ҚҰран кәрім хикаялары


Аллаһтың өлілерді тірілтетініне дәлел



Pdf көрінісі
бет27/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102
Хикаялар

Аллаһтың өлілерді тірілтетініне дәлел 
Ибраһим Аллаһ тағала адамзаттың Жаратушысы және Қиямет күнi 
оларды қайта тiрiлтетiнiне айқын сенушi едi. Бiрақ ол сенбегендiгiнен емес, 
бәлкiм, иманы тағы да күшейiп, жүрегi тынышталуы үшiн бұл дүниенiң 
өзiнде-ақ Аллаһ тағаланың өлiктердi қалай тiрiлтетiндiгiн көргiсi келдi. 
Раббысы оның бұл тiлегiн қабылдап, iске асырды. Аллаһ тағала оған төрт 
құсты алып, оларды сойып, майдалап, еттері мен сүйектерін араластырып 
биiк тауларға апарып қоюды, кейін оларды шақыруды бұйырды. Аллаһ 
Ибраһимге құстарды шақырған сәтте оларға қайта жан бiтiп, ұшып 
келетiндерін хабарлады. Ибраһим мұның барлығын Аллаһ тағаланың 
бұйрығы бойынша орындады. Расында да, құстар Ибраһим шақырған сәтте 
аман-сау қайтып келдi. Мұны көрген Ибраһим Аллаһ тағалаға шүкiрлiк еттi. 
Және Оның әр нәрсеге күшi жетушi екендiгiне сенiмi бұрынғыдан да арта 
түсті. 
Мiнеки, балалар! Бұл хикаяларда Ибраһимнiң шын пайғамбар екендігі, 
әкесiн тура жолға қалай насихаттағаны, мүсiндерге, жұлдыздарға табынушы 
қауымдарға қалай уағыз-насихат жүргізгені және Намруд патшаны қалай 
дағуат қылғаны әрi өлтiрiп, тiрiлтудi өз көзiмен көрiп, көз жеткiзудi 
қалайтындығын Аллаһ тағалаға айтып, сұранғандығы айтылды. Мұның 
барлығы Аллаһ тағалаға ұнайтын өте көркем тәсiлмен, жұмсақ сөздермен 
жүзеге асырылғанын білдік. Ендеше, бұл оқиғалардың барлығы бiздерге 
Ибраһим сияқты иманды, сабырлы болуды және уағыз-насихат айтудың 
тиімді жолын үйретерi даусыз. Әрi бұл бiзге үлкен өнеге бермек. 


33 
ЖЕТІНШІ ХИКАЯ 
ИСМАИЛ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
 
Исмаилдың дүниеге келуі және Аллаһтың тағы бір мейірімі 
Ибраһимнің Сара деген бір сұлу әйелі бар еді. Ол иманды, парасатты, 
адал жар бола білгенімен, көптеген жыл бойы нәрестелі бола алмады. Ал 
Ибраһим өзінің баласының, ұрпағының болғанын армандайтын. Мұны 
дұрыс түсінген Сара Ибраһимді өзінің күтушісі Ажар деген әйелге 
үйлендірді. Ажар Ибраһимге өзіне ұқсайтын, әдемі бір ұл тауып берді. 
Қатты қуанған Ибраһим бұл нығметке разы болып, Аллаһқа көп шүкіршілік 
айтып, ұлына Исмаил деп ат қойды. Бірнеше ай өткеннен кейін Аллаһтан 
Ибраһимге әйелі Ажар мен ұлы Исмаилды ұзақ бір жерге апаруға бұйрық 
келді. 
Мінеки, Ибраһим баласы Исмаилды анасымен бiрге ұзақ жолға алып 
шықты. Олар жүре-жүре қазiргi кезде Қағба орналасқан жерге жеттi. 
Ибраһим осы бiр сусыз, саялайтын ағашы да жоқ шөл далаға тоқтап, 
отбасын аздаған тағам сусынымен қоса сол жерге қалдырып, оларды осы 
iстi бұйырған Аллаһқа тапсырып: «Уа, Раббым! Мен жанұямды егiнi 
болмаған иен далаға, Сенiң үйiңнiң қасында қалдырдым, Өзің қорға», – деп, 
келген жерiне қайтты. Алғашқыда Ажар ештеңені түсінбеді де, бірнеше рет 
Ибраһимнің артынан жүгіріп барып, оның бұларды иен, шөл дала, жапан 
түзге тастамауын өтінді. Бірақ Ибраһим бұрылмай жүре берді. Ажар бұл 
істің Аллаһ тарапынан бұйырылғанын түсінді. Исмаилдың анасы Аллаһ 
тағаланың бұл әмiрiне риза болып, Жаратушының Өзi оларды сақтайтынына 
сенiп, Қағбаның орнында қала берді. 
Бірнеше күн өткенде баласын құшақтаған ананың тамағы да, сусыны да 
таусылды. Сәбидiң қарны ашып, шөлдеп, қиналып, жылай бастады. Мұны 
көрген ана бiр бұлақ не азық болар бiрдеңе табыла ма деген үмiтпен әрі-берi 
жүгiре бастады. Бiрақ жапан түз, шөл далада сусын, тамақ қайдан болсын?! 
«Уа, Раббым! Өзiңнiң рақымың келсiн. Бұл нәрестенің шөлден таңдайы 
кеуіп, аштықтан асқазаны босап қалды. Уа, Раббым! Бiзге жәрдем бере гөр!» 
– деп бейшара ана әрлі-берлi жүгiруден шаршады. Ол бiраз алыстап кетіп, 
баласының айқайлап жылаған дауысын естiп, қайтып келедi. Не істерін 
білмей, баланың жылағанына жаны күйіп, сасқалақтаған ана осылайша екі 
төбенің ортасына бірнеше рет жүгірді. Бір төбеге жүгіріп шыққан ол 
сәбиінің дауысын естіп қайта кері қайтты. 
Әбден тарығып, қысылған ана шаршап-шалдығып келiп ұлына қараса
сәбиі кiшкентай аяқтарымен жердi тепкiлеп жатыр екен. Бiрер сәт өтпестен 
құдіреті күшті Аллаһтың қалауымен сәбидiң аяқтарының астынан су 
атқылап шыға бастады. Тастан, жердiң астынан сәбидiң кiшкентай аяғының 
соғуымен атқылаған су шыға ма?.. Уа, Аллаһ! Саған көптен-көп шүкiршілік 


34 
болсын! Бұл – Сенiң құдiретiң! Ана асығып, дереу ұлының бетiн сумен 
сүртiп, оның аузына су тамыза бастады. Осы сәтте әбден әлсіреген нәресте 
қайтадан қалпына келiп, жандана түстi.
Су тоқтамастан атқылауын жалғастыра бердi. Бiр құс жоғарыдан суды 
көрiп, iшуге қонды. Артынан екiншiсi келдi. Осылайша құстар көбейді. 
Шулаған құстардың дауысын осы төңiректе мекендеуге қоныс іздеп жүрген 
адамдардың құлағы шалды. Олар мұнда су бар ма екен деп ойлады. Өйткенi 
құстар суы бар жерге ғана жиналады. Асығып жеткен олар тереңнен 
атқылаған бұлақты, бұлақтың жанын мекен еткен мейiрбан ана мен баланы 
көріп, иен далада қоныс тепкен ана мен балаға таңғалысты. Олар Ажар 
анадан бұл жерге қоныстануға рұқсат сұрады. Ана айналасында адамдардың 
пайда болғанына көңiлi толып, қатты қуанды. Және Аллаһтың Өз 
құдiретiмен су шығарып бергенiне, құстарды жiберiп, адамдарды 
қоныстандырғанына, бұл жердi бақытқа бөлендiрiп, елдi мекенге 
айналдырғанына шексiз шүкiрлiк айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет