Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру


Өз мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық дәрежесін бағалау



бет32/35
Дата10.07.2016
өлшемі10.9 Mb.
#189447
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Өз мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық дәрежесін бағалау


Диаграммада сауалнама жүргізілген МКК қызметкерлерінің олардың органдарында сыбайлас жемқорлықтың таралуы туралы пікірі ұсынылған. Салық органдарында 72,3% қызметкер олардың секторларында сыбайлас жемқорлық дәрежесі нөлге тең деп санайды. Кедендік қызмет және Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері бұл дәрежені олардан сәл аз - 65% және осыған сәйкес 63,4% деңгейінде деп есептейді. Кеден қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық деңгейі 10%, салық төлеушілерде 14,8% және ЭТҚ қызметкерлерінде 16,8%. ЭТҚ-тің шамамен әр бір оныншы қызметкері сыбайлас жемқорлық дәрежесі олардың епархиясында – 20% деп санайды. Егер мемлекеттік орган деңгейлері бойынша қарайтын болсақ, онда облыстық деңгейдегі қызметкерлер төмен бағалады, онда бар болғаны 63,2%-ы сыбайлас жемқорлық нөлдік деңгейде деп санайды, 18,2%-ы оны 10% деп бағаласа, 7,7%-ы – 20% деп бағалайды. Сыбайлас жемқорлық бойынша жақсы бағаларды қалалық және аудандық деңгейдегі қызметкерлер қойды.

Сауалнама жүргізілгендердің барлығы 68,3%-ы сыбайлас жемқорлықтың органдардағы дәрежесін 0%-ға бағалайды.

138-диаграмма. «0%»-дан «100%»-ға дейінгі сатылық шәкіл бойынша өз органдарында сыбайлас жемқорық деңгейін бағалау, %.


Кеден қызметі

Салық қызметі

Экономикалық тергеу қызметі

Салық қызметі




    1. Заңнаманы түсіндіру қажеттілігін бағалау


Заңнаманың жиі өзгеретіндігіне байланысты мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар үшін ақпараттарды үнемі туралап отыру қажет етіледі. МКК қызметкерлерінің 64,2%-ының пікірі бойынша мемлекеттік кірістер орғандарының қызмет тұтынушыларының көпшілігі тиісті заңнаманың (салық және кедендік, экономикалық тергеу) түсіндірілуін қажет етеді, және аудандық деңгейде 73% мемлекеттік қызметкер, ал жоғары деңгейлердегілердің 60%-ы осылай ойлайды, сонымен бірге қалалық және облыстық мемлекеттік орган қызметкерлерінің төрттен бір бөлігі, ал аудандық деңгейде тек 14,8%-ы баға беруге қиналды.

Ықтимал жұмыстан кету

Жұмысын ықтимал ауыстыру туралы мәселені қызметкерлердің осы қызметке, жұмысқа деген адалдығы көрсетеді. Жұмысқа деген кейбір наразылықтарына қарамастан, қызметкерлердің үштен бір бөлігінен астамы (37,7%) қолайлы мүмкіндіктер пайда болса, өз секторынан кетуді көздемейді, және ЭТҚ-те мұндай қызметкерлер 45,5%, ал салық органында – 41,2%.

Үнемі күйзелістерге ұшырауға байланысты болғандықтан, кедендік қызметте қызметкерлердің 37,3%-ы кету мүмкіндігін пайдаланады. Салық қызметінде және ЭТҚ-те адал қызметкерлер аз 29%-ға жуық. Мемлекеттік қызметкерлердің 29,5%-ы осы сұраққа жауап беруге қиналды.
139-диаграмма. Жұмыс ауыстыруды қалау («Егер Сізде жұмысты ауыстыру мүмкіндігі болса, Сіз қазір жұмыс істеп жүрген сектордан кетесіз бе» деген сұраққа жауап), %


Кеден қызметі

Салық қызметі

Экономикалық тергеу қызметі

Барлығы

Ж/Б

Иә

Жоқ

Осы мәселені өңірлер бойынша қарау барысында (85-кесте), Қызылорда (76,9%), Қостанай (74,5%) облыстарында ең адал қызметкерлер жұыс істейтінгін көруге болады. ең адал емес қызметкерлер Оңтүстік-Қазақстан облысында (41,7%), Астана қаласында (41,2%), осы өңірлерде табыс табудың басқа да мүмкіндіктерінің болуы ықтимал.

80-кесте. «Егер Сізде жұмыс орнын ауыстыру мүмкіндігі пайда болса, Сіз қазір жұмыс істеп жүрген сектордан кетесіз бе» деген сұраққа сәйкес жауап берге МКК қызметкерлерінің үлесі, %






Жоқ

Иә

Жауап беру қиын

Қызылорда облысы

76,9

19,2

3,8

Қостанай облысы

74,5

11,8

13,7

Павлодар облысы

42,3

25,0

32,7

СҚО

40,9

20,5

38,6

Атырау облысы

40,8

32,9

26,3

ШҚО облысы

39,1

28,3

32,6

Алматы қаласы

39,0

30,5

30,5

Барлығы

37,7

32,9

29,5

Жамбыл облысы

36,9

32,3

30,8

ОҚО

36,1

41,7

22,2

БҚО

34,0

24,5

41,5

Астана қаласы

32,9

41,2

25,9

Ақтөбе облысы

30,0

18,0

52,0

Ақмола облысы

28,6

39,3

32,1

Алматы облысы

23,1

50,8

26,2

Қарағанды облысы

23,1

36,5

40,4

Маңғыстау облысы

19,7

50,0

30,3




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет