­ шығу­дың­ жолы оқу і­сін­ ре­фор­малау, сол­ арқылы руха­ни жаңару деп­ біледі. Бі­рың­ғай ұйымы және же­тіл­ген бағ­дарламалық­ ұ­станым­дары бол­мағаны­мен­, о­лар­ ха­лық­ бұқара­сын­ арт­та қалушы­лық­тан құт­қа­рып­, еуропа­лық­ мәде­ниет­пен­ жақындасуға, бі­лім­нің ді­ни-схо­лас­тика­лық­ фор­мала­рын­ ғы­лым­ның жаңа жетістіктері­мен­ ауыстыруға, ұлт­тық­ сана-се­зім­ді кү­шейт­уге ба­ғыт­тал­ған­ жал­пы мақ­сатты көз­дейді.

Түр­кі­стан жәдит­шілде­рін­де саяси бағ­дарлама бел­гілері 1908 жыл­ғы Тү­рік­ революциясына бай­ла­ныс­ты пай­да бола бас­тайды. “Тү­рік­ революциясы, бү­кіл­ Мұ­сыл­ман Шығысы сияқты, Түр­кі­станға өте зор­ ә­сер­ етті. 1905 жыл­ғы О­рыс­ революциясы біз­дерді, жер­гі­лік­ті түр­кі­стан­дық­тар­ды бо­лар­-бол­мас қана жа­нап­ өтті. Саяси және мәде­ни тұр­ғы­дан­ Ре­сей­ден­ де, жер­гі­лік­ті о­рыс­тар­дан­ да жаулап­ а­лын­ған ха­лық­ ре­тін­де бө­лек­ ө­мір­ сү­ріп­ жат­қан біз­дер­дің­ бұ­л оқиғаға еш қатысы­мыз­ бол­ған е­мес­” [4] дей­ді М. Шо­қай­.

Революция­лық­ идея­лар­ды бәрі­нен­ бұ­рын­ жәдит­шіл­дер­ жа­қын­ қабылдайды.

Мұс­тафа бұ­хар­лық жәдит­тер­дің­ бағ­дарлама­лық­ та­лап­та­рын­ кеңі­рек­ талдауға алады да, Түр­кі­стан­ жәдит­теріне тоқ­тал­май­ды және өзі­нің­ де о­лар­дың қата­рын­да бол­ғандығы жө­нін­де еш­ нәр­се айт­пайды. Бұ­л заң­ды да, 1910 жыл­дан кейін ол мек­теп және бас­па істері­мен­ шек­тел­ген­ жәдит­шіл­дік­ а­ғым­нан түр­кі-мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ жал­пы ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы аясына тар­тылады. Жәдит­тер қоз­ғалысына ол Ақ­пан­ төң­керісі­нен­ кейін, бұ­л а­ғым­ның ү­шін­ші кезеңін­де ғана қосылады. Бұ­л кезеңде жәдит­тер “о­рыс­ Түр­кі­станы” шең­бе­рін­де “дәйекті де­мок­рат­тар­” деп­ е­сеп­тел­ген­ социал-революцио­нер­лер­мен­ бір­ ба­ғыт­та қи­мыл­дайды. Бі­рақ­ көп­ ұза­май­ Түр­кі­стан­ жәдит­тері мен­ о­рыс­ социа­лис­тері ажыра­сып,­ әр­қай­сысы өз даму жол­дарына түседі. Жәдит­тер дер­бес саяси күш­ке айна­лып­, Түр­кі­стан­ның­ өз заң­ шығару мекемесі бар­ авто­ном­иялық құры­лым­ ретін­де жариялануын та­лап­ ете бас­тайды. Осы мәселе­лер­ге тоқ­тала ке­ліп­, М. Шо­қай­ өз еңбе­гін­ бы­лай­ша қоры­тын­ды­лай­ды: “бұ­рын­ғы уа­қыт­та, революцияға дейін жәдит­тер бей­біт­ ұлт­тық­ п­рог­ресс, мұ­сыл­ман қоғамы­ның­ Ресей­ мемлекеті шең­бе­рін­де эволюция­лық­ дамуы жө­нін­де ғана ойлады. Бұ­рын­ о­лар­ а­зат­ ұлт­тық­ мек­теп п­рог­реске жету­дің­ бір­ден-бір жолы деп­ е­сеп­теді” [5].

М. Шо­қай­ жәдит­тер­дің­ бұ­л ба­ғыт­тағы та­лап­-ті­лек­теріне то­лық­тай қосылады, тіп­ті, ал­ғаш­қы кез­де қо­ғам­ қай­шы­лық­та­рын­ та­нып­-білуінде о­лар­дың көз­қа­рас­тары мен­ ү­гіт­-наси­хат­ жұ­мыс­тары­ның­ бел­гілі бір­ рөл­ ат­қар­ғанды­ғын­ да жоқ­қа шығаруға бол­майды. Түр­кі­стандағы өзі­нің­ саяси қыз­ме­тін­де М. Шоқай жәдит­терге, о­ның­ п­рог­рес­шіл­ қанаты­ның­ же­тек­шілері Махмут Қожа Бех­буди, Мүнәуар Қари, У­бай­дол­ла Қожаев се­кіл­ді ха­лық­ беделіне ие қайраткер­лер­ге иек арт­қаны бел­гілі.

А­лай­да мұ­ның­ бар­лығы­нан­ М. Шо­қай­ – жәдит­ші де­ген­ ұ­ғым­ ту­май­ды. Кей­бір­ зерт­теуші­лер­дің “жәдит­ші­лік­ ... тү­рік­ әлеміне көп­те­ген­ бас­қа е­сім­дер­дің­ қата­рын­да Мұс­тафа Шо­қай­дың­, Мах­мут­ Қожа Бех­буди, Шаис­лам­ Шаах­мед­, Нә­зір­ Төре­құ­л, Нә­сір­хан Төре, А­бид­жан Мах­муд­, Мир­ Ә­діл­дің е­сім­де­рін­ бер­ді” [6] де­ген­ тұжы­рым­дары тарихи шын­дыққа­ жанаса қой­май­ды.

“У­сул­-и-жәдит­” арқылы саяси жүйені өз­гер­туге бол­майт­ын­ды­ғын­ М. Шоқай­ ерте түсінеді де, мәде­ни ре­фор­ма­дан­ гөрі саяси кү­рес­ әдістеріне көбірек­ мән­ береді. “Шо­қай­ кә­дім­гі зай­ырлы тұл­ға бола­тын­, о­ның­ қыз­меті жәдиттер­мен­ қа­тар­ жүреді (ас­тын­ сыз­ған біз­. – К. Е.). 1917 жыл­ға дейін бұ­л екі топ­тың қыз­меті­нің­ өзара ық­пал­дастығы туралы біз­дің мағ­лұматы­мыз­ жоқ­тың қасы” [7] деп­ жазады өз зерт­теуінде амери­калық­ ғалым А. Ха­лид­. Шын­ды­ғын­да да, жәдит­тер Орта Азия мұ­сыл­мандары­ның­ дәс­түрлі мәде­ние­тін­ модернизациялауға ұм­тыл­са, зай­ырлы ин­тел­ли­гент­тер еуропа­лық­ ой-пі­кір­ негізінде саяси өзге­ріс­тер жүр­гізуге ба­ғыт­ ұс­тай­ды.

Мұс­тафа көз­қарасы о­тар­лыққа қар­сы кү­рес­тің бар­лық ба­ғыт­та­рын­ – жергі­лік­ті ха­лық­тың ө­мір­ сүру ке­ңіс­тігіне сла­вян­дарды әке­ліп­ орна­лас­тыруды тоқ­тату, оқу-бі­лім­, дін­ салала­рын­ ре­фор­малау, жер­гі­лік­ті бас­қару жүйесіне қол­ жет­кізу се­кіл­ді мәселе­лер­ді қам­тиды.

Мұс­тафа жәдит­тер­дің­ идея­лық­ п­лат­форма­сын­да тұр­ды деу­ге не­гіз­ жоқ­. Ол, әсіресе, дін­ мәселе­сін­де және о­ның­ қо­ғам­дық дамудағы орны жө­нін­де жәдит­ же­тек­шілері­нің­ біразы­нан­ өзгеше пі­кір­ді ұстанады. Жәдит­ бас­шылары теорияда, философия мәселеле­рін­де фидеизм жағына ойы­сып­, дін­ді ғы­лым­мен ынты­мақ­тастыруды көз­дейді [8].

Жәдит­ кө­сем­дері М. Бех­буди мен­ А. Фит­рат­ Құ­ран­ мен­ ис­лам­ дәс­түріне өз идеялары­ның­ де­рек­көзі ре­тін­де қа­рай­ды. О­лар­ ис­лам­ды ха­лық­ мәде­ниеті­нің­ ажыра­мас­ бөлігі, тіп­ті негізі, о­ның­ сақ­талуы мен­ дер­бес ө­мір­ сүруі­нің­ бас­ты құралы са­най­ды. Соны­мен­ бір­ге о­лар­, бас­қа ел­дер­дің мұ­сыл­ман қай­рат­керлері се­кіл­ді, дін­ мен­ ғы­лым­ ара­сын­да еш­бір­ қай­шы­лық­тың “жоқ­тығына” сенеді.

М. Шо­қай­ а­дам­дар­дың­ ді­ни сеніміне құр­мет­пен­ қа­рай­ды. О­ның­ өзі дін­дар отба­сын­да тәр­биеленеді, мед­реседе оқиды, Таш­кент гим­назия­сын­да о­қып­ жүрген ша­ғын­да да сол­ қаладағы мед­ресе­лер­дің бі­рін­де дә­ріс­ а­лып­ жүреді [9]. “Біз­дің­ елі­міз­дің өмі­рін­де дін­ мен­ шариғат­тың­ аса зор­ рөл­ атқара­тын­ды­ғын­ мен­ жақ­сы біле­мін­. Біз­дің­ Ұлт­тық­ орта­лық­тың мүшелері ара­сын­да Құ­ран­ды те­рең­ біле­тін­ а­дам­дар, мысалы, а­тақ­ты Мах­муд­ Қожа Бех­буди де бол­ды” деп­ жазады М. Шо­қай­.

Осы­ған­ қара­ма­стан саяси кү­рес­те, қо­ғам­да дін­нің өз орны бар­лығына, бірақ­ бұ­л мәселеде асыра сіл­теуші­лік­ке жол­ бе­ріл­меуіне жәдит­шіл­дер­дің көздерін­ жет­кізуге тырысады. Мұс­тафа­ның­ дін­ді қо­ғам­ дамуында ба­сым­ фак­тор ре­тін­де ұсыну­дан­ бас­ тар­туы, бір­ жағы­нан­, о­рыс­ қоғамы­ның­ де­мок­ратия­лық­ бөлігі­нен­ қол­дау табуға ұмтылуы­нан­ да туындаса ке­рек­.

Әрине, жәдит­тер қо­ғам­дық ой-пі­кір­дің, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың сана-сезімінің­, а­зат­тық қоз­ғалысы идеологиясы­ның­ қа­лып­тасуына алғышарт­тар­ қалағаны рас­, бі­рақ­ о­лар­ өздері­нің­ мақ­сат-мүд­де­сін­ Ақ­пан­ төң­керісі­нен­ кейін, нақ­ты­лап­ айт­сақ­, нау­рыз­-сәуір айла­рын­да тұжы­рым­дайды.

Мұс­тафа ү­шін­ жәдит­тер идеясы қо­ғам­ дамуы заң­ды­лық­тары, тарихи процес­тің қоз­ғаушы күш­тері туралы дү­ниета­ным­дық көз­қа­рас­тары қалыптасуы­ның­ бір­ бұлағы рө­лін­ ғана атқарады. Түр­кі­стан өлке­сін­дегі түр­лі қоғам­дық идея­лар­ мен­ көне дәс­түр­лер­ ара­сын­дағы тайт­а­лас­тар оны бо­дан­ халықтар­дың­ тұр­мыс-тір­шілігіне на­зар­ аударуға, о­лар­дың әлеу­мет­тік, шаруашы­лық­ және мәде­ни сала­лар­да арт­та қалуы­ның­ се­беп­те­рін­ із­дес­тіруге итер­меледі.

М. Шо­қай­дың­ жас­ ке­зін­дегі жәдит­шіл­дік­ ықпа­лын­дағы көз­қа­рас­тары еуропа­лық­ және А­лаш­ қоз­ғалысы же­тек­шілері­нің­ ой-пі­кір­леріне ұла­сып­, жаңа арнада дамиды, өзгеше си­пат­ алады. Ол бо­дан­дық зар­дапта­рын­ оқу-бі­лім­нің күші­мен­ е­мес­, пат­ша­лық­ ре­жим­ді конс­титуция­лық­-де­мок­ратия­лық­ жүйе­мен­ ауыстыру арқылы жоюға болады де­ген­ тұжы­рым­ға келеді. Мұ­ның­ өзі М. Шоқай­дың­, жал­пы ал­ған­да, А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ түлегі е­кен­ді­гін­, о­ның­ дүниетанымы Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Дула­тов­ се­кіл­ді қайраткерлер­дің тіке­лей­ ық­пал­ етуі­мен­ жеті­ліп­, шың­далға­нын­ көрсетеді­. Мұстафа­ның­ А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ жиындарына қаты­сып­, о­ның­ бас­шы ор­ган­дарына сай­лануы да осы сөз­дері­міз­ге дә­лел­.

Акаде­мик­ К. Н. Нұр­пейі­сов­ М. Шо­қай­дың­ “Түр­кі­станда Ре­сей­ден­ бөлі­ніп­ кету жө­нін­дегі пі­кір­ді ма­құл­дай қоя­тын­ психология, руха­ни ә­зір­лік болмағандық­тан­ біз­ автономияны бы­лай­ тү­сін­ген­біз­: Түр­кі­стан­ның­ дер­бес ел бас­қара­тын­ мекемелері мен­ атқару ор­ган­дары, яғ­ни заң­ шығара­тын­ пар­ла­мен­ті мен­ іс жүр­гізе­тін­ үкіметі болуға тиіс... Сырт­қы сая­сат­, қара­жат­, жол­, әскери істер­ Бү­кіл­ре­сей­ Федерациясы үкіметі­нің­ ісі деп­ е­сеп­тейт­ін­біз. Оқу-а­ғар­ту ісі, жер­гі­лік­ті мекеме­лер­, заң­ және жер­ мәселесі­нің­ бәрі автономиялы үкі­мет­тің ісі деп­ қа­райт­ын­быз” де­ген­ тұжыры­мын­ А­лаш­ пар­тиясы­ның­ мем­ле­кет­тік құры­лыс­ жө­нін­дегі ұстанымы­мен­ са­лыс­тыра ке­ліп­, о­лар­дың идея­лық­, маз­мұн­дық­ тұрғыдан­ үн­дес­ е­кен­дігіне на­зар­ аударады.

М. Шо­қай­ 10 сәуірде Таш­кент­ке кел­ген бой­да М. Ты­ныш­паев­тың­ сол­ күні Ә. Бө­кей­ха­нов­қа жаз­ған ха­тын­да “Мұс­тафа О­рын­бордағы қа­зақ­тар­дың­ ұста­ған­ жолы мен­ біз­дің көз­қарасы­мыз­ туралы айт­ып­ бер­ді... Мен­ сіз­ бен­ біз­дің көз­қа­рас­тары­мыз­дың бір­дей бо­лып­ шық­қандығына аса қуан­дым­” [10] деуі осы тұжы­рым­ды то­лық­тыра түседі.

М. Шо­қай­ дү­ниетанымы­ның­ е­рек­шеленуіндегі А­лаш­ идео­ло­гиясы­ның­ шешуші рөл­ ат­қар­ғанды­ғын­ мой­ын­дай­ оты­рып­, о­ған­ тү­рік­-мұ­сыл­ман а­зат­тық қоз­ғалысы же­тек­шілері пі­кір­лері­нің­ әсері бар­лы­ғын­, жал­пы ал­ған­да о­ның­ екі ға­сыр­ тоғы­сын­дағы саяси а­ғым­дар мен­ оқиға­лар­дан нәр­ ал­ған­ды­ғын­ ескеру қажет­. Мұс­тафа қа­зақ­, өз­бек­, тү­рік­мен, ә­зір­бай­жан­, т. б. тү­рік­-мұ­сыл­ман, қала бер­ді украин, гру­зин­, ау­ған­, а­раб­, пар­сы ха­лық­тары­ның­ ор­тақ­ түлегі, о­лар­дың бар­лығы­ның­ да мұ­ң-мұқ­та­жын­ жоқ­таушы сара сая­сат­кер ре­тін­де қа­лып­тасады. Қай­сы­бір­ зерт­теуші­лер­дің пай­ымдауларына қара­ған­да, 1917 жылы өз мағынасын­дағы жәдит­шіл­дер­ бол­ды ма де­ген­ де кү­мән­ туады. С. Ағзамходжаев­тың­ пікірі бой­ынша жәдит­шіл­дік­ өз ұ­ран­дары мен­ бағдарламалары бар­ саяси пар­тия­лар­ пай­да бол­ғанға дейін ө­мір­ сүреді. Бі­рақ­ бұ­л пар­тия­лар­дың қай­рат­керлері де, о­лар­дың қар­сы­лас­тары да өзде­рін­ жәдиттерміз деп­ а­тай­ береді. М. Шо­қай­дың­ гим­назияда о­қып­ жүр­ген ша­ғын­ “біз­дер, жәдит­шіл жас­тар” деп­ жол­-жөне­кей­, бір­-ақ рет­ еске алуында үл­кен­ мән­ бар­. Бас­қа уа­қыт­та және бір­де-бір­ еңбе­гін­де ол ө­зін­ “жәдит­шіл­мін­” деп­ атамайды. Себебі, Мұс­тафа жәдит­шіл­дер­дің тар­ шең­берлі идея­лық­ платформасы­нан­ 1917 жыл­дан бі­раз­ бұ­рын­ шы­ғып­ кет­кен-ді.

М. Шо­қай­дың­ қан­дай дең­гейдегі тұл­ға ре­тін­де Таш­кент­ке о­рал­ға­нын­ 1917 жылы Тор­ғай қа­зақ­тары­ның­ О­рын­бордағы съезіне бар­ған ке­зін­дегі мына оқиға мы­сал­ бола алады. Съезд ке­зін­де о­ған­ А­ман­гелді Има­нов­тың аты­нан­ қыпшақ­тар­дың А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Дула­тов­, Ә. Бө­кей­ха­нов­тар “бас­қара­тын­ арғын­дарға қар­сы күресі­нің­ бас­шысы” болуын қалап­ бір­ топ­ а­дам­ ке­ліп­, ұсыныс­ жа­сай­ды [11]. Әбді­ғап­пар Жан­босы­нов­ пен­ А­ман­гелді­нің­ а­дам­дары 1918 жыл­дың жа­зын­да Тор­ғай дала­сын­ ара­лап­ жүр­ген ке­зін­де М. Шо­қай­ға “қып­шақ е­кен­ді­гін­” тағы да есіне салады. Осы­ған­ о­рай­ ол бы­лай­ дей­ді: “Мен­, әрине, о­лар­дың ұсынысы­нан­ бас­ тарт­тым­. Өйт­кені мен­ Түр­кі­стандағы тү­рік­ адамы ү­шін­, әсіресе, Түр­кі­стан­ның­ ұлт-а­зат­тық туын кө­тер­ген а­дам­ ү­шін­ ар­ғын­, қып­шақты бы­лай­ қой­ып, тіп­ті, өз­бек­, қа­зақ­, тү­рік­мен бо­лып­ бөліну­дің­ өзі Түркі­стан тү­рік­те­рін­ бөл­шек­теп­, ө­лім­ге бас­тайт­ын­ жол­ еке­нін­ жақ­сы біле­тін­ едім­” [12]. Рес­ми құ­жат­тарда, 1922 жылы 23 қаң­тарда ГПУ қыз­меткері­нің­ РК(б)П Қа­зақ­ об­лыс­тық Бақылау ко­мис­сиясына тап­сыр­ған­ құпия хаба­рын­да, Т. Рыс­құ­лов­тың 1924 жыл­дың сәуір айында И. Ста­лин­ге жол­да­ған­ баяндамасын­да М. Шо­қай­ жәдит­тер қоз­ғалысы­ның­ қай­рат­кері е­мес­, Ә. Бөкейха­нов­, М. Дула­тов­, Х. Дос­мұхаме­дов­тер се­кіл­ді, “ала­шор­да­шыл­ қайрат­кер” [13] деп­ көр­сетіледі. Мемле­кет­тік Саяси Бас­қар­ма­ның­ қыз­меткері Қа­зақ­ Рес­публика­сын­да саяси п­лат­формасы а­нық­ үш а­ғым­ немесе “топ­” бар­ екен­ді­гін­ “а­нық­тап”, о­ның­ бі­рін­шісіне Ала­шор­да­ның­ негі­зін­ қала­ған­ және ұйым­дас­тыр­ған­ Ә. Бө­кейха­нов­ты, М. Дула­тов­ты, Х. Дос­мұхаме­дов­ті, М. Шоқай­ды және тағы бас­қа бел­сенді тұл­ға­лар­ды жат­қызады [14]. Бір­ кез­дері жә­дит­шіл жас­тар қата­рын­да бол­ған [15] М. Шо­қай­ енді Таш­кент­ке көзқарастары империя астана­сын­да Ба­тыс­ пен­ Шы­ғыс­тың о­зық­ идеялары негізін­де сом­дал­ған­, ұлт­тық­ мұ­рат­тарды биік ұста­ған­, заң­, та­рих­, этнология, әдебиет салалары­нан­ су­сын­да­ған­, бір­неше тіл­ді мең­гер­ген­, то­лыс­қан тұл­ға ретін­де оралады.

1917 жылы Түр­кі­станда жер­гі­лік­ті ха­лық­қа же­тек­ші­лік­ жа­сайт­ын­ жәдиттер қоз­ғалысы­ның­ кө­сем­дері М. Бех­буди, Мүнәуар Қари Абдурашидханов­, У­бай­дол­ла Қожаев, қа­зақ­тар­дан­ Пе­тер­бург у­ни­вер­сите­тін­ бітір­ген С. Ла­пин­, Қа­зан­ у­ни­вер­ситеті­нің­ түлегі Са­дық­ А­ман­жо­лов­, Пе­тер­бург әскери академия­сын­ аяқта­ған­ Әли Көтіба­ров­, Сан­жар­ Ас­фен­дия­ров­, Мәс­кеу ком­мерция­лық­ инс­титу­тын­да о­қып­ жүр­ген Нә­зір­ Төреқұ­лов­, Таш­кен­т мұғалімдер семинария­сын­ тамам­да­ған­ Сұл­тан­бек Қожа­нов­, Се­гіз­бай Айзу­нов­, Се­рік­бай Ақаев, Қоңырқожа Қожы­қов­, Тұрар Рыс­құ­лов­ және тағы да бас­қа тұлға­лар­ шо­ғыр­лан­ған­ бола­тын­. О­сын­ша ин­тел­лектуал­дық­ күш­ке қара­ма­стан М. Шо­қай­дың­ Таш­кент­ке келуі Түр­кі­стан­ның­ саяси өміріне үл­кен­ сер­пін береді.

Мұн­дағы жұмы­сын­да ол жә­диттер­дің­ бұ­рын­нан таны­мал­ же­тек­шілеріне ғана арқа сүйеп қой­май­ды, өз төңіре­гін­де топ­тас­қан­ жол­дас-жорал­арына да үміт­ артады. Пе­тер­бург­те жүр­ген ке­зін­де Мұс­тафа өз алдарына ас­тыр­тын ұйым құру ке­рек­тігі жө­нін­де нақ­тылы қа­дам­ жа­сай­ды. 1915 жыл­дың 22 сәуі­рін­де Мұс­тафа­ның­ Түр­кі­стан гене­рал­-гу­бер­наторына жаз­ған өтіні­шін­де (ол жө­нін­де жоғарыда сөз­ бол­ған) “ден­саулығы­ның­ на­шар­лауына бай­ла­ныс­ты” өт­кен­ жылдың жа­зын­да Уфа гу­бер­ния­сын­да ем-дом­ қа­был­даға­нын­ айт­ады, бі­рақ­ ол келесі жылы да емти­хан­ тап­сыруға кел­мейді. Ұлт­тық­ Қауіп­сіз­дік комитеті­нің­ мұра­ғат­ қо­рын­дағы құ­жат­та Шо­қай­дың­ 1915 жылы Таш­кент­те қа­лып­, онда “Кеңес­” атты жасы­рын­ ұйым құр­ғаны, о­ған­ Сейіджа­пар­ Ас­фен­дия­ров­тың, о­ның­ қай­ын атасы (Рабиға е­сім­ді әйелі­нің­ әкесі), сол­ ке­зең­де Са­мар­қан облы­сын­да әскери гу­бер­на­тор­дың ау­дар­машысы бо­лып­ жүр­ген С. Ла­пин­, Сұл­тан­бек Қожанов­, Се­рік­бай Ақаев, Қо­ңыр­қожа Қожы­қов­ т. б. (бар­лығы 12–15 кісі) енген­дігі жө­нін­де айт­ылады [16].

Бұ­л ақпа­рат­тың шын­дыққа сай­ е­кен­ді­гін­ 1925 жыл­дың 31 қаң­та­рын­да Д. Ны­сан­баев де­ген­нің С. Қожа­новтың­ үсті­нен­ РК(б)П Қыр­ғыз­ (Қа­зақ­) облыстық Бақылау ко­мис­сиясына жаз­ған арызы а­нық­тай түседі. Хат­ авторы – ағай­ынды Ла­пин­дер­мен­, С. Өтеге­нов­пен, С. Сей­фул­лин­мен­, С. Мұқа­нов­пен таныс­ бол­ған а­дам­, С. Сей­фул­лин­нің­ ұсынысы­мен­ Қа­зақ­ АКСР Бас­ милиция бас­қармасы­ның­ бас­тығы қыз­метіне де та­ғай­ындалады. Сә­кен­нің осы а­дам­мен та­ныс­тығы туралы С. Мұқа­нов­ бы­лай­ дей­ді: “Сә­кен­ 1919 жыл­дың ба­сын­да Омбы а­бақ­тысы­нан­ қа­шып­, сол­ жыл­дың жа­зын­да Түр­кі­станға жетеді де, осы Дүйсе­бай­мен­ таны­сып­ үйінде тұрады... Ал, Сә­кен­ е­рек­ше мі­нез­ді а­дам­ды қызық­ көре­тін­ кісі. Сон­дық­тан сөй­лесе тиек­сіз­ зу­лай­ бере­тін­ Дүйсе­бай­дың­ қасын­да ерте­ден­ қара кеш­ке дейін отыра беруге жа­лық­пайды. Осы төк­пек­тің­ үс­тін­де Дүйсе­кең та­лай­ оқиға­лар­ды айт­ып­, та­лай­лар­ға мі­нез­деме бе­ріп­ тастайды. Дүйсе­бай­дың­ айт­уынша, Түр­кі­стандағы қа­зақ­ ком­му­нис­тері арасында екі топ­ бар­: біреуін – Тұ­рар­ Рыс­құлов (Дүйсе­бай­дың­ айт­уынша ол дұрыс­ ба­ғыт­тағы топ­), е­кін­ші­сін­ – Сұл­тан­бек Қожа­нов­ бас­қарады, бұ­л – ұлтшыл­дық ба­ғыт­тағы топ­” [17]. Д. Ны­сан­баев­тың­ а­рыз­ мәтіні мен С. Мұқановтың сөз­дері бір­-біріне то­лық­ сәй­кес­ келеді. Д. Ны­сан­баев­тың­ жазуынша қала­лық­ училищені бі­тір­ген­нен­ кейін “Қожа­нов­ жол­дас”, училищенің­ қабі­лет­ті де үз­дік­ түлегі ре­тін­де, еш­бір­ ке­дер­гі­сіз­ Таш­кен­т мұғалім­дер семинариясына түседі. Қыс­қаша жа­зыл­ған ө­мір­баянына қара­ған­да “Қожанов жол­дас­тың­” “Ке­ңес­” атты ас­тыр­тын үйірме ұйым­дас­тыруы осы кезең­ге саяды. Шын­ды­ғын­да үйірме о­ның­ еңбегі е­мес­, ол кез­де Қожа­нов­ жас­ бола­тын­. Үйірме құра­мын­да сол­ уа­қыт­та Мұс­тафа Шоқаев се­кіл­ді бел­гілі саяси және қо­ғам­ қай­рат­керлері ғана е­мес­, Сейіджа­пар­ Ас­фен­дия­ров­ сияқты мемлекет­ қай­рат­керлері де бол­ды” [18] дей­ді Д. Ны­сан­баев. О­ның­ мәліме­тін­ше, “Ке­ңес­” мына а­дам­дар­дан­ тұрады: үйірме­нің­ төрағасы Сейіджа­пар­ Асфендияров­, бі­рін­ші о­рын­басары Са­дық­ Өтеге­нов­, бюро мүшелері Қ. Қожықов­, Сан­жар­ Ас­фен­дия­ров­, С. Ақаев, Мұза­рап­ Қасы­мов­, Ә. Көтіба­ров­, Алда­бек­ Ман­гел­дин, хат­шысы Зұл­қар­найын Сей­да­лин­ [19].

Үйірме 1917 жыл­ға дейін ө­мір­ сү­ріп­, Ақ­пан­ мен­ Қа­зан­ революциялары аралы­ғын­да бір­шама эволюцияға ұшы­рай­ды. Мұ­нан­ 1915 жыл­дың ө­зін­де М. Шо­қай­ды түр­кі­стан­дық­тар­дың көр­некті саяси қай­рат­кері ре­тін­де танығанды­ғын­ және Таш­кент­ке о­рал­ған ке­зін­де нақ­тылы ұйым­ның­ қол­дауына сүйен­ген­ді­гін­ бай­қай­мыз­. А­рыз­да “үйірме эволюция­лық­ өзге­ріс­терді басы­нан­ ке­шір­ді” делінуі ұлт зиялылары­ның­ екіге жарылуы­ның­, Сан­жар­ Ас­фен­дия­ров­ се­кіл­ді қай­рат­кер­лер­дің боль­ше­вик­тер жағына шығуы­ның­ көрінісі бол­са ке­рек­. Ал, Сейіджа­пар­ Ас­фен­дия­ров­ үйірме жұмысына әуел ба­с­тан бел­сенді қатыса қой­май­ды. Шын­ мә­нін­де, үйірмені М. Шо­қай­ бас­қарады.

Ох­ран­ка­ның­ мәліметі бой­ынша У. Қожаев Әнди­жан­ жә­дит­тері­нің­ “Таракки­пар­вар” (“П­рог­рес­шіл­дер”) де­ген­ жасы­рын­ ұйым бас­шылары­ның­ бірі болады [20]. Бұ­л ұйымды осы қаладағы “Тур­ке­станс­кий­ го­лос­” газеті­нің­ шығарушысы А­нас­та­сий­ Афа­нась­е­вич­ Чай­кин­ қар­жы­лан­ды­рып­ келеді [21]. М. Шо­қай­дың­ бұ­л ұйымға қатысы бол­ғанды­ғын­ жоқ­қа шығара ал­май­мыз­, себебі У. Қожаев пен­ М. Шо­қай­ бас­шы­лық­ ет­кен­ жә­диттер­дің­ п­рог­рес­шіл­ қанатына еуропа­лық­ бі­лім­ді жер­гі­лік­ті ха­лық­ ө­кіл­дері енеді.

М. Шо­қай­дың­ Ф­ран­циядағы мұра­ғат­тық қорында 1916 жыл­дың 31 желтоқ­сан­ында Әнди­жан­ қала­сын­да А. А. Чай­кин­, Ва­дим­ Афа­нась­е­вич­ Чай­кин­ және У­бай­дол­ла Қожаев­тың­ “Түр­кі­стан бас­па се­рік­тесті­гін­” құру [22] жө­нін­дегі келі­сімі­нің кө­шір­месі сақ­тал­ған­. “Се­рік­тес­тік­” “Та­рак­ки­пар­вар” және бас­қа да ас­тыр­тын ұйым­дар­дың бас­па органы болған, әрі өз тара­пын­да бас­па і­сін­ саяси жұ­мыс­тар­мен­ ұш­тас­тыруға ты­рыс­қан се­кіл­ді. Оны В. Чай­кин­нің Па­риж­ге барып­ орна­лас­қан М. Шо­қай­ға жаз­ған хат­тары­нан­ ұғуға болады. 1922 жыл­дың 22 науры­зын­да Мұс­тафаға жол­да­ған­ ха­тын­да ол “Соны­мен­ хаты­ңыз­дан түсінгенім­, Па­риж­де ұ­зақ­ тұ­рақ­тай­сыз­ ғой­, сон­да қала­тын­ шы­ғар­сыз, со­лай­ деп­ ұққа­ным­ дұ­рыс­” деп­, М. Шо­қай­дың­ елге енді о­рал­майт­ынына әб­ден­ көзі жеткен­нен­ кейін “Түр­кі­стан бас­па се­рік­тестігі” туралы мәселені қоз­ғайды. “Мұн­дай жағ­дайда Сіз­ Па­риж­де болуы­ңыз­ ке­рек­, яғ­ни “Түр­кі­стан­дық­ бас­па серік­тестігі­міз­дің” жұмы­сын­ ше­тел­де қайт­а жан­данды­рып­, күл­лі Ба­тыс­ты және мұ­сыл­ман әле­мін­ түр­кі­стан­дық және қазақ­стан­дық іс­тер­ жө­нін­де ха­бар­дар е­тіп­ отыра­тын­ орта­лық­ болуы ке­рек­” [23] дей­ді. В. Чай­кин­ У. Қожаев­пен­ келісе оты­рып­, М. Шо­қай­мен­ ас­тыр­тын бай­ла­ныс­ орнату­дың­ жол­да­рын­ із­дес­тіреді.

Мұ­нан­ М. Шо­қай­дың­ 1917 жыл­дың сәуір айында Таш­кент­ке кел­уінен біраз­ бұ­рын­ жә­дит­тер ұйымы­ның­ жұмысына қа­тыс­қандығы, жә­диттер қозғалысы­ның­ саяси бағ­дарламасы­мен­ де, Түр­кі­стандағы жағ­дай­мен­ де етене та­ныс­ е­кен­дігі а­нық­ көрінеді. Мұс­тафа Түр­кі­станға жә­диттер қоз­ғалысы­ның­ же­тек­шісі У. Қо­жаев­тың­ шақыруы­мен­ келуі де осы се­беп­тен. О­лай­ бол­са, М. Шо­­қай­дың­ және ол се­кіл­ді Ре­сей­дің­ жоғары оқу о­рын­да­рын­да о­қып­, еуропалық­ тә­лім­-тәр­бие ал­ған­, империя астана­сын­да саяси кү­рес­ тәжірибе­сін­ жи­нақ­та­ған­, дү­ниетанымы кең­ тұл­ға­лар­дың Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысына араласуы кез­дей­соқ­ нәр­се е­мес­ еді. Мұс­тафа­ның­ төңірегіне топ­тас­қан­ ү­зең­гі­лес­ дос­тары мен­ жа­қын­ се­рік­тері жыл­дар бой­ы тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ а­зат­тық қозғалысы­мен­ етене та­ныс­, о­лар­дың мұ­ң-мүд­де­сін­ бө­ліс­кен о­зық­ ойлы тұл­ға­лар­ қатарына жатады. О­ның­ ең жа­қын­ жол­дастары­ның­ бірі Шах­-Ис­лам­ Шагиахмедов­ Пе­тер­бург у­ни­вер­сите­тін­ бі­тір­ген заң­гер, Бү­кіл­ре­сей­ Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшесі бола­тын­. Таш­кен­т гим­назия­сын­да жүр­гіз­ген­ үгіті ү­шін­ 1907 жылы тұт­қынға алынады. Пе­тер­бург­те либе­рал­дық және де­мок­ратия­лық­ бас­па­сөз­дерде іс­тей­ді. 1915 жылы Таш­кент­ке о­рал­ған­нан­ соң­ “Тур­ке­станс­кий­ к­рай­” газе­тін­ шыға­рып­ тұрады [24]. А. Бен­ниг­сен мен­ Ш. Ле­мер­сье-Кель­кеже бұ­л басы­лым­ды “мұ­сыл­ман газеті” деп­ е­сеп­тейді. Бұ­л тұжы­рым­ га­зет­тің ба­ғыт­-бағ­да­рын­ саралау­дан­ туындамаса ке­рек­. “Тур­ке­станс­кий­ к­рай­” о­рыс­ либералдық ой-пікірі­нің­ ықпа­лын­да болады. Де­ген­мен ол да Түр­кі­стандағы саяси ахуалды, ондағы ха­лық­тың әлеу­мет­тік-экономика­лық­ жағ­дайын жәдиттер өмірі­мен­ шек­тел­ген­ қай­рат­кер­лер­ден кем­ біл­мейді. Әли (Әлмұха­мед­) Көтіба­ров­ Пе­тер­бург әскери медицина у­ни­вер­сите­тін ­бітіреді, М. Шо­­қай­дың­ дос­тары­ның­ бірі, социал-революцио­нер­лер­мен­ қа­рым­-қаты­нас­та болады. Ташпу­лат­ Нар­бутабе­ков­ те заң­гер, мұ­сыл­ман саяса­тын­да әуел ба­стан бел­гілі тұл­ға. Мұн­дай мы­сал­дарды көп­теп кел­тіруге болады.

1917 жылы ұйым­дас­қан сая­сат­ жүр­гізуге мүм­кін­дік­ ту­ған­ шақ­та жә­дит­тер мен­ о­рыс­ша оқы­ған­ зиялы­лар­ бір­ саяси қоз­ға­лыс­қа бірігеді, ондағы бас­шы­лық­ соң­ғы­лар­дың қо­лын­да шо­ғыр­ланады. Заманауи бі­лім­ді ин­тел­лигент­тер­дің саяси қоз­ға­лыс­тағы бас­шы­лық­ рөлі о­лар­дың аз-көптігіне де, революция қарсаңын­дағы жер­гі­лік­ті қо­ғам­дағы ықпалына да бай­ла­ныс­ты е­мес­ еді. Жәдиттер қоз­ғалысы жө­нін­дегі ар­най­ы зерт­теу­дің­ авторы А. Ха­лид­: “Бел­сен­ді сая­сат­ жүр­гізу ісі о­рыс­ ті­лін­, о­рыс­ ой-пікі­рін­ та­лап­ етеді, осы­ған­ бай­ла­ныс­ты орыс­ша бі­лім­ ал­ған­дар жә­дит­тер­ден­ жоғары тұрады” [25] де­ген­ тұжы­рым­ жасай­ды. Әрине, мәселе жә­дит­тер мен­ еуропа­лық­ саяси а­ғым­да тәр­бие­лен­ген тұл­ға­лар­ды бір­-біріне қар­сы қо­й­ып, о­лар­дың ара­сын­да қан­дай да бір­ қай­шы­лық­ іздеуде е­мес­, сол­ ке­зең­дегі Түр­кі­стан қоға­мын­да о­рын­ ал­ған­ түр­лі саяси күштер­дің­ өзара күресі жағ­дайында М. Шо­қай­ се­кіл­ді тұл­ға­лар­дың ұлт­тық­ қозға­лыс­ бас­шылығы дең­гейіне көтерілуі­нің­ се­беп­тері жө­нін­де бо­лып­ о­тыр­. Өз тарапы­нан­ бұ­л мәселе жә­дит­тер­дің­ Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалы­сын­дағы орны мен­ маңы­зын­ кемітуге ба­ғыт­талмауы тиіс.

1917 жыл­дың көк­теміне қа­рай­ Түр­кі­станда “Рау­нак­-уль-ис­лам­”, “Мирвадж уль-ис­лам­”, “О­зод­ хал­қ”, “Миф­тах­ уль-мао­риф­”, “Му­сул­мон махнаткаш­лари иттифоки” т. б. ұйым­дар­ дү­ниеге кел­ген-ді. “Ту­рон­” атты түркістан­-кав­каз қоғамы таны­мал­ бола бас­тайды. О­лар­дың і­шін­де саяси ө­мір­ге ықпалы жөні­нен­ Таш­кент­те құ­рыл­ған “Шуро-и-Исламия” ұйымы е­рек­ше о­рын­ алады.

Бұ­л ұйым нау­рыз­-сәуір айла­рын­да ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тың өрлеуі жағдайында дү­ниеге келеді. 1917 жыл­дың 6 науры­зын­да қала­лық­ дума­ның­ алдын­да түр­лі қо­ғам­дар, ұйым­дар­ мен­ пар­тия­лар­дың ө­кіл­дері жина­лып­, Түркістан Ке­ңес­тері­нің­ атқару комитеті мен­ Қо­ғам­дық Қауіп­сіз­дік коми­тет­і сай­лан­ды [26]. 9 нау­рыз­да Таш­кент­тің­ орта­лық­ ала­ңын­да жиырма мың­ а­дам­ жина­лып­, мұ­сыл­ман­дар­ өмірі­нің­ ө­зек­ті мәселеле­рін­ тал­қы­лай­ды. Көне Ташкент­тің­ қы­рық­ мың­ға жуық тұр­ғындары­ның­ шеруі 13 нау­рыз­да өтеді. 14 нау­рыз­да осы митингіде сай­лан­ған қы­рық­ се­гіз­ деле­гат­тың жиналысы ө­тіп­, онда көне Таш­кент­ті бас­қаруға ре­фор­ма­лар­ жүр­гізу және мұ­сыл­ман­дар­дың саяси ұйы­мын­ құру мәселелері көтеріледі. Көп­ші­лік­ дауыс­пен­ жаңа ұйымды “Шуро-и-Исламия” деп­ атау жө­нін­де ше­шім­ алынады. Ұйым­ның­ бағ­дарламасы ре­тін­де қа­был­дан­ған­ “Уа­қыт­ша заң­да” мына­дай­ мін­дет­тер­ қой­ылады: Түр­кі­стан мұ­сыл­мандары ара­сын­да ре­фор­ма кезеңіне сәй­кес­ саяси, ғылыми және әлеуметтік идея­лар­ды тарату; бү­кіл­ Түр­кі­стан мұ­сыл­манда­рының­ бар­лығына бір­дей ұ­станым­ (итти­хад­) негі­зін­де бір­лі­гін­ ны­ғайт­у; Құ­рыл­тай жиналысына мұ­сыл­ман­дар­дың ө­зін­-өзі бас­қаруын ұйым­дас­тыру жоба­сын­ тап­сыру; ескі чинов­ник­тер­дің орнына жаңа а­дам­дарды та­ғай­ындау; Түр­кі­стан­ның­ түр­лі ұлттары­ арала­рын­дағы се­нім­сіз­дік­ пен­ қай­шы­лық­тарды жоюға, о­лар­дың жақын­дасуына және бірігуіне ба­ғыт­тал­ған­ шара­лар­ды жүзеге асыру [27]. “Шуро-и-Исламия” ұйымы­ның­ бұ­л бағ­дарламасы жә­диттер қоз­ғалысы­ның­ прин­циптеріне ғана е­мес­, о­ның­ кей­бір­ бап­тары о­рыс­ пар­тиялары­ның­, ка­дет­тер мен­ э­сер­лер­дің­ бағ­дарлама­лық­ та­лап­тарына сәй­кес­ келеді. Осы­ған­ қара­ма­стан ұйым о­рыс­ де­мок­раттары тарапы­нан­ қол­дау тап­пайды. Съезге Түр­кі­стан комитеті­нің­ төрағасы Н. Щеп­кин­ қатына­сып­, “Шуро-и-Исламия” ұйымы­ның­ құрылуы “а­зат­тық ер­кін­ біл­діреді” де­ген­ құт­тықтау­мен­ ғана шек­теледі” [28].

Қо­қан­да, Әнди­жан­да, Са­мар­қанда, Мерв­те, Әулиеатада, Чер­няевода (Шым­кен­т), Түр­кі­станда, Қазалыда және бас­қа да қала­лар­да ұйым­ның­ бөлімшелері құрылады. Ұйым­ның­ әлеу­мет­тік негі­зін­ дін­ иелері, ди­қан­дар құрай­ды.

Таш­кен­т жә­дит­тері бү­кіл­ Түр­кі­станды қам­ти­тын­ ұйым құруға тырысады, бі­рақ­ ол ү­міт­ жүзеге ас­пай­ды. Орта­лық­тағы “Шуро-и-Исламия­” ха­лық­қа беделді ұйымға ай­нал­ғаны­мен­, бас­қа жер­лердегі “шуро­лар­дың” оны­мен­ байланысы аз болады.

Ақ­пан­ революциясы­нан­ кейінгі ке­зеңде Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ же­тек­шілері а­зат­тыққа жетуді көп­ жағ­дайда Ре­сей­ де­мок­ратия­лық­ ұйымдары мен­ Уа­қыт­ша үкі­мет­тің саяси қол­дауы­мен­ бай­ла­ныс­тырады. О­тар­шыл­дық­ патша­лық­ ре­жим­ саясаты­ның­ сал­дары ре­тін­де қа­рас­ты­рыл­ады да, бұ­л саяси жүйе­нің­ құлауы­мен­ “тең­дік, бо­стан­дық­” өзі­нен­-өзі келе­тін­ се­кіл­ді кө­ңіл­ ауаны та­рай­ды. Жал­пылама түр­дегі “ер­кін­ ө­мір­” де­ген­ түсі­нік­тің нақ­тылы маз­мұны мен­ фор­масы жө­нін­де мәселе­лер­ қой­ыла қой­май­ды. Ха­лық­ ара­сын­да идеология­лық­-де­мок­ратия­лық­ ой-пі­кір­дің кең­ тарала бас­тағаны­мен,­ жә­диттер ұлт­тық­-мәде­ни не ау­мақ­тық автономияға бай­ла­ныс­ты ұлт­тың­ ө­зін­-өзі билеу идея­сын­ а­нық­тай қой­ма­ған­ еді.

Сол­ се­беп­ті ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тың ал­дын­да тұр­ған мін­дет­тер­ді теория­лық­, идеология­лық­ тұр­ғы­дан­ не­гіз­деу, түп­кі мақ­сат­тар­ды а­нық­тау кү­н тәр­ті­бін­де тұрады.

М. Шо­қай­ революция­лық­ Пет­рог­радта жүр­ген ке­зін­де өлке­нің­ жер­гі­лік­ті хал­қы­ның­ ө­зін­-өзі билеу құ­қығын­ қам­тама­сыз­ ету жө­нін­де Мұ­сыл­ман фракциясын­да көп­тен бері жи­нақ­тал­ған­ ой-пі­кір­лерге не­гіз­дел­ген­ жос­пар жасауға кіріседі. Ол бой­ынша бі­рың­ғай Түр­кі­стан кон­федерация­сын­, о­ның­ құрамында ұлт­тық­ автономия­лар­ құру көз­деледі [29]. А­лай­да ұлт­тық­ қайраткер­лер­ ара­сын­да “автономия” мәселесі, о­ның­ түрі, сипаты мен­ маз­мұны төңіре­гін­де бірауызды­лық­ бола қой­май­ды. Оны бірі мем­ле­кет­ шең­бе­рін­дегі саяси-ұлт­тық­ құры­лым­ның кең­ кө­лем­дегі ішкі ө­зін­-өзі бас­қаруы деп­ тү­сін­се, екін­шілері мем­ле­кет­тің бел­гілі бір­ бөлігіне өкі­мет­ билі­гін­, не бас­қаруды өздігін­ше жүр­гізуге бе­ріл­ген құ­қық­ ре­тін­де түсінеді. Әсіресе, “мәде­ни-ұлт­тық­ автономия” мен­ “аумақтық­ автономияны” жақ­таушы­лар­ ара­сын­да та­лас­-тар­тыс өрбиді. Бі­рін­ші теория­ның­ жақ­тастары (XX ға­сыр­дың бас­ ке­зін­де оны К. Реннер­ мен­ О. Бауэр ұ­сын­ған) мәде­ниет, мек­теп және тіл­ салала­рын­ халықтың өз деге­нін­ше жүр­гізуін көз­дейді. Аумақтық­ автономия бой­ынша қорға­ныс­, сырт­қы қаты­нас­тар се­кіл­ді функ­ция­лар­ орта­лық­тың қарауында қалдырылады да, о­дан­ бас­қа салала­р­да өкі­мет­ билігі ұлт­тың­ өз қо­лын­да болады. А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ же­тек­шісі Ә. Бө­кей­ха­нов­ “автономияны” мұ­нан­ да кеңі­рек­ мағынада ұғынады. “Федерация мағынасы – құр­дас мем­ле­кет­тер бірлесуі. Федера­тив­тік рес­публикада һәр­ мем­ле­кет­тің іргесі бө­лек­, ынтымағы бір­ болады. Әр­қай­сысы өз тіз­гі­нін­ өзі а­лып­ жүреді” [30] дей­ді ол.

Тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысына же­тек­ші­лік­ жаса­ған­ қайрат­кер­лер­ 1917 жыл­ға дейін ұлт­тық­ тағ­дыр мәселеле­рін­ тәуел­сіз­дік тұрғысы­нан­ көтере қой­май­ды, себебі пат­ша­лық­ құ­лап­, о­рыс­ революция­шыл­ демок­раттары (ең алды­мен­ ка­дет­тер) би­лік­ басына кел­се, о­рыс­ мем­лекеті­нің­ бодан­ ха­лық­тарға жаса­лып­ кел­ген қиянаты ө­зінен­-өзі жой­ылады деп сенеді.

Автономия мәселесі 1917 жыл­дың 9–16 сәуір күн­дері Таш­кент­те өт­кен­ Түр­кі­стан өлкесі атқару коми­тет­тері­нің­ съе­зін­де және о­ған­ іле-шала (16–22 сәуірде) осы қалада ұйым­дас­ты­рыл­ған Түр­кі­стан мұ­сыл­мандары­ның­ бі­рін­ші құ­рыл­тайында көтеріледі. Атқару коми­тет­тері съезіне қа­тыс­қан 171 деле­гат­тың 99-ы еуропа­лық­ ха­лық­тар­дан­, 72-сі жер­гі­лік­ті ха­лық­тан, 74-і қо­ғам­дық ұйымдар­дан сай­ланады. Саяси күш­тер­дің­ бұ­лай­ша орналасуы бола­шақ­та мемле­кет­ті қайт­а құру мәселе­сін­ тал­қылауға те­ріс­ әсе­рін­ тигізеді. Себебі, еуропа­лық­тар мен­ жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың ұлт­тық­ мүд­делері бір­-біріне сәй­кес­ кел­мейді.

Еуропа­лық­ пар­тия­лар­ мен­ қоз­ға­лыс­тар­дың­ саяси бағ­дарламалары а­шық­, не бүр­кеме­лен­ген түр­де Ре­сей­ дер­жава­сын­ “бір­тұ­тас­ және бө­лін­бейт­ін­” мемлекет­ ре­тін­де сақ­тап қалуға не­гіз­делсе, түр­кі­стан­дық­тар­ өз тағ­ды­рын­ шешу жол­да­рын­ өкі­мет­ билі­гін­ өз қол­дарына алу­дан­ із­дей­ді.

Сон­дық­тан бола­шақ­ Ре­сей­дегі бас­қару фор­масы туралы мәселе­нің­ съезде қызу тал­қыға түс­кендігі кез­дей­соқ­ е­мес­ еді. Ре­сей­дің­ бар­лық ха­лық­тарына ө­зін­-өзі билеуге мүм­кін­дік­ бере­тін­ федера­тив­тік рес­публика­лық­ құры­лым­ жө­нін­дегі ұсы­ныс­тың өзі де түр­ліше қа­был­данады. Ре­сей­де бір­ орта­лық­қа ба­ғын­ған республика­лық­ жүйе­нің­ орнауына қар­сы шыға оты­рып­, еуропа­лық­ тұр­ғын­дар­ Түр­кі­станға автономия бе­ріл­ген күн­нің ө­зін­де би­лік­ ор­ган­дарында “мәде­ни және саяси дамуында арт­та қал­ғандығы” де­ген­ желеу­мен­ жер­гі­лік­ті ха­лық­ өкілде­рін­ би­лік­ басы­нан­ көр­гісі кел­мейді. Келесі­лер­ Ақ­пан­ революция­сын­ дүниеге ә­кел­ген Мем­ле­кет­тік дума­ның­ п­рог­рес­шіл блогына Мұ­сыл­ман фракциясы­ның­ жақ­тас бол­ғанды­ғын­, бас­қаша сөз­бен айт­қанда, революция мен­ о­ның­ қуатты о­дақ­тасы бол­ған о­рыс­ е­мес­ ха­лық­тар­дың­ ара­сын­дағы өзара байланыс­ты мүл­дем жоқ­қа шығаруға тырысады. О­лар­ Ақ­пан­ төң­керісі­нің­ “таза о­рыс­тық си­пат­та” о­рын­ ал­ған­дығы­мен­ шек­теледі. Перов­с­кі­ден­ Таш­кент­ке келіп пой­ыз­дан­ түс­кен бой­да съезд жұмысына қаты­нас­қан М. Шо­қай­ “1917 жыл­ туралы есте­лік­тер­ден­ ү­зін­ді­лер­” де­ген­ кіта­бын­да Қо­қан­ мұға­лім­дері одағы­ның­ төрағасы Л. С. Некора де­ген­нің сө­зін­ кел­тіреді: “Революцияны о­рыс­ революцио­нер­лері, о­рыс­ жұ­мыс­шылары, о­рыс­ сол­даттары жасады. Сол­ се­беп­ті Түр­кі­стандағы бас­қару ісі мен­ өкі­мет­ билігі біз­дерге, о­рыс­тарға, тиесілі. Ал, жер­гі­лік­ті ха­лық­, біз­ о­лар­ға не бер­сек, соны­мен­ қана­ғат­тануы ке­рек­”.

Мұн­дай шови­нис­тік мә­лім­демеге Мах­муд­қожа Бех­буди қар­сы шы­ғып­, көне мәде­ниеті бар­ ха­лық­тың бү­гін­гі күн­гі “қа­раң­ғылығы мен­ көр­со­қыр­лығына пат­ша­лық­ ре­жим­ кінәлі” дей­ді. Оны М. Шо­қай­ қол­дап сөз­ сөй­лей­ді.

Тал­қы­лан­ған мәселе бой­ынша қа­был­дан­ған­ қарарда Ре­сей­де автономиялық­ п­рин­цип­тер­ге не­гіз­дел­ген­ де­мок­ратия­лық­ рес­публика орнату­дың­ дұ­рыс­тығы көр­сетіледі [31].

Ше­шім­ маз­мұнына қара­ған­да, еуропа­лық­ деле­гат­тар ба­сым­ бол­ған съезд ұлт­тық­ автономия­дан­ гөрі аумақтық­ автономияны жақ­та­ған­ға ұқ­сай­ды, себебі, еуропа­лық­тар өкі­мет­ билігі өз қолы­мыз­ға көшеді деп­ сенеді.

Жер­гі­лік­ті ха­лық­тың саяси бел­сенділігі­нің­ артуы жағ­дайында 1917 жылдың 16–22 сәуір күн­дері Таш­кент­те Түр­кі­стан мұ­сыл­мандары­ның­ бі­рін­ші құ­рыл­тайы өтеді. О­ған­ қа­зақ­, өз­бек­, та­тар­, тү­рік­мен, қыр­ғыз ха­лық­тары­ның­ өкіл­дері ре­тін­де 150 деле­гат­ қатысады. А. Ха­лид­ бұ­л жиынды Түр­кі­стан халықтары ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ “ең биік шыңы” [32] деп­ баға­лай­ды. Құрылтайды Уа­қыт­ша үкі­мет­тің және Түр­кі­стан жұ­мыс­шылары мен­ солдаттары депу­тат­тары кеңесі­нің­ ө­кіл­дері құт­тық­тай­ды [33]. О­ның­ төралқасына Мүнәуар Қари, У­бай­дол­ла Қожаев, Таш­пу­лат­ Нар­бутабе­ков­, Ш. Шагиахме­дов­, А.-3. Валиди­мен­ бір­ге М. Шо­қай­ да сай­ланады.

Съезде Түр­кі­стан өлкесі мұ­сыл­мандары­ның­ орта­лық­ кеңесі (ТӨ­МОК­), немесе Ұлт­тық­ Орта­лық­ сай­ла­нып­, о­ның­ құрамына М. Шо­қай­ (төраға), А.-3. Валиди (хат­шысы), Мах­муд­қожа Бех­буди, У. Қожаев, Мүнәуар Қари Абдура­шид­ха­нов­, Аса­дол­ла Қожаев, Нә­сір­хан Төре, С. Ла­пин­, Таш­пу­лат­ Нарбутабе­ков­, Ш. Шагиахме­дов­, С. Ақаев, Ә. Оразаев, А­бид­жан Мах­муд­, М. Ты­ныш­паев, О­раз­ Сер­дар­ және т. б. енеді.

Ұлт­тық­ Орта­лық­ құра­мын­дағы А.-З. Валиди – баш­құрт, Ка­бир­ Баки­ров­ (“У­луғ­ Тур­ке­стан” газеті­нің­ иесі) – та­тар­, А. Э­фен­дизаде (Таш­кент­те шыға­тын­ “Тү­рік­ елі” газеті­нің­ ре­дак­торы) – әзір­бай­жан­, О. Сер­дар­ – тү­рік­мен е­кен­ді­гін­ ес­кер­сек, бұ­л ұйым­ның­ Түр­кі­стан­ның­ тәуел­сіз­дігі ү­шін­ бар­лық тү­рік­ тек­тес халық­тар­дың­ кү­ш-жіге­рін­ жұ­мыл­дыруға ба­ғыт­ ұстаға­нын­ бай­қай­мыз­. Орталықтың жар­ғысы бой­ынша “Шуро-и-Исламия”, “Рав­на­кул­-Ис­лам­”, “Талаба­лар­ жамияты” т. б. ұйым­дар­, әлеу­мет­тік-эт­ностық­ е­рек­ше­лік­теріне қара­ма­стан, об­лыс­тық, уез­дік­ және қала­лық­ ке­ңес­те­рін­ құ­райт­ын­ болады және Орта­лық­ шуроға бағынады. Ұлт­тық­ орта­лық­тың бө­лім­шесіне: Фер­ғана облысын­да Нә­сір­хан Төре, Са­мар­қан облы­сын­да О. Сер­дар­, Сыр­дария облысын­да Ш. Шагиахме­дов­, Жетісуда М. Ты­ныш­паев бас­шы­лық­ етеді.

Құ­рыл­тайда сөз­ ал­ған­дар жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың автономияға ұмтылысы жө­нін­де, өз ә­дет­-ғұр­пын, ө­мір­ сал­тын сақ­тағысы келе­тін­дігі туралы мә­лім­деме­лер­ жа­сай­ды, Түр­кі­стан­ның­ саяси болашағы, өкі­мет­ билігі, а­зық­-түлік­пен қам­тама­сыз­ ету, жер­-су, бі­лім­ мәселелері тал­қыланады. Делегаттардың­ назары негізі­нен­ Ре­сей­дегі оң­тай­лы бас­қару фор­масы мен­ Түркі­стан мұ­сыл­мандары­ның­ бі­рың­ғай ұйымға бірігуі мәселелеріне ауады. А.-З. Валиди “Мем­ле­кет­тік бас­қару және оны ұйым­дас­тыру” де­ген­ баяндамасын­да федерация идеясына тал­дау жа­сай­ды. Баяндамашыға қар­сы шық­қан Сад­ри Мақ­суди, “У­луғ­ Тур­ке­стан” газеті­нің­ ре­дак­торы К. Баки­ров­ Ресей­дің­ де­мок­ратия­лық­ рес­публика бо­лып­ жариялануы­ның­ тиімділі­гін­ дәлелдеуге тырысады. Сол­ ке­зең­де М. Шо­қай­ да мұ­сыл­ман­дар­ жер­-су мәселесін­ жеке-дара бас­қаруға дай­ын е­мес­, сол­ се­беп­ті о­лар­ ә­зір­ше мәде­ни-ағар­ту сала­сын­дағы автономия­мен­ шек­тел­ген­дігі дұ­рыс­ деп­ е­сеп­тейді. Сонымен­ деле­гат­тар аумақтық­ автономия мен­ ұлт­тық­-мәде­ни автономияны жақ­таушы­лар­ға бөлінеді.

Ақы­рын­да Құ­рыл­тай Ре­сей­ конс­титуциясы­ның­ де­мок­ратия­лық­ және федера­тив­тік п­рин­цип­тер­ге, мұ­сыл­ман­дар­дың бас­қа ха­лық­тар­мен­ тең­ құқылығына не­гіз­делуін құп­та­ған­ ше­шім­ қа­был­дайды [34]. Бұ­л жағ­дай Ре­сей­ де­мок­ратия­лық­ федера­тив­тік рес­публикасы құра­мын­да Түр­кі­станға аумақтық­ автономия берілу жө­нін­дегі та­лап­тың ал­ғаш­қы рет­ қой­ылуы деуге болады.

Сәуір айы­ның­ і­шін­де бел­гілі заң­гер Ш. Шагиахме­дов­ке Түр­кі­стан автономиясы­ның­ жоба­сын­ дай­ындау тап­сырылады. Бұ­л құ­жат­ты ә­зір­леуге М. Шо­қай­ да кө­мек­ береді және ол өлке­нің­ автономия ре­тін­де жариялануына ба­ғыт­тал­ған­ жұ­мыс­тың құ­рам­ды бөлігі еді. 27 тармақтан­ тұра­тын­ Түр­кі­стан Федерациясы жө­нін­дегі жоба құ­рыл­тай қар­са­ңын­да “У­луғ­ Тур­ке­стан” газе­тін­де жарияланады. Автономия мәселесі жө­нін­де құ­рыл­тайда нақ­тылы ше­шім­ қабылданбағаны­мен­, деле­гат­тар жобаны кеңі­нен­ тал­қы­лай­ды.

М. Шо­қай­дың­ өзі де Түр­кі­станда федера­тив­тік автономия құру жө­нін­дегі идея­ның­ Түр­кі­стан мұ­сыл­мандары­ның­ бі­рін­ші құ­рыл­тайында сөз­ бол­ға­нын­ айт­ады. “Біз­ Бү­кіл­ре­сей­лік­ құ­рыл­тай жиналысы түр­кі­стан­дық­тар­дың­ талаптарын­ о­рын­дайды де­ген­ үл­кен­ ү­міт­те бол­дық. Мұ­сыл­ман­дар­ Түр­кі­стан бола­шақ­ Ре­сей­ федера­тив­тік рес­публикасы құрамына тең­ құқылы бөлігі ре­тін­де енуі жө­нін­дегі ұ­станым­да бол­ды” дей­ді. Яғ­ни М. Шо­қай­, жал­пы ал­ған­да ұлттық­-мәде­ни автономияны жақ­таушы ре­тін­де кө­рін­гені­мен­, мем­ле­кет­тің саяси құрылы­сын­ ұйым­дас­тыру мәселе­сін­де Ә. Бө­кей­ха­нов­тың ұстаны­мын­да бол­ға­нын­ бай­қай­мыз­. Федера­тив­тік мем­ле­кет­ті ол да тең­ құқылы мем­ле­кет­тер жиынтығы деп ұғынады.

Құ­рыл­тайға қатысушы­лар­ды баура­ған­ эйфория а­лай­да мұ­сыл­ман қозғалысы­ның­ өз і­шін­дегі қай­шы­лық­ты жасыра ал­май­ды. Қоз­ға­лыс­ жетекшілері­нің­ бар­лығы да автономия­ның­ қа­жет­тілі­гін­ мой­ын­дай­ды, бі­рақ­ әртүр­лі топ­тар о­ған­ жету жол­дары жө­нін­де бі­рың­ғай пі­кір­ді ұ­стан­байды. А. Халид­тің “жә­дит­тер­дің­ көп­шілігі мәде­ни автономия жа­ғын­да бол­ды” [35] деуі Ақ­пан­ төң­керісі­нен­ кейінгі жағ­дайға сай­ кел­мейді. Бұ­л ке­зең­де жә­диттер ықпа­лын­дағы ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы автономия мәселе­сін­де екіге жары­лып­, аумақтық­ автономияны жақ­таушы­лар­ басым көп­шілік бол­ған­ еді. Федера­лис­тер мен­ у­нита­рис­тер­дің­ арала­рын­дағы пі­кір­та­лас­тар 1917 жыл­ғы ма­мыр­ айы­ның­ 1–11 күн­дері Мәс­кеуде өт­кен­ Бү­кіл­ре­сей­ мұ­сыл­мандары­ның­ бі­рін­ші құрылтайында жал­ғасады. О­ған­ қа­зақ­тар­дан­ Ж. Дос­мұхаме­дов­, К.Төгі­сов­, А.Темі­ров­, М. Жұмабаев, У. Тана­шев­ және т. б. қай­рат­кер­лер­ қатысады. Ә. Топчибашы Уа­қыт­ша үкі­мет­тің мұ­сыл­ман­дар­дың та­лап­-ті­лек­теріне мән­ бермей о­тыр­ғандығына на­зар­ ауда­рып­, “біз­дің жан­ ай­қайы­мыз­ға құ­лақ­ асады де­ген­ ү­міт­те­міз­” десе, У. Қожаев пат­ша өкіметі­нің­ о­тар­шыл­дық­ саяса­тын­ сын­ға а­лып­, о­рыс­тар­дың­ о­лар­ды тең­ құқылы ха­лық­ ре­тін­де е­сеп­те­мей­ о­тыр­ғандығына тоқ­талады [36]. Түр­кі­стан делегациясы­ның­ төрағасы У. Қожаев Түр­кі­станға ұлт­тық­-автономия­лық­ ста­тус­ құқығы берілуі ке­рек­ е­кен­дігіне бұл­тарт­пас­ дәлел­дер кел­тіреді. “Бұ­л жер­дегі саяси пі­кір­лер екіге жары­лып­ о­тыр­... Мұсылман­дар­дың көп­шілігі құ­райт­ын­ Кав­каз­, Түр­кі­стан мен­ Қазақ­стан­ ү­шін­ федерация­лық­ жүйе қо­лай­лы. Біз­дің­ өз мүд­делері­міз­ді қор­ғауға то­лық­ құқы­мыз­ бар­. Федерация­лық­ жүйеге қар­сы деле­гат­тар өз дә­лел­дері ре­тін­де: а) бұ­л жүйенің­ антиде­мок­ратия­лық­ сипа­тта­ е­кен­ді­гін­ алға тар­тады. Бі­рақ­ о­лар­ АҚШ-тың­ мем­ле­кет­тік құрылысы­ның­ де­мок­ратия­лық­ сипа­тын­ жоқ­қа шығара ал­май­ды, Құрама Ш­тат­та­рдағы­дай­ жүйе еш­бір­ елде жоқ­; б) федерация­лық­ жүйе орнар­ бол­са, мұ­сыл­ман­дар­дың қуаты бөл­шекте­ніп­, әл­сіз­денеді дей­ді. Бұ­л да жаң­сақ пі­кір­. Федерация мүшесі бо­лып­ табыла­тын­ еш­бір­ мем­ле­кет­тің есігі жабыл­майды, мем­ле­кет­тер­дің­ бір­-біріне есігі а­шық­ болады. Ал, мұ­сыл­ман­дар­ Ре­сей­ пар­ла­мен­тінде бір­ кү­ш құра алады...

Біз­дер­, түр­кі­стан­дық деле­гат­тар, съезге ке­лер­ ал­дын­да феде­рация­лық­ жүйеде болуға ше­шім­ қа­был­да­ған­быз, сон­дай-ақ біз­дің ме­кен­ ет­кен­ аймағы­мыз­ Ре­сей­дің­ үш­тен­ бір­ бөлі­гін­ құ­райт­ын­дық­тан­ бұ­л тұжырымы­мыз­ды қол­дайды деп­ ойла­ған­быз...

У­ни­тар­лық жүйені қол­даушы­лар­ біз­дің өзі­міз­ді-өзі­міз бас­қаруы­мыз­ға қар­сы ке­ліп­ о­тыр­. Бұ­л пі­кір­лер Нико­лай­ пат­ша­ның­ ұстанымына ұқ­сас­” [37] деп­, ол ашына сөй­лей­ді. Ре­сей­дің­ де­мок­ратия­лық­ рес­публика бо­лып­ жариялануын деле­гат­тар­дың­ бәрі қол­дайды, а­лай­да о­ның­ у­ни­тар­лық, не федера­тив­тік негізінде құрылуы төңіре­гін­де ымыраға келе ал­май­ды. Түр­кі­стан­ның­ автономия алуы осы мәселе­нің­ шешілуіне бай­ла­ныс­ты еді. Ке­ліс­пеуші­лік­тің бір­ сыры ұлттық­ қоз­ға­лыс­ же­тек­шілері­нің­, о­лар­дың і­шін­де М. Шо­қай­дың­ эт­ностық­ бірегей­лік­ тақыры­бын­ түр­ліше пай­ымдауында болатын. Ұлт­тық­-мәде­ни автономияны қолдаушы­лар­, әсіресе, Ре­сей­дің­ федера­тив­тік рес­публика бо­лып­ жариялануы мұ­сыл­ман­дар­дың бір­лігі­нің­ орнына қа­зан­дық, қы­рым­дық, башқұрт­тық­, ә­зір­бай­жан­дық т. с. с. бө­лік­тер­дің­ пай­да болуына әкеледі, ал, бұ­л бол­са о­тар­лық сая­сат­тың бір­ көрінісі іс­пет­тес деп­ е­сеп­тейді. А. Цали­ков­ ә­зір­ше ұлт­тық­-мәде­ни автономия­ның­ жет­кі­лік­тілі­гін­ айт­ып­, Пет­рог­рад­тан­ М. Шо­қай­ға же­дел­хат салады. М. Шо­қай­ Ре­сей­ өкіметі Түр­кі­стан­ның­ ө­зін­-өзі бас­қаруына жол­ бере қой­май­ды, он­дай­ та­лап­ қою о­рыс­тар­мен­ тіке­лей­ текеті­рес­ке әкеледі деп­ ой­лай­ды.

Мұн­дай ұ­станым­ның так­тика­лық­ ә­діс­ е­кен­дігі, Ре­сей­ Федерациясы құрамын­да тең­ құқылы мем­ле­кет­ ре­тін­де жариялануы мәселе­сін­ Бү­кіл­ре­сей­лік­ құ­рыл­тай жиналысына қал­дыра тұру қа­жет­тілігі жө­нін­дегі сая­сат­кер­дің­ ішкі сыры кейін а­нық­талады.

Деле­гат­тар мем­ле­кет­тік құры­лыс­ жө­нін­дегі мәселені тал­қы­лай­ ке­ліп­, мұсыл­ман ха­лық­тарына Ре­сей­ де­мок­ратия­лық­ федера­тив­тік рес­публикасы құра­мын­да ұлт­тық­-аумақтық­ автономия берілуін жақ­тап шығады. Федералистер 446, у­нита­рис­тер 271 дауыс алады. Де­ген­мен екі топ­тың арасындағы ке­ліс­пеуші­лік­тің өрбуіне жол­ бер­меу мақ­са­тын­да Мәс­кеуде Мұсыл­ман Орта­лық­ Кеңесі (Мил­ли Шуро) құрылады. О­ның­ атқару комитеті Пет­рог­радта ұйым­дас­тыры­лып­, ол мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ ал­дын­да тұр­ған саяси іс­тер­ді рет­теу­мен­ шұ­ғыл­данады [38]. Түр­кі­стан деле­гациясы­ның­ төрағасы У. Қожа­евтың­ Мұ­сыл­ман құ­рыл­тайындағы ұстанымы Түр­кі­стан ұлттық­ қоз­ғалысы же­тек­шілері­мен­, ең алды­мен­ “бас­қа көз­қа­рас­та” бол­ған М. Шо­қай­мен­ ал­дын­ ала келі­сіл­ген болуы ке­рек­, себебі ол “біз­дер, түркістандық деле­гат­тар, съезге ке­лер­ ал­дын­да федерация­лық­ жүйені қол­дауға ке­ліс­кен­біз”­ дей­ді. М. Шо­­қай­ Құ­рыл­тай­дың­ материалда­рын­ на­зар­ аудара отырып­ о­қып­ шық­қан­нан­ кейін ол туралы бы­лай­ деп­ жазады: “1917 жыл­ғы төңке­ріс­тен кейін біз­ бар­лығы­мыз­ федера­лиз­м мен­ у­нита­риз­м де­ген­ саяси сырқат­тың­ ықпа­лын­да бол­дық”, о­ның­ бас­ты себебі “Ре­сей­ төң­ке­ріс­шілеріне сен­ген­дік­тен­ еді”.

1917 жыл­ туралы есте­лік­те­рін­де ол осы ойын то­лық­тыра түседі: “Съезд хат­тамасы және о­ған­ қа­тыс­қан куә­гер­лер­дің­ сөз­дері бо­й­ынша, онда Ре­сей­ден­ бөліну туралы бір­де-бір­ дауыс ес­тіл­меді. Съезде Ре­сей­дің­ федера­тив­тік республика бо­лып­ құрылуына қар­сы дауыс­тар­ да ес­тіл­меді. Федерацияны жақтау бү­кіл­ре­сей­лік­ де­мок­ратияға сенуші­лік­ ре­тін­де жүр­гі­зіл­ді. Кейін азғана уа­қыт­ ө­мір­ сүр­ген түр­лі ұлт­тық­ еге­мен­ді үкі­мет­тер­дің­ тәжірибесі, бір­ жағы­нан­, о­рыс­ революция­лық­ де­мок­ратиясына біз­дің жал­пы сенімі­міз­дің қателі­гін­, екінші жағы­нан­, әр­бір­ өлке және әр­бір­ ха­лық­ өз мем­леке­тін­ құ­рып­, оны өз күші­мен­ империализм­нің­ шең­гелі­нен­ а­ман­ сақ­тап қала ала­тын­дығы туралы түсі­нік­тің те­ріс­ті­гін­ көр­се­тіп­ бер­ді”.

Бү­кіл­ре­сей­ мұ­сыл­мандары­ның­ е­кін­ші құ­рыл­тайында (Қа­зан­ қаласы, 1917 жыл­дың 21–31 шіл­десі) Түр­кі­стан мен­ қа­зақ­тар ме­кен­де­ген­ об­лыс­тарда бас­қару фор­масы туралы мәселені шешу осы ай­мақ­ ха­лық­тары­ның­ өздеріне тапсырылады [39].

Ақ­пан­ революциясы жарияла­ған­ де­мок­ратия­лық­ п­рин­цип­тер­ мен­ о­дан­ кейінгі қо­ғам­дық-саяси да­му­дың­ п­рак­тикасы ара­сын­дағы қай­шы­лық­тар­дың­ шиеленісуі бары­сын­да Түр­кіс­тан­ автономиясы идеясының өлке­нің­ жер­гі­лік­ті тұр­ғындары­ның­ қо­ғам­дық санасына ықпалы арта түседі. Осы­ған­ о­рай­ Бүкілресей­ құ­рыл­тай жиналысына сай­лау науқаны Түр­кі­стан қоға­мын­ үл­кен­ қоз­ға­лыс­қа әкеледі. Құ­рыл­тай жиналысына сай­лау жө­нін­дегі ережені дайындауға, о­ған­ бар­лық тұр­ғындардың­ қатысуын қам­тама­сыз­ етуге, ү­гіт­-насихат­ жұ­мыс­та­рын­ жүр­гізуге М. Шо­қай­, Мүнәуар Қари және т. б. қайраткерлер­ көп­ тер­ төгеді. Сай­лау бары­сын­да жер­гі­лік­ті ха­лық­ пен­ өкі­мет­ билігі арала­рын­дағы өлке­нің­ болашағы туралы көз­қа­рас­тар қай­шылығы айқындала түседі.

М. Шо­қай­ ха­лық­ты Бү­кіл­ре­сей­лік­ құ­рыл­тай жиналы­сын­да түп­кі­лік­ті шешілуі тиіс автономия жариялау жоспарын­ даярлауға бар­ кү­ш-жіге­рін­ жұмсайды. Та­мыз­-қыр­күйек айларына дейін ол автономияны бұрын­ғыша кең­ кө­лем­де ұғынады, оны федерация­ның­ тең­ құ­қық­ты бөлігі бол­маса да, доми­нион дең­гейінде көреді.

Мұс­тафа­ның­ өзі­нің­ жазуынша, Бү­кіл­ре­сей­лік­ орта­лық­ (феде­рация­лық­) өкі­мет­ке сырт­қы сая­сат­, қар­жы, те­мір­жол және қор­ға­ныс­ мәселелері қарау керек­ те, ал қо­ғам­дық ө­мір­дің бар­лық қал­ған салалары Түр­кі­стан­ның­ билі­гін­де қалады деп­ ұғынылады.

Шіл­де айы­ның­ аяғы мен­ та­мыз­ айы­ның­ бас­ ке­зін­де Пет­рог­радта М. Шоқай­ Уа­қыт­ша үкі­мет­тің бір­неше мүшесі­мен­ сұх­батта­сып­, құ­рыл­тай жиналы­сын­да Түр­кі­стан автономия­сын­ қол­дайт­ын­дығы туралы о­лар­дың уәдесін­ алады. Түр­кі­стан­ның­ өз і­шін­де бұ­л мәселеде М. Шо­қай­ды көп­тен бер­гі досы, Фер­ғана жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­та­ры кеңе­сін­де үл­кен­ рөл­ атқарып­ жүр­ген социа­лист-революцио­нер­ В. А. Чай­кин­ қол­дайды. Ол Ақ­пан­ төң­керісі­нен­ кейін осы ұйым­ның­ төрағасы, Бү­кіл­ре­сей­лік­ құ­рыл­тай жиналысының­ төрағасы бо­лып­ сай­лан­ған еді.

Ке­зін­де ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тың кей­бір­ қай­рат­керлері, әсіресе А.-З. Валиди және қа­зір­гі уа­қыт­та о­лар­дың пі­кір­леріне сүйен­ген­ кейбір зерт­теуші­лер­ М. Шоқай­ аумақтық­ автономияны жақ­тай­т­ыны туралы бір­ден а­шық­ мә­лім­деме жасама­­ды, мұның өзі о­ның­ саяси ұстанымы­ның­ “сол­қыл­дақ­тығын” көрсетті дейтін, бай­ыбына бар­ма­ған­, шын­дыққа кере­ғар­ пай­ымдау­лар­ға жол­ береді. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ “е­гер­ мен­ автономия жариялауға қар­сы бол­сам, не­лік­тен мені Ұлт­тық­ конг­рес­тің төрағасы е­тіп­ сай­лады? Е­гер­ үкі­мет­ құрамына ен­гіз­генге дейін автономия жариялауға қар­сы бо­лып­ кел­сем, қа­лай­ша мен­ Автономия жариялау туралы қарарды құ­рас­ты­рып­, оны жария ет­тім­” [40] дей­ді.

Автономия мәселе­сін­ қоярда Мұс­тафа о­ған­ жету­дің­ объек­тив­тік және суб­ъек­тив­тік фак­торла­рын­ мұқият зерт­тей­ді. О­ның­ автономия мәселесіне сақтық­пен­ қарауы осы се­беп­тен. Мұс­тафа­ның­ және о­ның­ жақ­тастары­ның­ автономия жариялау жө­нін­де бір­ден а­шық­ мә­лім­деме жасау­дан­ тар­тын­шақ­тауы Түр­кі­стандағы жағ­дайға бай­ла­ныс­ты еді. Оны әсіресе кадр­лар­дың жетіспеушілігі а­лаң­датады.

“Қа­жет­ті ма­ман­дар­сыз­ және тех­ника­лық­ күш­тер­сіз­ қан­дай да жақ­сы идея бос­ сөз­ бө­лып­ қалады” деп­ жазады ол. Соны­мен­ бір­ге ол ке­зең­де Түр­кі­станды а­шар­шы­лық­ жайлаған бола­тын­. Өлкеге ас­тық­ жет­кізі­ліп­ тұра­тын­ те­мір­жол орыс­ үкіметі мен­ о­рыс­ жұ­мыс­шылары­ның­ қо­лын­да еді. Ең ма­ңыз­ды мәселелердің бірі санала­тын­ Таш­кент­тегі боль­ше­вик­тер билігі жө­нін­де де түркі­стан­дық­тар­дың өз іште­рін­де бірауызды­лық­ бай­қал­майды. Мұн­дай жағдайда автономияны бір­ден жария­лай­ салу Ке­ңес­ өкіметіне со­ғыс­ жариялаумен­ тең­ еді, ал бұ­л өзіңе өз хал­қыңды өлтіруші рө­лін­ алу бо­лып­ саналар­ еді” [41] дей­ді М. Шо­қай­.

Мұс­тафа әлеу­мет­тік-экономика­лық­ және қо­ғам­дық-саяси негізі­сіз­ тек­ ұлттық­ ынта мен­ тал­пы­ныс а­зат­тыққа жет­кіз­бей­ді деген пікірі­нің­ дұ­рыс­ты­ғын­ өзі­нің­ саяси қар­сы­лас­тары­мен­ жүр­гіз­ген­ та­бан­ды кү­рес­ бары­сын­да та­лай­ рет­ дә­лел­деді. Ха­лық­тың саяси да­й­ындығы­ның­, ұйымдасуы мен­ күрес­ тәжірибесінің­ же­тіс­пеу­шіл­ігіне бай­ла­ныс­ты Уа­қыт­ша үкі­мет­пен, о­ның­ өлкедегі органы Түркістан комитеті­мен­ о­дақ­тас­тық­ қа­рым­-қаты­нас­тар орнату, жұмысшы және сол­дат депутаттары ке­ңес­тері­мен­ а­шық­ текеті­рес­ке бар­мау тактика­сын­ ұстанды, ең алды­мен­, жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың ауыз­бір­лі­гін­, автономия идеясы төңіре­гін­де топ­тасуын ны­ғайт­уға ұмтылды.

То­лық­ тәуел­сіз­дік жө­нін­де әңгіме қылу­дың­ өзі ол ме­зет­те мүм­кін е­мес­тін­. “Ол уа­қыт­та Ресей­ден­ бөліну туралы мәселені қоюға да және оны қабылдауға да Түр­кі­стан дай­ын бол­майт­ын­” [42] дей­ді М. Шо­қай­.

Түр­кі­стан автономиясы идея­сын­ аса ұс­там­ды­лық­пен, өлке­дегі саяси күштер­дің­ арасал­ма­ғын­ е­сеп­ке ала оты­рып­ тұжы­рым­дауға ты­рыс­қан М. Шо­қай­ Таш­кент­ке кел­ген күн­нен бас­тап бас­қа ха­лық­тар­мен­ тең­ құқылы ө­мір­ сүруді наси­хат­тау және теория­лық­ тұр­ғы­дан­ не­гіз­деу­мен­ қа­тар, жер­гі­лік­ті бұқара халық­ты автономия­лық­ қоз­ға­лыс­қа бел­сенді түр­де қа­тыс­тыру ү­шін­ бір­неше бағыт­та нақ­тылы жұ­мыс­тар жүр­гізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет