ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет42/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102
Хикаялар

ОН ЕКІНШІ ХИКАЯ 
МҰСА (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) ТУРАЛЫ (1) 
 
Перғауынның зұлымдығы 
Ертеде Мысыр жерiнде, Нiл дариясының жағалауын бәну исраил деген 
бір қауым мекендедi. Олар көптеген жақсылық-нығметке бөленген ел едi. 
Бiрақ нығметтерінің берекесі ұзаққа созылмады. Өйткені бұл жерге 
Мысырға басшылық ететін Перғауын әулеті билік жүргізетін. Бұл 
отбасының басшысы Перғауын едi. Ол бәну исраил қауымына көптеген 
зұлымдық пен қиындық көрсетiп, оларды өзiнің құлдығына пайдаланды. 
Сондай-ақ ол өзiн «құдаймын» деп жариялап, олардың бiр өзiне 
сиынуларын талап еттi. Перғауынның жасаған зұлымдықтары шектен 
шықты. Жер бетiнде астамшылдық жасады. Осылайша адамдар құлдық
қиындық, бақытсыздықта өмiр сүріп жатты. Ал Перғауын мен оның әулеті 
үстемшiлдiк жүргізіп, мейiрiмдiлiк, жуастық, жұмсақтық, аяушылық 
қасиеттерін мүлдем естерінен шығарды. 
Асқан залым, кәпiр Перғауын адамдардың еркiндiктi, азаттықты 
бiлмейтiн қор құлдар болып қалуын және бар байлық пен биліктің өзі мен өз 
әулетінің мүшелерінде ғана болуын қалады. Ол бәну исраилда дүниеге 
келетiн әрбiр нәрестенің тағдырын шешті. Егер нәресте ұл бала болса, 
бауыздап өлтiруге, ал қыз бала болса, тiрi қалдыруға бұйрық бердi. 
Нөкерлер бұл заңды мүлтiксiз орындап, ұл балаларды өлтiрiп, қыз 
балаларды тiрi қалдырып отырды. Ал ата-аналары дүниеге келген ұлын 
сақтап қалуға дәрменсiз болды. Адамдардың әлсiздiгiн пайдаланып, билiгiн 
терең жүргiзуге ұмтылып, жанталасып жатқан қаһарлы Перғауынның 
әмiрiне ешкiм қарсы шыға алмады. 
Мұсаның дүниеге келуі 
Бәну исраилдықтар iшiнде бiр жүктi әйел дүниеге келу мерзімі жақындап 
қалған нәрестесiн күтiп жүретін. Бұл әйел де басқа әйелдер секiлдi 
нәрестесiнің ұл болып туылатынынан, оның өлтірілуінен қорқып, қатты 
уайымдайтын. Біраз күн өткенде нәресте дүниеге келді. Баласының ұл бала 
екендігін көрген ана жүрегі қарс айырылды. Ол баласына бойындағы 
аналық мейірімін төгіп: «Мен ұлымның өлтiрiлуiн қаламаймын. Балаларды 
жоюшы дұшпан Перғауынның ұлымның дүниеге келгендiгiн білгенін 
қаламаймын. Мен перзентiмдi жақсы көремiн. Бiрақ оны қалай, қайда 
жасырсам екен? Перғауынның нөкерлерi барлық үйдi тiнтiп, тексерiп 
жатыр. Не iстесем екен?» – деп күрсiнiп, жаны күйзелдi. 
Перғауын балаларды бауыздап, өте жаман әрекеттер жасайтын. Аллаһ 
тағала мұндай зұлымдық атаулыға ешқашан риза болмайды. Егер ұл 


54 
балалардың барлығы бауыздалып, еркек кiндiк қалмайтын болса, Перғауын 
сияқтылардың адамдарға зорлықпен орнатқан тәңiрлiгi ұзаққа созылар еді. 
Аллаһ тағала жаңадан дүние есiгiн ашқан бұл нәрестенi Перғауын мен оның 
отбасын жеңiп, асқан зұлымдықтарға шек қоюшы ретінде таңдады. Аллаһ 
тағала ананың көкейiне «Егер сен балаң үшін Перғауынның зұлымдығынан 
қорықсаң, оны бiр сандыққа салып, өзенге таста. Өзен ағысы оны 
Перғауынға алып барады. Қорықпа, көңiлiң тыныш болсын. Перғауын 
ешқашан оны өлтiре алмайды. Ей, ана! Перғауынның нөкерлері баланы 
тауып алып, өлтiруiнен қорықсаң, осылай iсте» деген ойды салды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет