67
сендердiң де Раббыларың – Аллаһ. Аллаһқа ғана сиыныңдар. Перғауынға
сиынуларыңды қойыңдар» деп шындыққа үндедi емес пе? Кiнәсi не?» – деді.
Перғауын әулетінің бұл шешіміне келіспейтінін бiлдiрiп, сөздерiн
жалғастырған мүмін кiсi: «Ей, қауымым! Аллаһ
тағала Мұсаны сендерге
адамдарға зорлық жасаудан, үстемшiлдiк етуден, оларды қорлап, құл етуден
тыйылуларың үшiн пайғамбар етiп жiбердi. Мұса сендерге Аллаһ тағаладан
шын сөздер мен жеткiлiктi дәлелдердi әкелдi. Ей, қауымым! Аллаһ
тағаладан қорқыңдар. Мұсаны өлтiрмеңдер. Оны еркiне жіберіңдер.
Адамдарды хақ дінге шақыруын жалғастырсын. Оның ұлы пайғамбарлық
мiндетiн атқаруына тосқауыл болмаңдар. Егер оның сөздерi жалған болса,
жазасын өзi тартады. Ал егер сөздерi шын болса, онда оның уәдесіндегі
Қиямет күнi болатын азапқа ұшырайсыңдар», – деп қауымына өзінің шын
жанашырлығын білдірді.
Ол: «Ей, қауымым! Мен де сендердi иманға шақырамын. Мен сендердiң,
егер күпiрлiктерiңде
қала берсеңдер, бұл дүниенiң өзiнде-ақ Аллаһ
тағаланың қаһарына ұшырауларыңнан қорқамын. Қиямет күнi иманға
келмегендер қатты азапқа ұшырайды. Қиямет күнi Аллаһ тағала әрбір
пендені адамдардың алдына шақырып, олардың көз алдында бұл дүниеде
iстеген әрбiр iсiнің есебін алады. Сендер адасушылық пен күпiрлiкте берік
болып, Мұсаны өлтiремiз деген арам пиғылдарыңнан қайтпасаңдар, ауыр
азаптың бастарыңа түсуi ғажап емес. Ей, қауымым! Аллаһтан қорқыңдар.
«Раббым – Аллаһ» деген кiсiнi өлтiрмеңдер», – деп Мұсаны қауымынан
арашаламақ болды.
Мүмін кiсi өз қауымдастарына бұл жаман пиғылдарының жаңадан пайда
болмағанын,
тiптi олар ертеден, Мұсаның келуінен бұрын-ақ осы тәрізді
жаман iстердi iстеуге әдеттенiп кеткендiктерiн ескертiп: «Расында, Мұсадан
бұрын Юсуф сендерге пайғамбарлық дәлелдерімен келген еді. Ал сендер
оның келтірген дәлелдерінен үнемi күдiктендіңдер. Юсуф қайтыс болғанда,
«Аллаһ Юсуфтан кейiн ешқандай пайғамбар жiбермейдi» дедiңдер. Аллаһ
шектен шығушы, күдiктенушi кiсiнi жолдан осылай адастырады», – дедi.
Демек, ол қауымын: «Сендердiң бұл iстерiң жаңалық емес. Сендер бұрын
Юсуфқа да сенбей, жалғаншы деп күдiктенгенсіңдер. Аллаһ тағала сендерді
тәубеге келiп, Аллаһқа бет бұрсаңдар ғана тура жолға бастайды», – деп
үгіттеді.
Ол кiсi насихатын жалғастырып: «Ей, қауымым! Бұл дүниенің өткiншi
екендігі шындық. Ал Ақырет – мәңгiлік мекен. Кiм бiрер жамандық
жасайтын болса, оған жасаған жамандығына сай тиiстi жазасы берiледi.
Сондай-ақ кiмде-кiм ер немесе
әйел екендігіне қарамастан, Аллаһқа иман
келтірген күйінде жақсылық жасаса, жаннатқа кiредi. Әрі оған есепсiз
ризық-несiбелер берiледi», – дедi.
Перғауын әулетінен шыққан мүмін кiсi осындай әсерлі де сырлы
сөздерiмен өз қауымын тура жолға үндеп, Аллаһ тағаланы риза ететiн iзгi
68
iстерге шақырды. Кiмде-кім иман келтiріп,
iзгiліктер жасаса, Аллаһ тағала
оны Қиямет күнi жаннатқа кiргiзiп, тозақ азабынан құтқаратынын баяндады.
Сонымен қатар оларға ұстанған жолдарының қателігін және өзiнiң
жолының хақ екендiгiн, олардың Қиямет күнi барар жерлерiнің тозақ
болатынын әрi iстеген амалдарына қарай жаза берiлетiндiгiн айтты.
Достарыңызбен бөлісу: