Осы қызмет бойынша 972 сұхбаткерден жауап алынды. Заңды тұлғаны тарату, ЖК қызметін тоқтату салық төлеушілер үшін аса күрделі қызметтің бірі болып табылады, дегенмен 10 балдық шкала бойынша қызметпен қанағаттанушылық 8,6 балды құрады, бұл айтарлықтай жоғары баға.
Қызмет көбінесе қағаз түрінде ұсынылады (78%) және жек басының салық органына келуін талап етеді. Бұл орайда салық төлеушілер оны электронды форматқа ауыстыруынжиі өтінеді, ол уақыт шығындарын азайтып, салық органдарының қызметкерлерімен болатын қарым-қатынасқа жол бермес еді.
39-диаграмма. Қызметтерді автоматтандыру деңгейі, сұхбаткерлердің %-ы, N=893
Салық төлеушілердің тарапынан жазғыруды тудыратын негізгі пунктердің бірі – қызметтерді ұсыну мерзімі. Нәтижені күтудің орташа уақыты – 306,5 сағат. Осы мәселеде бірнеше аспектілер бар. Қызмет алушылардың салықтық сауаттылығы мерзімге айтарлықтай ықпал етеді, яғни бухгалтерияны қате жүргізу, салық есептілігін уақытында тапсырмау және т.б., осыған байланысты кәсіпкерлер кәсіпорынды тарату кезінде бірнеше мәселелерге ұшырайды. Басқа жағынан, мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерінің төмен біліктілігі, қызметті ұсынудың төселмеген механизмі мерзімдерді ұзартуға себеп болады.
Бір рет жүгінген кезде кезекті күтуге жұмсалатын орташа уақыт 26,2 минутты құрайды.
46-кесте. Қызметті алуға жұмсалатын уақыт шығындары
Қызмет нәтижесін күту уақыты
|
Бір рет жүгінген кезде кезекті күтуге жұмсалатын уақыт
|
306,5 сағат
|
26,2 минут
|
Кәсіпкерлердің пікірі
«Бұл процедураның негізгі аспектісі – ұзақ мерзімдер. Қызмет ету кезінде компанияның салық органдарымен мәселелері болмаса, онда тарату процедурасы жылдам өтеді. Егер қандай да бір қиыншылықтар болса, онда ол едәуір ұзаққа созылады».
«Мерзімдер: нақты регламенттеудің жоқтығы, басқа меморганнан мәліметтерді ұсынуға сұраныс жіберу керек. Қызмет көрсетудің бес айында тек үш айы осы сұраныстарға жауап күтумен болдық. Осы меморгандарға салық қызметі тарапынан қандай да бір ықпал ету мүмкін емес, себебі олар тәуелсіз орган, жеке тұрғыда өтініш берушінің жүгінуіне жол берілмейді, себебі орындаушылар туралы еш ақпарат жоқ, сұраныс салық органына жіберіледі, ол туралы ақпарат берілмейді».
«Құжаттарды ұсынуға байланысты нақты нұсқаулық жоқ. Мысалы, осы қызмет стандартында таратудың нақты мерзімі көрсетілмеген, мұны алдын ала білу мүмкін еместігін білемін, бұл бизнестің көлеміне, кредиторлардың тез табылуына байланысты; бухгалтерияның жағдайы қалай, мемлекет алдында қарызы бар ма және т.б. Салықшыларды кез-келген қызмет көрсету барысында көмектесуге мүдделі болуы үшін не істеу керек? Мен бұл жерде бейресми сыйақыларды айтып тұрған жоқпын, олардың мәселені түсініп, кеңес беріп, тез шешудің жолдарын көрсетуін айтамын. Адамның бір сұрақпен бірнеше рет бір маманнан екінші маманға жүгіріп жүргені ештеңе етпейді, оларға бәрібір, үнемі бос емес, клиенттермен футбол ойнағандай болады. Сондықтан да осындай жүгірістің нәтижесінде қанағаттанушылық болмайды. Осының бәрі электронды емес, қағаз жүзінде болғандықтан орын алып отыр».
«Біздің кәсіпкерлер бухгалтерияны әділ және сауатты жүргізгеннің маңыздылығын бағаламайды. Ешқандай кәсіпқой кеңес сіздің ЖШС бухгалтердің қателігін түзете алмайды, осының салдарынан айыппұл мен өсімппұл пайда болады. Тарату кезінде айыппұл төлеуге қаражат табылмайды, шетке шығу жалғаса береді, әзірге басшылық қажет қаражатты таппайынша тарату процесі ұзаққа созыла береді».
Қызмет параметрлерімен қанағаттану
Қызметтің түрлі аспектілерімен қанағаттану бизнестің көлеміне байланысты ерекшеленеді. Төменде келтірілген диаграммадан өріп отырғанымыздай, шағын бизнес барлық аспектілер бойынша қанағаттанушылықты білдіреді, ал орта және ірі бизнес өте төмен бағалар қойып отыр. Ол түбегейлі сұхбаттан алынған пікірлерге сәйкес келеді: «Компанияның көлемі осы қызметке әсер етеді ғой деп ойлаймын. Ірі бизнесті таратуға қарағанда ЖК жабу оңай әрі тезірек секілді. Фирма қаншалықты ірі болса, соншалықты нюанс көп. ЖК үшін бұл есептіліктің қарапайымдылығы, салық ставкалары жоғары емес және бәрі аздап оңай, ал ірі бизнесте бәрі күрделі, ұзақ әрі үлкен».
Ірі бизнес өкілдері қызметті алу барысында әр кезеңде түрлі қиындықтармен ұшырысады. Ең төменгі қанағаттанушылық кезектегі күту уақыты мен процедура – 7,7 балл. Аса жоғары балдарды қызмет көрсету жағдайларына (8,2 балл) және техникаға (8,1 балл) байланысты қойды.
Орта бизнеске қанағаттанушылық шамамен бір деңгейде, барлық параметрлер 8 және 8,3 балл аралығында бағаланған.
ЖК жою процедурасын жеңілдету үшін осы қызметпен қанағаттанушылық айтарлықтай байқалды – барлық белгіленген параметрлерді жеке кәсіпкерлер жоғары бағалаған. Әсіресе қызметкерлермен қанағаттанушылық бойынша айырмашылық ерекше көзге түседі – 9 балл, ірі бизнес осы аспект бойынша 7,9 балл қойған. Мүмкін оңай процедура салық қызметкерлерінің өз біліктілігін көрсетуге жол беретін шығар.
40-диаграмма. Қызмет параметрлерімен қанағаттанушылық, орташа балл
41-диаграмма. Бизнестің көлеміне байланысты қызмет параметрлерімен қанағататнушылық, орташа балл
Кәсіпкерлердің пікірлері:
«Мерзімдер тым ұзаққа созылған, процедураның өзі қиыншылық туғызбайды, қызметкердің біліктілігі көбінесе төмен, дайындығы жоқ. Қызметкерлер қайырымдылығы, қиыншылық болған кезде басшылыққа жолығуға болатындығы, жеке операциялар жақсы төселгендігі көңілден шығады».
Қызметкерлер – кдарлардың басым бөлігі жұмысына дайындығы төмен. Барлық жұмыс бірнеше тәжірибелі қызметкердің арқасында атқарылады, бұл кез-келген меморганға арналып айтылған сөгіс.
Нақты тәртіп жоқ – бірде бір тұжырымдылық құжат жоқ, салалық нормативтік акт нормалары арасында қарама-қайшылықтар бар, бір терезе принципі жоқ.
Салық заңдарын түсіндіру жұмыстарына қанағаттанушылық
Салық қызметтері туралы ақпараттарды ұсынудың түрлі каналдарын құру мен дамытуға қарамастан, салық төлеушілер салық қызметкерлеріне түрлі қызметтер бойынша жеке басының жүгінуі арқылы кеңес алғанды қалайды. Ақпараттың осы каналымен қанағаттанушылық телефондық кеңеске және call-орталығының жұмысымен салыстырғанда жоғары тұрады. Жеке басының жүгінуі арқылы қосымша сұрақтарға жауап алуға және кейбір түсініксіз пунктерге жауап алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл мәліметтер телефон арқылы хабардар ету сапасын арттыруды талап етеді, бұл техникалық тұрғыдан өте қолжетімді әрі үнемді құрал.
Сондай-ақ ұсынылатын ақпараттың сапасына байланысты сұхбаткерлер ескертулер білдірген:
«Ақпараттылық деңгей төмен: қызметті басынан аяғына дейін түсіндіріп беретін қызметкер жоқ немесе ондайды табу өте қиын. Әр қызметкер тек өзінің кезеңін ғана біледі, алдыңғы немесе кейінгі әрекетер туралы шамалы ғана хабары бар. Қызмет көрсету тәртібі көрсетілген жадынамалар заңға сәйкес немесе меморганның жағдайына (кабинеттер номері, бөлімдер атауы және т.б.) байланысты жаңартылмайды».
Салық төлеуші ақпаратты уақытында немесе толық көлемде алмайды. Осыған байланысты кадрлар жиі ауысып тұрады, іс бір қызметкерден басқасына беріледі. Қызметкерлер жиі ауысқандықтан тәжірибелері өте аз.
42-диаграмма. Заңды түсіндіру жұмыстарына қанағаттанушылық (орташа балл)
Жалпы кәсіпорынды таратуға байланысты мәселелердің барына және оның күрделілігіне сұхбаткердің 22,5%-ы көрсетті. Маңызды мәселелердің бірі – бір маманнан басқа маманға жүгіну, бұған сұхбаткердің 49,5%-ы шағымданған. Осы тұста келесі себеп туындайды – бірнеше кезеңнене тұратын қиын процедура немесе мамандардың біліксіздігі, қажет ақпаратқа қол жеткізу үшін бірнеше кабинеттерге кіріп, бірнеше қызметкерлерден жауап алу. Келесі мәселе тағы да қызметкердің кәсіпқойлылық деңгейіне байланысты – еңбек дұрыс ұйымдастырылмаған, бақылау жоқ, қызметкерлердің салақтығы - 22%.
43-диаграмма. Қызметке қол жеткізу кезіндегі мәселелер, жауаптардың %-ы, N=215
Кәсіпкерлердің пікірлері:
«Қызметкерлердің кәсіпқойлылығын арттыру керек, меморган басшысының бақылауы нашар, қызмт көрсету мерзімдері сақталмайды (өтінішті қыркүйек айында бердім, акті ақпан айында ғана алдым), басқа меморгандардан мәліметтерді алуға тәуелділік, оларда ешқандай мерзім мен мұндай мәліметтерді беру тәртібі жоқ, бір терезе принципі жоқ, құжаттарды бірнеше бөлімдерге тапсырып, алуға тура келеді, олардың әрекеті өзара келісілмеген, түрлі қабаттарда орналасқан».
«Процедураның орындалу тәртібі туралы нақты ережелер жоқ, осының өзі кемшілік болып табылады (кейбір нысандар үшін талап етілетін нақты талаптардың жоқтығы қызметкердің өз талаптарын қоюға мүмкіндік береді, жеке кезеңдердің орындалуы үшін белгіленген мерзім жоқ), үлгінің ыңғайлы болғаны жақсы (кезеңдердің орндалу тәртібін бұзуға, құжаттары өзінің үлгісі бойынша жасауға жол берілді). Қызмет көрсету мерзімі тым ұзақ».
Қызметті алу кезінде (құжатты дайындау, тапсыру) өзекті мәселелер орын алмайды, дегенмен құжаттарды толтыруға арналған үлгілер жоқ, қызметкерлердің бірін-бірі алмастыруына жол берілмейді (операцияның бір түрін орындайтын қызметкер жұмыс орнында болмаса, оны ешкім толықтай алмастыра алмайды), сондай-ақ құжаттарды тапсыру кезінде кейбір қызметкерлер құжатты қабылдап алғаны туралы қолхат жазып беруден бас тартады (мысалы, СТН куәлігінің түпнұсқасын тапсыру кезінде, қазір оны қолданбайды, дегенмен де СТН тапсыруды талап етеді).
Сыбайлас жемқорлық
Сұхбаткерлердің 3%-ы сыбайлас жемқорлықтың бар екенін көрсетті, яғни шынайы сыбайлас жемқорлық қауіпі бар. Кәсіпкерлердің 4,8%-ы аталған қызметті алу барысында таныстарының көмегіне, бейресми байланыстарға жүгінгендіктерін айтады, осының өзін сыбайлас жемқорлық ретінде қарастыруға болады, ал 2%-ы бейресми сыйақылар бергендер қатарынан. Көбінесе осы сыйақылар ешқандай делдалсыз меморган қызметкерінің өзіне тікелей берілген (25,7%).
44-диаграмма. Бейресми сыйақыларды беру тәсілдері, жауаптардың %-ы, N=790
Кәсіпкерлердің пікірлері
«Осы қызмет бойынша сыбайлас жемқорлық қауіпі жоғары. Біздің адамдар жүгіріп, уақытты бос жұмсағанды қаламайды. Адамдарға уақытты жоғалтпай, жүйкелерін тоздыртпай өз бизнесін жауып, біреуге ақшасын төлеп, тыныш жүргені оңай. Қазіргі кезде өзінің ісінді басқа компаниялар арқылы ресми түрде жабуға болады. Көбісі осыған жүгінеді. Әсіресе ірі фирмалар».
«Сыбайлас жемқорлық қауіпі әрине бар. Қандай да бір құжаттар, қаржы операцияларын, айналымдарды растайтын шоттар болмаған кезде адам өзіне көмектесу үшін біреуді іздейді. Мұндай «көмекшілер де» табылып жатады, белгілі бір сыйақы көлемінде жабуға көмектеседі. Немесе істі жылдамдататын бір салықшы табылады».
Шағымдар
Кәсіпорынды таратуға келген сұхбаткерлердің басым бөлігі шағымдану процедурасымен таныс (75%) және шағымдану жөніндегі ақпарат қолжетмді деп санайды (72%). Алайда кәсіпкерлердің 9%-ында шағымдануға себеп болса, тек 1%-ы ғана шағым түсірген (шағымдану себебі бар 84 адамның тек 10 адамы ғана). Демек әр сегізінші адам ғана шағым түсірген. Бұл мемлекеттік кіріс органдары өз бөлімшелерінің жұмыс сапасы туралы жеткілікті түрде кері байланысқа ие еместігін білдіреді, себебі қызмет алушылардың басым бөлігі өздерінде туындаған қиыншылықтар туралы мәлімдемейді.
45-диаграмма. Шағым түсіру процедурасы туралы сұхбаткерлердің хабардарлығы және шағымдану тәжірибесі, жауаптардың %-ы
Шағымдануды білмегендіктен шағымданбағандардың үлесі 3,8%-ды құрайды, яғни бұл шағымды беру процедурасы туралы хабардарлық жеткілікті екенін көрсетеді. Сұхбаткерлердің басым бөлігі өз уақыттарын босқа шығындамау үшін (60,6%) шағым түсірмеген және шағымдану өздеріне септігін тигізетіндігіне сенбейтіндердің (34,6%) үлесінің көптігі мемлекеттік органға деген сенімділіктің төменгі деңгейін көрсетеді.
Шағымдану мүмкіндігін қолданған сұхбаткерлердің бағалауы бойынша осы процедурамен қанағаттанушылық және шағымдарды қарастыру нәтижелерімен қанағаттанушылық 7,7 балды құрады.
Шағымдарды қарастыру мерзімдерін бұзуды шағымдану процедурасындағы қиыншылықтар деп көрсеткендердің үлесі 65%, ал 20%-ы мерзімнің қандай болатындығын білмейді.
46-диаграмма. Себепке байланысты шағым бермеді, сұхбаткерлердің %-ы, N=104
Бірнеше сыни пікірлерге қарамастан, қызмет алушылардың мемлекеттік кіріс органдарына деген позитивті қатынасын атап өткен жөн, себебі сұхбаткерлер мемлекеттік кіріс органдарының жұмысына оң баға беретін пікірлерге келісім береді. Салықшылар жоғары білікті мамандар екендігін сұхбаткерлер орташа есеппен 8,8 балмен бағалаған.
47-диаграмма. Аталған қызметті алушылардың Қазақстан салық жүйесі және салық органдары туралы пікірлері, 10 балдық шкала бойынша
Кәсіпкерлердің пікірлері
«Соңғы жылдары салық төлеушілерді, кәсіпкерлерді ақпараттандыру айтарлықтай жандана түсті. Менің білуімше Мемлекеттік кіріс департаментінде (МКД) ақпараттық бөлім бар, жергілікті БАҚ СК түрлі мақалалары арқылы түсіндірулерді, салық процедуралары туралы салықшылардың баяндамаларын көреміз. Бүгінгі таңда ақпараттың жоқ деп қынжылу дұрыс емес: сайттар, Форумдар, электронды газеттер және т.б. Кәсіпкердің, бухгалтердің өзі жүйелі түрде заңда болып жатқан өзгерістерді қадағалап, істің мән-жайын біліп отыруы тиіс».
«Біздің облыс бойынша МКД жақсы өзгерістер орын алған: электронды кезек пайда болды, мемқызметі сапасы туралы жұмыс жүргізіледі. Салық органы ғимаратында көптеген банк терезелері пайда болды».
«Жыл өткен сайын салық қызметі органы жұмыскерлерінің еңбек жағдайлары жақсарып келе жатқанын көреміз. Біздің қалада жақсы жөндеу жұмыстары жүргізілген, техникалық жабдықтау жақсы деңгейде, мамандарды ынталандыру үшін түрлі шаралар жүргізіледі».
«Ақпараттық жұмысқа көп көңіл бөлінетін болды, Фесбукте парақшасы бар, олар электронды хатқа, сұрақтарға жауап жазады. Жергілікті БАҚ арнайы рубрика бар. Салық органына барған кезде сервис және сапа бақылауда екенін сезінесіз»
Қорытынды мен ұсыныстар
Сонымен, заңды тұлғаларды тарату және ЖК қызметін тоқтату қызметтері әсіресе ірі компаниялар үшін айтарлықтай күрделі процедура болып табылады. Процедураның күрделілігі тек кәсіпорынның көлеміне ғана байланысты емес, сонымен қатар бухгалтерлік есептілікке де қатысты. Қызмет алушылардың ақпараттылық деңгейінің төмендігі, салық сауатсыздығы қызмет көрсету мерзімін созуға әкеледі, сыбайлас жемқорлық деген құбылыстың пайда болуына жағдай туғызады. Қызмет сапасына регламенттеудің кемшілігі, мемлекеттік кіріс органы қызметкерлерінің біліксіздігі, жою мерзімін қысқартуда мемлекеттік орган тарапынан мүдделіліктің болмауы теріс әсер етеді. Егер қызмет толықтай электронды форматқа ауысатын болса, қызметпен қанағаттанушылық анағұрлым жоғары болып, уақыт шығынын азайтар еді. Аталған қызметпен қанағаттанушылық салыстырмалы түрде жоғары, оның себебі соңғы жылдары жеке кәсіпкерлікке қатысты жеке процедуралар оңайлатылды. Осы қызмет сапасын әрі қарай жақсарту үшін келесі қадамдарды қолдану керек:
Кәсіпкерлер арасында ақпараттық және білімдік жұмыстарды жетілдіруді жалғастыру. Салық Кодексін түсіндіруге байланысты консалтингтік, білім шараларын жиі жүргізу, түрлі берешектердің алдын алу керек, берешектердің салдарынан заңды тұлғаны тарату процедурасы ұзаққа созылып, қиындай түседі.
Салық төлеушіні тарату процедурасы туралы толық, сауатты ақпараттандыру үшін мемлекеттік кіріс органының барлық деңгейіндегі қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыру. Әсіресе бұл пункт ірі бизнес өкілдеріне маңызды, оларды тарату процесі күрделірек, және ірі кәсіпорын өкілдері салықшылардың біліксіздігіне көп шағым айтады.
Жұмысты электронды форматқа ауыстыруды белсендіру, түрлі жемқорлық әрекеттерді болдырмау үшін салықшылардың қызмет алушылармен тікелей байланысын мүмкіндігінше шектеу.
Осы қызметті ұсыну мерзімінің тәртібін енгізу мүмкіндігін қарастыру, қызметті ұсыну мерзімін реттейтін механизмді енгізу.
Салық төлеушілерден келетін кері байланыс осал тұс болып табылады, шағымдануға себеп болғандардың арасынан тек 13%-ы ғана арыз берсе, көптеген шағымдар жетпей жатады, бұл салық органдарына өз қызметтерін жетілдіруге қатысты ақпараттарды алу мүмкіндігіне жол бермейді. Осыған байланысты салық төлеушілерді шағымдар мен ұсыныстар айтуға өз уақытын шығындауға ынталандыру механизмін ойлап тауып, шағымдарды қарастыру мерзімдерін қысқарту керек.
Қызмет сапасын жақсарту жөніндегі кәсіпкерлердің тілектері:
«Мәселені шешу үкіметтік деңгейде тұр – бір терезе принципін енгізу, ХҚКО-дағы қызмет регламенті секілді тұжырымдылық құжат қабылдау, салық қызметінің сұраныстарына мәліметтер беретін меморган үшін жауапкершілікті және мерзімді көрсету керек, қызметтің сапасы мен мерзіміне ықпал ету үшін осы процедураның ашықтығын қарастыру керек. Қызметкерлердің жалпы білім деңгейін көтеру керек, мамандарды қатаң іріктеуден өткізген жөн».
«Департамент ішінде мамандардың қызметін бақылау, қызмет алушылармен кері байланыс орнату. БАҚ, жергілікті телеарналар арқылы ақпараттық жұмыстарды көп жүргізу, салық органдарында «Ашық есік күні» шарасын, практикалық тренингтерді және т.б. өткізу. Барлық процедуралар түсінікті, қолжетімді болу керек, әкімшілік кедергілерге байланысты шағымдарға басшылық дұрыс қарау керек».
Достарыңызбен бөлісу: |