Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет11/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

5. Жайлау


Біз жайлауға бардық. Ауыл көлдің жағасында екен. Самал жел соғып тұрды. Қойшылардың өмірімен, тіршілігімен таныстық. Біреуі қой жайса, екіншісі күзетеді. Қойшының Бөрібасар деген үлкен иті бар. Түсі суық, айбынды-ақ. Өзі қойшының жанынан қалмайды. Ол қойларды қасқырдан қорғайды. Бұдан шығатын қорытынды: оқушылардың көрген-білгені мен сурет бойынша жазған шығарманың арасында елеулі айырмашылық аз. Тек шығарма жаздыруға алынған суреттің мазмұнына, эстетикалық құрылымына ерекше көңіл бөлінеді. Яғни, сурет сюжетінің оқушы өміріне, жас ерекшелігіне, ой өрісіне, біліміне лайық болғаны мақұл. Мысалы: «Мұз үстінде» деген сурет алдымен төмендегіше ауызша мазмұндалады. Мұз үстінде бір ересектеу бала тұр. Аяғында коньки. Екінші бала қасында құлап жатыр. Оның аяғында да коньки. Үлкені кішісіне коньки тебуді үйретіп жүргені байқалады. Үлкені кішісін сүйемелдей ұстаған күйі екеуі қатарласып барады. Кішісі коньки тебуді аздап үйренген сияқты. Осы шамалас мазмұндама балалар суретті көріп, түсінген ойын жүйеге келтіріп, қағаз бетіне түсіреді. Мұнда қажетті сөз, сөйлемдерді талғап, таңдап алады. Тақтаға әңгіменің мынадай жоспарын жасадық:
1.Ағасы мен інісі қайда барды? 2.Інісі неге құлады?
3.Інісі коньки тебуді қалай үйренді? Оқушылар осы жоспарға орай суреттің мазмұнын ретімен жазбаша баяндайды. Әрине жоспарды өзгертіп, басқаша құруға да болады. Сыныпта шығарма жазуға арналған суреттердің ішінде мазмұны күрделілері де кездеседі.
Мұндайда шығарманың жоспары тақырып жүйесімен де жасалады. Экскурсия материалдары да пайдаланылады. Оқушылар барған жерінің табиғат жағдайларын, көріністері мен сол күнгі ауа райын, жыл мезгілін, желдің соғуы мен күннің батуын, кім бастап апарғанын, қай жерге барғанын т.б. дәптерлеріне жазып алу күні бұрын ескертіледі. Экскурсия жөнінде әңгімелесіп, оны шығарма етіп жаздыру қолайлы. Бұл туралы балалар ұмытып қалмау үшін ізін суытпай жаздырған дұрыс. Кей ретте балаға жазылатын шығарманың тақырыбын беріп, шығарманы өздігінен жазуға көшеміз. Мұндайда тақырып жеңіл, баланың өзінің таныс істерінен бастау жақсы. Мазмұндамада бала бір адамның ойын айтып не жазып беруге үйренсе, шығармада өзінің ойын жүйелі көрсетуге дағдыланады.
Шығарма баланың шығармашылық ойын, қиялын дамытады. Бастауыш сыныптарда шығарманы оқыған, естіген, көрген, өмірлеріндегі кездесетін оқиғаларына, әртүрлі өнер саласы мен табиғат құбылыстарына бақылау негізінде де жаздыру пайдалы. Мен шығарманы көбіне табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне жазғызамын. Бала табиғат туралы көп нәрсені жақсы біледі.
Сондықтан білетіндерін қағаз бетіне оңай түсіреді. Мысалы 3-сыныпта
«Алтын күз» тақырыбына шығарма жазу жоспарланса, балаларға 10-15 күн бұрын хабарлап, тапсырма бердім, ауа райы, күздің белгілерін жазып жүреді, яғни табиғат құбылысына арналған күнтізбелік жүргізеді.
Грамматика сабағында да оқушылардың сөздік қорына назар аударып, оның молығуы қадағаланады. Сыныпқа әр түрлі ағаштардың жапырақтары мен бұтақшаларын, піскен жемістердің әртүрін әкеліп, олардың түр-түсін, аттарын, өнімдері жайлы сөздерді дәптерлеріне жазғызамыз. Мысалы: құрғақ, күз, ашық, сарғылт, түсті алма, қызғылт, піскен, хош иісті, күзгі күн т.б. сөздер жөнінде мағлұмат беріп отыру. Түрлі-түсті суреттер көрсетіледі. Сөйтіп, бастауыш сынып оқушыларына мазмұндама және шығарма жаздырып үйрету өте үлкен жауапкершілікті, еңбектенуді және шеберлікті талап етеді. Бастауыш сыныптың ең басты міндеті–оқушылардың ойын, тілін ауызша және жазбаша дамыту екендігін естен шығармау керек.
Бастауыш сынып оқушыларына эссе жазғызу талаптары: оқушыны келесідей мәселерді шешуге баулу:

  • бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуге;

  • алған білімін өмір ағымына қолдана білуге үйрету;

  • оқушының өз белсенділігін дамытуға;

  • әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылдығын дамыту білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру.

Эссе жазуға бастауыш сынып оқушысын үйрету жолдары және мәлімдеме:

  1. Мұқият ұсынылған тақырыпты оқыңыз. Біз қандай мәселе туралы айтып отырмыз? Не туралы ойлауға, ойлануға болады? Оқырманды таң қалдыруға тырысыңыз, назар аударыңыз (бұл сұрақ, шақыру, қызықты мәлімдеме болуы мүмкін).

  2. Негізгі ойды, сөйлеуге деген құштарлықты тудыратын сұрақты тұжырымдап, жазыңыз. Бұл тақырып бойынша дәйексөз болуы мүмкін.

  3. Негізгі ойды ашу үшін қандай дәлелдер (дәлелдер, мысалдар) келтіруге болады? Бұл дәлелдерді сөйлеу стереотиптерін (жеке көзқарасты білдіретін) пайдаланып жазыңыз, синонимдерді, бейнелі өрнектерді, салыстыруларды қолданыңыз. Өз ойыңызды айтыңыз, оқырмандарға хабарласыңыз.

Қорытынды бөлімде рефлексияны қорытындылаймыз, пайымдауымызды басқа мәселелермен байланыстыру. Осылайша, бастауыш мектепте эссе жазуға үйретуге болады. Әрине, жас ерекшеліктеріне және тілді толық білмеуіне байланысты бастауыш сынып оқушысы барлық талаптарға сәйкес эссе жаза алмайды. Бірақ бұл прозалық шығарманың негізгі элементтері бастауыш мектеп үшін өте қолайлы.
Диктант (лат. dicto «диктент» dicere «сөйлеу» деген сөз) — тіл үйрену кезінде оқушылардың дағдыларын бекіту және білімдерін тексеру мақсатында дұрыс жазуға үйретудің бір түрі.
Мақсаты: Диктант жүргізу, оған қойылатын талаптар, жаздыру техникасы жайлы және диктант түрлері туралы мағлұмат беру. Диктанттың оқушы сауаттылығын арттыруда, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуде алатын орнын көрсету.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет