Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Диктант жүргізуге қойылатын талаптар



бет12/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Диктант жүргізуге қойылатын талаптар


Мұғалімнің мәтінді үйде алдын-ала тағы бір қарап шығуы, әсіресе, сабақ жоспарын жасау кезінде аса қажет деп есептеледі. Жалпы диктантқа жоспар жасамайтын мұғалімдер де кездеседі. Жасағандары болса, диктанттың атын, өтетін күнін, айын, сыныпты жазумен ғана шектеледі. Ең алдымен, мәтінді оқу кезеңінде көлденең сөз, сұрақ болмауға тиіс. Жазу кезінде бірлі-жарым қалып қойған оқушы болса, ол мұғалімнің ісі. Ал кейде, оқушылар тарапынан бір қажетті сұрақ бола қалса, жаздырып жатқан кезекті сөйлемді оқушылар түгел жазып біткеннен кейін қойылу керек. Диктант мәтінін жаздыру үстінде, диктант мәтінінен сыртқары кездесуі ықтимал көлденең сөздердің көлемі, мазмұны, шамасы оқушыларға алдын ала белгілі болуға тиіс. Мәтінді жаздыру үстінде мұғалім тарапынан оқушыларға айтылатын ескертпе түріндегі сөздерді жиі пайдалануға болмайды. Ерекше бір күрделі, қиын сөйлемдерді жаздыру ретінде ғана емес, бар ынта, зейіні диктант мәтінін жазуда болып отырғанда, мәтін арасына көлденең сөздің кіруі оқушыларды аз да болса, алаңдатады, зейінін бөледі. Екіншіден, өзі жазып үлгіре алмай отырған кейбір балалар жаңағыдай сөздерді (көлденең) ажырата алмай, мәтінмен бірге жазып қояды. Мәтінді оқуда басты талап – тілдің орфографиялық заңдылығын сақтау болып табылады.
Диктант мәтініне байланысты мұғалімнің ескеретіні:
-мәтін мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беру (керек болған жағдайларда);
-диктант мәтінін интонациямен оқу (сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін ескеру);
-сызықша, тырнақша тәрізді тыныс белгілерді қолдану жүйесіне назар аудару.
Диктант өткізудің әдістемесі де бар. Ең алдымен талапқа сай мәтін іріктеліп алынады. Мәтін іріктеуде төмендегідей шарттар ескерілуі тиіс

  1. Диктант өткізудің мазмұнды, түсінікті, әдеби тіл нормаларына сай болуы;

  2. Диктанттағы сөз көлемінің сыныптар бойынша талапқа сай болуы;

  3. Сирек қолданылатын жазуда қиындық келтіретін сөздердің мейлінше аз болуы;

  4. Диктант мәтінінде өтілген ережелер мен емлелердің қамтылуы.

  5. Мәтін мазмұнының тәрбиелік мәнінің болуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет