Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру


Бейресми сыйақының көлемі және оны беру тәсілдері



бет10/35
Дата10.07.2016
өлшемі10.9 Mb.
#189447
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35

Бейресми сыйақының көлемі және оны беру тәсілдері


Егер әр қызметті жеке қарастыратын болсақ, анағұрлым көп бейресми төлемдер кеден қызметі арасында, яғни кедендік тазалау және тауарларды шығару (108 833 теңге) және тауар құны бойынша қосымша тексеруді жүргізу (97 970 теңге). Осы көрсеткіштер бойынша салық қызметтері арасында заңды тұлғаны тарату және жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату ерекшеленді (70 000 теңге).

Бейресми сыйақының көлемін 221 сұхбаткер немесе іріктеудің 1,8%-ы көрсетті.

19-кесте. Жеке қызмет түрлері бойынша параның мөлшері (орташа), теңге

Салық қызметтері




ЖК тіркеуге алу

32 667

Салықтың төленген сомасын шегеру және қайтару

16 167

Заңды тұлғаны тарату, ЖК қызметін тоқтату

70 000

Салық төлеушіні тіркеу

5 000

Салық берешегі жоқ (бар) туралы анықтама беру

15 000

Кеден қызметтері




Тауарларды кедендік тазалау және шығару

108 833

Есептесулердің салыстырмалы актілерін беру

73 865

Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау

30 175

Тауардың құнына байланысты қосымша тексеріс жүргізу

97 970

ЗТ шекарада кедендік бақылау

20 859

ЖТ кедендік бақылау

15 967

Мемлекеттік кіріс органдарының қызметін алушылар ұсынған параның орташа мөлшері бизнес үшін 41 500 теңгені құраса, халық арасында 15 700 теңгеге тең.

Салық қызметтері бойынша бизнестің бейресми төлемдерінің көлемі – 55 605 теңге (кедендік қызметтер бойынша - 39 712 теңге), халық арасында керісінше салық қызметтерімен салыстырғанда (10000 теңге) кеден қызметтерінде жоғары (15 966 теңге).

20-кесте. Салық және кеден қызметтері бойынша бизнестен және халықтан алынған пара мөлшері (орташа), теңге


 

Салық қызметтері

Кеден қызметтері

Орташа

Бизнес, N=19

Халық,

N=2


Бизнес, N=155

Халық, N=45

Бизнес, N=174

Халық, N=47

Орташа

55 605,3

10 000,0

39 712,2

15 966,7

41 447,6

15 712,8

Салық қызметтерін алу барысында бейресми сыйақы беру бойынша алдыңғы орынға меморган қызметінің өзіне тікелей беру (11,6%), кейінгі орында таныстар, туыстар арқылы (8,6%), үшінші орында бейресми делдал арқылы (7,5%) беру орын алған.

Кеден қызметтерін алу барысында бейресми сыйақы барлық қызметтер бойынша орта есеппен меморган қызметкеріне (12,4%), содан кейін бейресми делдалдар арқылы (11,4%) және кеден өкілдері (брокерлер) арқылы (8,5%) беріледі.

Қызметтер бойынша жеке мәліметтер төмендегі кестеде келтірілген.

21-кесте. Қызметтер бойынша бейресми төлемдерді беру жолдары, %






Бейресми делдал арқылы

Таныс, туыстар арқылы

Меморган қызметкері-нің өзіне тікелей

Кеден өкіліне (брокерге)

Басқа қызмет өкіліне (көлік, фитосанитария және басқалары)

Салық қызметтері

ЖК тіркеуге алу

5,7

8,1

9,6







Салықтың төленген сомасын шегеру және қайтару

5,7

6,1

9,4







Заңды тұлғаны тарату,

ЖК қызметін тоқтату



8,6

10,4

21







Салық төлеушіні тіркеу

10,8

9,8

11,8







Салық берешегі жоқ (бар) туралы анықтама беру

8,1

9,8

11,4










Салық бойынша орташа

7,5

8,6

11,6







Кеден қызметтері

Тауарларды кедендік

тазалау және шығару



9,4

7,4

7,4

7,4

0,6

Есептесулердің салыстырмалы актілерін беру

14,7

11,6

11,6

11,6

0,9

Тауарларды жіктеу

жөнінде алдын ала

шешімдер қабылдау


7,4

6,4

7,6

7,1

1,8

Тауардың құнына

байланысты қосымша

тексеріс жүргізу


7,2

5,9

10,7

8,9

1,5

ЗТ шекарада кедендік

бақылау


18,9

5,2

12,9

10,1

1,9

ЖТ кедендік бақылау

15,5

9,4

25,4

3,9

2,4




Кеден бойынша орташа

11,4

6,7

12,4

8,5

1,5

Параның меморган қызметінің қызметкеріне тікелей берілуі (әсіресе заңды тұлғаларды/ЖК таратуға байланысты аса жоғары көрсеткіштер - 21%, шекарада жеке тұлғаны кедендік бақылау – 25,4%, тауар құны бойынша қосымша тексеріс жүргізу – 17,6%, тауар құны бойынша алдын-ала шешімдер қабылдау – 10,7%) сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер жасалмаған немесе жұмыс істемейтіндігін, яғни қызметкерлердің әлі де болса сыйақыларды алуға мүмкіндіктері мен жағдайлары бар екендігін білдіреді. Басқа жағынан алып қарасақ, қыметкерге тікелей сыйақы беру қиындатылған кезде, делдардар қызметіне жүгіну жолдары туындайды. Әсіресе бұл шекарадағы заңды (18,9%) және жеке (15,5%) тұлғаларды кедендік бақылау кезінде, есептесулердің салыстырмалы актілерін беру (14,7%) және тауарларды кедендік тазалау (9,4%) кезінде белең алып отыр. Осылардың нәтижесінде делдалдар пайда болады немесе таныстар мен туыстар арқылы байланыстар іздестіріледі, бұндай өзара әрекетті қадағалау қиынға түседі. Дегенмен мұндай жағдайлардың туындауына жол беретін көздерді тек этикадан, адамгершіліктен іздеп қана қоймай, оларды тудыратын жағдайларды іздеу керек. Ережелер мен процедуралар ережелерін сақтауға байланысты мәселелер ережелерді сақтамауға қарағанда қымбатқа түседі. Шекарадан өткен кезде төлемдер бағасын төмендету үшін тауар классификациясы мен олардың құны дұрыс болмай шығады; оларды тексеру, түзету ресми төлемдердің артуына әкеледі; сол кезде пара өзара келісімге келу ретінде қолданылады, ресми төлемге қарағанда пара беру кәсіпкердің де, кеденшінің де көңілінен шығады.

Сыбайлас жемқорлық мәселесін ережелер мен процедураларды мүлтіксіз сақтау, олардың айқындылық, бөтен немесе қызметкерлердің түсініксіз функцияларын қадағалау, бейне бақылауды енгізу, тәртіпті бұзғаны үшін қатаң жазалау көмегімен шешуге болады, сондай-ақ орындалу тиімді, бұзушылығы қатаң жазаланатын қарапайым кедендік және салық заңдылықтарын қалыптастыру қажет.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет