Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі


Ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­қа бас­шылығы



бет4/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

2.2 Ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­қа бас­шылығы

Орта­лық­ ке­ңес­тің құрылуы және М. Шо­қай­дың­ о­ның­ төрағалығына сайлануы өлкедегі бір­-бірі­мен­ бай­ланысы әл­сіз­ мұ­сыл­ман о­дақ­тары мен­ комитет­тері­нің­ бас­та­рын­ бі­рік­ті­ріп­, ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ ұйым­дық­ негізін­ ны­ғайт­уға кең­ жол­ ашады. Жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ды ұлт­тық­ идея­лар­ төңіре­гін­де топ­тастыру оңай­ға түс­пейді. Сол­ ке­зең­де бір­ ғана Таш­кент­те не жар­ғысы, не бағ­дарламасы жоқ­ екі жүз­ге тар­та ұйым жұ­мыс­ іс­тей­ді [1].

Өлке­лік­ мұ­сыл­ман кеңесі бір­ тап­тың не пар­тия­ның­ органы е­мес­, бар­лық мұ­сыл­ман­дар­дың бас­шы органы ре­тін­де жұ­мыс­ іс­тей­ді. Осы се­беп­ті ха­лық­ арасын­да оны Ұлт­тық­ орта­лық­ деп­ те атады. О­ған­ бү­кіл­ түр­кі­стан­дық­тар­ атынан­ сөй­леуге, Уа­қыт­ша үкі­мет­пен және о­ның­ жер­гі­лік­ті органы Түр­кі­стан комитеті­мен­ ке­ліс­сөз­дер­ жүр­гізу құқығы беріледі [2].

Украина Халық Республикасының бұрынғы сыртқы істер министрі А. Я. Шульгин осы кезеңді еске алып, М. Шоқайдың “белсенділігі мен ел елдындағы беделі аса зор еді. Жастығына қарамастан (ол кезде отызға да толмаған еді) қайта өрлеген Түркістанның нағыз көсемі бола білді” [3] деп жазды.

Сәуір айында “Шуро-и-Исламияға” жал­пы мұ­сыл­ман бір­лігі идея­сын­ басшы­лық­қа ал­ған­ кей­бір­ дін­ иелері де қосылады және Ұлт­тық­ орта­лық­ ұйымдас­тыр­ған­ шара­лар­ға да қатысады. А­лай­да оқиға­лар­дың даму бары­сын­да ре­фор­ма­лар­ды жақ­таушы­лар­ мен­ көне ө­мір­ сал­тын ұ­стан­ған­дар­ ара­сын­дағы қаты­нас­тар бұзыла бас­тайды. Мұ­сыл­ман кеңесі бас­шылығы­мен­ жүр­гі­зіл­ген бірігу про­цес­і дін­ иелері тарапы­нан­ қар­сы­лық­тарға ұшы­рай­ды. О­лар­дың консерва­тив­тік бөлігі ұлт­тық­ де­мок­рат­тар­дың і­сін­ “Құ­дай­дан­ безуші­лік­” деп­ баға­лап­, мұ­сыл­ман­дар­ арасына Еуропа мәде­ниеті­нің­ таралуын сын­ға алады. Ал, дін­ иелері­нің­ де­мок­ратия­лық­ бөлігі М. Шо­қай­ төңірегіне топ­та­сып­, ұлт­тық­ тәуел­сіз­дікке, жал­пыа­дам­зат­тық­ құн­ды­лық­тарға не­гіз­дел­ген­ қо­ғам­дық құрылыс­қа бей­біт­, ре­фор­ма­лық­ жол­мен қол­ жет­кізуге болады деп­ е­сеп­тейді.

Осы мақ­сатта Мұс­тафа эт­ностық­, ді­ни қақ­ты­ғыс­тарға жол­ бер­меуге, шиеле­ніс­ті мәселе­лер­ді­ ке­ліс­сөз арқылы шешуге, саяси пар­тия­лар­ мен­ ұйымдар­дың араларын­дағы қаты­нас­тарды рет­теп отыруға кү­ш салады. Түр­лі кез­десу­лер­ мен­ жиын­дар­да алда кү­тіп­ тұр­ған қиыншы­лық­тар­дың­ табиға­тын­ ашып­ көр­сетуге, саяси ахуал­мен­ та­ныс­тыруға, ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тың кім­дерге арқа сүйеуі мүм­кінді­гін­ тү­сін­діруге тырысады.

Әсіресе, ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ мақ­сат-мін­детте­рін­ жер­гі­лік­ті ха­лық­ ара­сын­да наси­хат­тауда 1917 жыл­дың ма­мыр­ айында М. Шо­қай­дың­ тіке­лей­ басшылығы­мен­ “Бір­лік­ туы” газеті­нің­ ұйым­дас­тырылуын е­рек­ше ата­ған­ жөн­. Га­зет­ жұмысына Қ. Бол­ған­баев, С. Қожа­нов­, М. Дула­тов­, А. Мәме­тов­, Н. Құлжа­нов­, Ш. Сары­бай­ұлы, Қ. Күле­тов­, Ж. Басығараұлы, Е. Шәр­мен­тов, Б. Май­лин­ атсалысады.

1924 жыл­дың сәуір айында Т. Рыс­құ­лов­тың И. Ста­лин­ге жол­да­ған­ баяндама­сын­да: “Бұ­л га­зет­ті ұйым­дас­тырушы­лар­дың п­лат­формасы дәл­ме-дәл­ ала­шор­да­лық­тар­дың­ көз­қа­рас­тарына сәй­кес­ келеді. Бұ­л топ­ты әуел бас­та ұйымдас­тыр­ған­ да, о­ған­ бас­шы­лық­ жаса­ған­ да Мұс­тафа Шоқаев... Бар­лық­ “Бірлік­ туы” тобы та­бан­ды да се­нім­ді түр­де Шоқаев­тың­ және Құ­рыл­тай жиналысы­ның­, ал Түр­кі­стан мәселесі бой­ынша тәуел­сіз­ бур­жуазия­лық­ автономия, мұн­да да тәуел­сіз­ Ала­шор­да пар­тия­сын­ ұйым­дас­тыру платформасын­да тұр­ды” [4] деп­ жазады. Тұ­рар­ “Бір­лік­ туы”, “Қа­зақ­”, Ташкенттегі “У­луғ­ Тур­ке­стан” га­зет­тері­нің­ бір­ ұ­станым­да [5] е­кен­ді­гін­ де еске салады.

М. Шоқаев Түр­кі­стандағы оқиға­лар­ды Қа­зақ­ даласы­ның­ са­яси өмірі­нен­ бө­ліп­ қара­май­ды. А.-З. Валиди: “Қа­зақ­ хал­қы­ның­ көр­некті қай­рат­керлері: жазушы Ах­мет­ Б­айт­ұрсы­нов­, Шың­ғыс­ хан тұқымы­нан­ шық­қан, Бө­кей­ ордасының­ аса құр­метті адамы Ша­хин­ге­рей­ Сұл­тан­ Бө­кей­ха­нов­, Таш­кент­тен­ Мұс­тафа Шоқаев, Жа­һан­ша Дос­мұхаме­дов­ Тор­ғай облысы­ның­ ко­мис­сары Ғали­хан­ Бө­кей­ха­нов­тың рези­ден­ция­сын­да әртүр­лі жиын­дар­ өткі­зіп­ жүр­ді” деп­ жазады өз “Есте­лік­те­рін­де”. Мұн­дай бас­қосу­лар­да Түр­кі­с­тандағы жағ­дай­дың­ әңгіме өзегі бо­лып­ тұр­ғаны кү­мән­сіз.

Түр­кі­стан мен­ Қа­зақ­ дала­сын­дағы ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы о­шақ­тары­ның­ ара­сын­дағы бай­ла­ныс­ты ны­ғайт­уда М. Шо­қай­дың­ 1917 жылы 21–26 шіл­деде О­рын­борда өт­кен­ Бі­рін­ші Жал­пықа­зақ­ съезіне ар­най­ы ша­қыр­тылуы ма­ңыз­ды рөл­ атқарады. Съезд жұмысына Түр­кі­стан­нан­ Сан­жар­ Ас­фен­дия­ров­, Са­дық­ Өтеге­нов­, Әлмұха­мед­ Көтіба­ров­, Сұл­тан­бек Қожа­нов­, Қо­ңыр­қожа Қожы­қов­, Се­рік­бай Ақаев т. б. қа­зақ­ зиялылары қатысады.

М. Шо­қай­ сырт­тай­ Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ депу­тат­тығына кан­ди­дат­ және Бү­кіл­ре­сей­лік­ мұсыл­ман­дар кеңесіне депу­тат­ ре­тін­де бекітіледі.

Ақмола, Се­мей­, Тор­ғай, О­рал­, Жетісу, Сыр­дария, Фер­ғана об­лыс­тары және Бө­кей­ Ордасы­ның­ ө­кіл­дері қа­тыс­қан бұ­л жиында Ре­сей­дің­ федера­тив­тік пар­ламент­тік­ рес­публика бо­лып­ жариялануы, ал қа­зақ­ об­лыс­тары “қо­ныс­-ұлт өкіліне қа­рай­” об­лыс­тық автономия алуға тиіс [6] де­ген­ ше­шім­ алынады.

Мұ­ның­ өзі Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысына, о­ның­ же­тек­шілеріне үл­кен­ мораль­ды­қ қол­дау болады.

Соны­мен­ бір­ге осы кез­еңде ұлт­тық­ шет­ ай­мақ­тардағы саяси күш­тер арасын­да ажырасу, бірігу про­цес­тері жү­ріп­ жатады. 1917 жыл­дың 24 мамырында “Қа­зақ­” газе­тін­де қа­зір­гі саяси пар­тия­лар­ бағ­дарламалары­ның­ бірде-бірі қа­зақ­ қоғамы­ның­ мүд­делеріне жауап бере ал­май­ды деп­ мә­лім­деледі. Ка­дет­тер­дің­ VІІІ съе­зін­де Орта­лық­ коми­тет­тің құрамына сай­лан­ған Ә. Бөкейханов­ шіл­де айында осы пар­тия­дан­ шығаты­нын­ жария­лай­ды. О­ның­ бас­тамасы­мен­ Бі­рін­ші Жал­пықа­зақ­ съе­зін­де дер­бес ұлт­тық­ пар­тия­ның­ құрылатыны құ­лағ­дар етіледі.

Түр­кі­станда автономия идея­сын­ бәрі бір­дей қол­дағаны­мен­, о­ған­ жету тетік­тері мен­ жол­да­рын­ түр­ліше ұғынады. Осы­ның­ нәтиже­сін­де ұлт­тық­ қозғалыс­ екіге жары­лып­, С. Ла­пин­нің бас­қаруы­мен­ 1917 жыл­дың 4 шіл­де­сін­де Таш­кент­те “Шуро-и-Улема” (“Ғұлама­лар­ қоғамы”, “Жами'ат-и-Улема” де­ген­ аты­мен­ де таны­мал­) ұйымы құрылады [7].

“Шуро-и-Исламия” кей­бір­ дін­ иелері­нің­ “Шуро-и-Улемаға” кетуі­мен­ және о­лар­дың алдына қой­ған­ мақ­саты мен­ қыз­метіне қара­ған­да, ортаазия­лық­ қо­ғам­ды бел­сенді саяси ө­мір­ге оятуға ба­ғыт­ ұста­ған­ ин­тел­ли­ген­ция­ның­ алдыңғы қатарлы ө­кіл­де­рін­ бі­рік­тір­ген­ саяси пар­тия ре­тін­де әре­кет­ етеді және Ұлт­тық­ ке­ңес­тің бас­ты тірегі саналады.

М. Шо­қай­дың­ айт­уынша, С. Ла­пин­ бас­қар­ған­ “клери­кал­ды­қ орта­лық­тың” ықпалы, негізі­нен­, Таш­кент­пен­ ғана шек­теледі, ал ел­дің­ қал­ған бөлігі ол басқар­ған­ Ұлт­тық­ орта­лық­ты қол­дайды. Со­лай­ бола тұр­ғаны­мен­ екі ұйым арасын­дағы қай­шы­лық­ ұлт-а­зат­тық күресі­нің­ кү­шін­ әлсіретеді, Мұс­тафа­ның­ жұмысына көп­те­ген­ қиын­дық­тар туғызады.

А. Ха­лид­тің бер­ген бағасына қара­ған­да, С. Ла­пин­нің ұйымы “Түр­кі­стан қоғамы­ның­ бар­лық дәс­түрлі элиталары­ның­ мүд­деле­рін­ қор­ға­ған­ саяси ор­ган­ болады” [8]. “Жами'ат-и-Улема” не сол­, не оң о­рыс­ пар­тиялары­мен­ о­дақ­тасуға бейім та­ныт­пайды [9].

Ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­қа і­ріт­кі салуға әке­ліп­ о­тыр­ған “Улема­ның­” істеріне қарсы тұру ү­шін­ М. Шо­қай­ға бар­лық кү­ш-жіге­рін­, мәміле­гер­лік қабіле­тін­, беделін­ жұм­сауға тура келеді.

Жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың бі­раз­ бөлігі­нің­ қол­дауына ие бол­ған “Улема” шіл­де айында Түр­кі­станда тез­ арада Шариғат соты­ның­ енгізілуін та­лап­ етеді. Түрк­коми­тет­ о­ған­ келі­сім­ бере ал­май­ды, бі­рақ­ а­шық­ жауап беру­ден­ де бас­ тартады. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты күр­делі жағ­дай туын­дай­ды. С. Ла­пин­нің түр­лі петициялары мен­ жобала­рын­ қа­был­дағысы кел­ме­ген­ Тор­ғай, О­рал­, Се­мей­ облыс­тары­ның­ қа­зақ­тары ха­лық­тың ә­дет­-ғұр­пына сәй­кес­ сай­лаулы ха­лық­ сотының­ қа­жет­тігі жө­нін­де мә­лім­деме жа­сай­ды. М. Шо­қай­ енді көш­пелі және оты­рық­шы тұр­ғын­дар­ ара­сын­да жік­ тү­сір­тпеу­дің­ қамына кіріседі. “Революцияның­ қай­нап­ тұр­ған ша­ғын­да және жұ­мыс­шы және сол­дат депутаттары тарапы­нан­ тө­ніп­ тұр­ған қауіп­тің­ ке­зін­де – бұ­л де­ген­ саяси кү­рес­тің мүм­кін­дік­те­рін­ то­лық­тай жою мен­ революция ту­дыр­ған ү­міт­тер­ден­ мүл­дем айырылу­мен­ тең­ еді” деп­ жазады М. Шо­қай­.

М. Шо­қай­ автономия ү­шін­ кү­рес­тің аса қиын жағ­дайы­ның­ ө­зін­де о­ның­ ис­лам­ туы ас­тын­да жүр­гізілуін қала­май­ды, ис­лам­шыл­дық­ты қоз­ға­лыс­ тағдырына қауіпті деп­ е­сеп­тейді.

Тығы­рық­тан шығу жол­да­рын­ із­дес­ті­ріп­, М. Шо­қай­ Шариғат со­тын­ енгізу та­лап­тары­мен­ Таш­кент­ке ке­ліп­ жат­қан деле­гат­тар­мен­ ке­ліс­сөз­дер­ жүр­гізеді. Ақы­рын­да С. Ла­пин­ді Шариғат со­тын­ бір­ден енгізу жө­нін­дегі жоба­сын­ Уақытша үкі­мет­тің бекітуіне ұсыну­дан­ бас­ тар­та тұруға көн­діреді.

Мұ­нан­ бұрыны­рақ­, ма­мыр­ айында С. Ла­пин­ Ұлт­тық­ орта­лық­тың құрамымен­ ке­ліс­пейт­ін­ді­гін­ біл­ді­ріп­, Жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары­ның­ өлке­лік­ кеңе­сін­де о­ның­ мүшеле­рін­ “жал­ғана­тақ­ты­лар­” деп­ айып­тай­ды. С. Лапин­нің бұ­л сөзі “У­луғ­ Тур­ке­стан” газе­тін­де (1917, № 37) жарияла­нып­, ұлттық­ күш­тер ара­сын­да ауыз­бір­лікті ны­ғайт­уға те­ріс­ әсе­рін­ тигізеді. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ га­зет­ ре­дак­торына хат­ жол­дап, С. Ла­пин­ мә­лім­демесі­нің­ жал­ғанды­ғын­, Орта­лық­ ке­ңес­тің 1917 жыл­дың сәуір айында Түр­кі­стан өлкесі мұ­сыл­мандары­ның­ бі­рін­ші құ­рыл­тайында о­ның­ өзі­нің­ қатысуы­мен­ сайланғанды­ғын­ ха­бар­лайды.

Мұ­нан­ кейінгі уа­қыт­та да ТӨ­МОК­ құрамына сай­лан­ған


М. Шо­­қай­, У. Қожаев, С. Ақаев, Хидоят-бек­ Ағаев, Ә. Оразаев, Мех­мет­ Али Эфен­дизаде және т. б. мүшелеріне се­нім­ біл­діріледі.

М. Шо­қай­ С. Ла­пин­нің Орта­лық­ ке­ңес­ құра­мын­ қайт­а сай­лау жө­нін­дегі ұсыны­сын­ саяси кү­рес­ тәсілі­нен­ гөрі жеке мүд­дені жоғары қоюшы­лық­тың көрінісі ­деп баға­лай­ды. Осы­ған­ қара­ма­с­тан М. Шо­қай­ “Шуро-и-Исламия” мен­ “Жами'ат-и-Улема” ара­сын­дағы қаты­нас­тарды рет­теуге ар­най­ы топ­ құ­рып­, олар­ды тату­лас­тыруға әре­кет­тенеді. А­лай­да мұ­нан­ еш­бір­ нәтиже шық­пайды.


С. Ла­пин­ бас­та­ған­ топ­ “Шуро-и-Исламия­ның­” бір­лесе қи­мыл­дау жө­нін­дегі ұсынысы­нан­ бас­ тар­тады. Осы­дан­ кейін “Шуро-и-Исламия” “ше­тел­дік жаулармен ауыз жала­сып­, сол­ се­беп­ті өз і­сін­ өз қолына алу­дан­ бас­ тар­тып отыр­ған және мұ­сыл­ман­дар­дың п­рог­ресс жолына түсуін қала­майт­ын­ кей­бір­ мол­да­лар­ мен­ ескі функ­цио­нер­лерді” сын­ға ал­ған­ памф­лет­ жария­лай­ды.

Де­ген­мен идея­лық­ ұ­станым­дары­ның­ бірбеткейлігіне қара­ма­стан “Улема” қоғамы­ның­ мүшелері ха­лық­тың ұлт­тық­ сана-сезі­мін­ оя­тып­, эт­ностық­ бірегейлігі идея­сын­ ор­нық­тыруға, саяси бел­сенділі­гін­ арт­тыруға өз ү­лес­те­рін­ қосады. О­тар­лық жүйені қайт­а қал­пына кел­тіруге ты­рыс­қан ұлы дер­жава­лық­ шови­низм­ге қар­сы жер­гі­лік­ті ха­лық­ мүд­де­сін­ бас­ты қор­ғаушы Ұлт­тық орта­лық­ болады.

ТӨ­МОК­, ха­лық­ психология­сын­ бас­шы­лық­қа ал­ған­ “Улема­дан­” гөрі, ө­мір­ шын­дығына не­гіз­дел­ген­ бай­ыпты да әлде­қай­да тереңі­рек­ сая­сат­ жүр­гізеді.

1917 жыл­дың ортасына қа­рай­ Ұлт­тық­ орта­лық­тың ауыр жағ­дайға ду­шар­ болуы “Улема­ның­” ұлт­тық­ күш­терді ор­тақ­ мақ­сат төңіре­гін­де жұ­мыл­дыруға кедер­гі бол­ған әре­кет­теріне қоса, объек­тив­тік жағ­дай­лар­ға да бай­ла­ныс­ты еді. Соң­ғысы бұқара ха­лық­тың шек­тен тыс­ радика­лиз­мі мен­ саяси-тех­ника­лық­ күштері­нің­ әл­сіз­дігі­нен­ туын­дайт­ын­.

Патша­лық­ би­лік­тің ке­нет­тен жой­ылуы мен­ көтері­ліс­ ру­хын­дағы Түркістан тұр­ғындары­ның­ кө­ңіл­ ауаны ұлт­тық­ ү­міт­-арма­нын­ бір­ден жүзеге асыруға болады деген сенімде болды, о­лар­ды өлке­нің­ Ре­сей­ден­ бөлі­ніп­ кетуі жө­нін­дегі ба­тыл­ идея­лар­ қой­ған­ “Улема” жағына шығуға и­тер­ме­лей­ді. “Е­гер­ ТӨ­МОК­ ал­ғаш­қы Жал­пы­түр­кі­стан­ құ­рыл­тайында Түр­кі­стан­ның­ тәуел­сіз­дігі туралы мәселені қой­ған­ бол­са, о­ған­ бірауыз­дан­ дауыс берілетініне еш­бір­ кү­мән­ жоқ­ еді” [11] дей­ді М. Шо­қай­. Бі­рақ­ Өлке­лік­ мұ­сыл­ман кеңесі бұ­л қа­дам­ға бармайды, ол ө­зін­ автономия жақ­тасы ре­тін­де ғана ха­бар­лайды. Ол аса сақтықпен­ қи­мыл­дап, өз жиында­рын­да автономия туралы мәселені а­шық­ қоймай­ды. Бар­лық­ мәселе­нің­ шешілуі Бү­кіл­ре­сей­лік­ құ­рыл­тай жиналысына қал­дырылады.

“Сол­ ке­зең­де ТӨ­МОК­ өзі­нің­ ұлт­тық­ бағ­дар­ла­ма­сын­ дереу іске асыруға кіріс­кен жағ­дайда о­ған­ бү­кіл­ о­рыс­ элемент­теріне, әсіресе, Жұ­мыс­шы және солдат депу­тат­тары кеңесіне қар­сы күресуге тура келе­тін­ еді. Е­гер­ күш­тері жеткі­лік­ті бол­са, түр­кі­стан­дық­тар­ кү­рес­тен тай­ын­бас­ та еді” [12] дей­ді М. Шоқай­. Он­дай­ кү­ш жоқ­ еді, сол­ се­беп­ті Орта­лық­ ке­ңес­ көп­ жағ­дайда о­рыс­ революция­лық­ де­мок­ратия ор­ган­дары не ұ­сын­са, соны­мен­ қана­ғат­тануға мәжбүр болады.

Е­кін­ші жағы­нан,­ Орта­лық­ ке­ңес­тің о­рыс­ де­мок­ратиясына мәж­бүр­лік­тен се­нім­ артуы Түр­кі­стан­ның­ п­рог­рес­шіл­ және революция­лық­-ұлт­тық­ ниеттегі жас­ ұрпа­ғын­ кү­н са­нап­ өзі­нен­ қа­шық­тата түседі.

О­рыс­ та­рих­нама­сын­да 1917 жыл­дың жазына қа­рай­ Түр­кі­стандағы жағдай­дың­ шиеленісуіне жауап­кер­ші­лік­ті М. Шо­қай­ мен­ о­ның­ жақ­тастарына, ұлт­тық­ ұйым­дар­ға артуға, боль­ше­вик­тер­дің­ шови­нис­тік саяса­тын­ “саяси кү­рес­ тәжірибесі­нің­ және идея­лық­ дай­ындығы­ның­ жоқ­тығы­мен­” [13] тү­сін­діруге тырысушы­лық­ о­рын­ а­лып­ келеді.

Мұн­дай сы­ңар­жақты­лық­қа еш­бір­ не­гіз­ жоқ­. Қайт­а М. Шо­қай­ бар­лық жиын­дар­да, бас­па­сөз­ бет­те­рін­де өздері­нің­ ұлт­тық­ мүд­делері­нің­ жүзеге асырылуы­ның­ революция­ның­ нығаюы­мен­, Ре­сей­дегі революция­лық-демократия­лық­ өзгеріс­тер­дің сал­та­нат­ құруы­мен­ ты­ғыз­ бай­ла­ныс­тылы­ғын­ наси­хат­тау­мен­ болады, а­дам­зат­тың­ а­зат­тық мұ­рат­тары­н, ді­ни се­нім­ мен­ сөз­ бостандығы идеяла­рын­ қол­дайды.

А­лаш­ зиялылары да о­сын­дай ұ­станым­да болады, себебі Қа­зақ­ даласындағы ахуал Түр­кі­станға ұқ­сас­ еді. М. Шо­қай­ 1917 жыл­дың сәуі­рін­де Орын­борда бол­ған ке­зін­де 1916 жыл­ғы көтері­ліс­ же­тек­шілері­нің­ бірі Әбдіға­пар­ Жан­босы­нов­пен әңгімесі­нен­ ал­ған­ әсе­рін­ бы­лай­ша баян­дай­ды: “Хан­ның­ өзі де және о­ның­ э­мис­сарлары да ма­ған­ ұс­там­ды а­дам­дар болып кө­рін­ді. Бі­рақ­ о­лар­, Орта­лық­ Түр­кі­стан кө­мек­ қо­лын­ соз­са, дала­лық­ об­лыс­тың Ре­сей­ден­ бір­ден бөлі­ніп­ шығатынына сен­ді” [14]. Бұ­л жер­де де ол қан­дай да сая­сат­тың мүмкіндік­терге не­гіз­делуі ке­рек­тігіне сен­ді­ріп­, басу айт­ады.

М. Шо­қай­дың­ ұлт­тық­ мақ­сатқа ре­фор­ма арқылы жетуге ба­ғыт­тал­ған­ байыпты саясатына, әсіресе, Түр­кі­стан­ жас­тары, кү­мән­мен қа­рай­ды. Революцияны о­рыс­тар­дан­, о­лар­дың жұ­мыс­шылары мен­ сол­даттары­нан­, қо­ныс­ аударушы мұ­жық­тары­нан­ айыра қой­ма­ған­ ха­лық­ шешуші қа­дам­дар жасауды та­лап­ етеді. О­лар­дың тарапы­нан­ неғұ­рлым­ қы­сым­ көр­ген сай­ын көтері­ліс­ кезінде әб­ден­ қал­жыра­ған­ ха­лық­ ді­ни се­нім­ге бой­ ұрады, сол­ғұр­лым­ “Улеманың­” беделі арта түседі.

Ымыраға келуді ойла­ған­ және тұр­ғын­дар­ды қар­сы қой­ып алмауға ұмтылған Орта­лық­ ке­ңес­ “Жами'ат-и-Улемаға” қар­сы а­шық­ кү­рес­ те жүр­гізе ал­май­ды. Бі­рақ­ М. Шо­қай­ “Улема­мен­” дін­ мәселе­сін­де келі­сім­ге келуді жөн­ көр­мейді.

Қазы­лар­ соты жө­нін­дегі уағда­лас­тыққа қол­ жет­кізуі Орта­лық­ ке­ңес­тің беделі­нің­ артуына ә­кел­гені­мен­, і­зін­ше Таш­кен­т қала­лық­ сай­лауында “Улеманың­” же­ңіс­ке жетуі [15] Түр­кі­стан комитеті мен­ Өлке­лік­ жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары кеңесі­нің­ о­ған­ қар­сы шабуылға шығуына түрт­кі болады.

Осы­лай­ша үш ба­ғыт­та жұ­мыс­ істе­ген­ Ұлт­тық­ орта­лық­ бір­шама жетістіктер­ге де қол­ жет­кізеді. О­ның­ мүшелері Мәс­кеу мен­ Қа­зан­да өт­кен­ Бүкіл­ре­сей­лік­ мұ­сыл­ман­дар­ құ­рыл­тайына қаты­сып­, автономия жө­нін­де те­рең­ маз­мұнды баяндама­лар­ (У. Қожаев) жа­сай­ды. Таш­кен­т қала­лық­ думасы құрамына енеді.

Сәуір айында М. Шо­қай­ мен­ Т. Нар­бутабе­ков­ Түрк­коми­тет­тің жаны­нан­ құ­рыл­ған Е­рек­ше ко­мис­сия­ның­ құрамына енеді. Мұны о­лар­ ел өмі­рін­ демократия­лан­дыруға ба­ғыт­тал­ған­ шара­лар­ды жүзеге асыру жай­лы Уа­қыт­ша үкі­мет­ті де, Түрк­коми­тет­ті де ха­бар­дар етуге пай­даланады.

Жетісу қа­зақ­та­рын­ қыр­ғын­нан­ құт­қару ү­шін­ Түр­кі­стан айма­ғын­дағы мұсыл­ман сол­дат­тар­дың май­дан­ға жіберілуін тоқ­тату, қа­зақ­-қыр­ғыз­дан­ таланған мал­-мү­лік­терді иелеріне қайт­ару, бұзақы­лар­ды, қаш­қын о­рыс­ солдатта­рын­ ел шеті­нен­ шығару т. б. шара­лар­ды жүзеге асыру мәселелері қарас­тырылады. О­лар­ 1917 жыл­дың 2–5 тамы­зын­да Таш­кен­т қала­сын­да өт­кен­ Түр­кі­стан аймағы қа­зақ­-қыр­ғыздары­ның­ съе­зін­де және Сыр­дария облысы қазақ­-қыр­ғыздары­ның­ кеңе­сін­де тал­қыланады. Бұ­л жыл­дарда өлкеде орыстардың­ қо­ны­стануы, мек­теп, сот­, дін­, бас­па­сөз­ т. б. қа­зақ­ қоғамы ү­шін­ өзек­ті тақы­рып­тар төңіре­гін­де пі­кір­ алысылады [16].

Түр­кі­стан аймағы қа­зақ­-қыр­ғыздары­ның­ съе­зін­де жер­гі­лік­ті тұрғындардың жер­ге сұранысы бір­жолата ше­шіл­генге дейін о­лар­дан жер­ алудың­ тоқ­татылуы, о­лар­дан бұ­рын­ а­лын­ған жер­лер­дің­ қай­т­арылуы, қа­зақ­-қырғыз­дар­ды қыр­ғынға ұшырату­дың­ тоқ­татылуы ү­шін­ о­рыс­ қо­ны­станушылары мен­ сол­датта­рын­ қару­сыз­дандыру жө­нін­де ше­шім­ алынады.

Деле­гат­тар Ре­сей­дің­ федера­тив­ті де­мок­ратия­лық­ ел бо­лып­ құрылуын қалайт­ын­ды­ғын­, қа­зақ­-қыр­ғыз­дар­ға аумақтық­ автономия берілуін мә­лім­дейді.

Жина­лыс­қа Әулиеата, Перовс­к, Чер­няев, Таш­кен­т, Әнди­жан­ қазақтарының­ 81 өкілі қатысады. Жина­лыс­тың құр­метті төрағасы Сейі­джа­пар­ Ас­фен­дия­ров­, төрағасы М. Ты­ныш­паев, о­ның­ се­рік­тері Ибра­гим­ Қасы­мов­, Алда­бек­ Ман­гел­дин болады, о­лар­дан бас­қа төралқаға Қ. Қожы­қов­, С. Ақбаев, С. Өтеге­нов­, Д. Кенеса­рин­ енеді, хат­шы­лар­ ре­тін­де З. Сей­да­лин­, Ш. Қапсаламов­ және С. Қо­жа­нов­ сай­ланады.

Мұ­ның­ өзі а­тал­мыш ө­ңір­ қа­зақ­-қыр­ғыздары­ның­ М. Шо­қай­дың­ және ол бас­қа­рып­ о­тыр­ған Ұлт­тық­ орта­лық­тың саясатына то­лық­ қол­дау көрсеткендерінің­ бел­гісі еді.

Екі жиын­ның­ да алдына қой­ған­ мін­деті елде бо­лып­ жат­қан оқиға­лар­ға өз ө­кіл­дері арқылы қа­зақ­-қыр­ғыз жұр­ты­ның­ тіке­лей­ қатысуын қам­тама­сыз­ ету болды.

Съезде де, Сыр­дария об­лыс­тық жиналы­сын­да да Бү­кіл­ре­сей­ құ­рыл­тай жиналысына он бес­ а­дам­ның қата­рын­да М. Шо­қай­ да депу­тат­тыққа кан­ди­дат­ ре­тін­де ұсынылады [17]. Жиында өлкедегі қа­зақ­тар мен­ қыр­ғыз­дар­дың іс-әрекет­те­рін­ үй­лес­ті­ріп­ отыру мақ­са­тын­да Түр­кі­стан өлкесі қа­зақ­-қырғыздарының­ орта­лық­ кеңесі атты қо­ғам­дық-саяси ұйым құру туралы ше­шім­ қа­был­данады. О­ның­ құр­метті төрағалығына М. Шо­қай­ сай­ланады [18].

А­лай­да бұ­л орта­лық­ құрамы тез­ арада а­нық­та­лып­, жұ­мыс­қа кірі­сіп­ кете ал­май­ды, тек­ бірді-екілі жиын­ өткізу­мен­ шек­теледі.

Түрк­коми­тет­тің қыз­метіне көңілі тол­ма­ған­ М. Шо­қай­ Ұлт­тық­ орта­лық­ талап­та­рын­ Уа­қыт­ша үкі­мет­ алдына қояды. 1917 жыл­ғы шіл­де айы­ның­ ая­ғын­да Мәс­кеуде өт­кен­ Мем­ле­кет­тік ке­ңес­ жұмысына, 4–7 та­мыз­да Пет­рог­радтағы губер­ния ко­мис­сарлары­ның­ съезіне қатысады. Съезге М. Шо­қай­дан­ бас­қа, Ә. Бө­кей­ха­нов­, М. Ты­ныш­паев та шақырылады. Пет­рог­радта Уа­қыт­ша үкі­мет­ төрағасы А. Ф. Керенс­кий­мен­ кез­де­сіп­, Түр­кі­стандағы жағ­дайды баян­дай­ды, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың құ­қын­ қор­ғау жай­лы өз пі­кір­ле­рін­ біл­діреді.

Осы сапары бары­сын­да ол Орта­лық­ ке­ңес­тің ше­шім­деріне сәй­кес­, бас­қа да мәселе­лер­ бой­ынша ке­ліс­сөз­дер­ жүр­гі­зіп­, Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ ұйымдарымен­ ал­дын ала ке­ліс­пей тұ­рып­ өлкеде қан­дай да бол­сын саяси реформа жүр­гізбеу туралы уағда­лас­тыққа қол­ жет­кізеді. Уа­қыт­ша үкі­мет­ мүшелері­мен­ бол­ған оты­рыс­тарда Түрк­коми­тет құрамына У. Қожаев пен­ Ш. Шагиахме­дов­ті енгізуді та­лап­ етеді.

Пет­рог­рад­тан­ о­рал­ған­нан­ кейін М. Шо­қай­ Ұлт­тық­ орта­лық­тың кеңейтілген мәжілі­сін­ өткізеді. О­ған­ об­лыс­тық ұлт­тық­ орта­лық­тар­дың­ төрағалары, Таш­кен­т “Шуро-и-Исламия” ұйымы­ның­ төрағасы, “Улема­ның­” бас­шысы С. Ла­пин­ қатысады. Жина­лыс­та М. Шо­қай­дың­ жаңа ахуал жағдайындағы Ұлт­тық­ орта­лық­тың іс-қимылы­ның­ бағ­дарламасына ар­нал­ған баяндамасы тың­далады.

15 та­мыз­да Таш­кент­те Түр­кі­стан қа­зақ­тары­ның­ Орта­лық­ кеңесі­нің­ ұйымдас­тыруы­мен­ Жетісу оқиғаларына бай­ла­ныс­ты демонс­трация өтеді. О­ған­ ша­һар­дағы өз­бек­, қа­зақ­, но­ғай­, қыр­ғыз тұр­ғындары қатысады. О­лар­ Жетісудағы қыр­ғынды тоқ­татуды та­лап­ е­тіп­, Түрк­коми­тет­ пен­ Өлке­лік­ жұ­мыс­шы және солдат депу­тат­тары­ның­ кеңесі орна­лас­қан үй­лер­дің алдына барады [19].

Түр­кі­стан мен­ Қа­зақ­ дала­сын­дағы ең ө­зек­ті мәселе­лер­дің бірі – жер­ қатынас­тары еді. Бұ­л о­рай­да да Мұс­тафа бұ­л мәселені о­рыс­ қоныстанушыларымен, о­лар­ға қол­дау көр­се­тіп­ о­тыр­ған о­рыс­ жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары­мен­ ке­ліс­сөз­дер­ арқылы шешуге тырысады.

Ол Ре­сей­де жер­ мәселесі­ әлеу­мет­тік, тап­тық-саяси си­пат­та, ал Түркістанда ұлт­тық­-саяси си­пат­та ­деген тұжы­рым­ жа­сай­ды. Мұ­нан­ ол өлкедегі саяси күш­тер ара­сал­мағы­ның­ эт­ностық­ шекара­лар­ бой­ынша жү­ріп­ жатқандығын­, ұлтара­лық­ а­раз­дық­тың­ қо­ғам­дық ө­мір­ді ре­фор­малауға кесі­рін­ тигізеті­нін­ жақ­сы ұғынады. Сол­ се­беп­ті Мұс­тафа жер­гі­лік­ті ха­лық­ пен­ о­рыс­ қоны­станушылары ара­сын­дағы қаты­нас­тың шиеленісуіне жол­ бер­меу, Құрылтай жиналысына дейін о­лар­ды бір­ ымыраға кел­тіру мақ­са­тын­да о­рыс­ шаруалары мен­ ка­зак­тар­дың­ өлке­лік­ ке­ңес­те­рін­ бі­рік­ті­ріп­, та­мыз­ айында “Түркі­стан өлкесі қа­зақ­ және о­рыс­ шаруалары депу­тат­тары ке­ңес­тері­нің­ атқару комите­тін­” құруға атсалысады. Он екі а­дам­нан тұра­тын­ бұ­л ұйым мүшелері болып­ М. Шо­қай­, Ә. Көтіба­ров­, Т. Рыс­құ­лов­, Т. Жанұзақов­ т. б. сай­ланады.

Коми­тет­тің бі­рін­ші отыры­сын­да Мұс­тафа о­ның­ екі төрағасы­ның­ бірі болып­ бекітіледі. Ол о­рыс­ қо­ны­станушылары­ның­ жер­гі­лік­ті ха­лық­қа шапқыншы­лық­та­рын­ тоқ­татуды та­лап­ е­тіп­, жұ­мыс­шы және сол­дат депутаттары­ның­ алдауына ермеуге шақырады. Бі­рақ­ осы ша­ғын­ та­лап­тар­дың­ өзі о­рыс­ қо­ны­станушыла­рын­ қана­ғат­тан­дыр­майды, о­лар­ бұ­рын­ғыша Түркістандағы өз үс­тем­ді­гін­ заң­дастыруға ұмтылады.

Бұ­л ұйымда жұ­мыс­ істеу М. Шо­қай­ға Қа­зақ­-қыр­ғыз орта­лық­ кеңесі­нің­ әлсіз­ді­гін ­де көр­се­тіп­ береді.

Уа­қыт­ша үкі­мет­тің Түр­кі­стан комитеті мен­ Өлке­лік­ жұ­мыс­шы және солдат депу­тат­тары кеңесі­нің­ би­лік­ ү­шін­ тайт­ала­сын­да ТӨ­МОК­ конституциялық­ өкі­мет­ органына қол­дау көр­се­тіп­ оты­рады. А­лай­да о­лар­дың екеуі де Түр­кі­стан мүд­делері­нен­ туын­дайт­ын­ не­гіз­гі та­лап­тарды қанағаттандыр­майды. Қо­ныс­ аудару, жер­ мәселеле­рін­де екеуі де ескі Ре­сей­ саяса­тын­ жүр­гізеді, осы­ған­ бай­ла­ныс­ты о­лар­дың екеуі де ха­лық­ наразылы­ғын­ туғызады. Екі құры­лым­ да түр­кі­стан­дық­тар­дың армия қатарына шақырылуына қар­сы шығады, о­лар­дың қолына қару бер­гісі кел­мейді.

Осы­ған­ қара­ма­стан М. Шо­қай­ Уа­қыт­ша үкі­мет­тің төрағасы А. Ф. Керенский­ге Түр­кі­стан өлкесі қа­зақ­-қыр­ғыздары­ның­ кеңесі аты­нан­ мынадай­ же­дел­хат жол­дайды: “Мем­ле­кет­ басына туып тұр­ған қиын да екіта­лай­ за­ман­да қа­зақ­ хал­қы өзара қыр­қысқа бас­тап жүр­ген азғырушы­лық­тың соңына ер­мей­ді. Бо­стан­дық, тең­дік жо­лын­ қуат­тайт­ын­ Уа­қыт­ша үкі­мет­ке қолы­нан­ келгенше жәр­дем көр­се­тіп­, кү­ш беруге һәр­ уа­қыт­та даяр. Қа­зақ­ хал­қы бостандық­қа қар­сы қи­мыл­ қылушы­лар­ға шын­ көңілі­нен­ дұш­пан һәм­ өз арасында ол сы­қыл­ды жұ­мыс­ бол­мауына иманы мы­ғым­. Ай­мақ­ қа­зақ­-қыр­ғыз сәуеті­нің­ төбе ағасы Мұс­тафа Шоқаев”.

Ол Уа­қыт­ша үкі­мет­ті, о­ның­ Түрк­комите­тін саяси күш­тер­дің­ арасалмағына бай­ла­ныс­ты қол­дап, қол­паштауға мәж­бүр бол­ған­дық­тан барады. Мұс­тафа­ның­ кейіні­рек­ жаз­ған бір­ еңбе­гін­де “ақ о­рыс­, қы­зыл­ о­рыс­ – бәрі о­рыс­” деуі сырт­қы күш­тер­дің­ ха­лық­тың басына ба­қыт­ орната қой­майт­ы­нын білгендіктен­, о­рыс­ де­мок­ратиясы­ның­ “шапағатына” сене қой­маға­нын­ біл­діреді.

1917 жыл­дың мау­сым­ айында Түр­кі­стан жұ­мыс­шылары мен­ сол­дат депутат­тары­ның­ съезі ө­тіп­, онда елдегі а­зық-тү­лік­ мәселесі көтеріледі. Ашаршы­лық­ қаупі­нің­ төнуіне бай­ла­ныс­ты а­зық­-тү­лік­ті бөлу ко­мис­сиясы құрылады. О­ның­ құра­мын­дағы о­рыс­ пар­тиялары мен­ ев­рей­ Бун­ды­ның­ ө­кіл­дері а­зық­-тү­лік­ті тек­ еуропа­лық­тар ара­сын­да бөлу керек деп ше­шім­ шығарады. Съезге қа­тыс­қан Орта­лық­ ке­ңес­тің деле­гат­тары У­бай­дол­ла Қожаев пен­ Әбдрахман Оразаев­тың­ ұлт­тар­ды бұ­лай­ша алалаушы­лық­қа қар­сы шық­қанына қара­ма­с­тан, жұ­мыс­шы­лар­дың социал-де­мок­ратия­лық­ ұйымы­ның­ төрағасы “жер­гі­лік­ті ха­лық­ бәрі­бір­ құруға ду­шар­, оны Ре­сей­ден­ кел­ген кө­мек­ құт­қара алмай­ды” [20] дей­ді.

А­шар­шы­лық­, әсіресе, қа­зақ­тар ара­сын­да кең­ е­тек­ алады, 25–28 та­мыз­да Мәс­кеуде өт­кен­ Мем­ле­кет­тік ке­ңес­те ә­зір­бай­жан­ қай­рат­кері Ә. Топ­чибашы бар­лық мұ­сыл­ман ха­лық­тары аты­нан­ қа­зақ­ хал­қы­ның­ басы­нан­ кеші­ріп­ о­тыр­ған қасіреті жө­нін­де, Қы­тай­ жеріне қаш­қан көтері­ліс­ші­лер­дің сек­сен үш мыңы­ның­ ө­лім­ге ду­шар­ бол­ғанды­ғын­ айт­ып­ береді [21].

Мұс­тафа­ның­ бас­шылығы­мен­ жұ­мыс­ істе­ген­ Орта­лық­ ке­ңес­тің қадамдарына Түр­кі­стан комитеті жөн­ді қол­дау көр­сете ал­май­ды, ол қайт­а ұлттық­ күш­тер­дің­ саяси бел­сенділігі­нің­ артуына се­нім­сіз­дік­пен қа­рай­ды. Оны осы Коми­тет­тің әскери ко­мис­сары Якубо­вич­тің Уа­қыт­ша үкі­мет­ке жол­да­ған­ хаты­нан­ а­нық­ бай­қауға болады. “Түр­кі­стан комитеті тарапы­нан­ жал­пы басшылық­сыз бұ­рын­ғы ә­кім­ші­лік­ ұйым­ның­ қал­дықтары дұ­рыс­ жұ­мыс­ іс­тей­ алмай­ды және түр­лі революция­лық­ коми­тет­тер­дің­ жік­шіл­дік­ тал­пы­ныс­тары ауыз­дық­тал­май­ды. Мұн­дай ахуал­дың­ көп­ке созылуы мүм­кін е­мес­ және әрқашан­ да ді­ни не­гіз­де бірігуге бейім Түр­кі­стан­ның­ мұ­сыл­ман бұқарасы­ның­ ұйымдасуына әкеледі” [22] дей­ді ол.

О­рыс­ пол­ков­нигі­нің­ бұ­л сөзіне қара­ған­да “о­рыс­ де­мок­ратиясы” өкілдерінің­ өздері де, қан­дыба­лақ­ Куро­пат­кин се­кіл­ді, бас­ты қауіпті жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дан күтеді.

Осы жағ­дай­лар­ды көре де біле тұр­ғаны­мен­ М. Шо­қай­дың­ ал­дын­да таң­дап а­лар­ бас­қа жол­ жоқ­ еді. Ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­қа бас­ты қауіп о­рыс­ Жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары кеңесі тарапы­нан­ тө­ніп­ тұр­ға­нын­ ескере оты­рып­, ол жергілік­ті тұр­ғын­дар­ қол­дауына ие болуға, соны­мен­ бір­ге леги­тим­ді би­лік­ органы – Түрк­коми­тет­тің саясатына ық­пал­ етуге тырысады.

1917 жыл­дың 1 шіл­де­сін­де Уа­қыт­ша үкі­мет­тің Түрк­комитеті­нің­ ал­ғаш­қы құрамы өз өкі­лет­ті­гін­ тап­сы­рып­, отс­тав­каға кетуіне бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ өз қыз­ме­тін­ жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары билігі­нің­ орнауына жол­ бер­меуге және “Жами'ат-и-Улема” тарапы­нан­ қол­дау тауып о­тыр­ған оң­шыл­ о­рыс­ элемент­тері­нің­ ықпалына тос­қауыл қоюға ба­ғыт­тайды.

1917 жыл­дың та­мыз­ айында М. Шо­қай­ “Шуро-и-Исламия­ның­” мақ­саты мен­ мін­детте­рін­, елдегі саяси жағ­дайды ха­лық­қа тү­сін­діру мақ­са­тын­да Самарқан және Фер­ғана об­лыс­та­рын­да бо­лып­, бір­неше кез­десу­лер­ өткізеді.

Оң­нан­ және сол­дан төн­ген о­рыс­ қаупіне қар­сы бір­дей кү­рес­ жүр­гізуге күш жет­пей­ді. Мұн­дай жағ­дайда М. Шо­қай­ бір­ ғана ә­діс­тің қал­ғанына көзі жетеді, ол – Түрк­коми­тет­ құрамы­ның­ қай­т­а­дан­ сұ­рып­талуы және о­ның­ рөлі­нің­ күшеюіне ба­ғыт­тал­ған­ шара­лар­ды жүзеге асыру бола­тын­. Мұс­тафа Уа­қыт­ша үкі­мет­тің төрағасы Г. Ль­вов­қа Түр­кі­стан комитеті мүшелері­нің­ жар­тысына жуы­ғын­ мұ­сыл­ман­дар­дан сай­лау жө­нін­де [23] же­дел­хат жө­нел­теді. Түрккомитет­ құрамына Түр­кі­стан автономиясына оң көз­бен қа­райт­ын­ кандидатура­лар­ кіруіне қол­дау көр­сетеді. Коми­тет­ төрағалығына жер­гі­лік­ті халық­ ара­сын­да бе­дел­ді, өзі­мен­ дос­тық қа­рым­-қаты­нас­тағы В. А. Чай­кин­ді ұсынады.

1 (8) шіл­деде Уа­қыт­ша үкі­мет­ В. А. Чай­кин­ді Түрк­коми­тет­тің төрағасы етіп­ сай­лау жө­нін­де жар­лық шығарады.

Боль­ше­вик­тер ко­мис­сары А. Я. Пер­шин­ және о­ның­ жақ­тастары, Өлке­лік­ жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары­ның­ кеңесі, тіп­ті, “Жами'ат-и-Улема” да жер­гі­лік­ті ха­лық­тың бола­шақ­та ө­зін­-өзі билеуге құқылы е­кен­ді­гін­ мойындағаны ү­шін­ В. А. Чай­кин­ге қар­сы шығады. Осы се­беп­ті ол 23 шіл­деде Түрк­коми­тет­тің төрағалығы қыз­меті­нен­ бас­ тар­тады.

М. Шо­қай­дың­ мұн­дай қа­дам­ға бар­мауын сұра­ған­ же­дел­хаты­нан­ ештеңе шық­пайды. “Түр­кі­стан өлке­лік­ мұ­сыл­ман­дар­ кеңесі өзде­рін­ де­мок­рат­тар­ деп атайт­ын­дар­дың­ Сіз­ге қауіп төн­діруіне ү­зіл­ді-ке­сіл­ді қар­сы­лық­ біл­діреді. Бас­ тарту жө­нін­дегі шешімі­ңіз­ді қайт­ып­ алуы­ңыз­ды өтіне­міз­ және Түрк­коми­тет­те қалуы­ңыз­ды сұ­рай­мыз­. Жауап күте­міз­” [24] делінеді онда.

Осы­дан­ кейін В. А. Чай­кин­ Мұс­тафаға: “Сіз­ді Түрк­коми­тет­тің құра­мын­да бол­ма­сам­ да, Түр­кі­стан аза­мат­тары­ның­ мүд­десі мен­ құ­қық­та­рын­ іске асыруға бар­лық кү­ш-жіге­рім­ді жұм­сайт­ын­дығыма сен­діре­мін­” [25] деп­ хат­ жол­дайды.

Бір­ ай­дан­ кейін Түрк­коми­тет­ төрағалығына мень­ше­вик­ В. П. На­лив­кин та­ғай­ындалады. Уа­қыт­ша үкі­мет­тің 31 та­мыз­дағы шешімі бой­ынша М. Шо­қай­ Түр­кі­стан комитеті­нің­ құрамына енгізіледі.

Түр­кі­стан хал­қы­ның­ тоқ­сан се­гіз­ пай­ызға жуы­ғын­ жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ құра­ған­дығы се­беп­ті о­рыс­тар өлке­нің­ бір­де-бір­ сай­лау окру­гін­де қала­лық­ думаға өз ө­кіл­де­рін­ өткізе ал­майт­ын­ еді. Осы жағ­дайды ес­кер­ген бұ­рын­ғы Ташкен­т уәлаяты­ның­ төрағасы, ка­дет­ Н. Г. Мал­лиц­кий сәуір айында Түр­кі­стан пар­ла­мен­ті мен­ қала­лық­ думаны о­рыс­ палатасы және жер­гі­лік­ті ұлт­тар­ палатасы деп­ екіге бөлуді ұсынады. Бұ­л а­ғыл­шын­дар­дың Үн­ді­стан және бас­қа да о­тар­ ел­дер­де жүр­гіз­ген­ жы­мыс­қы саясаты­ның­ түр­кі­стан­дық нұс­қасы болатын­. О­ған­ М. Шоқай­, Т.Нар­бутабе­ков­, Ш. Шагиахме­дов­ қар­сы шығады. Н. Г. Мал­лиц­кий 15 сәуірдегі Түрк­коми­тет­тің отыры­сын­да “жер­гі­лік­ті ха­лық­ саны­ның­ көп­тігі се­беп­ті өлкені бас­қару ісі бі­лік­сіз кадр­лар­дың қолына ө­тіп­ кетуіне әкеледі” деп­, ал­дын­ ала ә­пер­ба­қан­ мә­лім­деме жа­сай­ды. М. Шо­қай­ Маллиц­кийді тол­ғанды­рып­ о­тыр­ған кадр­лар­дың кәсіби дең­гейі е­мес­, орыстардың­ үс­тем­ді­гін­ сақ­тап қалу е­кен­ді­гін­ айт­ып­, бұ­л жоба іске асы­рыл­ған жағ­дайда ұлтара­лық­ қаты­нас­тар­дың­ болашағына үл­кен­ қауіп төне­тін­дігіне демок­рат­тар­дың кө­зін­ жет­кізуге тырысады. Ре­вол­юция­ның­ ал­ғаш­қы кезе­ңін­де бұ­л идея кү­н тәр­тібі­нен­ алы­нып­ тас­талады, бі­рақ­ өлкеде саяси қайшылықтардың­ те­рең­деуіне бай­ла­ныс­ты та­мыз­ айына қа­рай­ қайт­а жанданады. Енді социал-революцио­нер­ М. И. Сос­новс­кий­ Құ­рыл­тай жиналысына сай­лауды да ұлт­тық­ п­рин­цип негі­зін­де өткізуді ұсынады. М. Шоқай­ тағы да Орта­лық­ ке­ңес­ аты­нан­ ұлт­тық­ курия­лар­ бой­ынша бөлінуге қар­сы шығады. М. Шо­қай­ мұн­дай жоба­ның­ де­мок­ратия­лық­ п­рин­цип­тер­ге қайшы е­кен­дігіне на­зар­ аударады. Қала­лық­ дума­лар­ға және Құ­рыл­тай жиналысына ө­кіл­дерді жеке-жеке, о­рыс­тар және жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ бой­ынша сай­лау жобасына о­рыс­ хал­қы­ның­ революция­лық­ та, конт­рреволюция­лық­ топтары да қол­дау көр­сетеді. Бас­қаша сөз­бен айт­қанда, М. И. Сос­новс­кий­дің­ ұсыны­сын­ Түрк­коми­тет­ те жақ­тап шығады. М. Шо­қай­ е­гер­ бұ­л жоба қабылдана­тын­ бол­са, Түрк­коми­тет­ құрамы­нан­ шыға­тын­дығы жө­нін­де Уа­қыт­ша үкі­мет­ке ха­бар­лайды.

Жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары кеңесі­нің­ а­нар­хия­лық­ қи­мыл­да­рын­ ауыз­дық­тай алма­ған­ Түрк­коми­тет­ Уа­қыт­ша үкі­мет­тен кө­мек­ сұ­рай­ды. О­ған­ жауап ре­тін­де Уа­қыт­ша үкі­мет­ Түр­кі­стан өлке­сін­ бас­қару жө­нін­дегі бас­ комиссар және Түр­кі­стан әскери округі­нің­ қол­басшысы қыз­метіне гене­рал­ П. А. Ко­­ров­ни­чен­коны та­ғай­ын­дай­ды.

Түр­кі­стан комитеті Бас­ ко­мис­сар­дың­ жа­нын­дағы ке­ңесшілік си­пат­тағы ор­ган­ға айналады.

Уа­қыт­ша үкі­мет­тің бұ­л се­кіл­ді тө­тен­ше шараға жүгінуі өлкедегі би­лік­ті Жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары кеңесі­нің­ өз қолына ала бас­тауы­нан­ туындап­ еді. А­лай­да үкі­мет­тің Түр­кі­станда тәр­тіп орнатуға ба­ғыт­тал­ған­ іс-әрекеті тым­ кеш­ қал­ған-ды. Жер­гі­лік­ті ха­лық­қа се­нім­ біл­дірі­ліп­, ұлт­тық­ және аг­рар­лық мәселе­лер­ дұ­рыс­ шешіле бас­таса, әсіресе Құ­рыл­тай жиналысы мамыр­-мау­сым­ айла­рын­да өткізі­ліп­ жібе­ріл­се [26], әрине, мұн­дай жағ­дай қалып­таспа­ған­ бо­лар­ еді. Би­лік­ ү­шін­ кү­рес­тегі мұн­дай өзге­ріс­тер ел­дің­ саяси өміріне шешуші ық­пал­ жа­сай­ ал­май­ды. Коми­тет­ оты­рыс­та­рын­да М. Шо­қай­ ұсы­ныс­тары үнемі қар­сы­лас­тар­дың­ ке­дер­гілеріне ұшы­рай­ды. Коми­тет­ мүшелері­нің­ көп­шілігі жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дың әс­кер­ қатарына шақырылуына да, өлкедегі үнемі бү­лік­ шыға­рып­ жүр­ген Е­кін­ші Сі­бір­ ат­қыш­тар пол­кін та­тар­ сол­даттары­мен­ ал­мас­тыру жө­нін­дегі жобаға да қар­сы шығады.Тек­ жал­ғыз г­раф­ Г. И. Дор­рер­ ғана Түр­кі­стан­ның­ автономия­лық­ құ­қығын­ мой­ын­дай­ды.

Түрк­коми­тет­ М. Шо­қай­ мен­ Г. И. Дор­рер­ді біресе Фер­ғанаға, біресе Самар­қанға ісса­пар­ларға жібе­ріп­, өз оты­рыс­тарына қатыстырмауға әре­кет­ жасай­ды. Со­ның­ ө­зін­де де Коми­тет­тің жаңа құрамына Мұс­тафа Шо­қай­ енгеннен кейін о­ның­ жұмы­сын­да кей­бір­ ха­лық­ та­лап­та­рын­ о­рын­дауға бағыттал­ған­ шара­лар­ға бет­ бұрылады. О­лар­дың і­шін­де елді жай­лап­ бара жат­қан а­шар­шы­лық­ты ауыз­дық­тау ү­шін­ Сол­түс­тік Кав­каз­дан ас­тық­ жет­кізуге қар­жы із­дес­тіріле бас­тайды.

Орта­лық­ ке­ңес­тің бел­сенділігі­нің­ артуын әсіресе Жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары­ның­ кеңесі өз мүд­десіне қауіп ­деп қа­был­дайды. Ол жө­нін­де М. Шоқай­ бы­лай­ дей­ді: “Жаңа үкі­мет­ комите­тін­дегі тұң­ғыш та­быс­тары­мыз­ орыс­ қауымы­ның­ оң және сол­ қана­тын­дағы дұш­пандары­мыз­ды қат­ты қобалжытты. Екі жақ­ та біз­дің ұлт­тық­ қоз­ғалысы­мыз­дың ны­ғай­ып, кү­шейіп келе жат­қанынан қор­қа­тын­. Сол­шыл­дарға біз­ “ұлт­шыл­ керт­артпа­ та­рап­тар” болып­ көріне­тін­біз. Өйт­кені біз­ ұлт­тық­ мүм­кін­дік­тері­міз­ді өз қолы­мыз­ға алуға ұмтыла­тын­быз. Біз­дің­ осы мақ­саттары­мыз­ сол­ тұс­та оң­шыл­ о­рыс­тар­дың­ көзіне “қауіпті революция­шыл­ сі­лім­тік­тер­дің” мақ­саты бо­лып­ көріне­тін­. Біз­ді түрікшіл (пан­тюр­кис­т) деп­ айыптауда оң­шыл­дар мен­ сол­шыл­дар­ бір­ге еді” [27].

О­сын­дай жағ­дайда Ұлт­тық­ орта­лық­тың бас­тамасы бой­ынша 8–11 қыркүйекте Таш­кент­те Өлке мұ­сыл­мандары­ның­ е­кін­ші құ­рыл­тайы өтеді. О­ған­ Түр­кі­стан­ның­ бар­лық об­лыс­тары­нан­, Бұхара және Хиуа хан­дықтары­нан­ делегат­тар келеді.

Құ­рыл­тайда тал­қы­лан­ған бас­ты мәселе – өлкедегі өкі­мет­ билігі жө­нін­де: “Түр­кі­стан жал­пымұ­сыл­ман құ­рыл­тайы өкі­мет­ билігін­ Сол­дат­, жұ­мыс­шы және шаруа депу­тат­тары ке­ңес­теріне беруге қар­сы­лық­ біл­діреді. Өкі­мет­ коалициялық­ болуы тиіс, яғ­ни ел­дің­ бар­лық саяси күш­теріне сүйенуі ке­рек­... Тек­ сон­дай өкі­мет­ қана ел­дің­ ұлт­тық­ қор­ғаны­сын­ қам­тама­сыз­ е­тіп­, революция же­ңіс­те­рін­ ны­ғайт­а алады және елді дағ­да­ры­стан шығарады” [28] де­ген­ ше­шім­ қа­был­данады.

Жиында Орта­лық­ ке­ңес­ті кү­шейт­у, жер­-су, оқу-а­ғар­ту, Құ­рыл­тай жиналысына даяр­лық­, Жетісу мұ­сыл­мандарына кө­мек­ көр­сету, Түр­кі­стан аймағын­да бас­қару тәр­ті­бін­ бел­гілеу т. б. мәселе­лер­ қаралады.

Түр­кі­стан мұ­сыл­мандары­ның­ ІІІ құ­рыл­тайы іле-шала, сол­ жыл­дың 17–20 қыр­күйегі аралы­ғын­да өтеді. Негізі­нен­ ол “Жами'ат-и-Улема” қоғамы­ның­ бастамасы­мен­ шақырылады.

Өлкедегі саяси ахуал­дың­ шиеленісуі бар­лық де­мок­ратия­лық­ күш­тер­дің­ бірігуін қа­жет­ етеді. 13 қыр­күйекте М. Шо­қай­ өлке­лік­ ұйым­дар­ды, мұ­сыл­ман, сол­дат, жұ­мыс­шы және шаруа депу­тат­та­рын­ бі­рік­тіруге әре­кет­ жа­сай­ды [29].

А­лай­да бұ­л құры­лым­ Орта­лық­ ке­ңес­ төңірегіне топ­та­сып­, ұлт­тық­ мүд­де жо­лын­да қыз­мет іс­тей­ ал­май­ды. Боль­ше­вик­тер ұлт­тық­ ұйым­дар­дың та­лап­та­рын­ ес­кер­мей және ха­лық­ наразылы­ғын­ пай­далана оты­рып­, өкі­мет­ті күш­пен ба­сып­ алуға бағыт ұс­тай­ды. 12 қыркүйекте А­лек­санд­ровс­к пар­кінде жұ­мыс­шы­лар­ мен­ сол­дат­тар­дың ми­тин­гісі ұйым­дас­тыры­лып­, онда кәсіпо­рын­дарда жұ­мыс­шы бақылауын орнату, бар­лық өкі­мет­ билі­гін­ Ке­ңес­терге беру туралы қарар қабылданады. Митинг­іде он төр­т а­дам­нан тұра­тын­ Уа­қыт­ша революция­лық­ коми­тет­ сай­ланады.

Өкі­мет­ті ба­сып­ алу қаупі­нің­ төнуіне бай­ла­ныс­ты 16 қыр­күйекте “Шуро-и-Исламия­ның­” ш­таб­-пәте­рін­де Мұға­лім­дер қоғамы, Мұ­сыл­ман заң­герлері қоғамы, Мұ­сыл­ман жұ­мыс­шылары кеңесі, Түр­кі­стан федера­лис­тері пар­тиясы, Таш­кен­т мұ­сыл­ман әскери комитеті және т. б. ұйым­дар­дың қатысуы­мен­ жиналыс­ өтеді. Оны ұйым­дас­тырушы­лар­ боль­ше­вик­тік бү­лік­ті айып­тайт­ын­ қарар қа­был­дайды, бі­рақ­ нақ­тылы іс-қи­мыл­дар жө­нін­де бір­ келі­сім­ге келе алмай­ды.

Күз­ге қа­рай­ өлке­нің­ ірі кәсіпо­рын­да­рын­да, те­мір­жол ше­бер­ханалары мен­ әскери бө­лім­дерде боль­ше­вик­тер­дің­ өкі­мет­ билі­гін­ жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары ке­ңес­теріне беру және революция­лық­ коми­тет­тер құру жө­нін­дегі үгіті кү­шейе түседі. Таш­кент­те, Жаңа Бұхарада, Әнди­жан­да, На­ман­ганда, Қоқан­да, Ход­жент­те, Мар­ге­лан­да, Ашха­бад­, “Сан­то” мұ­най­ кә­сіп­шілі­гін­де, Сүлік­ті және Қы­зылқия кө­мір­ кен­де­рін­де ұйым­дас­қан жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары ке­ңес­тері­нің­ бар­лығы да негізі­нен­ еуропа­лық­ (сла­вян­, ев­рей­ т. б.) ха­лық­тар­дың­ ө­кіл­дері­нен­ тұрады. О­лар­дың ба­сым­ көп­шілі­гін­де өлкеде пролетариат дик­татурасы­ның­ орнатылуы о­рыс­ билігі­нің­ қал­пына кел­тірілуі мағына­сын­да қа­был­данады.

Түр­кі­стандағы жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары­ның­ ке­ңес­тері о­рыс­ қо­ны­станушыларына арқа сүйейді. Қарулы о­рыс­ жұ­мыс­шылары мен­ солдаттары жер­гі­лік­ті ха­лық­қа зор­лық-зом­бы­лық­ көр­сетуді, ма­лын­ ай­дап­ әкетуді ә­дет­ке ай­нал­дырады.

Сол­дат­тар ауыл­дар­ға ке­ліп­ ха­лық­ты тонау­мен­ айналысады, әйел-қыздарды зор­лайды. Жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары кеңесі­нің­ кей­бір­ өкілдері ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ же­тек­шілеріне қа­стан­дық­тар ұйымдастырады. О­лар­дың і­шін­де 1917 жыл­дың ма­мыр­ айында М. Шо­қай­мен­ Перовс­кіде ұшы­рас­қан, кейін Түр­кі­стан­ның­ ішкі іс­тер­ ми­нист­рі бол­ған есуастау жұ­мыс­шы В. Ага­пов­, бір­ мил­лионға та­ман­ қыр­ғыз­дар­дың (қазақтардың­. – К. Е.) өліміне кінәлі пош­та-те­лег­раф чи­нов­нигі Гер­жод­ секілділер­ көз­ге түседі. Мұс­тафа­ның­ Перовс­кіге келуін И. И. Гер­жод­ се­кіл­ді боль­ше­вик­ э­мис­сарлары аза бой­ы қаза тұ­рып­ қар­сы алады. Гер­жод­ өзі­нің­ “1917–1919 жыл­дардағы революция­лық­ оқиға­лар­ туралы есте­лік­те­рім­” де­ген­ қол­жазба­сын­да Мұс­тафаны Уа­қыт­ша үкі­мет­тің “ма­лай­ы” [30] деп­ бала­ғат­тап, өзі­нің­ қа­зақ­тарға қар­сы қаныпе­зер­лік әре­кет­те­рін­ ақтауға тырысады.

В. Ага­пов­ М. Шо­қай­ды “жер­гі­лік­ті ха­лық­ты революция­лық­ демократияның­ шек­сіз билігіне қар­сы қоюы мүм­кін” де­ген­ “айып­пен­” 21 мамыр­да Перовс­кіде өт­кен­ сол­дат­тар­ ми­тин­гісінде ө­лім­ жазасына кеседі [31].

Мұс­тафа­ның­ саяси қыз­ме­тін­дегі ең күр­делі мәселе­нің­ бірі о­рыс­ большевик­тері­нің­ әлеу­мет­тік және ұлт­тық­ ұ­ран­дарды жамы­лып­, мұсылмандардың бір­ бөлі­гін­ өз жағына тар­туға ба­ғыт­тал­ған­ демагогия­лық­ әрекет­тері еді. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты ол тап­тық идеология­ның­ ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­қа ықпа­лын­ а­зайт­у, “бай­” мен­ “ке­дей­ге” бөліну­дің­ қауіптілі­гін­ тү­сін­діру ү­шін­ нақтылы қа­дам­дар жа­сай­ды.

Бір­ жағы­нан­, ү­міт­ ар­тып­ кел­ген революция­лық­ де­мок­рат­тар­дың шарасыздығы, е­кін­ші жағы­нан­ Жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары кеңестерінің­ күшеюі жағ­дайында Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ күш­тері тарапы­нан­ бірлесе қи­мыл­дауға ниет біл­діріледі. Оны Тү­рік­ Федера­лис­тік пар­тиясы­ның­ қыз­меті­нен­ бай­қауға болады. Бұ­л пар­тия­ның­ бағ­дарламасы (maramnamаsі) мен­ жар­ғысы (nіsamnamasі) 1917 жыл­дың 23 тамы­зын­да қа­был­да­нып­, сол­ жылы Таш­кент­те ли­тог­рафия­лық­ памф­лет­ ре­тін­де жарияланады [32].

Пар­тия бағ­дарламасы жө­нін­де жаз­ған кі­ріс­педе жа­пон­ ғалымы Хисао Комацу 1917 жыл­дың ақ­пан­ және қа­зан­ айлары ара­сын­дағы ке­зең­де Түркістандағы саяси ахуалға си­пат­тама бе­ріп­, ұйым тарихы­ның­ не­гіз­гі кезеңдеріне тоқ­талады. Бұ­л пар­тияны ол “Шуро-и-Исламия” мен­ “Жами'ат-и-Улема” ұйымдары­ның­ ымыраға келуі нәтиже­сін­де пай­да бол­ды деп­ е­сеп­тейді [33]. Тү­рік­ Федерали­стік­ пар­тиясы негізі­нен­ 1911 жыл­ғы Ә­зір­бай­жан­ Муса­ват­ пар­тиясы­ның­ бағ­дарлама­сын­ бас­шы­лық­қа алады. Пар­тия­ның­ нақ­тылы қыз­меті жө­нін­де мағ­лұ­мат­тар аз. О­ның­ “Тьrk іlі” бас­па органы­ның­ Орта­лық­ ке­ңес­тің де органы бол­ғанды­ғын ­ес­кер­сек, бұ­л пар­тия М. Шо­­қай­дың­ жә­не­ о­ның­ серіктерінің­ ықпа­лын­да бол­ғанға ұқ­сай­ды. “Тьrk ili” газеті өмірі­нің­ қыс­қа болуына қара­ған­да, бұ­л пар­тия ауыз тол­ты­рып­ айт­ар­лық­тай­ іс бітіре қой­ма­ған­. Со­лай­ бола тұр­ғаны­мен­ Тү­рік­ Федера­лис­тік пар­тиясы­ның­ о­рыс­ саяси партиялары­нан­ тәуел­сіз­, ал­ғаш­қы және жүйелі саяси бағ­дарлама жасауға ұмтылы­сын­ жоқ­қа шығаруға бол­майды. Соны­мен­ бір­ге ол ха­лық­тың арасына авто­ном­ды Түр­кі­стан идея­сын­ таратуға да өз үле­сін­ қосады.

Пар­тия бағ­дарлама­сын­дағы ма­ңыз­ды тармақтар­ мына­лар­:

1) пар­тия­ның­ мақ­саты – Ре­сей­де феде­ралды­қ жүйеге не­гіз­дел­ген­ ұлт­тық­-аумақтық­ рес­публика құру;

2) Түр­кі­стан, Қыр­ғыз­стан­ (Қазақ­стан­), Кав­каз­ және Баш­құрт­стан­ның әрқай­сысына ұлт­тық­-аумақтық­ автономия, ал Е­діл­ және Қы­рым­ та­тар­лары, Ресей­де тұ­рып­ жат­қан бас­қа да тү­рік­ қауымдарына ұлт­тық­ автономия беру [34].

Пар­тия­ның­ бұ­л бағ­дарлама­лық­ ше­шім­дері­нің­ Мәс­кеу мен­ Қа­зан­да өт­кен­ Бү­кіл­ре­сей­ мұ­сыл­мандары, соны­мен­ бір­ге Түр­кі­стан мұ­сыл­мандары­ның­ бірінші және е­кін­ші құ­рыл­тайлары­ның­ қарарын, Ш. Шагиахме­дов­, М. Шо­қай­ және У. Қожаев ә­зір­ле­ген­ Түр­кі­стан Федерациясы жө­нін­дегі конс­титуция­лық­ жоба­ны­ бас­шы­лық­қа ал­ған­дығы көрінеді. Соны­мен­ 1917 жыл­дың күзіне қа­рай­ Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ күш­тері “федерация” және “автономия” маз­мұнда­рын­ толық­қа жуық а­нық­тайды.

Бір­лік­ке ұмты­лыс­ үрдісін “Жами'ат-и-Улема” ұйымы­ның­ өз іс-әрекеттерінен­ де көруге болады. М. Шо­қай­ “Улема­ның­” саяси бағ­дарламасы ұлт-а­зат­тық қоз­ғалы­сын­ әлсіре­тіп­, о­тар­шы­лар­дың “Шуро-и-Исламия­мен­” күресін­дегі құралына ай­нал­ды дегені­мен­, ол, бас­қа да ұлт­тық­ ұйым­дар­ се­кіл­ді, Ре­сей­ Федерациясы құра­мын­да автономияға қол­ жет­кізу ұстаны­мын­да қалады. Кү­з айларына қа­рай­ “Улема” өлке­нің­ ұлт­тық­ қо­ғам­дық-саяси ұйымдары­мен­ бір­лесе қи­мыл­дауға ниет біл­діреді. О­ның­ бас­тамасы­мен­ 1917 жыл­дың 17–20 қыр­күйек күн­дері Таш­кен­т қала­сын­да бес­ жүз­ден ас­там­ деле­гат­ қа­тыс­қан Түркі­стан мұ­сыл­мандары­ның­ тағы бір­ жиыны өтеді. О­ған­ О­рал­ және Тор­ғай об­лыс­тары­ның­ қа­зақ­тары да келеді. Съезге М. Шо­қай­ да шақырылады. Құрылтайда Түр­кі­стан және қа­зақ­ об­лыс­тары мұ­сыл­мандарына бас­шы­лық­ ету ү­шін­ “Итти­фак­-и-Мус­ли­мин­” (“Мұ­сыл­ман­дар­ одағы”) атты са­яси пар­тия құру туралы мәселе көтеріледі. А­лай­да ол ұсы­ныс­ты “Шуро-и-Исламия”, “Ту­ран­” секіл­ді ұйым­дар­ қол­да­май­ды. Жиында “Сыр­дария, Са­мар­қан, Фер­ғана және Закас­пий об­лыс­тары Ре­сей­ Рес­публикасы­ның­ құрамына “Түр­кі­стан Федеративті Рес­публикасы” де­ген­ атау­мен­ жеке аумақтық­ автономия ре­тін­де енуі тиіс”, “Жетісу облысы осы федерацияға кіре­тін­-кір­мейт­ін­ді­гін­ өзі шешеді” [35] де­ген­ ұйға­рым­ жасалынады.

Бас­па­сөз­де “Шуро-и-Улема­ның­” Түр­кі­стан­ның­ автономия­лық­ мемлекеттік құрылысы жө­нін­дегі бағ­дарламасы жария етіледі. Түр­кі­стан­ның­ жоғары заң­ шығарушы органы, жер­-су, ке­ден­, бан­к, армия т. б. мәселе­лер­ қаралады.

Осы уа­қыт­та об­лыс­тарды ара­лап­ жүр­ген М. Шо­қай­ Таш­кент­ке ке­ліп­, жиында сөз­ сөй­лей­ді. О­ның­ не­гіз­гі түйіні Таш­кент­тегі боль­ше­вик­тер билігіне қар­сы бар­лық ұлт­тық­ күш­тер­дің­ бас­та­рын­ бі­рік­тіре­тін­ ор­тақ­ ұйым құру қа­жеттігіне саяды.

Ұлт­тық­ ұйым же­тек­шілері то­лық­тай, еш­бір­ қалт­қы­сыз­ пар­ламент­тік­ даму жо­лын­ ұ­станып­, Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ шақырылуына үл­кен­ ү­міт­ артады. Себебі, М. Шо­қай­ және о­ның­ пі­кір­лестері Ре­сей­дегі де­мок­ратия­лық­ өкі­мет­ құласа, мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ ре­фор­ма жолы­мен­ ер­кін­ дамуы­ның­ мүм­кін бол­майт­ын­ды­ғын­ жақ­сы тү­сін­ген еді.

Де­ген­мен Түр­кі­стан өлкесі мұ­сыл­мандары­ның­ орта­лық­ кеңесі көп­ші­лік­ке ал­дын­ ала жар­ сал­май-ақ, е­гер­ жағ­дай мүм­кін­дік­ бер­се, Құ­рыл­тай жиналысына дейін-ақ Түр­кі­станда автономия­лық­ бас­қаруды енгізуге не­гіз­ қалау­мен­ айналысады [36].

“Шуро-и-Улема” ұйымына топ­тас­қан­ әлеу­мет­тік-кон­серва­тив­тік топ­тар, өз хал­қы­ның­ жауы бол­маса да, түр­кіс­тан­дық­тар­дың ба­қыт­ты болаша­ғын­ барлық жағ­дайда Шариғат заң­дарына бағыну­дан­ із­дей­ді [37]. “Шуро-и-Исламия” ұйы­мын­дағы о­рыс­ және жә­дит­тер мек­тебі­нен­ өт­кен­дер бас­қа кө­ңіл­ ауаны жете­гін­де болады. “Біз­дер­, ке­рек­ десе­ңіз­, материа­лис­тер, өзі­міз­ше “Вольтер­шіл­дер” бол­дық. Біз­ ал­дың­ғы қа­тар­ға саяси а­зат­тық пен­ әлеу­мет­тік шын­дық мәселеле­рін­ қой­дық­. Ха­лық­тың ді­ни сеніміне аса зор­ құр­мет­пен­ қа­рай­ оты­рып­, біз­дер Шариғатты ұлт­ты а­зат­ ету құралы ­деп е­сеп­теме­дік­” [38] дей­ді М. Шо­қай­.

Түр­кі­стан Қа­зан­ оқиғала­рын­ дәуір та­лап­тары мен­ мін­детте­рін­ түсінуде ішкі бір­лік­тің­ жоқ­тығы жағ­дайында қар­сы алады.

Қасі­рет­тің тө­ніп­ келе жат­қандығы, о­ның­ жер­гі­лік­ті ха­лық­қа а­зап­, елге терең­ дағ­да­рыс­ әкеле­тін­ді­гін­ М. Шо­қай­ бір­ ай бұ­рын­ дәл­ а­нық­тайды. “Бір­лік­ туы” газетінде саяси ахуал­дың­ күр­делілі­гін­, тө­ніп­ тұр­ған қа­тер­ді тү­п-тамырына дейін тал­да­ған­ бас­ мақала жарияланады. Маз­мұнына қара­ған­да мақаланы дайында­ған­ Мұс­тафа болу ке­рек­ деп­ бол­жай­мыз­. Мына жол­дар М. Шо­қай­ секіл­ді сұң­ғыла сая­сат­керге тән­:

“Мем­ле­кет­ күйі өте жай­сыз­. Күн­нен-күн­ге жақ­сы­лық­қа е­мес­, жа­ман­дыққа қа­рай­ бет­ а­лып­ барады. Рос­сия­ның­ төбесіне тө­ніп­ тұр­ған неше түр­лі қысымшылық­ бұлт­тары бұ­рын­ғы­дан­ жа­ман­ қа­лың­дамаса, ә­зір­ сер­ги­тін­ түрі көрін­бейді... нан­ жоқ­тық, кез­деме жоқ­тық, жол­ жоқ­тық үстіне жоқ­тық­тар­ қайталап­, жұрт­тың­ тір­шілі­гін­ жүдә оң­дыр­май барады. Қара­дай­ аш, жала­ңаш­ жұр­т, “көзі қа­рай­ған­ там­ сүзеді” де­ген­дей, кө­рін­генге ұрынуға даяр тұ­р. “Аш адам­ – ұ­рыс­қақ” де­ген­ е­мес­ пе?! Сол­ айтпақшы, а­шық­қан жұр­т әрі-бері­ден­ соң­ тәр­тіп-сәр­тіпке қа­рап­ тұра ал­майт­ын­дығы бел­гілі. Ол бір­ күні дау көтері­ліп­, бүлін­ші­лік­ бас­тап, тасы­ған­ су, яки жан­ған өрт мыса­лын­да кез­ кел­генді тас­-талқан­ қы­лып­ кету­ден­ тар­тын­бай­ды. Тап­ осы күні Рос­сияға о­сын­дай тіл­сіз пәле тая­нып­ тұр...

Бұзақы­лар­дың соңына ха­лық­тың көбі­нің­ е­ріп­ кету себебі – жұрт­тың­ тірші­лік­ке риза­сыз­дығы. Жоғарыда айт­ыл­ған аш­тық­, жала­ңаш­тық­тық­ се­беп­ті тір­ші­лік­тің тү­п іргесі­нің­ сөгілуі (сыз­ған М. Шо­­қай­. – К. Е.).

...Хүкі­мет­ бұзақы­лар­ды тоқ­та­тып­ тұ­р. Бұла­р­дың­ бәрі – уа­қыт­ша шара­лар.­ Мем­ле­кет­ і­шін­де бас­тал­ған­ бү­лін­ші­лік­тер­дің­ тү­п себебі құры­май­, о­лар­дың ешбір­ уа­қыт­та құруы мүм­кін е­мес­. Бұ­лар­дың бер­гі се­беп­тері аш­тық­, жалаңаштық, тір­ші­лік­ке риза­сыз­дық (сыз­ған М. Шо­қай­. – К. Е.) бол­са, арғы жағы – со­ғыс­.

Бү­гін­гі өң­шең­ жоқ­шы­лық­тар­дың­ көбі сол­ со­ғы­стан туып о­тыр­. Бұ­лар­ – со­ғыс­тың сал­дары­нан­ пай­да бол­ған ауру­лар­. Қан­дай ауру бол­са да, о­ның­ жазылу шар­ты (сыз­ған М. Шо­қай­. – К. Е.) – тү­п себебі­нің­ құруы. Әйт­песе, қанша ем­деп­, қақ­ты­рып­, соқ­тырғаны­мен­ ол а­нық­ жа­зыл­майды. Ауру­дың­ тү­п-тамы­рын­ құрт­пай­, жаза­мын­ де­ген­ дәрі­гер­лік е­мес­ – на­дан­дық” (сыз­ған М. Шоқай­. – К. Е.) [39].

М. Шо­қай­дың­ ал­дын­да әлеу­мет­тік және ұлтара­лық­ қай­шы­лық­тар­дың­ шиеленісуі негі­зін­де жа­қын­дап қал­ған а­пат­тан шығу­дың­ жол­да­рын­ із­дес­тіру мін­деттері тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет